ChatGPT - көмекші ме, әлде жалқаулыққа жол
ма?
ChatGPT - әмбебап ассистент. Бүгінде ChatGPT
қолданысы кең болғанымен теріс жақтары да аз
емес.
Әлемде 8 млрд адам болса соның 1 млрд адамында
ChatGPT қосымшасы бар.
ChatGPT- интернеттік желі болашығы мың құбылатын
қосымша. Иә, жай қосымша болуы керек. Дегенмен
бүгінгі таңның өзегін көтеріп, мақала, эссе,
жазылымдық тапсырмаларды жедел орындап жүрген бұл қосымшаның
күнделікті желілердегі тексеріссіз дүниелерді хабарлап жүрмегеніне
кім кепіл?!
Ендігі заман ChatGPT т.с.с желілерді өрбіте
түсетіні анық. Сол себепті де біз бұл қосымшаны шектей алмаймыз.
Керісінше, адамды шектеу керек.
СhatGPT- үлкен деректер қоры бар, тілдік модель.
Оған сұрақ қою арқылы өзіңге керек деректермен тереңірек танысуға
болады.
Менің ауыратын құрбым бар.
Ол
зпр, даун синдромы сияқты аурулармен ауырмайды. Бірақ ой өрісі бала
жаста қалып қойған. Ендігі мәселеме көшсек, ол ChatGPT-ді өзінің
жақын серігі еткен. Әр кез сонымен сөйлеседі екен. Оған қоса, Алиса
деген тағы досы бар. Жасы 17-дегі жеткіншек жастың коммуникациясы
осылай өз әлемінде шектелуде. Бұл тек менің құрбымда ғана бар
жағдай емес.
Бұл
жағдайда адаммен адамның қарым-қатынасына тағы да сызат түседі.
Онсызда Instagram, TikTok, Threads желілерінен шығуы қиын мына
бізге қосымша ChatGPT келді.
Мектеп оқушыларының, тіпті ата-аналардың да үйге
берілген тапсырманы ChatGPT-ден сұрайтыны жасырын емес. Бұл
мәселені мәжіліс залында Асхат Аймағанбет те көтерген. Мектеп
жасындағы оқушыларға тыйым салу керек делінгенімен, бұл көзқарастың
нақты шешімін әлі көре алмай келеміз.
2022 жылы шыққан бұл қосымша жайлы қазір пікір
алаңы кең.
ChatGPT бір диалогтағы алдыңғы сұраныстарды
шектеулі мөлшерде есте сақтайды. Журналистердің пікірінше, бұл
ChatGPT-ді жеке психологиялық кеңесші ретінде пайдалануға мүмкіндік
береді. ChatGPT-ден орынсыз немесе жағымсыз жауаптардың алынбауы
үшін сұраныстар OpenAI-дың «Модерация интерфейсі» API арқылы
сүзгіден өтеді (бұл да GPT негізіндегі бөлек жасанды
интеллект).
(мәлімет wikipedia сайтынан
алынған)
Әрине, біз ChatGPT-ден көрер жақсылығымыз мол.
Оны да ескере кеткен жөн. Ағыс, қарбалас адамның жоспарын түзу,
идея саларлық ұсыныстар беру өмірді жеңілдетеді.
Шетелдік сарапшылардың арасында ЖИ-ге қатысты
мынадай керемет дәйек бар. «AI will not replace a teacher but it
will replace a teacher who does not use AI» — «Жасанды интеллект
мұғалімді алмастыра алмас, алайда жасанды интеллектіні күнделікті
жұмысында қолдана алмайтын мұғалімді толықтай алмастыра алады»
дейді. Мұғалім орнына барша маман иесін қойсаңыз
болады.
(мәлімет Forbes.kz парақшасынан
алынған)
ChatGPT – көмекші де, жалқаулыққа жол да бола
алады. Тек қолданатын – біздің өз-өзімізге қоятын шектеуіміз болуы
керек. Яғни, заман бізді осылай сынаған сайын нағыз тұлға, кемел
адам концепциясын түземіз. Ендігі жерде адамның ұяты ғана шешеді
деген тұжырым бар. Қарап отырсақ, жүзеге асуы қиын бұл істің апарып
өз эгосының қалауын жүзеге асыратыны хақ. Сол себепті әр жақтама
тексеріс, бақылау қойылуы керек. Олай жүрмеген жағдайда адам санасы
тек ChatGPT-мен шектелген деп біліңіз.
Мақала адам қолымен
жазылды.