400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін . Мектеп директорының . оқу-ісі жөніндегі орынбасары Абишева Б__________

Мектепалды даярлық сыныбындағы балалардың өмірін және тәрбиесін ұйымдастырудың циклограммасы

Бір аптаға (01.09-04.09. 2020жыл) Өтпелі тақырып «Біз мектепке барамыз!»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балалар ды қабылдау.

Таң ертеңгі гимнастика

08:40

09:00


Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Отан, туған ел, елбасы, рәміздер туралы әңгімелесу, жағымды

Қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әр түрлі ойындар ұйымдастыру.

Жаттығулар кешені

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Ойындар

Ұйымдас тырылған оқу

қызыметіне

(ҰОҚ)

дайындық



08: 50

09: 00

Жүрейікші жараса Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап

Сәлем саған жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық

Бейбітшілік қалайық

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректі

Сөздің бәрі ақ тілек.

Ақылы бар баласың

Айтқан тілді аласың

Намысты болып өссеңсен

Нағыз адам боласың!

Біз ұқыпты баламыз Айтқан тілді аламыз. Ойыншықтарды

жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.


Мектепке

дейінгі ұйым кестесі бойынша

ұйымдастыр-ылған оқу

қызметі

09: 00

09: 25


1.Сөйлеуді дамыту

Кел танысайық!

ҰОҚ-ның мақсаты: Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

Күтілетін нəтиже:

Берілген тақырып аясында диалогке қатысады. Шаттық шеңбері

- Қайырлы таң, балалар!

- Бүгінгі күн қандай керемет!

- Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен

бастайық.

Күлімде күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін!

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

балалардан журналист деген кім екенін, ол

немен айналысатынын сұрайды.

- Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді.

Сонымен бүгін біз өзіміз туралы - аты-жөніміз

кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен

шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен тілшімен амандасып алайық.

Тілші балалармен әңгіме өткізеді:

Аты-жөнің кім?

Сен неше жастасың?

Өз түріңді, мінезіңді сипатта.

Шашың ұзын ба, қысқа ма?

Бойың ұзын ба, аласа ма?

Қай жерде тұрасың?

Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма?

Немен шұғылданғанды ұнатасың?

Киімдеріңді өзің жинайсың ба?

Не кигенді ұнатасың?

Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба? 1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен қыздың айырмашылығы туралы айт. Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос. Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма? 2-тапсырма.Серуенге шығарда киінуді алдымен неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет.

Тілші:

– Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты

екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте

қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға

кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!

– Сау болыңыз!

1.Сауат ашу негіздері

Кел, танысайық! Сөйлеу

ҰОҚ-ның мақсаты: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

Күтілетін нəтиже: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,

бір-біріне жылы сөздер айтқызу. Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін

айтады.

Шаттық шеңбері

– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күлімде күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін. Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

– Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар?

– Балалар қандай киім киген?

– Олар бір бірімен қалай амандасты?

– Балалар бір-бірімен қалай танысты?

– Олардың жастары нешеде?

– Қыздар жапырақтан не жасады?

Сұраққа жауап толық жауап береді.

Танысу туралы өз ойларын айтады.

2-тапсырма.

Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып

отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай

сөйлесіп тұрғанын айтады.

– Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

– Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын

балалар сұрақтарға жауап бере отырып

анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-біріментүсінісетінін біледі. Сөйлеудегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар

қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне

айғайлап жеткізетінімізді біледі.

1.Математика негіздері.

Танысу. Не қайда орналасқан?

ҰОҚ-ның мақсаты:

Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында,алдында(алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Күтілетін нəтиже: Кеңістікте бағдарлайды: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша «Қателеспе» ойынын ұсынады.

Балаларға ойын өткізген кезде мұқият болып, қателеспеуге жəне тапсырмаларды жылдам орындауға

тырысу керек екенін хабарлайды.

Балаларға оң қолын, содан кейін сол қолын

жоғары көтеруді (қателескендерді түзетеді), содан кейін

ретімен қолдарын төмен түсіруді ұсынады. Əрі қарай алға– артқа, оңға– солға бағыттарын меңгертеді.

1- тапсырмаға қарауды ұсынады.

Сурет бойынша сұхбат жүргізіледі.

–Суретте қыздың бөлмесі бейнеленген. Кереует, (үстел, орындық жəне т.б.) қайда тұрғанын

айтыңдар.

– Сурет бойынша ненің қайда орналасқа нын түсіндіре

аласыңдар ма?

– Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндіре аласың ба?

Балалар əліппе-дəптердегі сурет бойынша белгілі бір затқа қатысты ненің қайда орналасқанын айтады. Өздері сұрақ

қойған кезде жəне педагог пен балалар дың сұрақтарына

жауап берген кезде кеңістікте орналасуды сипаттайтын

сөздерді пайдаланады.

Одан кейін балалар тапсырманы орындайды– заттарды

орналасуына қарай көрсетілген түстерге бояйды. Аспашам– жоғарыда, көк түсті, кроссовкалар– төменде,

қызыл түсті жəне т.б.

1.Жаратылыстану

Мен табиғатты бақылай

аламын ба?

ҰОҚ-ның мақсаты: «Бақылау»

ұғымын және оны

өткізу кезендерін

түсіну.

Күтілетін нəтиже: «Бақылау»

ұғымын және оны

өткізу кезендерін

түсінеді. ҰОҚ барысында ба-лалармен тиімді жұмыс

жүргізу үшін ұжымдық

ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Бақылау әрекетіне қатысты суреттер

мен тәжірибе ұсынылады.

Үлгі сұрақтар:

• Жанды және жансыз табиғатқа не жатады?

• Жануарлар неге жабайы және үй жануарлары болып

бөлінеді?

• Күн неге жарқырайды?

• Кемпірқосақ қай мезгілде пай-да болады?

• Өсімдіктің тіршілігі үшін не қажет?

Қорытынды жасай отырып: ба-лалар мына түсініктерді ұғынуы

қажет:

Табиғат – күн, ауа, жер, су, өсімдіктер, жануарлар.Қоршаған дүние – айналадағы

табиғат және адамдар жасаған заттар.

Бақылау – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын танып

білу.

Бақылаушы – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы

танып білуші адам.

Тәжірибе– бұл табиғат

құбылыстары мен заттарды танып-білудің әдіс-тәсілдері.


09:35

10:00


2.Жапсыру

Менің көңіл күйім

ҰОҚ-ның мақсаты: Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.

Күтілетін Нәтиже: Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.

Балалардан Жапсыру туралы не білетіндерін сұрайды. (Жапсыру – қағаздан,қатырғықағаздан әртүрлі фигураларды, ою-өрнектерді немесе бүтін картиналарды қиып алу және жапсыру.)

ҰОҚ-де шығармашылық тәжірибеұйымдастыруды

– өз көңіл күйін білдіру үшін әсерлі бейне жасауды

ұсынады. Жапсыру көлемді болуы үшін қағаз бөлшектерін

қалай жапсыру керектігі туралы ойланыңдар. Бүгін біз жапсырудың жаңа түрімен танысамыз.

Ол жырту тәсілімен жапсыру.Жырту тәсілімен жасалатын жапсыруда суреттің

барлық бөлшектері түрлі түсті қағаздан қиып

алынбайды, олар жыртылып алынады және контур ішіне жапсырылады, құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

Сен қандай құралдарды пайдалана аласың?

Бүгін бізге қайшы керек пе? Құрал ретінде нені

пайдаланамыз? (Қолдарымызды.) Проблемалық сұрақ: көңіл күйдің пішіні

қандай болуы мүмкін? Түсі қандай? балаларға жұмысқа қажет құрал-жабдықтарды: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын

тексеруді ұсынады.


2.Қоршаған ортамен танысу.

Менің отбасым.

ҰОҚ-ның мақсаты: Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың

маңызын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі