Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Cеминар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер білім сапасын арттыруда критериалды бағалау жүйесін дамыту маңыздылығын түсінеді , білім жетістігін бағалауда критерийлер мен дескрипторларды қолдану туралы бағыт-бағдар алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семинар-тренинг

«Оқушының білім жетістігін бағалауда критерийлер мен дескрипторларды қолдану»

Мерзімі

21.12.2017 ж.

Мақсаты

Қатысушыларға білім сапасын арттыруда критериалды бағалау жүйесін дамыту маңыздылығын айту. Білім жетістігін бағалауда критерийлер мен дескрипторларды қолдану туралы бағыт-бағдар беру.

Күтілетін

нәтиже

Қатысушылар білім сапасын арттыруда критериалды бағалау жүйесін дамыту маңыздылығын түсінеді , білім жетістігін бағалауда критерийлер мен дескрипторларды қолдану туралы бағыт-бағдар алады.

Түйінді идея


«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу. Критериалды бағалау,критерий,дескриптор(бағалау өлшемдері ) туралы бағыт-бағдар алады.

Әдіс-тәсілдер


«Дейін-кейін» стратегиясы, «Досыңа бөлінген уақыт» тренинг, ой шақыру, ой қозғау,домино әдісі, Фрайер моделі,ой жинақтау, «Бәрі менің қолымда» кері байланыс

Құрал-жабдықтар мен материалдар

Ноутбук, проектор, экран, бейнежазба «Рухани жаңғыру», бейнежазба «Опять двойка» , бейнежазба «Критериалды бағалау» таратпа материалдар, маркерлер,магниттер, стикерлер



Семинар-тренинг барысы

Жоспарланған кезеңдер,

уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

1.Сәлемдесу. Семинар-тренингке қатысушылармен сәлемдесу, осы тренингтің тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

2. Бейнежазба «Рухани жаңғыру».

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының таяу жылдардағы міндеттерінде ең бірінші қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау туралы нақты айтылғаны белгілі.Онда біз қазір латын әліпбиін қолданып, бүгінгі сабағымыздың эпиграфын оқып көрейік:

«Sabaq bery′ - u′i′rens′ikti jai′ g′ana na′rse emes, ol jan′adan jan′any tabatyn o′ner» J.Ai′may′ytov.

Жүсіпбек Аймауытовтың осы ұлағатты сөзінде көрсетілгендей

оқытудың парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша бағалау: критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Оқушылардың бойына өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер шеберлікті шыңдап, үздіксіз ізденіп, жаңашылдықты игеріп ,озық тәжірибелерді меңгеріп, тынымсыз еңбектену керектігі анық. 


Ынтымақтас-

қан орта құру

5 мин

3.«Досыңа бөлінген уақыт» әдісі. Мұғалімдер сағат суретіне әріптесінің есімін жазады.Досыңа бөлінген уақыт тапсырмаларын орындайды.


Топтарға бөлу

3 мин

4.«Санамақ» әдісі. Тренингке қатысушылар 1,2,3,.. орысша, ағылшынша санау арқылы екі топқа бөлініп отырады.

1-топ: «Қалыптастыру бағалау » тобы

2-топ: «Жиынтық бағалау » тобы

1-один, 2-тю,3-три, 4-фо, 5-пять, 6-сикс, 7-семь, 8-эйт, 9-девять, 10-тен, 11-одинадцать, 12-туелф, 13-тринадцать, 14-фотин, 15-пятнадцать, 16-сикстин, 17-семнадцать, 18-эйтин, 19-двеятнадцать, 20-туенти.

Ой шақыру

5 мин

5. Бейнежазба «Опять двойка». Сұрақ: Бұл бейнежазба соңы немен аяқталуы мүмкін? (қатысушылар өз ойларын айтады)

Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті

ұсынылады.

Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушы өзін қалай сезініп тұр? Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға мүмкіндігі бар ма? Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп болып табылады. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.

Ой қозғау

5 мин




















«Домино» ойыны. Топтық жұмыс. Берілген сөздерлен домино құрастырады, қорытынды жасайды.




Баға -

символ,оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау


Бағалау -


оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау

Баға беру-


бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс


Қорытын-ды

«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер
балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік.

Дейін –кейін стратегиясы

5 мин

«Дейін»: алдымен мұғалімдерге критериалды бағалау , бағалау критерийі, дескриптор туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын кестеге жазады, таныстырады.

Мағынаны тану

15 мин

1.Қатысушылар критериалды бағалау жүйесі және қалыптастырушы,жиынтық бағалау үдерісі мазмұнымен танысады (парақтар үлестіріледі)

2. Бейнежазба «Критериалды бағалау»

3. «Фрайер» моделі. Әр топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері бір-бірімен ақылдасып , модельді толықтырады.Әр топ өз модельлерін ортада қорғайды (анықтамасы, ерекшеліктері, тиімді жақтары, тиімсіз жақтары).


Сергіту

2 мин

Суреттерді мақал-мәтелдер арқылы сөйлетейік.


Топтық жұмыс

Тапсырма 1.

5 мин

Топтарға есеп шешуді ұсынамын Орындалған жұмысты өзара тексереді, бағалайды.

Есепті шешіңіз:

Көрермендер залында 360 орын бар.42 адамнан тұратын 8 топ өз орындарына отырғаннан кейін неше орын бос қалады?


Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіреді..

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі қандай? Сұрағына жауап берер болсақ,слайдты көрсету арқылы : оқу мақсаттарына шолу, ойлау деңгейлерін сәйкестендіру, Блум таксономиясының негізінде бағалау

критерийлерін анықтау, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру, тапсырмаларға дескрипторлар құрастыру, қалыптастыру бағалау үдерісін өткізу, нәтижелерді талдау, оқушыларға кері байланыс беру.





Бір-біріңіздің жұмысыңызды бағалау критерийлері бойынша тағы да бағалап көріңіздер.


Оқу мақсаты : 5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару

Бағалау критерийі : натурал сандарға арифметикалық амалдар қолданып, мәтін есепті шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану

Тапсырма: 1. Есепті шешіңіз:

Көрермендер залында 360 орын бар. 42 адамнан тұратын 8 топ өз орындарына отырғаннан кейін неше орын бос қалады?

Дескриптор:

-берілгенін қысқаша жазады;

-есептің шарты бойынша санды өрнек құрастырады;

-есептің шарты бойынша көбейту амалын орындайды;

-есептің шарты бойынша азайту амалын орындайды;

-жауабын табады, жазады.


Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз бе? Бұл тапсырмаға пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығарасыз? Нені түсіндіңіз? ҰМЫТПАҢЫЗ: оқушыларға тапсырманы берердің алдында оларға бағалау критерийі мен дескрипторды ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтар туындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға кері байланыс беруге мүмкіндік туғызады. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріңіз.



Ой жинақтау

5 мин

Топтық жұмыс. Кестедегі бос орынды толтырыңыз.Кестеге қандай тақырып қоюға болады? Төмендегі сөздер кімдерге арналған? Қорытындыны қалай жасар едіңіз?

?

?

?

?

Өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды

Өз жұмысына сараптама жасауға үйренеді

Өзінің білім деңгейін алдын-ала болжайды

Өзінің және сыныптастарының білім деңгейіне сын көзімен қарауға үйренеді, сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды

Критерийдің көмегімен өз білімін бағалауға мүмкіндік алады

Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды

Әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады

Оқушыға оқудың қай тұсы қиындық туғызатынын анықтайды

Оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді

Мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланыс орнайды

Баласының білім деңгейі жайлы объективті дәлелдеме алады

Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады

Критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады

Баласының не үшін баға алғанын біліп отырады

Ата-ана мен мектеп арасында кері байланыс орнайды

Қорытынды: ?



Дейін-кейін стратегиясы

5 мин

«Кейін»: мұғалімдерге тағы да критериалды бағалау, бағалау критерийі, дескриптор туралы тағы де не білгендіктерін толықтырып жазады. Мұғалімдер осы сұрақ бойынша «Дейін» не білгендерін және «Кейін» не біліп шыққандарын салыстырады, қорытынды шығарады.

Қорытынды

1 мин

Қорытынды сөз. Критериалды бағалау - сапалы оқу кепілі екеніне тағы да көз жеткіздік . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ тұжырымында көрсеткендей мұғалімдер   өз тәзірибесінде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды пайдаланғанда,  бағалау  оқудағы аса пайдалы  құралға  айналады.
Өз тәжірибесінде критериалды бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына, әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс береді және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.Құрметті ұстаздар сіздерге алдағы уақытта істеріңізге сәттілік, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!


Кері байланыс

3 мин

Математика пән мұғалімі: Орынтаева Ұ.А.

Тексерілді 21.12.2017 ж ________________Сыздықбаева Н.Т.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12