|
Ұйымдастыру кезеңі
(5мин)
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу.
Психологиялық
жағымды ахуал туғызу
|
Мақсаты:
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдесіп,түгенделеді. Сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы
арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
|
Тақырыпқа байланысты слайдтар,
басқа пәндермен
байланыстыру.
|
|
Ортасы
(20 мин)

|
«Интернет керек, ол біздің
өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке
анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі
миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын
орасан зор компьютерлік желі.
Оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастады. Бұл күнде Интернетті
тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан
асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі
ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген
сөз.
Ой қозғау.
Интернеттің зияны
қандай?
Интернеттін пайдасы
қандай?
Мұғалім:Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты
зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары
атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы
ойындарды бала ойнаса, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы
ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман
қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу
үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне
тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан
басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?
Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар
бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза
ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау
болғанымызға не жетсін. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру
керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты
сақтауымыз керек . Ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап
отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер
талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар
жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы
60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра...
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады,
Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін
қалыптастыру да көп ойланатын
дүние.
|
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп,
сұрақтарға жауап береді
1-оқушы: Ал, әр күнін компьютер алдында
өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына
қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.
Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және
қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв
жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат
алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет
сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.
Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.
Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе
жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен
емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз
өткізудің зардабы.
2-оқушы:
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да
алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға
болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты
арттыру.....
|

Интерактивті
тақта
|