Материалдар / Циклограмма ересек топ наурыз 1-апта

Циклограмма ересек топ наурыз 1-апта

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма ересек топка арналган
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы:

Тобы: ересек топ

Балалардың жасы: 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл наурыз айы, І - апта (03.03-07.03.2025 ж аралығы)

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 03.03.

Сейсенбі 04.03.

Сәрсенбі 05.03.

Бейсенбі 06.03.

Жұма 07.03


Наурыз: «Тәуелсіздік және отаншылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Патриотизм‑ ата‑анаңды құрметтей білуің...»


Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру.


Ата-аналармен әңгі мелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут . Әңгімелесу балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Баланы кітапқа қызығушылыққа баулуға кеңес беру. Қауіпсіздік ережелері. Балаларды бейтаныс адамдармен қарым‑қатынас жасаудан, бөтен адамдардан ештеңе алмауға үйретуге кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер)

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Дидактикалық ойын: «Сипаттап бер» Міндеті: графикалық сұлба әдісімен сипаттап айтып беруге үйрету.

«Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау» Міндеті: бөлме гүлдерінің жапыр -ағының шаңын сүртуге және су құюға күтім жасау ниетін дамыту. Балаларды көмекке тарту, еңбекті бағалау.


(Математика негіздері құрастыру)

Ойын:«Көңілді тапсырмалар»

Биік ағаш басынан

Түсті тағы бір жаңғақ,

Тиіп қатты қуанды

Көбейді деп бұл жаңғақ

Жаңғақтарды санайық,

Себетіне салайық.

(2+1=3)


Гүлдерді бақылау

міндеті:балаларға өсімдіктерді суару қажеттілігін өз бетінше анықтауды үйрету. Өсімдіктердің жарық пен ылғалды қаншалықты қажет ететіні туралы білімдерін кеңейту.

(Сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен танысу)

Ойын:«Көңіл күйді анықта» (пиктограмма әдісімен)

Міндеті:ойын арқылы пиктограммалық бейнелерді анықтап, ым-ишарамен және эмоциялық көңіл-күймен жеткізу. Балаларға жағымды көңіл-күй силау .

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» «Асық ату» ұлттық ойынға қызығушылыққа тәрбиелеу.

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Дидактикалық ойын «Фотоаппарат».

Міндеті: ассоциативті ойлауды, ерікті зейінді, есте сақтауды, сөйлеуді дамыту.

Шарты:5 секунд ішінде балаға 4-5 суретті карточкаларды көрсету. Содан кейін оны алып тастаңыз және онда не бейнеленгенін ретімен еске түсіруді ұсыну.



«Сөредегі ойыншық -тарды реттеу» Міндеті: балаларды ойыншықтарды күтіп ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою.


(Қоршаған әлеммен танысу, құрастыру) «Анама арналған кимешек» Міндеті: ою өрнектермен кимешекті безендіру. Оюдың атын атай білу. Ұлттық киімдерді тану. (Біртұтас тәрбие)

«Топ бөлмесіндегі сөрелерді жинастыру» Міндеті: балалардың еңбектенуге деген ниеті ықыластарын, берілген тапсырманы орындауға деген қызығу шылығын дамыту.




Таңертенгі жаттығу

11 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене тәрбиесі, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, су, сабын, энергияны үнемдеуге, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Д/О:«Телефон»

Міндеті:Естіген сөзді екінші балаға бұлжыт- пай жеткізуге дағды-ландыру, сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.Телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізу. телефонды үзген бала айыбын төлейді.т.б.

(Математика негіздері) Дидактикалық ойын: «Көңілді доп» міндеті: балалармен еркін қарым-қатынас жасау. Берілген логика лық есеп сұрақтарға жылдам жауап беруге,өз ойын толық жеткізуге баулу

(Математика негіздері, қоршаған әлеммен таныстыру)

Ойын: «Тәуліктің қай бөлігі»

Әтеш әнің айтады,

Күн шуағын шашады.

(Таңертең)

Тамақтанып аламыз,

Біраз ұйықтап аламыз.

(Түс)

(Сөйлеуді дамыту, сурет салу)

Ойын «Саусақтар амандасады»міндеті: саусақтарға арналған жаттығуларды үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Дауыс ырғағын дұрыс қадағалай білуге дағдыландыру.


(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Ойын: «Мен бастаймын сен аяқта!» міндеті:есте сақтау қабілеттерін арттыру

дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға машықтандыру

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Музыка (Музыка жетекшісі жоспарымен өтеді)


Дене тәрбиесі

Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Міндеті: бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білуді дамыту.

Гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Қимылды ойын:

«Мысық пен торғайлар»

Міндеті: қимыл-қозғалыстарын арттыру.

Дене тәрбиесі Еңбектеп жүруГимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету, еңбектеу арқылы ептілік, шапшаңдықты дамытту. Допты басынан асырып, екі қолмен лақтыруға жаттықтыру.

Қимылды ойын: «Допты алып кел» Шарты: домалатқан доп-ты жүгіріп барып алып келу.

Дене тәрбиесі

Бір орында тұрып ұзын дыққа секіру. Міндеті: Бір орында тұрып секіруге үйрету. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту.Допты бастан асырып лақтыруды бекіту.

Қимылды ойын: «Бөренеден өтіп көр» Міндеті: гимнастикалық орындықтан аттап өтуге жаттықтыру.

Қазақ тілі

Дидактикалық ойын. "Сиқырлы - [ң]әрпі"

Мақсат-міндеттері. Балалардың [ң] дыбысын дұрыс айтуын қадағалау.

Балалар [ң] әрпі бар сөздерді айту қажет.

Мысалы: аң, таң, мұң, шаң, маң, маңай, маңдай, таңдай, сең, жең, мең, көң және тағы басқа. «Тіл ұстарту» жаттығулары

Міндеті:тіл жаттығлары арқылы дыбысты анықайтуды үйрету.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдылан-у

Серуен

Картотека № 1

Картотека № 2

Картотека № 3

Картотека № 4

Картотека № 5

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. Топқа оралу кезінде қатарға жылдам тұруға дағдыландыру. Асықпай бірінің соңынан бірі қатармен, сапта екеуден жүруді қалыптастыру. Топқа киетін аяқ киімдерін өздігінен ауыстырып киюге, киімдерін ілгішке ілуге дағдыландыру. «Су,су қолыңды жу» ойын жаттығуы (сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

«Оянайық бәріміз» созылу жаттығулары арқылы сауықтыру жұмысын жүргізу, денсаулықты сақтауға, «салауатты өмір салтын» сақтауға дағдыландыру. «Кім епті?» ойыны. Міндеті: белгілі бір ретпен киінуге машықтандыру. (Дене тәрбиесі - сауықтыру жұмысы, өзіне-өзі қызмет көрсету)


Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған әлеммен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер)

(Қоршаған әлеммен танысу, көркем әдебиет) «Адамдардың көктемгі еңбегі»

Міндеті:Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Маусымдық белгілерді бекіту. Үлкендерге көмектесуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Д/О: «Еңбек құралдарын ата?» міндеті:бақшаға қажетті құралдарды атау

(Сөйлеуді дамыту, мүсіндеу ) «Көктемгі гүлдер»

Міндеті:Балалардың жұмбаққа деген қызығу-шылықтарын дамыту. Жұмбақтар ойлап табу, жасыруға үйрету.Жұм- бақты құрастыруда сын есім,салыстыру сөздерін қолдана білуге дағды- ландыру.Көктем гүл- дерінің аттарын естерінде сақтау, ермексаздан бәйшешек гүлін мүсіндеу.


(Құрастыру,сурет салу) «Тақияны безендіру» ойыны Міндеті: қолдың ұсақ моторикасын дамыту, бояуды дұрыс қолдана білуді дамыту және бастаған істі аяғына дейін жеткізуге баулу.Д/О: «Ою түрлерін ата»міндеті: ұлттық оюларды атау,өзіне тән ою өрнектерге сипаттама беру

(Жапсыру,сөйлеуді дамыту) «Құстар ұшып келді» міндеті:қиылған (үшбұрыш.дөңгелек, сопақша) геометрия -лық пішіндерден құстың бейнесін жапсыруды дамыту. Диактикалық ойын: «Құстарды ата»міндеті:құстардың аттарын атау,өзіне тән ерекшеліктерін айту.

(Көркем әдебиет) «Ақ әжем» өлеңі

Міндеті:өлеңді мәнер -леп айтуға үйрету. Әжелеріне,туыстарына деген сүйіспеншілік- терін арттыру. Ақ әжем Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірг-н Шөлдедің бе,ақ әжем? Шай қайнатып келейін Шекер салып,жан әжем Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем.

Балалармен жеке жұмыс


(Математика негіздері, құрастыру) Ойын:«Геометриялық пішіндерден салынған сурет» Міндеті:геометриялық фигуралардың аттарын қайталау, оларды шама сы бойынша салыстыру және шаманы сөзбен айту машығын дамыту. Алинұрмен пішіндерді салыстыру жайлы жеке жұмыс.

(Сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) "Көктем келді!" (тірек сызба әдісімен)Міндеті: Сурет бойын ша әңгіме құрастыруда зат есім мен сын есімді байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту және тілдерін дамыту. Арсланмен сөйлем құрастыруда байлан -ыстырып сөйлеуге үйрету.

(Көркем әдебиет, қазақ тілі) "Қарама-қарсы сөз" атты "жұптар айтысы" жаттығуы.

Міндеті: Балаларды қарама-қарсы мағынадағы сөздер жұптарын құруға дағдыландыру; сөздік қорды молайту.

Шарты: қамшының сабын екі баланың қайсын нұсқап көрсетсе сол бала айтысты бастап, мағынасы қарама-қарсы мағынадағы сөзді айтады

- Қорқақ - батыл.

- Зұлым - мейірімді (пантомима арқылы көмектесуге болады).


(Математика негіздері, қазақ тілі) Дидактикалық ойын:«Не артық?» Міндеті: тәулік бөліктері мен құбыл- ыстар жөніндегі білімдерін бекіту, елестету, зейін қабіл- еттерін дамыту. Бірнеше заттар топта -малары немесе олар- дың заттық сурет арасынан артығын табуға Заңғармен жұмыс жасау

(Қоршаған ортамен танысу) Д/О: "Жаңбыр қалай пайда болады?"

Міндеті:жаңбыр туралы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаның заңды- лықтарына қызығушы -лықтарын арттыру.

Шарты:балаларға әртүрлі табиғат құбылыстары бейнеленген суреттерді ұсыну.Жаңбырдың қалай пайда болғанын(схема) тізбегімен әңгімелеу


Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен. «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу

Серуен

(Қоршаған әлеммен таныстыру) «Табиғат құбылысын ата» міндеті: маусымдық табиғат құбылыстарын атау

Ұлттық ойын: «Теңге алу»

Еркін ойындар

(Математика негіздері) «Қанша?» ойыны Міндеті: есту арқылы қабылдауды, «Қанша?» сұрағына жауап беруді дамыту.

Еркін ойындар

(Құрастыру)«Ретімен тұра қал» ойын жаттығуы. Шарты: балалар бір-бір цифрдан алып , музыка әуенімен қозғалады. «Ретімен тұра қал» дегенде ретімен қатарға тұрады. Еркін ойындар

(Көркем әдебиет) «Түйме қыз» ертегісі Міндеті:ертегіні тыңдап, мазмұнына қойылған сұраққа жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.

Еркін ойындар

(Көркем әдебиет, қазақ тілі)

Ойын «Жаңғырық» міндеті:дыбыстарды ажырата білу,қатесіз анық айтуға үйрету Ұлттық ойын: «Үш асық»

Еркін ойындар

Үйге қайту

Өнегелі 15 минут. Ата-аналармен балалардың күн тәртібіндегі жеткен жетістіктері жайлы әңгімелесу, балаларға қандай ертегілер оқуға болатындығы жөнінде кеңес беру







ЖИ арқылы жасау
02 Наурыз 2025
255
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі