жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Циклограмма
|
Бекітемін Мектеп директорының Оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байжанова А.М__________ Мектепалды даярлық сыныбындағы балалардың өмірін және тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы Бір аптаға (21-25.01.2019жыл) Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі» |
|
||||||||
|
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
||
|
Балаларды қабылдау. Таң ертеңгі гимнастика |
11: 40 12: 00 |
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Отан, туған ел, елбасы, рәміздер туралы әңгімелесу, жағымды Қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әр түрлі ойындар ұйымдастыру. |
|
||||||
|
Жаттығулар кешені |
|
||||||||
|
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар |
|
||||||||
|
Ойындар Ұйымдастыр ылған оқу қызыметіне (ҰОҚ) дайындық |
11: 50 12: 00 |
Жүрейікші жараса Табиғатым тамаша Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап |
Сәлем саған жер-ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық Бейбітшілік қалайық |
Адал жақсы ниетпен Бар адамға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректі Сөздің бәрі ақ тілек. |
Ақылы бар баласың Айтқан тілді аласың Намысты болып өссеңсен Нағыз адам боласың |
Біз ұқыпты баламыз Айтқан тілді аламыз. Ойыншықтарды жинаймыз, Үлкендерді сыйлай мыз. |
|
||
|
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастыр-ылған оқу қызметі |
12: 00 14: 45 |
1.Сауат ашу негіздері Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы мен әріпі. ҰОҚ-ның мақсаты; Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.Сөздегі дыбыс тарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. Педагог балаларға қазақтың алғашқы ғарышкері: Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев жəне Айдын Айымбетовтың суреттерін көрсетіп əңгімелейді. Тоқтар Əубəкіров суретін қайталап балаларға көрсетеді. Сурет бойынша балалар өз ойларын айтады. Педагог сұрақ қояды. Ғарышқа кім ұшып барады? Сұраққа жауап бере отырып, балалар əңгімелеседі. Сөзге дыбыстық талдау жасайды. Ғ дыбысы сөздің қай жерінде тұр? Ғарыш суретіне қарап, не көргендерін айтады. Ғарыш, ғарышкер сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау. жасайды. Ғ дыбысымен танысады. Сөздің бірінші буынында алдында естілетін дыбыс Ғ дыбысы екенін табады. Ғ – ұяң дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысының артикулияциясымен таныстырады. Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен қосады. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Шағала, ағаш, таға, шаңғы, торғай, қарға, қырғауыл сөздерін буынға бөліп, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды. Сөздердегі Ғ дыбысы естілген буынды табады. Сергіту сəті. Балалар «Ұшты-ұшты!» ойынын ойнайды. Педагог тақтадағы Ғ əрпінің бейнесімен таныстырып шалғының суретімен салыстырады. Балалар Ғ əрпінің бейнесімен таныс болады. Ғ əрпінен басталатын сөз ойлап айтады. Буынға бөледі. Ж. Əбдірашовтың ғ əрпі туралы өлеңін оқып, ғ əрпінің шалғыға ұқсайтынын айтады, суреттен көрсетеді.Ғ əрпінің баспа түрін жазады. 2.Мүсіндеу Сандықты аш, білімнен шашу шаш. Сандықты безендір. ҰОҚ-ның мақсаты; Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу). Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды. Мүсінші Ермек ауылда тұратын ата мен әжеге қонаққа баруды ұсынады. Қазақ халқының баспанасы – киіз үймен, оның ішіндегі жиһаз жабдықтарымен таныстырады. Қорытынды. Сандық бізге сонау ескі заманнан жеткен. Халқымыз оны әлі күнге дейін пайдаланады.Тәрбиеленушілер ҰОҚ не жайлы әңгіме болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын айқындайды. Әліппе-альбоммен жұмыс. Балалар әліппе-альбомдағы киіз үй жабдықтарымен танысады. Ой қорыту. Киіз үй қазақтың ұлттық салтдәстүр леріне сай жабдықта лған. Сандық ұлттық ою-өрнектермен нақышталған. Талқылау. Қазақтар ұзатылатын қыздың жасауына міндетті түрде сандық қосқан. Оның үстіне көрпе ше, көрпе-жастық жиналады. Төсек-орынды қыздың жақын туыстары дайындайды. Сандықтың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу (тікбұрышты, қақпағы бар, ұлттық ерекшеліктерге сай безендірілген). Ойын-жаттығу: «Мұқият бол». Қазақтың ұлттық нақышта жасалған сандықтарын қарап шығыңдар. Олардың бетіндегі ою-өрнектердің атауын атап беріңдер. Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге талқылау» 1. Сандықтың негізгі бөлігін қатырғықағаз дан қиып, жапсырып аламыз. 2. Ермексаздан кішкене кесіп алып, пластина жасаймыз. 3. Қапталын пышақпен кесіп, дайындаған қатырғықағазға жапсырамыз. 4. Қара түсті ермексаздан бірнеше ширатпа дайындап аламыз. Бұл безендіру үшін қажет. – Ширатпаны қандай тәсілмен дайындаймыз? 5. Сандықты баланың таңдауы бойынша ою- өрнектермен безендіреміз (мүйіз, ботагөз). 6. Құлып жасаймыз. 3.Русский язык Обувь и головные уборы Цели обучения дан- ного ОУД Произносить и различать звуки в словах и фразах. Внимательно слушать и отвечать собеседни ку короткими фразами, используя образец, мимику, жесты. Находить информацию в картинках, иллюстрациях и соотносить их. Ориентироваться на странице прописи, различать рабочую строку имежстрочное пространство, рисовать узоры. Согласовывать имя существительное и глагол в числе. Чтение потешки с имитацией движений. Как у нашего кота, шубка очень хороша. Как у котика усы, удивительной красы. Глаза смелые, зубки белые Задание № 1. Послушай и запомни названия обуви и головных уборов. Педагог предлагает рассмотреть картинки, запомнить. Назвать обобщающее слово – обувь, одежда. Рассматривают одежду по сезонам, называют, в какое время года ее надо носить. Задание №2. Назови, что дети наденут на прогулку. Помоги Серику одеться на лыжную прогулку, а Асель на летнюю прогулку. Соедини линией. Педагог предлагает рассмотреть картинку, назвать оде- жду и обувь, которая подходит для мальчика или девочки. Найди и назови слова со звуками [ш] и [с], определи, какой это звук (гласный или согласный). Чистоговорки. Ду-ду-ду – в куртке я гулять иду. За-за-за – шапка лезет на глаза. Га-га-га – у меня два сапога. Ох-ох-ох – мокрый плащ просох. Пальчиковая гимнастика «Стирка». Постираю чисто, с толком Рубашку, кофту и футболку, Свитерок и брюки (имитируют стирку). Устали мои руки!(Встряхивают обе руки). Задание №3. Продолжи ряд. Чтение потешки с имитацией движений. Как у нашего кота, шубка очень хороша. Как у котика усы, удивительной красы. Глаза смелые, зубки белые. 4.Музыка Қызықты жорық ҰОҚ-ның мақсаты; Музыкалық мәнерлі лік құралдары (әуен, қалып, тембр, ырғақ, қарқын, динамика, регистр). Ән айту Аспаптарда ойнау. Қызығушылықты ояту. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін ұзақтығына (ұзақ қысқа) қаттылығына (қатты ақырын) тембріне қарап ажырату. Балалар бр-бірімен жылы шырайда куліп амандасып шаттық шеңберін құрайды. Арайлап таң да атты Алтын сауле таратты Амансыңба достарым , Шаттанайық күлейік Бақытты боп жүрейік! Балалар сондай жақсы көңіл күймен сабаққа катысады. Балаларға «жол жыры» әнін тыңдату, Музыкалық шығарманың сипатын ажыраттыру. (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын, көңілсіз мұңды, қайғылы) осы әндердің қайсысына жататындығын ажырата білу. Сергіту сәті. Балалардың өнерін бір-біріне талқылату. |
1.Русский язык Что интересного я узнал Цели обучения данного ОУД Отвечать на элементарные вопросы жестами (например, указав на предмет или картинку), словами и короткими фразами. Внимательно слушать и отвечать собеседнику короткими фразами, используя образец, мимику, жесты. Находить информацию в картинках, иллюстрациях и соотносить их. Ориентирова ться на странице прописи, различать рабочую строку и межстрочное пространство, рисовать узоры Использовать слова, обозначающие признаки (по цвету, форме, величине) предметов. Организационный момент. Встают в круг, хлопают в ладоши в такт стихотворению. Собрались мы снова вместе, Чтобы было интересней! Много нового узнаем, Что ж, ребята, начинаем! Нам прислали письмо. Посмотрите, что в нем. Да это же листочки. Что вы можете о них сказать? Правильно, это листочки с разных деревьев. Письмо Они приглашают нас совершитьпутешествие в удивительный мир природы. Как вы думаете, что такое природа? Совершенно верно, это деревья, кустарники, трава, животные, птицы, насекомые. Это все – природа. Задание №1. Посмотрите и расскажите, какие изменения происходят в природе зимой, весной, летом, осенью. Выложить предложе ние с помощью карто чексхем. Много загадо чного и интерес ного можно увидеть в лесу. Задание №2. Расскажи, что растет в лесу. Кто живет в лесу? Динамическая пауза. Руки подняли и покачали – это деревья в лесу.Локти согнули, кисти встряхнули – ветер сбивает росу. Плавно руками помашем – это к нам птицы летят. Как они сядут, покажем: крылья сложили назад. Игра «Человечки». Надеть одежду и обувь на фигурку человечка. Кроме одежды и обуви, человеку нужны для жизни и другие предметы. Задание №3. Обведи мебель зеленым, посуду –красным, одежду и обувь – синим. Музыкальная прогулка. Хорошо мы погуляли и нисколько не устали. Давайте возьмем свои любимые гаджеты и продолжим заниматься 3.Құрастыру. Мен тұратын көше және үй. ҰОҚ-мақсаты; Жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу.Құрастыру түрле ріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану. Жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құра лдарынретке келтіру. Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында педагог сабақты «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуымен баста йды. Барлығы орын дықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орын дарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын… Кім өзін батырмын деп есептейді? Кім сары түсті жақсы көреді? Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді? Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? Кім құрылыс салғанды жақсы көреді? Кім құрылыс материалдарымен жұмыс жасағанды жақсы көреді? Кім «Лего» конструктор ларымен жұмыс жасағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады. Өзі тұратын көшесі жайында әңгімеле ту. Көшенің аты қалай аталады? Құрастыратын материалдарды, «Лего» конструк тордың кез келген бөлшегін қолымызға алып, көріп, оның қасиеттерін атаймыз. Қол тигіз: констр уктор бөлшегінің түсі, нысаны, өлшемі, тығыздығы бар ма? Ол жылтыр айды ма? Констр уктор бөлшегінің түсі, нысаны,өлшемі, тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін. Конструктор бөлшектерінен көліктер,ғимараттар, үйлер, көшелер т.б. жасауға болады. Түстерінің алуан түрлілігі біздің әлемді қабылдауы мызға бейімделген. Әліппе-дәптермен жұмыс. Тәрбиелену шілер құрылыс материалдары және «Лего» конструктор ымен жұмыс істеген кезде қандай ережелерді сақтау қажет екендігі туралы ойланыңдар. Топтық жұмыс: тәрбиеленушілер өздері тұратын көшелерін құрастыр ады. Ол үшін жұмыс кезеңдерін анықтап алады: Біздің көше қандай болады, ойлану, үлгілер таңдау керек. Үлгі үшін қажетті бөлшектерді таңда. Бөлшектердің түстерін айқында. Объектіні жинақта. Өздері тұратын немесе таңдаған көшені құрастырады. Кез келген бала құрылыс жұмысын басқарушы,қалғандары құрылысшылар бола алады. Тәжіри белік жұмысты орындаған кезде тәрбиеленушілер өз білімдері мен бақылауларына сүйенеді, орындаған жұмысын безендір удің қарапайым тәсілдерінпайдалана- ды, ағаштар, көлік тер, адамдардың бейнелерін, ойыншықтарын өздері қосымша құрастырып немесе дайын ұсақ ойыншы қтармен толықтыра ды, шығармашылық таңдау жасай бастайды. 4.Аппликация Желкенді кеме ҰОҚ-ның мақсаты; Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттар дың жапсырмасын құрастыру, бөлшек терді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлапбүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию. оң көңіл күй орнату. Теңіз Тыным таппай толқындары жарысқан, Кейде тыныш, кейде дүлей айбынды. Кемелер мен шағалалар табысқан, Телегей су – алып теңіз айдыны. «Мынау надан адам екен» дегізбей, Білім алғын тереңдігі теңіздей. Тәрбиеленушілер суретке қарап, онда не бейнеленгенін сұрайды. Кемені сипаттайды. Қуаныш пен Айсұлу балаларды «оригами» түсінігімен таныстырады: оригами – бұл қайшы мен желімсіз, қағаздан жануарлардың, өсімдіктердің, құстар дың, адамдардың пішіндерін бүктеп құрастыру. Педагог балаларға жұмысты оригами техникасында рет-ретімен орындап, өзінің кемесін теңіз айдынына жіберуді, яғни кемені қағазға жапсыруды ұсынады. Бұл ретте жұмысты керек бөлшек термен толықтыруға болады. Аппликацияны орындау технологиясы. Педагог тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың реті барлық орындау кезеңдері көрсетілген сызбалар түрінде тақтада көрсетіледі. Педагог балаларға қағазды ұқыпты бүктеп, бүгілген жерін алақанмен тегістеу керектігін еске салады. Кеме жасау үшін бір парақ қағаз керек (А4 немесе кәдімгі альбом қағазы). Парақты алып, оны ұзына бойы екіге бүктейді. Сосын тағы бір рет бүктеп, қайтадан жазады – бұл бүгу сызығын белгілеу үшін жасалады. Жоғарғы бұрыштарын бірінші кезеңде белгілеген сызыққа қарай бүгеді. Сосын төменгі шетін жоғары қарай жартылай бүгеді (оң не теріс жағынан). Осыдан кейін төменгі бұрыштарын жоғарыға қарай 90 градусқа бүгеді. Сосын төменгі шетін екі жақтан соңына дейін бүгеді. Ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады. Шаршының төменгі шетін жоғарыға қарай бүгеді. Енді қайтадан ортасынан алып, бұйымды екі жағынан тартады. Төменгі жағын бүгеді. Енді бұрыштардың ұштарынан ұстап, бұйымды тартады. Кеме шықты. Толқындарды қосыңыз.Көгілдір түсті әзірлемелерден симметриялы емес пішінде бұлттар қиып алуға болады. Альбомда композиция құрастырып, әзірлемелерді жапсырыңыз. 5.Дене шынықтыру Даңқы асқақ тұлғалар ҰОҚ-ның мақсаты: Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығу ларын орындау. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секіру. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау.Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру.Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. Батырлар жайлы әңгіме кімді батыр деп атаған? Жамбыл атамыз «құландай жүйрік, бүркіттей қырағы, арыстандай айбатты» деп қай батыр туралы айтқан? (Өтеген батыр. Тойтомалақта да, аңшылықта да батырлардан кім бірінші болды? (Қабанбай батыр). Батырлар өз ұрпағы на нені өсиет етті? Бір қатарға сапқа тұру, оңға, солға бұрылу, бір орында толық айналу; бірден, екіден сап құрып жүру. Динамикалық сергіту сәті Жүру мен жүгіруді алма-кезек орындау; әртүрлі бастапқы қалыптарға көшу – малдас құру, еденге отыру, жүрелей отыру,еденге жату, оң (сол) тіземен тұру, ішпен жату, шалқадан жату. Жеткілікті арақашықтықты өздігінен бақылауға, бастапқы қалыпты нақты орындауға назараударыңыз. Қолмен 5 метр арақашықтықты жүру (бір бала екінші баланың аяғын көтеріп ұстайды, екінші бала қолымен жүреді). Топ ойыншылар-ының аяқтарының астынан еңбектеп өту. Топтың бірінші ойыншысы алға бір қадам аттап, аяқты екі жаққа алшақтата иық деңгейіне қойып, қолды белге таянып бастапқы қалыпқа көшеді. Оның аяғының астынан екінші ойыншы еңбектеп өтіп оның алдына тұрады да, бастапқы қалыпқа көшеді. Келесі бала да екі ойыншының аяқтарының астынан өтіп алдына барып тұрады. Ең соңғы ойыншы өтіп бірінші болып тұрған соң, ойын кері бағытта қайталанады. |
1.ҚМҰҚ Ұшақпен ұшамыз. Бүтінді және бөлікті салыстырамын. ҰОҚ-ның мақсаты; Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшектерді салыстыру. Ынталандыру. Педагог балаларды əңгімеге тартады. Балалардан сұрайды: – Саяхат несімен қызық? (көптеген жаңа əрі қызықты нəрсе білугеболады). Өзектендіру. Біздің кейіпкерлер іміз ұшақпен саяхат жасайды. Балаларды топтарға бөліп, топтардың əрқайсы сына 19.1-кестеден- қималы тарату материалынан ұшақ беруге болады. Жолға шығар алдында олар ғимараттардың шатырын, иллюминатордан жолдарды қандай пішімде көретінін елестетуге тырысады. Педагог ғимараттың суретін, мысалы, фигурасы бар суретті (шатыр – шаршы, тіктөртбұрыш; айналма жол – шеңбер немесе сопақ жəне т.с.с.) көрсетеді.Топтардың əрқайсысы ұшақпен ұшу кезінде жерден көруге болатын үйлерді немесе гүлзарларды, көлдерді жəне т.б. елестете отырып, қағазда фигуралар дың суретін (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) сала алады. 1-тапсырма – тəжірибелік жұмыс. Балалардың əрқайсысы қағаз парағын суретте көрсетілгендей етіп бүктейді. Педагог мұны балаларға көрсетеді. Қағазды жазған кезде жарты парақ, парақтың төрттен бір бөлігі шығады. Жаңалық ашу. Жұмыс аяқталған соңбалаларалынған бөліктердің санын есептейді, педагог олардың атауларын айтады. Ойын ұйымдастыруға болады. Саяхат барысында жолда балалар бəлішті (шаршы) немесе пиццаны. 2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда торкөздер бойынша ұшақты қайталап салу. Балалардан сұрайды: – Ұшақпен қайда саяхат жасауға болады? 3-тапсырмаға берілген суретке қарауды ұсынады, онда аппликация жасалған бөліктерді атау қажет. Балалар осындай шаршыны бөліктерге бөледі. Одан кейін үлгі бойынша апплика -ция жасайды. Бекіту үшіншығармашылық тапсырма ұсынылады. Электрондық жəне қарапайым жиынтық полотнода Фигуралар дың бөліктерінен өрнектер ойлап табу. 2.Сурет салу Бізді зымырандар күтуде. ҰОҚ-ның мақсаты; Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу.Сурет сюжетіне, композиц иясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау. Талқылауға арналған сұрақтар: Ғарыш дегеніміз не? Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз? Қуаныш ұшу кезінде кім болады? Ғарыш кемелері қайдан ұшады? Қуаныш ғарышқа ұшқан кезде не киеді? Салмақсыздық дегеніміз не? Сабақта оң көңіл күй қалыптасты Космонавт Балаларды бастап-ақ, Ұшар едім алысқа. Болар едім космонавт, Зымырар ем ғарышқа. Жүзер едім көкте мен, Жүйткіген біреліктей. Жұлдыздарды көптеген Аралар ем зерікпей. Сендер ұшуға қалай, дайынсыңдар ма? Бір-біріңнің алақандарың ды қысу арқылы көрсетіңдер.Қуаныштың ерекше арманы бар: ғарышқа ұшу. Ол аспанға қарап,жұлдыз дарды бақылауды ұнатады.Аспанда жұлдыздардан басқа не бар? (Ай, Күн, ғаламшарлар.) Дұрыс, қаншама қызық бар. Ертеде адамдар жұлдыздарды, олардың қозғалысын бақылағаны белгілі. Кейіннен адамдар жұлдызды аспанды бақылап қана қоймай, зерттей бастады, ол үшін қарама-қарсы жақтарында үлкейтетін шыны – линза орналасқан телескоп – ойлап табылды. Оның көмегімен ең қашықтағы жұлдыз дар да көрінеді. Сендер қандай ғаламшарларды білесіңдер? Басқа ғаламшарларда тіршілік бар деп ойлайсыңдар ма? Мұны телескоптан басқа немен тексеруге болады? Иә, адамдар ғарышқа ұшуға шешім қабылдады. Қуаныштың ғарышқа ұшқысы келетін жеке зымыранын салайық. Зымыран қандай көлік түріне жатады? Ойлан да, зымыранды немен салыстыруға болатынын айт. Ауа шарымен тәжірибе жасауды ұсынады. Жұмыстың орындалу технологиясы Бүгін бізге балауыз борлар мен акварель бояу қажет болады Әліппе-альбоммен жұмыс. 3–4 басты нысан таңдаймыз да, оларды қағаз бетіне балауыз борлармен саламыз. Сендер ғажайып деңгейде әсем жұлдыздардың жарқырауын, кометалардың түрлі түсті құйрық қалдырып ұшуын, зымыранды сала аласыңдар. Артынан акварель бояумен рең саламыз. Бүкіл парақты барлық жұлдыздар мен ғаламшарлар жақсы көрінуі үшін қара бояумен бояймыз. Күлгін не қара-көк, қою қызыл бояуларды аламыз да, бүкіл парақты түсті дақтарға бояймыз. Түрлі түсті борлар қара рең бетінде байқалады. 3.Драма Гастрольдік сапарға шығу. ҰОҚ-ның мақсаты; Тірі ағза мен заттардың бейнелерін мимика, ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Балаларға психологиялық жағымды көңіл күй орнату. Актерді жұрт біледі, Сахнадан көреді. Өнері жұртқа ұнаған, Сүйкімді танымал жан Театр-айтайын дегенін тек сөзбен ғана емес, ым-ишара, қимылмен де жеткізе алатын актерлер ұжымы. Гастроль- дегеніміз актерлердің бір жерден басқа жерге шығып өз өнерлерін көрсетуі мысалы бір қаладан басқа бір қалаға барып немесе қаладан ауылға барып өнер көрсетуі. Балалардың актерлік қабілетін анықтау. Оларды театрлық көрініспен таныстыру. Балаларға өз әрекетінің серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезіну, ұғынып үйрену қажет екеніне көз жеткіздіру. Шығармашылықтарын шыңдай түсуіне ықпал жасау арқылы балаларды осы оқу қызметіне үйрету. Сергіту сәті. 3.Экология негіздері Су өмірдің нәрі. ҰОҚ-ның мақсаты; Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның жəне жылудың рөлі туралы білу. Психологиялық дайындық Айдай арайлап, Күндей күлімдеп, Судай таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастаймыз! Педагог балаларға мақал-мəтел айтуды ұсынады: 1. Сулы жер, нулы жер 2. Бұлақ көрсең, көзін аш. Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады: Дəмі де жоқ, түсі де жоқ , Пайдаланбас кісі де жоқ. (су) Судың қатты күйі қалай аталады? Судың қасиетін қандай? Бұл мақал-мəтелдерді, жұмбақтардың барлығын не біріктіреді? (Бəрі де су жайында.) Педагог суреттерге назарларын аударады, балалардың су туралы не білетіні, олардың пайдасы туралы айтылады.. Қорытынды: Су – жер бетінде ең көп таралған зат. Жер астында да су бар. Адам денесі де судан тұрады. Сусыз жануарлар да өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау. – Су қандай зат? (Сұйық). – Судың түсі қандай? ( Мөлдір). – Суды қай жерлерден кездестіреміз? (Көл, өзен, жаңбыр т. б) –Судың пішіні бар ма? (Пішінсіз). – Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? – Балалар, біз суды қайдан аламыз. Тəжірибе арқылы көрсету. Суды ластамау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды. Талдап қорыту: суды дұрыс мақсатта пайдалану. «Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су». Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Адам су ішпей 6-7 күн ғана жүре алады. Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? Біз суды қайдан аламыз? Адамдар суды не үшін пайдаланады? (ішеді,жуынады) — Суды адамдардан басқа тағы нелер пайдаланады ? (жануарлар, өсімдіктер) Сергіту сəті. Судың маңызы қандай? Екі өсімдіктің тіршілігін бақылау, бір өсімдікке суды уақытымен құйып отыру, екінші өсімдіктің сусыз тіршілігіне бақылау жасау. Өсімдіктің сусыз тіршілік ете алмайтынына көздерін жеткізгеннен кейін, оған жеткілікті мөлшерде су берілуі арқылы біртіндеп қалыпқа келе бастайтынын бақылату.Су еріткіш Суды екі түрлі стақанға құю. Бір стаканға жылы, екіншісіне суық су құю. Екі стаканға аз мөлшерде тұз салады, қалай еритінін көреді. |
1.Сөйлеуді дамыту Көліктер және оның түрлері. ҰОҚ-ның мақсаты; Сөздер мен фразалар дағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы Бойыншажақын/қарама -қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу. Шаттық шеңбері. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Ақыл-ой өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға. Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ. Су ішеді, май жейді, Бұларды не дейді? (Көліктер) Педагог көлік және оның түрлерімен танысатынын және көліктердің түрлері көп екенін айтады. Соның ішінде адам таситын және арнайы қызмет көліктері болады. – Адам таситын көліктерді атап беріңдерші. – Ал арнайы қызмет көліктеріне нелер жатады? Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Сурет бойынша көлік түрлерін атап бер. Бұл көлікті кім жүргізеді? Сергіту жаттығуы: Музыка әуенімен мәшиненің рулін айналдырып билеу. Дидактикалық ойын: «Автосалон». Бір бала мәшине сатушы болады. Қалған балалар көлік сатып алушылар болады. Көлік сатып алушылар бір көлікті сипаттайды, ал көлік сатушы ол қандай көлік екенін тауып, оны алып береді. 2-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Төбесінде ебелек, Ұшады ол керемет. (Тікұшақ) Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) Дидактикалық ойын: «Сөйлемдерді толықтыр». Педагог сөйлемді толық айтпайды. Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы: Егер жермен жүрсе бұл ... (жер) көлігі. Олар: КамАЗ, автобус, өрт сөндіргіш мәшине.б Егер сумен жүрсе бұл ... (су) көлігі. Олар: кеме, қайық, катер. Егер әуеде ұшса, бұл .. (әуе) көлігі. Олар: ұшақ, тікұшақ, зымыран. Педагог балалармен қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелеседі. Ережелерді балалармен бірге талқылау. – Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай кір. – Айналадағы адамдармен сыпайы сөйлес. – Көліктің ішін ластама, орындықты сызба. – Жолақысын уақытымен төле. – Үлкен кісілерге орын бер. 2.Музыка. Қызықты жорық ҰОҚ-ның мақсаты; Музыкалық мәнерлі лік құралдары (әуен, қалып, тембр, ырғақ, қарқын, динамика, регистр). Ән айту Аспаптарда ойнау. Қызығушылықты ояту. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін ұзақтығына (ұзақ қысқа) қаттылығына (қатты ақырын) тембріне қарап ажырату. Балалар бр-бірімен жылы шырайда куліп амандасып шаттық шеңберін құрайды. Арайлап таң да атты Алтын сауле таратты Амансыңба достарым , Шаттанайық күлейік Бақытты боп жүрейік! Балалар сондай жақсы көңіл күймен сабаққа катысады. Балаларға «жол жыры» әнін тыңдату, Музыкалық шығарманың сипатын ажыраттыру. (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын, көңілсіз мұңды, қайғылы) осы әндердің қайсысына жататындығын ажырата білу. Сергіту сәті. Балалардың өнерін бір-біріне талқылату. 3.Қ.М.Ұ.Қ. Жол бойынан нені көруге болады? Бүтін және бөліктер. ҰОҚ-ның мақсаты. Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшек -терді салыстыру. Ынталандыру. Педагог балаларды ойын жағдайына тартады. Кез келген көлікпен жүру үшін бағытты таңдау керек. Балалардан «бағыт» сөзінің мағынасын сұрайды. Өзектендіру. Кейіпкерлеріміз саяхат жасап келді. Олар сапарды еске түсіру бойынша аппликациялар жасау жарысына қатысуды ұйғарды. Жарыстың талаптары бойынша қолдан бұйым жасау үшін тек бір пішімді – геометриялық фигураны пайдала нуға рұқсат берілді. Əлия шеңберді таңдады. Педагог жиынтық полотноны пайдаланады. Əліппе-дəптердегі 1-тапсырмада берілген дөңгелек -терді қандай бөліктер ге бөлуге болатынына қарауды ұсынады. – Əлия шеңберлердің көмегімен қалай қол дан бұйым жасады? Жаңалық ашу. Тəжірибелік жұмыс. Шеңберді бөліктерге бөлуге болады. Əрі қарай дөңгелектерді бүктеп тəжірибелік жұмыстар жасап көруге болады (жартысын, ширек бөлігін алу). 2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда балалар шеңбердің бөліктерін атайды жəне суретті таңдауы бойынша бояйды. Бүтін фигураларды бір түспен, ал бөліктерін басқа түспен боя. Педагог балаларға дөңгелектерді ұсынады. Өткен сабақтағыдай, оларды бөліктерге бөлуді сұрайды жəне сұрақтар қояды: - Өмірде дөңгелек заттарды бөліктерге бөліп көрдіңдер ме? (торт, пицца, бəліш). - Аппликация үшін дөңгелектердің қандай бөліктерін пайдаландыңдар? - Бүтін дөңгелекте неше жарты бөлік бар? 4-тапсырма – логикалық. Фишкаларды, геометриялық фигураларды шешу үшін пайдалануға болады. Балалар тəжірибе арқылы ықтимал нұсқаларды анықтайды. Сосын педагог шатаспау үшін тапсырманы орындау тəртібін табуға көмектеседі. Мысалы, алдымен бірінші креслоға əже отырады – барлық нұсқалары қаралады, сосын – анасы, немересі.Əрі қарай осылай жалғаса береді. Өз нұсқанның суретін сал.Əлия саяхатқа өзімен бірге ойыншықтарын алды. Оларды жинапқұрауға көмектесіңдер. Балаларға шаршы бөліктерінен тұратын геометриялық құрастырмалар таратылады. Бөліктер мен фигураларды атай отырып, топ бір ойыншықты құрастыруы тиіс. 4.Өзін-өзі тану 5.Дене шынықтыру Мерген ҰОҚ-ның мақсаты: Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру.Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау. Қашықтыққа, көлденең және тік нысанаға лақтыру. Дене қуаты қасиет терін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция. Гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. Мергендігімен ерекшеленген батырлар туралы әңгіме: Бөгенбай, Саңырақ Тоқтыбайұлы, Райымбек Түкеұлы. Бір қатар сап құрып жүру; көз жұмулы (4 метр), кең және тар соқпақ жолмен жүру. Таяқпен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары – қатарынан тізіліп сап құрғанда тиісті арақашықтық сақтау. Таяқпен іс-қимылдар орындау кезінде қауіпсіздік техни- касы туралы ескерту. «Ең мергендер» 4 метр қашықтықтан тік нысанаға таяқ лақтыру. Бастапқы қалыпта (оң қолмен лақтырғанда сол аяқты алға қойып, аяқтың басын сыртқа бұра оң аяқты бір адым артқа қою) тұрып алға ұмтыла отырып дене ауырлығын оң аяққа түсіріп қолды сермеу. Содан кейін дене ауырлығын сол аяққа түсіріп, денені екпінмен солға бұру. Нұсқау – қолды жазып, иықтан төмен деңгейде артқа сермей отырып таяқты лақтыру. Түрлі қарқынмен жүгіру (2-3 минут). Тыныс алуды қалпына келтіру. 1. Мұрын арқылы демді ішке тартып, ауыздан демді сыртқа шығару; 2. Қысқа терең дем алу – демді баяу сыртқа шығару; 3. Баяу, терең тыныс алу – демді қысқа күрт сыртқа шығару; 4. Ауаны баяу сыртқа шығару; 5. Демді үзіп-үзіп сыртқа шығару; 6. Мұрын арқылы баяу ішке дем тартып, терең тыныстау, демді іште ұстап тұру, демді сыртқа шығарғанда 1-ден 10-ға дейін санап, сыртқа шығарылған ауаны санап біткенге дейін жеткізуге тырысу. «Тепе-теңдікті жаттықтыру» Қолды екі жаққа жайып, бір шеті 40 см биікке көтерілген көлбеу тақтаймен жүру. (Бірінші тақтайда қозғалыс төмен тұрған шетінен, ал екінші тақтайда биік жағынан басталады). Аяқты тақтайға қоюға назар аудару – алдымен табанның алдыңғы бөлігін қою, содан кейін табанмен толық тұру; тепе-теңдік сақтау |
1.Ағылшын
2.Жаратылыстану Су мен ауаның қандай қасиетін білесің? ҰОҚ-ның мақсаты; Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау. Педагог ҰОҚ жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды. Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жусаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың. Тазалықтың досы, Су деген осы. Педагог жұмбақ шешуді ұсынады. Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді. (Су) Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Педагог балаларды мәтінмен таныстырып, сұрақтарды талқылауды ұсынады. Тәжірибелік жұмыс шеңберінде жұмыстың қауіпсіздік ережелерін талқылау. Балалар тәжірибелік жұмысқа қатысуға шақыру қағазын алады. 1-тәжірибе. Тәжірибе жасау арқылы судың түссіз, мөлдір, дәмсіз, иіссіз екенін анықтау. 1.Судың түсі қандай? (1-тапсырма) Екі стақандағы су мен сүтті салыстыру. Сүттің түсі ақ. Ал судың түсі мөлдір. Нәтижесінде судың түссіз мөлдір, ал сүт ақ түсті болатынын анықтау. 2.Судың дәмі қандай? (2-тапсырма) Су мен апельсин шырынын салыстыру. Шырында апельсин жемісінің дәмі бар. Ал судың дәмі жоқ. Нәтижесінде судың дәмсіз екені анықталады. 2-тәжірибе: Судың үш күйін анықтау 3.Су – сұйық зат. Суды мөлдір стақанға құю. Даусын естірту. Нәтижесінде балалардың судың сұйық болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. 4.Су қай кезде қатты денеге айналады? (3-тапсырма) Стақанға суды құйып, бір күнге тоңазытқышқа қойып, нәтижесінде судың төмен температурада қатты денеге айналатынын дәлелдеу. 5.Су буға қалай айналады? Су буға қалай айналады? Суды қайнатқанда буға айналатынын түсіндіру (бейнеүзінді, сурет арқылы) 3-тәжірибе: Ауасыз тіршілік жоқ екенін және ауаның көзге көрінбейтінін анықтау. Ауасыз өмір сүре аламыз ба? Ол үшін тыныс мүшелерін бекітіп, тыныс алмау керектігі ұсынылады. Нәтижесінде адам ауасыз өмір сүре алмайтыны туралы тұжырым жасалады. Ауа көзге көріне ме? Ауаның түсі жоқ болғандықтан, көзге көрінбейтінін тек адамға сезілетінін анықтау. 4.Қауіпсіз мінез- құлықтары. Қауіпсіздік мектебі. Мен үйдемін 1-бөлім ҰОҚ-ның мақсаты: Үйдегі қарапайым қауіпсіздік ереже- лерін білу. Өрт пен газ қауіпсіздігі қызметінің байла -ныс нөмірлерін білу. Пікір алмасу сұрақтары: Ата-аналар үйде жалғыз қалған балаларына қандай тапсырма береді? Есікті қаққан адамдар қауіпті болуы мүмкін бе? Балкон несімен қауіпті? Жуынатын бөлме қауіпті болуы мүмкін бе? Ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдыруға тура келгенде не алаңдатады, оларға қандай қауіп төнуі мүмкін? Балалар ойларын айтады. – Әркез үлкендер үйден кетер алдында балаларға не жайында ескертпе жасайды? Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, үлкендер кетерде қандай ескертпелер айтатыны жайлы талқылайды. Отбасындағы үлкендер балаларды қараусыз қалдырмай, кездейсоқ, қауіпті жағдайлар жайлы ескертіп отыруы керек. Адамға медициналық көмек қажет болған жағдай да жедел жәрдем шақырылады. Үлкен жиһаздар да қауіпті. Кейде балалар үстіңгі сөреден қажет затын алуға қолдары жетпегенде тартылып, бар салмағын салады. Шкаф баланың үстіне құлап кетуі мүмкін. Кейде балалар жасырынбақ ойнап жүріп тоңазытқыштың ішіне кіреді. Оның есігі бекітіліп қалса, ішінен ашылмайды. Оны тапқанша, балаға ауа жетіспей қалуы мүмкін. Кіржуғыш машина ның үстіне шығуға да болмайды. Үйде дәрі-дәрмек қайда сақталады? Неге дәріні қауіпті дейміз? Балалар үйде дәрі-дәрмексалынған қорапты қайда сақтайтынын біледі. Бірақ оған рұқсатсыз тиісуге болмайды. Ауырған кезде дәріні ережесін сақтап мөлшермен қабылдаса, ем болады. Мөлшерсіз, себепсіз ішкен дәрі уға айналады. Тіпті пайдалы дәруменде рдің өзін қатаң мөлшермен қабыл -дау қажет. Жасыл дәрі, йод тәрізді жарақатқа арналған заттар жеке қорапта тұруы керек. . |
|
||
|
Серуен |
13-35 |
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материялдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру. Картотека№1 |
|
||||||
|
Серуеннен оралу |
13-45 |
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті |
|
||||||
|
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі. |
|
5.В/б Дамыту ойындары Пішіндерді боя Мақсаты; Балаларды түстерді тани білуге үйрету. Ойын элементтерін пайдалана отырып, математикаға қызығушылық-тарын дамыту. |
2.В/б Логика Сөйлеу шеберлігі Мақсаты; Балаларды құбылыс-тардың себепті байла ныстарын түсінуге үйрету; сөздерді дұрыс таңдап қолдан уға, дұрыс сөйлей білуге үйрету. |
5.В/б Әдеп Жақсы болу талабым Мақсаты; Балаларды адамгершілікке, қайырылымдылыққа, мейірімді бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. |
. |
Бауырсақ Мысалы; Ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлықтары туралы білім беру. |
|
||
|
Балалардың үйге қайтуы |
14-45 15-00 |
Балалар отбасында өздері не істей алатындары жайлы әңгімелесу |
Ата-аналарға балаларды себепсіз сабақтан қалдырмауын ескерту. |
Балалардың тазалығына көңіл бөлу |
Балалардың оқу қызметін үйде қадағалау. |
Балалардың үйде ойынын қадағалау. |
|
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген