Материалдар / «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам ҚМЖ Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
366
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп


Тақырыбы

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні:


Сабақ мақсаты:

Цифрлық әлем туралы ақпарат беру;


Құндылық

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып,

өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуін тарбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Отанды сүю отбасынан басталады!



Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы:


Қызығушылықты ояту

7-мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.


Психологиялық ахуал туғызу:

Шаттық шеңбер құрып балалар бір біріне қарап “Сенімен сыныптас болғаныма қуанамын, себебі.....” деп сөйлемді жалғастыру қажет.


Біздің елде де басқа мемлекеттер секілді киберқауіпсіздік саласында түрлі деңгейде көптеген іс-шара іске асырылып жатыр. Ұлттық киберқауіпсіздік стратегиясы қылмыстың алдын алып, азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар орта­лық мониторинг әрі талдау жүргізеді, мемлекеттік органдармен және маңызды ақпараттық инфрақұрылыммен бірігіп қызмет атқарады. Әлеуметтік желіде ақпараттық науқандар ұйымдастырып, халықты желі алаяқтарының арбауына түсіп қалмауға шақырады. Дегенмен қулығына құрық бойламайтын алаяқтар талай адамды алдап, сан соқтырып кетіп жатыр.

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгелденеді.



Оқушылар шаттық шеңбер құрып бір біріне лебіздерін айтады.







Жаңа сабаққа кіріспе

І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңнан бірінде ғана шыгар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін

елестету өте қиын. Күн өткен сайын

адамдар интернетке тауелді болып барады.

Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сагатын Интернетте өткізетіні белгілі.

Өзара байланыстырылған миллиондаған

компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті-Интернет деп атайды.

Интернет - ағылшынша Internet - желі аралық байланыс дегенді білдіреді.

Интернеттің қызметтері:

1. Интернет поштасы.

2. Телеконференциялар.


3. Web

(WWW ) кызметі.

Интернет технологиясы жылдам өзгеріп отырады. Интернет -пен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.

Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.


https://youtu.be/LiZm-V3vdu0

Сабақтың ортасы

Интернеттің пайдасы немесе зияны пікірталас ойыны

Әр оқушы өз ойын айтып шығады.

1-оқушы: интернеттің артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббаттарын да тауып жатады.

2-оқушы: Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да интернеттің зиянды жағына қоса аламыз.

3-оқушы: интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласың. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіңе керектіні сатып алуыңа болады. Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақ әр заттың өз уақыты, өз орны болу керек


Қауіпсіздік сабағы 10 мин

«Жоқ! – деп айтуды үйрен»

Солға барсаң атыңды жоғалтасың, оңға барсаң өмірді жоғалтасың, алға жүрсең тірі қаласың, бірақ өзіңді ұмытасың» демекші өмірде кейде қалай таңдау жасап, кімге қалай жауап береріңді білмей қаласың…
Дұрыс таңдау жасау бәрінен де маңызды. Және ең қиыны жәутеңдеген жанарды жасқа толтыртып біреудің айтқан өтініші мен ұсынысына «жоқ» деп айту шығар. Егер «жоқ» деп бетінен қақсаң, өзіңе жақын адамды да жоғалтып алуың мүмкін. Осындай кезде кімге көмек беріп, кімге қарсы жауап беру керек жайлы да ойлану керек.
Есейген сайын өзімізді, шынайы болмасада үлкенмін деп санаймыз. Жас кезде көп қателер жасалынады, ол қателер үшін өмір бойы жүрегімізде сызат қалуы мүмкін. Ол мәселе кез-келген жастың басында кездеспесіне кім кепіл?!

Айналасындағы достарына еріп, солардың ұсынуымен пайдаланатындар немесе өзінен үлкен жастардан көріп еліктеушілігенен пайда болады. Осындай жағдайлардың салдарынан қазіргі жастардың денсаулығы құрып жатыр, сонымен қатар өз болашақтарына балта шауып жатыр. Дұрыс таңдау жасау бәрінен де маңызды. Егер айналаңдағы достарыңа «ЖОҚ» деп үйренсең сенің болашағың жарқын болмақ.

Адамды туралыққа да, тазалыққа да үйрететін ол салауатты өмір салты. Алмағайып заманның ең үлкен сынағы өз достарыңның нашақорлық жолда жүруі немесе, сені сол дүниеге, уақытша рақатқа шақыру. Мұндайда әрбір адам «Жоқ!» деп айтуы тиіс. Өйткені, ғұмыр бойына өкініш өксігін арқаламау үшін бір ғана сөзді айтып, одан бойды аулақ ұстау қажет.

Ар биігінде тұрған тұлға атты қалпыңды есірткі дейтін дүниемен ластамай, өз ортаңда наша пайдаланумен айналысатын  адамдарды тазарта отырып және оларға «Жоқ!» деп айтып үйрен.


https://youtu.be/DX4yVEeayhI

Қорытынды

Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман

техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.

Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Асыл тастан, өнер жастан - демекші,-

қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернетті дұрыс пайдаланып, Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!

https://youtu.be/Ea3gXoKEqSI





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ