Материалдар / Циклограмма ересек топ Ақпан 3-4 апта. 2025ж

Циклограмма ересек топ Ақпан 3-4 апта. 2025ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топтың ақпан айының 3-4 апталарына 2025ж арналған циклограмма. Циклограммада "Біртұтас тәрбие" мен Үлгілік оқу бағдарламасы күн тәртәбінде түгел қамтылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: ересек топ

Балалардың жасы: 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы, 3-апта (17-21 аралығы)


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 17.02.25

Сейсенбі 18.02.25

Сәрсенбі 19.02.25

Бейсенбі 20.02.25

Жұма 21.02.25


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Өнер қуып ой түзе,                                   Еңбек етіп бой түзе»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Мобильді кітапханадан ертегі тыңдау туралы кеңестер беру.

Қауіпсіздік ережесі: Баланың үйдегі немесе көшедегі ток көздерінен алыс ойнауын қамтамасыз етуді ескерту.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

(Сөйдеуді дамыту, көркем әдебиет)

«Маса» ойыны

Міндеті: өлеңді айтқан кезде жәндіктердің дауы -сын айнытпай салуға баулу

Ызыңдайды күнімен, Ызыңдайды түнімен -з-з-з

Құпиясын біліп ал: Қашады ол түтіннен. (Құрастыру)

«Шашылған кілемше» ойыны Міндеті: Берілген оюларды жинақтап кілемшенің өрнегін құрастыра білу «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

«Біз зерттеушіміз» (Экологиялық тәрбие) «Табиғат құбылысы» ойыны Міндеті: қар мен жаңбырды, тұманды, бұлтты, найзағайды т.б. ажырата білу мен табиғат құбылыстары жөніндегі білімдері мен қасиетіне қарай қатты, жұмсақ, ериді, буға айналады ұғымын бекіту.

Еңбегі адал жас өрен.

«Ойыншықтар тәртібі» Міндеті: балаларды сумен жұмыс кезінде ұқыпты болуға және өз еңбегі мен басқа адамның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

(еңбек дағдылары)

(Қоршаған әлеммен танысу, көркем әдебиет)Дидактикалық ойын: «Үйдегі жиҺаздар» Міндеті: үй ішіне қажет жиһаздардың жеке бөлік- терін сөзбен дұрыс айтуға

(дөңгелек үстел, түсі көк, төрт аяғы бар) үйрету.

Еңбегі адал жас өрен.

«Бөлме өсімдіктерін суғару» Міндеті: балалардың өсім діктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекетіне сенімдікті, оларға ұқыпты қарауға, қамқорлық жасау ға тәрбиелеу.

(еңбек дағдылары)

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Тіл ұстарту жаттығуы Міндеті: артикуляция лық жаттығу. Ра-ра-ра ұшты ара, ро-ро-ро өрмекші торы, ар-ар-ар жауды қар.

Еңбегі адал жас өрен.

«Менің сүлгім»

Міндеті: балалардың еңбекке деген тұрақты қызығушылығы мен тапсырманы мұқият орындауға ұмтылдыру және сүлгіні ұяшыққа іліп қоюды үйрету.

(еңбек дағдылары)

(Қоршаған әлеммен танысу, құрастыру) Дидактикалық ойын: «Қай кезде киеді?» Міндеті: әр жыл мезгіліне қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуге баулу.

Еңбегі адал жас өрен.

«Кітап- білім айнасы» Міндеті: кітапқа деген қызығушылығын арттыру кітапты күтіп ұстауға, жыртылған жерін желім- деуге, ұқыпты, таза ұстау ға дағдыландыру. ( еңбек дағдылары)

Таңертенгі жаттығу

11комплекс ақпан айына арналған жаттығулар

(Жалпы дамыту жаттығулары, қимыл белсенділігі, ойын жаттығуы)


Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға,суды үнемді қолдануға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Дидактикалық ойын:

«Қуыршақты киіндір» Міндеті: қуыршақтың киімдерін ретімен киіндіруді үйрету, ұқыптылыққа және бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

(Математика негіздері, құрастыру)

Дидактикалық ойын:

«Ғажайып дорба» Міндеті: балалардың қол мен сипап сезу әрекетін дамыту және ойыншықтар жайлы білімдерін терең –дету.


(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Дидактикалық ойын:

«Шатасқан ертегілер» Міндеті: сурет бойынша ертегіні тануды үйрету мен ертегі мазмұнын әңгімелеп айтып беруді қалыптастыру.


«Смарт бала» жобасы «Танграм» үстөл үсті ойыны, Міндеті: түрлі бөліктерден әртүрлі бейнелер құрастыру. Логикалық ойлауды дамыту. (Математика негіздері, логика)

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы «Бесатар» міндеті: Ептілікті, дәлдікті дамыту. Ұлттық ойынға қызығушылыққа тәрбиелеу. (Біртқтас тәрбие)

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка

(Музыка жетекшісінің жоспарымен өтіледі)

Дене тәрбиесі

Кедергілер Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру. Қол мен аяқ- тардың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету.Түрлі кедер гілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту. «Мен секілді жүр!» ойыны Міндеті: бір бала түрлі жүріс түрлерін салады, қалғандары қайталайды.

Дене тәрбиесі

Жұптасып орындалатын жаттығулар. Тепе-теңдікті дамыту. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптас- тыру.

Қимылды ойын:

«Жұппен пішін жасау» Міндеті: бір-біріне кедер гі келтірмеу, бір орында тұрмау, бір-біріне жол беру.Белгі бойынша бар лығы бірден тоқтайды,

Дене тәрбиесі

Жүру

Жүру түрлерін меңгерту.

Өмірлік маңызы бар жү- ру дағдылары мен білікте рін дамыту. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.


«Жануарлар қалай жүреді!»ойыны Мақсат: жануарлардың жүрісін салады.

Қазақ тілі

«Жан-жануарлардың дауласуы» ертегісі

Міндеті: балалардың әңгіме мазмұнын тың- дай білуге және жан- жануарлардың қимыл әрекетін рөлге бөліп ойнауға үйрету. Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» Міндеті:аналары мен төлдерін ажырата білу және олардың тигізетін пайдасы туралы білімдерін толықтыру.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Картотека № 25


Картотека № 27

Картотека № 28

Картотека № 29

Картотека № 30

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды пысықтау. Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын жентілдіру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Өлеңдер, әндер, жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті)

Түскі ас

Түскі ас алдында гигиеналық шараларды орындау; қолды дұрыс жуу, өз орамалының орныны білу, қолды дұрыс жуу, өз орама лының орнын білу, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы: «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу» Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әректі) Алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінен ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ маториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау. Ұйқыға жатқызу. Балаларға ертегі оқып беру.

«Бауырсақ», «Түлкі мен ешкі», «Мақтақыз бен мысық» және т.б. (көркем әдебиет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Өз орнында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет дағдылары, ірі жіне ұсақ маториканы дамыту) Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету, (мәдени-гигиеналық дағдылар)


Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстел үстіне қою, соңынан жинау) Таза және ұқыпты ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. Өзәне-өзі қызмет ету дағдыларын пысықтау. ( мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

(Сөйлеуді дамыту) Сюжетті рөлдік ойын: « «Шаштараз»

Міндеті: рөлге бөліп ойнау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту және еңбек құралдарын дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.


(Математика негіздері, сурет салу) «Лото», «Пазлмен» үстел үсті ойыны. Міндеті: балалардың танымдық шығармашылығы мен қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы» Міндеті: суреттегі заттарға қарап, олардың қандай мамандық иесіне тән екенін табуға үйрету. Сөйлемді толық айта алуға машықтандыру

Дидактикалық ойын: «Балықтар не істей алады?» Міндеті: өз сөйлеген сөзінде әрекетті білдіре –тін сөздерді пайдалануды үйрету. (Жүзеді,дем алады, сүігиді)

«Кім жаңылмай тез, айтады?» Міндеті: балаларға жаңылтпашты жаңылмай тез айтуға үйрету, бір – бірін тыңдай білуге және төзімділікке, алғырлыққа баулу

Балалармен жеке жұмыс


Театрландырылған қойылым

«Қолғап» ертегісі Міндеті: ертегі мазмұнын өз беттерінше айтуға және рөлге бөліп ойнауда жануарлардың іс-әрекетін көрсете білуге үйрету.

Баламен ертегіні байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Дыбыстық жаттығу


ла-ла-ла доп ойнады бала,

ке-ке-ке ағаш шапты әке, ға-ға-ға мен таптым таға, е-е-е ағашта өсті шие.



Балаға дыбысты дұрыс аутуға үйрету

Сюжетті рөлді ойын:

«Азық-түлік дүкені» Міндеті: рөлге бөлініп ойнау қабілеттері мен диалог түрінде сөйлеуді дамыту, әдептілік пен сыпайылыққа тәрбиелеу.

Балаға дыбыстарды анық айтуға, сөйлем құрауға үйрету.

Дидактикалық ойын:

«Еркелетіп айт»

Міндеті: отбасында өздерін қалай еркелетіп, қан дай жылы сөздер айтаты- ны жайлы әңгімелесу.


Балалармен бірге жылы сөздерді қайталау.

Дидактикалық ойын:

«Өсімдікті суретте» Міндеті: өсімдіктердің аттары мен өзіне тән белгілерін қайталау. Балалар қалауы бойынша өсімдіктің бір түрі туралы айтып береді.


Баламен өсімдік туралы әңгімені жалғастыру.

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен. «Кім бірінші?» ойыны. міндеті: балаларды жылдам киінуге, достарына көмектесуге және ұқыптылыққа, тәрбиелеу. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары)

Серуен

(Шығармашылық іс- әректі, мүсіндеу) Еркін тақырыпта өздеріне ұнаған ертегі жайлы әңгімелеп, ұнаған кейіпкердің суретін салу.


Ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Еркінойындар





(Қарым-қатынас іс-әрекеті)

Ойын іс-әрекетіне қажет заттарды ойыннан соң, орнына қоюға ретке келтіруге дағдыландыру

Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ»

Еркін ойындар




(Танымдық іс-әрекет)

Логикалық есептер шығару арқылы балалар дың қызығушылығын, білуге құштарлығын арттыру.

Ұлттық ойын: «аударыспақ»

Еркін ойындар





(Музыка) Музыка әуенімен орын далатын түрлі жаттығу- ларды жасауға үйрету және «Ана», «Әже» туралы әндерді қайталау.

Ұлттық ойын: «Теңге алу»

Еркін ойындар






(Танымдық зерттеушілік іс-әрекет)

Пиязды суға салып, оның өсуіп жетілуін, зерттеу арқылы анықтау.

Ұлттық ойын: «Асық ату»

Еркін ойындар





Үйге қайту

Өнегелі15 минут. Ата аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларды үй шаруасына көмектесуге, еңбек дағдысын дамытуға кеңес беру














ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: ересек топ

Балалардың жасы: 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы, 4-апта (24-28 аралығы)


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 24.02.25

Сейсенбі 25.02.25

Сәрсенбі 26.02.25

Бейсенбі 27.02.25

Жұма 28.02.25


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Ақыл көпке жеткізер,                                                                                                                                                           Өнер көкке жеткізер»

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл күй әсем әуенмен қарсы алу. Баладан бақшаға келгенше не көргенін, қандай көңіл күймен келгенін сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге тарту. (сөйлеуді дамыту)

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу, жеткен жетістіктері мен тәртібі жайлы сұхбаттасу.

Қауіпсіздік ережесі: Баланың таза ауада ойын кезінде, қар еру кезінде, су жүретін арықтардан алыс жерлерде ойнауын қадағалауды ескерту. Сақтық ережелерін сақтауына кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы. «Шертпек» Міндеті: дәлдікті, ептілікті дамыту.


Еңбегі адал жас өрен

«Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау» Міндеті: бөлме гүлдерінің жапыр -ағының шаңын сүртуге және су құюға күтім жасау ниетін дамыту. Балаларды көмекке тарту, еңбекті бағалау.


(Математика негіздері, көркем әдебиет)

Ойын:«Көңілді тапсырмалар»

Биік ағаш басынан

Түсті тағы бір жаңғақ,

Тиіп қатты қуанды

Көбейді деп бұл жаңғақ

Жаңғақтарды санайық,

Себетіне салайық.

(2+1=3) т. с. с.


Еңбегі адал жас өрен

«Біз зерттеушіміз»

Гүлдерді бақылау

міндеті:балаларға өсімдіктерді суару қажеттілігін өз бетінше анықтауды үйрету. Өсімдіктердің жарық пен ылғалды қаншалықты қажет ететіні туралы білімдерін кеңейту. (Экологиялық тәрбие)

(Сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен танысу)

Ойын:«Көңіл күйді анықта» (пиктограмма әдісімен)

Міндеті:ойын арқылы пиктограммалық бейнелерді анықтап, ым-ишарамен және эмоциялық көңіл-күймен жеткізу. Балаларға жағымды көңіл-күй сыйлау .


Еңбегі адал жас өрен

«Таңғы асқа дайындық» Міндеті: еңбекке деген тұрақты қызығушылығы мен тапсырманы орындау ұмтылысын және көмек- тесуге ниеттерін дамыту.

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Дидактикалық ойын «Фотоаппарат».

Міндеті: ассоциативті ойлауды, ерікті зейінді, есте сақтауды, сөйлеуді дамыту.

Шарты:5 секунд ішінде балаға 4-5 суретті карточкаларды көрсету. Содан кейін оны алып тастаңыз және онда не бейнеленгенін ретімен еске түсіруді ұсыну.


Еңбегі адал жас өрен

«Сөредегі ойыншық -тарды реттеу» Міндеті: балаларды ойыншықтарды күтіп ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Атама қамшы өреміз» міндеті: ұлттық тәрбие ьағытында балаларға қамшы өру жұмысын меңгерту


Еңбегі адал жас өрен

«Топ бөлмесіндегі сөрелерді жинастыру» Міндеті: балалардың еңбектенуге деген ниеті ықыластарын, берілген тапсырманы орындауға деген қызығу шылығын дамыту.




Таңертенгі жаттығу

11комплекс ақпан айына арналған жаттығулар

(Жалпы дамыту жаттығулары, қимыл белсенділігі, ойын жаттығуы)

Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға,суды үнемді қолдануға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Д/О:«Телефон»

Міндеті:Естіген сөзді екінші балаға бұлжыт- пай жеткізуге дағды-ландыру, сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту. Телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізу. телефонды үзген бала айыбын төлейді.т.б.

(Математика негіздері) Дидактикалық ойын: «Көңілді доп» міндеті: балалармен еркін қарым-қатынас жасау. Берілген логикалық есеп сұрақтарға жылдам жауап беруге, өз ойын толық жеткізуге баулу

(Математика негіздері, қоршаған әлеммен таныстыру.)

Ойын: «Тәуліктің қай бөлігі»

Әтеш әнің айтады,

Күн шуағын шашады.

(Таңертең)

Тамақтанып аламыз,

Біраз ұйықтап аламыз.

(Түс)

(Сөйлеуді дамыту, сурет салу)

Ойын «Саусақтар амандасады»міндеті: саусақтарға арналған жаттығуларды үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дауыс ырғағын дұрыс қадағалай білуге дағдыландыру.


(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Ойын: «Мен бастаймын сен аяқта!» міндеті:есте сақтау қабілеттерін арттыру

дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға машықтандыру

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка (Музыка жетекшісі жоспарымен өтеді)


Дене тәрбиесі

Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Міндеті: бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білуді дамыту.

Гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Қимылды ойын:

«Мысық пен торғайлар»

Міндеті: қимыл-қозғалыстарын арттыру.

Дене тәрбиесі Еңбектеп жүруГимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету, еңбектеу арқылы ептілік, шапшаңдықты дамытту. Допты басынан асырып, екі қолмен лақтыруға жаттықтыру.

Қимылды ойын: «Допты алып кел» Шарты: домалатқан доп-ты жүгіріп барып алып келу.

Дене тәрбиесі

Бір орында тұрып ұзын дыққа секіру. Міндеті: Бір орында тұрып секіруге үйрету. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту.Допты бастан асырып лақтыруды бекіту.

Қимылды ойын: «Бөренеден өтіп көр» Міндеті: гимнастикалық орындықтан аттап өтуге жаттықтыру.

Қазақ тілі

Дидактикалық ойын. "Сиқырлы - [ң]әрпі"

Мақсат-міндеттері. Балалардың [ң] дыбысын дұрыс айтуын қадағалау.

Балалар [ң] әрпі бар сөздерді айту қажет.

Мысалы: аң, таң, мұң, шаң, маң, маңай, маңдай, таңдай, сең, жең, мең, көң және тағы басқа. «Тіл ұстарту» жаттығулары

Міндеті:тіл жаттығлары арқылы дыбысты анықайтуды үйрету.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Картотека № 11

Картотека№ 12

Картотека № 13

Картотека № 14


Картотека № 15

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен Топқа оралу кезінде қатарға жылдам тұруға дағдыландыру. Асықпай бірінің соңынан бірі қатармен, сапта екеуден жүруді қалыптастыру. Топқа киетін аяқ киімдерін өздігінен ауыстырып киюге, киімдерін ілгішке ілуге дағдыландыру. «Су,су қолыңды жу» ойын жаттығуы (сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

Түскі ас алдында гигиеналық шараларды орындау; қолды дұрыс жуу, өз орамалының орныны білу, қолды дұрыс жуу, өз орама лының орнын білу, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы: «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу» Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әректі) Алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінен ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ маториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау. Ұйқыға жатқызу. Балаларға ертегі оқып беру.

«Бауырсақ», «Түлкі мен ешкі», «Мақтақыз бен мысық» және т.б. (көркем әдебиет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

«Оянайық бәріміз» созылу жаттығулары арқылы сауықтыру жұмысын жүргізу, денсаулықты сақтауға, «салауатты өмір салтын» сақтауға дағдыландыру. «Кім епті?» ойыны. Міндеті: белгілі бір ретпен киінуге машықтандыру. (Дене тәрбиесі - сауықтыру жұмысы, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстел үстіне қою, соңынан жинау) Таза және ұқыпты ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. Өзәне-өзі қызмет ету дағдыларын пысықтау. ( мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

(Қоршаған әлеммен танысу, көркем әдебиет) «Адамдардың көктемгі еңбегі»

Міндеті:Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Маусымдық белгілерді бекіту. Үлкендерге көмектесуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Д/О: «Еңбек құралдарын ата?»міндеті:бақшаға қажетті құралдарды атау

(Сөйлеуді дамыту, мүсіндеу ) «Көктемгі гүлдер»

Міндеті:Балалардың жұмбаққа деген қызығу-шылықтарын дамыту. Жұмбақтар ойлап табу, жасыруға үйрету. Жұмбақты құрастыруда сын есім, салыстыру сөздерін қолдана білуге дағды‑ ландыру .Көктем гүлдерінің аттарын естерінде сақтау, ермексаздан бәйшешек гүлін мүсіндеу.

(Құрастыру,сурет салу) «Тақияны безендіру» ойыны Міндеті: қолдың ұсақ моторикасын дамыту, бояуды дұрыс қолдана білуді дамыту және бастаған істі аяғына дейін жеткізуге баулу.Д/О: «Ою түрлерін ата»міндеті: ұлттық оюларды атау,өзіне тән ою өрнектерге сипаттама беру

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

(Жапсыру,сөйлеуді дамыту) «Құстар ұшып келді» міндеті:қиылған (үшбұрыш.дөңгелек, сопақша) геометрия -лық пішіндерден құстың бейнесін жапсыруды дамыту. Диактикалық ойын: «Құстарды ата»міндеті:құстардың аттарын атау,өзіне тән ерекшеліктерін айту.

(Көркем әдебиет) «Ақ әжем» өлеңі

Міндеті:өлеңді мәнер -леп айтуға үйрету. Әжелеріне,туыстарына деген сүйіспеншілік- терін арттыру. Ақ әжем Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірг-н Шөлдедің бе,ақ әжем? Шай қайнатып келейін Шекер салып,жан әжем Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем.

Балалармен жеке жұмыс


(Математика негіздері, құрастыру) Ойын:«Геометриялық пішіндерден салынған сурет» Міндеті:геометриялық фигуралардың аттарын қайталау, оларды шама сы бойынша салыстыру және шаманы сөзбен айту машығын дамыту. Баламен пішіндерді салыстыру жайлы жеке жұмыс.

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) "Көктем келді!" (тірек сызба әдісімен)Міндеті: Сурет бойынша әңгіме құрастыруда зат есім мен сын есімді байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту және тілдерін дамыту. Баламен сөйлем құрастыруда байланыстырып сөйлеуге үйрету.

(Көркем әдебиет, қазақ тілі) "Қарама-қарсы сөз" атты "жұптар айтысы" ойын жаттығуы.

Міндеті: Балаларды қарама-қарсы мағынадағы сөздер жұптарын құруға дағдыландыру; сөздік қорды молайту.

Шарты: қамшының сабын екі баланың қайсысын нұсқап көрсетсе сол бала айтысты бастап, қарсысы қарама-қарсы мағынадағы сөзді айтады

- Қорқақ - батыл.

- Зұлым - мейірімді (пантомимо арқылы көмектесуге болады).


(Математика негіздері, қазақ тілі) Дидактикалық ойын:«Не артық?» Міндеті: тәулік бөліктері мен құбыл- ыстар жөніндегі білімдерін бекіту, елестету, зейін қабіл- еттерін дамыту. Бірнеше заттар топта -малары немесе олар- дың заттық сурет арасынан артығын табуға баламен жұмыс жасау

(Қоршаған әлеммен танысу) Д/О: "Жаңбыр қалай пайда болады?"

Міндеті:жаңбыр туралы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаның заңды- лықтарына қызығушы -лықтарын арттыру.

Шарты:балаларға әртүрлі табиғат құбылыстары бейнеленген суреттерді ұсыну.Жаңбырдың қалай пайда болғанын(схема) тізбегімен әңгімелеу

(Зертханалық жқмыс)

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен. «Кім епті?» ,«Өз орныңды тап» ойыны. Міндеті: өзін-өзі ретке келтіру мен өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдыландыру. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары)

Серуен

(Қоршаған әлеммен таныстыру) «Табиғат құбылысын ата» міндеті: маусымдық табиғат құбылыстарын атау

Ұлттық ойын: «Ханталапай»


Еркін ойындар

(Математика негіздері) «Қанша?» ойыны Міндеті: есту арқылы қабылдауды, «Қанша?» сұрағына жауап беруді дамыту. Ұлттық ойын: «Зерек»


Еркін ойындар

(Құрастыру) «Ретімен тұра қал» ойын жаттығуы. Шарты: балалар бір-бір цифрдан алып , музыка әуенімен қозғалады. «Ретімен тұра қал» дегенде ретімен қатарға тұрады. Ұлттық ойын: «Үш асық»


Еркін ойындар

(Көркем әдебиет) «Түйме қыз» ертегісі Міндеті:ертегіні тыңдап, мазмұнына қойылған сұраққа жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету. Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»


Еркін ойындар

(Көркем әдебиет, қазақ тілі)

Ойын «Жаңғырық» міндеті:дыбыстарды ажырата білу,қатесіз анық айтуға үйрету Ұлттық ойын: «Ақсерек‑көксерек»


Еркін ойындар

Үйге қайту

Өнегелі15 минут. Ата-аналармен балалардың күн тәртібіндегі жеткен жетістіктері жайлы әңгімелесу.

Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпауға, үй жағдайында күн тәртібі ережесін сақтауға кеңкс беру









ЖИ арқылы жасау
12 Ақпан 2025
335
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі