жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Cауат ашу. 1 сынып, ҚМЖ. Тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі
|
Пән: сауат ашу № 92 Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы ОМ Ортақ тақырып: 1.4.«Бізді қоршаған әлем» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым, жазылым, оқылым Күні: 24.12.2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Скабылова Г.Н. Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақ тақырыбы |
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі |
|
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау; 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу; 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау; 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: Ғ дыбысы мен әрпін ажыратады және әріпті дыбыспен сәйкестендіреді; сөзге дыбыстық талдау жасайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. Оқушының көпшілігі: Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды. Сөздер мен сөйлемдерді буындап және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды. Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы баяндайды. Қазақ ғарышкерлері туралы не білетінін әңгімелейді. |
|
|
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану, бағалау |
|
|
Бағалау критерийлері |
|
|
|
Тілдік мақсат (тілдік емес пәнге) |
|
|
|
Пәндік лексика және терминдер |
Табиғат-природа, nature |
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Ғ дыбысы қандай дыбыс? Ғ дыбысына сипаттама бер. Ғ дыбысы сөздің қай буынында кездеседі? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық ,сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарды дарыту. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
|
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
|
|
Бастапқы білім |
4 - бөлім бірінші және үшінші бөлімдерде қалыптасқан дағдыларға негізделеді. Оқушылар бейкөркем мәтіндерден ақпарат алуға мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады. |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Дереккөздер/ Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
1.Психологиялық дайындық «Иық тірескен шеңбер» әдісі Оқушылар шеңбер бойына тұрып, қолдарын бiр-бiрiнiң иықтарына қойып, екі жаққа шайқалады. Әр оқушы қасында тұрған оқушының иығының қолдауын сезгенін айтады. – Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Ұжымда, топта әрбiр адамға достары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi. 2. Өткенді пысықтау Тапсырма Жұмбақты шешіп, шешуін буынға бөліп жазу Дескриптор: Жұмбақты шешеді (Торғай, қарға). Шешуін буынға бөліп жазады. 3.Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен түсіндіру; бағалау критерийімен таныстыру |
Тапсырмалар жазылған парақшалар |
|
Сабақтың ортасы Бағалау критерийлері Ғ дыбысы мен әрпін ажырату және әріпті дыбыспен сәйкестендіру; сөзге дыбыстық талдау жасау Ширату жаттығуы Бағалау критерийлері Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау Бағалау критерийлері Сөздер мен сөйлемдерді буындап және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу Бағалау критерийлері Мәтін мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы ретімен баяндау; қазақ ғарышкерлері туралы не білетінін әңгімелеу Бағалау критерийлері Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
1-тапсырма. Миға шабуыл (ұжымдық жұмыс); «Alippe 6» бейнеролик. Ғ дыбысы бар сөздерді айтып, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жүргізу; ғ дыбысының сөздегі орнын анықтау ғ дыбысы мен әрпін таныту; оның сөздегі орнын анықтау; баспа және жазба түрлерімен таныстыру; ғарышкер сөзіне дыбыстық, буындық талдау жүргізу Дескриптор: Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасайды. Ғ дыбысының сөздегі орнын анықтайды. Әріпті дыбыспен сәйкестендіреді. Кері байланыс «Баспалдақ» әдісі Бейнеролик. «Ғарыш әлемінде» (2 мин 30 сек) 2-тапсырма. «Дауыстап ойлау» әдісі (бүкіл сыныппен орындалатын жұмыс) Ғарыш әлемінде жазылған сөздерді тұтастай оқытып, сөздік жұмысын жүргізу; сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату Дескриптор: Сөздерді тұтас оқиды. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасайды. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
ҚБ
«Басбармақ» 3-тапсырма. «Бірге оқимыз» әдісі Бағандағы сөздерді буындап, тұтас тізбектей, жеке, хормен оқыту; сөздердің мағынасын ажырату; сөздерді буынға бөлу; буын санын анықтау Дескриптор: Сөздерді буындап, тұтас оқиды. Сөздерді буынға бөледі және буын санын анықтайды. Жаңа сөздердің мағынасын ажыратады Кері байланыс «Отшашу» әдісі 4-тапсырма. «Дербес пікір» әдісі (жеке оқушымен жұмыс) Мәтінді хормен, тізбектей, жеке оқыту; мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып баяндау; қазақ ғарышкерлері туралы жалпы шолу жасау Дескриптор: Мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Мәтін мазмұнын баяндайды. Қазақ ғарышкерлері туралы білетіндерін әңгімелейді. ҚБ «Бағдаршам» Дәптермен жұмыс Ғ әрпі мен ол кездесетін сөздерді көркем, қатесіз жазу Дескриптор: Бас әріптер мен кіші әріптерді гигиеналық талаптарға сай жазады. Құрамында й әрпі бар сөздерді қатесіз және көркем жазады. |
https://www.youtube.com/watch?v=KlYYcNE3htA&list=PLoFEAxxLvBLYmDjcyjjL7DYuyDa_yLMfY&index=35 Оқулық 78-бет https://www.youtube.com/watch?v=KelSLRhOoTo Оқулық 78-бет Презентация Оқулық 78-бет Презентация № 3 жазу дәптері 6-бет |
|
Сабақтың соңы
|
1.Кері байланыс (топтық жұмыс) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Құрамында ғ дыбысы бар сөздерді ойлап, ғ дыбысының сөздегі орнын анықтау 2.Рефлексия «Көңіл күй бекеті» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды. |
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қолдау көрсету; белгілі бір уақыт шеңберінде 4-тапсырманы орындату; |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ҚБ «Бас бармақ», «От шашу», «Бағдаршам», «Баспалдақ» әдістері |
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың бір-бірімен ынтымақастығы, достық көмек беруі |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. |
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген