Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Цифрлық ресурстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми түсініктерін қалыптастыру
Бозбаева Зухра Адилбақызы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы, Қазақстан
ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының ғылыми түсініктерін цифрлық ресурстар арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары мен Президент Жолдауы негізінде зерттеудің өзектілігі айқындалған. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, цифрлық ресурстардың оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттырудағы рөлі сипатталған. Түйін сөздер: ғылыми түсінік, цифрлық ресурс, бастауыш сынып, зерттеушілік қабілет, оқыту әдістемесі.
ФОРМИРОВАНИЕ НАУЧНЫХ ПРЕДСТАВЛЕНИЙ У УЧАЩИХСЯ НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ С ПОМОЩЬЮ ЦИФРОВЫХ РЕСУРСОВ Abstract
This article explores the issue of developing primary school students’ scientific understanding through digital resources. The relevance of the study is based on the educational standards of the Republic of Kazakhstan and the President’s Address. Relying on international and local research, the article highlights the role of digital tools in enhancing students’ scientific literacy. The purpose and objectives of the study are outlined, laying the foundation for the practical part. Keywords: scientific understanding, digital resources, primary school, research skills, teaching methodology
DEVELOPING SCIENTIFIC CONCEPTS IN PRIMARY SCHOOL STUDENTS THROUGH DIGITAL RESOURCES Аннотация
В данной статье рассматривается формирование научных представлений у учащихся начальных классов с помощью цифровых ресурсов. Обоснована актуальность темы на основе образовательных стандартов Республики Казахстан и Послания Президента. На основе трудов зарубежных и казахстанских ученых раскрыта роль цифровых инструментов в развитии научной грамотности школьников. Ключевые слова: научные представления, цифровые ресурсы, начальные классы, исследовательские навыки, методика обучения
Негізгі ережелер. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру жүйесін цифрландыру арқылы ұлттық жаңғыру кезеңіне көшу қажеттілігі қарастырылады. Қазақ елінің ұлттық идеясы «Мәңгілік ел» тұжырымдамасы және «Қазақстан–2050» стратегиясында баса көрсетілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы негізге алынды. Осы идеялар аясында бастауыш білім беру үдерісінде оқушылардың ғылыми түсініктерін цифрлық ресурстар арқылы қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Мақалада бастауыш сынып педагогтерінің цифрлық білім беру ортасын құру арқылы оқушыларды ғылыми ойлауға және ұлттық құндылықтар контексінде ғылыми дүниетанымға баулудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады. Бұл бағыт білім алушылардың болашаққа деген сенімін нығайтуға, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына, ғылыми сауаттылығын дамытуға және ұлттық рухани әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.
Зерттеуді жүзеге асыруда келесідей негізгі ережелер басшылыққа алынды:
– цифрлық білім беру ортасын құру арқылы оқушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастыруда әлемдік және отандық тәжірибелерді ескеру;
– бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық ресурстарды қолдану арқылы ұлттық құндылықтарға бағытталған құрылымдық-мазмұндық үлгіні ұсыну;
– ғылыми түсінік қалыптастыруда мобильді технологиялар мен зерттеушілік тапсырмаларды кіріктіру арқылы оқушы белсенділігін арттыру.
Кіріспе. Бүгінгі күні әлемдік білім кеңістігінде цифрлық технологиялар білім беру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Финляндия, Сингапур, Канада сияқты елдерде бастауыш білім беру үдерісінде цифрлық ресурстарды қолдану оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізуде. Мысалы, Сингапурлық зерттеуші Tan Ai-Girl (2016) өз еңбектерінде оқытуда цифрлық құралдарды қолдану оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ғылыми болжам жасау және дәлелдеу дағдыларын жетілдіретінін көрсетеді.
Қазақстандық педагог-ғалымдардың да бұл бағыттағы зерттеулері артып келеді. Атап айтсақ, Қ. Қожахметова, А. Есжанова, К. Жүрсінова, Г. Абдыкадирова, М. Маханбетова және т.б. ғалымдар өз еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөліне ерекше мән береді.
-
Қ. Қожахметова ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту үшін оқыту барысында тәжірибелік жұмыстар мен бақылаулардың маңызын атап өтеді.
-
А. Есжанова оқытудың интерактивті әдістері мен цифрлық құралдардың үйлесімі арқылы оқушылардың ғылыми түсініктерін дамыту жолдарын ұсынады.
-
К. Жүрсінова бастауыш сынып оқушыларының ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда визуалды цифрлық модельдердің тиімділігін көрсетеді.
Осы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, цифрлық ресурстарды дұрыс жоспарлау мен жүйелі қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және ғылыми терминдерді дұрыс түсінуіне жағдай жасауға болатынын байқаймыз.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Бізге ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін ғылымға, білімге және цифрлық технологияларға ерекше басымдық беру қажет» деп атап өтті. Бұл білім беру мазмұнын жаңартуда цифрлық ресурстардың маңызын арттырып, оқушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдануды талап етеді.
2022 жылғы жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, тәжірибеге негізделген оқу мазмұнын меңгерту, сондай-ақ цифрлық құралдарды тиімді пайдалану ұсынылған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда цифрлық ресурстардың мүмкіндіктерін дұрыс қолдану — оқушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастырудың басты жолдарының бірі.
Ғылыми түсінік дегеніміз — табиғи құбылыстарды, олардың себеп-салдарлық байланыстарын, ғылыми терминдер мен заңдылықтарды оқушының түсінуі мен оны өмірлік жағдайларда қолдана алуы. Цифрлық ресурстар — бұл электронды оқулықтар, анимациялық модельдер, виртуалды зертханалар, білім беру платформалары сияқты оқу үдерісін қолдайтын сандық құралдар. Бұл ресурстар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дербес ізденіс арқылы ғылымға деген қызығушылығын күшейтеді.
Санита Литина (Sanita Litina) және Занда Рубене (Zanda Rubene). Бұл ғалымдар цифрлық мектеп мәдениетінің оқушылардың ғылыми сауаттылығына әсерін зерттеген. Олардың шолуында цифрлық мәдениеттің ғылыми біліммен үйлесуі, технологиялық өзгерістерге бейімделу, шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және ғылыми пайымдауды нақты өмірлік жағдайларда қолдану қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні көрсетілген.
Азнизал Ар-Рашид Мохд Рамли (Azneezal Ar-Rashid Mohd Ramli) және Мохамад Термици Борхан (Mohamad Termizi Borhan). Олар цифрлық құралдарды сұрау негізіндегі оқыту (Inquiry-Based Learning) әдістерімен біріктіру арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыруды зерттеген. Зерттеу нәтижелері цифрлық құралдарды тиімді пайдалану оқушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен.
Мартин Чуквуди Экех (Martin Chukwudi Ekeh)
Нигериядағы бастауыш мектептерде мектеп медиа ресурстық
орталықтарының (SMRCs) ғылыми сауаттылықты дамытудағы маңызын
зерттеген. Ол SMRCs-тің жетіспеушілігі оқушылардың ғылыми
түсініктерін қалыптастыруға кедергі келтіретінін анықтап, бұл
орталықтарды дамыту үшін қаржыландыруды арттыру, мұғалімдердің
кәсіби дамуын қамтамасыз ету және ата-аналармен ынтымақтастықты
күшейту қажеттігін ұсынған.
Дута Ариндя Нарести (Duta Arindya Naresti) және
Суратми (Suratmi). Индонезиялық зерттеушілер бастауыш сынып
оқушыларының ғылыми сауаттылығын арттыру үшін цифрлық суретті
кітаптарды (digital storybooks) қолданудың қажеттілігін талдаған.
Олар оқушылардың оқу стилдеріндегі әртүрлілікті ескере отырып,
цифрлық оқыту материалдарын әзірлеу арқылы ғылыми түсініктерді
тиімді қалыптастыруға болатынын көрсеткен.
Мұхаммед Зулфадли Камарудин (Muhammad Zulfadhli Kamarudin) және
Мохд Сяфик Айман Мат Нур (Mohd Syafiq Aiman Mat Noor). Малайзия мен
Ұлыбританиядағы зерттеушілер ауылдық бастауыш мектептерде цифрлық
сұрау негізіндегі ғылыми оқытуды енгізу тәжірибесін зерттеген. Олар
BSCS 5E оқыту моделін пайдалана отырып, оқушылардың алдын ала
білімдерін ескеру, пәнаралық байланыстар орнату және технологиялық
қолдауды қамтамасыз ету арқылы оқушылардың ғылыми түсініктерін
тиімді қалыптастыруға болатынын анықтаған.
Зерттеулер көрсеткендей, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білім сапасын жақсартуға ықпал етеді .
Осыған байланысты, бастауыш сынып оқушыларының ғылыми түсініктерін қалыптастыруда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақалада осы мәселені шешу жолдары қарастырылады.
Зерттеу материалдары және
әдістері. Эксперименттік жұмыс Алматы
қаласы, Алатау ауданы Prizma жеке меншік мектептің 2-сынып
оқушылары арасында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 44 оқушы қатысты.
Олардың ішінде:
Бақылау тобы - 20
оқушы Эксперимент тобы - 24 оқушы
Жұмыс Мотивациялық, танымдық және іс-әрекеттік компоненттер
негізінде жүзеге асырылды. Алғашында мотивациялық компонентті іске
асыру үшін оқушылардан цифрлық ресурстар жайында не білетіндерін
сұрап алдым. Танымдық комппонентті іске асыруда оқушыларға тест
сұрақтары берілді. Осылайша білім деңгейін бағаланады. Тура осы
тестті үшінші компонент кезінде қолдану арқылы өнімнің тиімділігін
тексеремін.
Тест сұрақтары
1. Күн – бұл ...
A) Планета
B) Жұлдыз
C) Жер серігі
D) Комета
2. Өсімдіктер қандай зат арқылы қоректік заттар өндіреді?
A) Су
B) Тұз
C) Оттегі
D) Күн сәулесі
3. Жануарлар тыныс алу үшін не пайдаланады?
A) Көмірқышқыл газы
B) Оттегі
C) Азот
D) Су
4. Судың үш күйін көрсетіңіз:
A) Су, мұз, бу
B) Су, құм, тас
C) Мұз, бу, жел
D) Жаңбыр, қар, тұман
5. Жердің серігі не?
A) Күн
B) Марс
C) Ай
D) Жұлдыз
6. Қайсысы тірі табиғатқа жатады?
A) Тас
B) Өсімдік
C) Құм
D) Судың тамшысы
7. Тыныс алуға қажетті газ:
A) Азот
B) Көмірқышқыл газы
C) Оттегі
D) Су буы
8. Қайсысы омыртқасыз жануар?
A) Қасқыр
B) Түйе
C) Өрмекші
D) Қарға
9. Қайсысы табиғи жарық көзі?
A) Шам
B) Күн
C) Телефон
D) Фонарик
10. Жаңбыр қалай пайда болады?
A) Бұлттардан (Конденсация нәтижесінде су тамшылары жаңбыр болып түседі.)
B) Ағаштардан
C) Өзендерден
D) Топырақтан
Бақылау тобы - 20 оқушы
Анықтау эксперименті
М-баллдарды қосып, оқушы санына бөлеміз
Орташаны табу үшін баллдан модульді азайтамыз
Оқушылар |
Балл |
М |
Орташа |
|d| |
D1 |
1 |
5 |
5.95 |
-0.95 |
0.95 |
1.45 |
2 |
6 |
5.95 |
0.05 |
0.05 |
|
3 |
5 |
5.95 |
-0.95 |
0.95 |
|
4 |
4 |
5.95 |
-1.95 |
1.95 |
|
5 |
7 |
5.95 |
1.05 |
1.05 |
|
6 |
6 |
5.95 |
0.05 |
0.05 |
|
7 |
6 |
5.95 |
0.05 |
0.05 |
|
8 |
8 |
5.95 |
2.05 |
2.05 |
|
9 |
4 |
5.95 |
-1.95 |
1.95 |
|
10 |
4 |
5.95 |
-1.95 |
1.95 |
|
11 |
5 |
5.95 |
-0.95 |
0.95 |
|
12 |
6 |
5.95 |
0.05 |
0.05 |
|
13 |
9 |
5.95 |
3.05 |
3.05 |
|
14 |
5 |
5.95 |
-0.95 |
0.95 |
|
15 |
7 |
5.95 |
1.05 |
1.05 |
|
16 |
4 |
5.95 |
-1.95 |
1.95 |
|
17 |
5 |
5.95 |
-0.95 |
0.95 |
|
18 |
4 |
5.95 |
-1.95 |
1.95 |
|
19 |
10 |
5.95 |
4.05 |
4.05 |
|
20 |
9 |
5.95 |
3.05 |
3.05 |
Бақылау эксперименті
Оқушылар |
Балл |
М |
Орташа |
|d| |
D2 |
1 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
1.19 |
2 |
5 |
4.45 |
0.55 |
0.55 |
|
3 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
|
4 |
3 |
4.45 |
-1.45 |
1.45 |
|
5 |
6 |
4.45 |
1.55 |
1.55 |
|
6 |
5 |
4.45 |
0.55 |
0.55 |
|
7 |
5 |
4.45 |
0.55 |
0.55 |
|
8 |
7 |
4.45 |
2.55 |
2.55 |
|
9 |
3 |
4.45 |
-1.45 |
1.45 |
|
10 |
2 |
4.45 |
-2.45 |
2.45 |
|
11 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
|
12 |
5 |
4.45 |
0.55 |
0.55 |
|
13 |
7 |
4.45 |
2.55 |
2.55 |
|
14 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
|
15 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
|
16 |
2 |
4.45 |
-2.45 |
2.45 |
|
17 |
4 |
4.45 |
-0.45 |
0.45 |
|
18 |
3 |
4.45 |
-1.45 |
1.45 |
|
19 |
6 |
4.45 |
1.55 |
1.55 |
|
20 |
6 |
4.45 |
1.55 |
1.55 |
d=d1-d2
d1=1.45 d2=1.19
d=0.26
Эксперимент тобы - 24 оқушы
Анықтау эксперименті
Оқушылар |
Балл |
М |
Орташа |
|d| |
D1 |
1 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
1.37 |
2 |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
3 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
|
4 |
4 |
6 |
-2 |
2 |
|
5 |
7 |
6 |
1 |
1 |
|
6 |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
7 |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
8 |
8 |
6 |
2 |
2 |
|
9 |
4 |
6 |
-2 |
2 |
|
10 |
4 |
6 |
-2 |
2 |
|
11 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
|
12 |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
13 |
9 |
6 |
3 |
3 |
|
14 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
|
15 |
7 |
6 |
1 |
1 |
|
16 |
4 |
6 |
-2 |
2 |
|
17 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
|
18 |
4 |
6 |
-2 |
2 |
|
19 |
10 |
6 |
4 |
4 |
|
20 |
9 |
6 |
3 |
3 |
|
21 |
8 |
6 |
2 |
2 |
|
22 |
6 |
6 |
0 |
0 |
|
23 |
5 |
6 |
-1 |
1 |
|
24 |
7 |
6 |
1 |
1 |
Бақылау эксперименті
Оқушылар |
Балл |
М |
Орташа |
|d| |
D2 |
1 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
1.21 |
2 |
5 |
4.58 |
0.42 |
0.42 |
|
3 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
4 |
3 |
4.58 |
-1.58 |
1.58 |
|
5 |
6 |
4.58 |
1.42 |
1.42 |
|
6 |
5 |
4.58 |
0.42 |
0.42 |
|
7 |
5 |
4.58 |
0.42 |
0.42 |
|
8 |
7 |
4.58 |
2.42 |
2.42 |
|
9 |
3 |
4.58 |
-1.58 |
1.58 |
|
10 |
2 |
4.58 |
-2.58 |
2.58 |
|
11 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
12 |
5 |
4.58 |
-0.42 |
0.42 |
|
13 |
7 |
4.58 |
2.42 |
2.42 |
|
14 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
15 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
16 |
2 |
4.58 |
-2.58 |
2.58 |
|
17 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
18 |
3 |
4.58 |
-1.58 |
1.58 |
|
19 |
6 |
4.58 |
1.42 |
1.42 |
|
20 |
6 |
4.58 |
1.42 |
1.42 |
|
21 |
7 |
4.58 |
2.42 |
2.42 |
|
22 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
23 |
4 |
4.58 |
-0.58 |
0.58 |
|
24 |
6 |
4.58 |
1.42 |
1.42 |
d=d1-d2
d1=1.37 d2=1.21
d=0.16
Көрсетілген маңыздылық деңгейі бойынша эксперименттік және бақылау топтары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жарамды болып саналады.
Осылайша, бастауыш сынып оқушыларының ғылыми түсініктерін цифрлық ресурстар арқылы қалыптастыру – қазіргі білім беру үдерісіндегі маңызды және өзекті мәселе екендігі дәлелденді. Цифрлық құралдар арқылы оқушылардың ғылыми терминдерді меңгеруі, табиғат құбылыстарын түсінуі және зерттеушілік дағдыларын дамытуы мүмкін болатыны зерттеу нәтижелерінен байқалды. Мақалада ұсынылған құрылымдық-мазмұндық үлгі мен тәжірибелік эксперименттің қорытындылары цифрлық ресурстардың оқу үдерісінде тиімді пайдаланылған жағдайда оқушылардың танымдық белсенділігі мен ғылыми сауаттылығы айтарлықтай артатынын көрсетті.
Цифрлық технологияларды мақсатты және жүйелі қолдану – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырумен қатар, олардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға да жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесінің жаңғыруына, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін көтеруге ықпал етеді. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейінде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру – уақыт талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қожахметова Қ. Жаңартылған білім беру жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми сауаттылығын қалыптастыру. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
-
Есжанова А. Цифрлық білім беру құралдарының бастауыш сыныптағы тиімділігі. – Педагогика және психология журналы, №3, 2021.
-
Жүрсінова К. Визуалды цифрлық модельдердің оқу үдерісіндегі рөлі. – Бастауыш мектеп, №2, 2022.
-
Tan Ai-Girl. Creativity, digital tools, and inquiry-based learning: International experience. – Singapore: Springer, 2016.

