Циклдер, 3 сынып ҚМЖ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклдер, 3 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклдер, 3 сынып ҚМЖ Цифрлық сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Циклдер

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,

«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Циклдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін кедергілерді біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Программаны орындау кезінде цикл тоқтамаса не істеу керектігіне мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Scratch ортасында циклдік алгоритмді іске асыруды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру

кезеңі

1-7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Айдаһар» ойыны

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «Айдаһардың басы», соңындағы оқушылар – «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек. Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады. Оқушылардың сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді.

Топтастыру:

Топтастыру

«Социометрия» әдісі

Оқушыларды топтастыру үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жердің аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында

 Жазғы демалысты

табиғат аясында қалай өткіздің? (1-сурет) Алған

Қалыптастырушы бағалау Мұғалім тапсырманы орындау барысында белсенділік көрсеткен



интерактивті тақтадан 1-сурет көрсетіліп, сұрақтар қойылады. Оқушылар ұжымдық үлгіде өз ойларын айтып, жауап береді.

әсерің туралы әңгімеле.

 Scratch ортасында қозғалысты қалай программалауға

болады? (1-сурет)

оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауға тырысу керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Данышпан үкілер» әдісі

  1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.

  1. Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.

  1. Таныс және таныс емес

Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты тап.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көрсет.

  1. Үлгі боларлық қорытынды

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? 6. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Топтық жұмыс.

«Венн диаграммасы»

әдісі

Бір-бірімен

айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың

сипаттамалары

жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау

операциясын меңгереді.

1-тапсырма Циклдік командалардың 3 түрін салыстырыңдар. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атаңдар. Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіріңдер. Дескриптор

  • Циклдік командалардың 3 түрін салыстырады.

  • Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атайды.

  • Циклдердің әр түріне бір мысалдан келтіреді.

Қалыптастырушы

бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірін

«Қошеметтеу»

әдісімен бағалайды.

Плакат Түрлі-түсті маркерлер


Жұптық жұмыс.

«Суреттер сөйлейді» әдісі Интерактивті тақтадан төрт түрлі сурет көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап жұмыс жасайды.

2-тапсырма

Суреттегі оқиғаларды 1-кестедегі (10-бет) цикл түрлеріне жіктеңдер. Не себептен таңдағандарыңды түсіндіріңдер. Мысалы, суреттегілердің қайсысы «әрқашан» цикліне мысал бола алады?

Дескриптор

  • Суреттегі оқиғаларды 1кестедегі цикл түрлеріне жіктейді.

  • Таңдау себептерін түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс дәптері

Жеке жұмыс. 3тапсырма

Робот әр қадамда 10 см түзу сызық сызады. Роботтың ұзындығы 40 см, ені 30 см болатын тіктөртбұрышты неше қадамда салады? Циклдің денесі неше рет қайталанады?

Дескриптор

  • Роботтың ұзындығы 40 см, ені

30 см болғанда тіктөртбұрышты

неше қадамда салатынын анықтайды.

  • Циклдік алгоритмнің қайталану санын анықта.

Қалыптастырушы бағалау

Жұптасқан оқушылар бір-бірін

«Қошеметтеу»

әдісімен бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс. «Еркін микрофон»

әдісі

4-тапсырма

  • Циклдің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін қандай кедергілер бар?

  • Программаны орындау кезінде цикл өз жұмысын тоқтатпаса не істеу керек?

Дескриптор

  • 1-сұраққа жауап береді.

  • 2-сұраққа толық жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты өзін-өзі «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім.

  • бүгінбі сабақта қуантқаны ...

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


  • мен өзімді ... үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны ...

  • сабақтан соң маған ... келді.

  • бүгін маған ... сәті түсті.

  • қызықты болғаны ...

  • ... қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім ...

  • енді мен ... аламын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі