Циклограмма МАД топ, сынып Ақпан 3-4 апта 2025ж

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Циклограмма МАД топ, сынып Ақпан 3-4 апта 2025ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма МАД топ, сынып Ақпан 3-4 апта 2025ж арналған. Циклограммада "Біртұтас тәрбие" мен Үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері күн тәртібінде түгел қамтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы: № 49 «Жасұлан» бөбекжай-бақшасы

Тобы: «Жұлдызша» мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы, 3-апта (17-21 аралығы)

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 17.02.

Сейсенбі 18.02.

Сәрсенбі 19.02.

Бейсенбі 20.02.

Жұма 21.02.


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Өнер қуып ой түзе,                                   Еңбек етіп бой түзе»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Мобильді кітапханадан ертегі тыңдау туралы кеңестер беру.

Қауіпсіздік ережесі: Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел үсті ойыны:

«Артығын тап»

Мақсаты: қазақтың ұлттық тағам түрлерін тани білуге үйрету.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы


Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы Пазл құрастыру

Мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық ойын дарын толықтай тану ға ажырата алуға тәр-у


Д/о: «Үстінде, астында алдында, артында, сол жақта, оң жақта»

Мақсаты: кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту.


Қ/о: «Өзіңе жұп тап»

Мақсаты: ойынды бұз бай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қоз ғалыс жасауға дағды ландыру.

Сюжетті рөлдік ойын:

«Балабақша»

Мақсаты: тәрбиеші балаларды қабылдап, таңертеңгілік жатты ғуды өткізеді, ойна тады.

Таңертенгі жаттығу

14 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене тәрбиесі, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға,суды үнемді қолдануға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Д/о:

«Жақсы және жаман»

Д/о:

«Ғажайып қорап»

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Бестемше»ойыны

Д/о:«Аңдардың атауын тап»

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

1.Аяқтың ұшынан өкшеге, өкшеден аяқ тың ұшына ауыса секіру, жетекшінің белгісі бойынша бұры лу жүру.

2.Кішкене допты, бүршіктерді бір, екі қолымен алысқа (3-4 м) себетке лақтыру, түсіру.

3.Допты оң,сол қолы мен жерге соғу, жоға ры лақтырып, екі қолмен қағып алу.

4.Қ/о: «Арқан тарту»


Сөйлеуді дамыту

«Су асты әлемі»

Мақсаты:Теңіздер мен мұхиттар туралы түсінік беру.

Жершары (глобус) көрсету

Көкшіл түс-бұл жер бетіндегі алып жатқан су, мұхиттар мен теңіз дер, өзен, көлдер екенін түсіндіру.

Су асты әлемі жайлы білімдерін кеңейту.

Су астында тіршілік ететін жәндіктер туралы және суда өсетін өсімдіктермен және оның ерекшелік терімен таныстыру.

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер-ана,көл теңіздер.


Математика негіздері

1-ден 20-ға дейін санау

Мақсаты: 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемін де реттік санауға үйрету (тура, кері тәртіппен)

Тақтаға 20-ға дейінгі сандар қатары ілінген.


Сурет салу

«Теңіз асты әлемі»

Мақсаты:Су тіршілік көзі екенін түсіндіру. Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Балықтар жайлы мағлұмат беру. Өзен- дер мен тоғандарда тіршілік ететіндермен таныстыруды жалғас- тыру. Тақырып бойынша еркін сурет салу үшін тақырыпты дербес таңдай білуді,бастаған істі соңына жеткізуді үйрету.Бейнеленген бөлшек -тердің, шетіне шығып кетпей, жоғарғы бетін бояуды үйрету. Сурет салуға ынталы болуға, қиялдауға, суретті ұсақ бөлшектермен толықтыруға тәрбиелеу.



Сауат ашу негіздері

Қайталау

Д/о: «Берілген дыбыс пен сөздерді ата»

Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап табуды үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқы лы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Ойын барысы: тәрбиеші кез келген дыбысты айтады. Балалар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады. Мысалы: А-болса: ай, алма, алмұрт, асқабақ, т.б.

Д/о: «Жаңылтпаштар»

Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Шарты: тәрбиеші бала ларға жаңылтпаштар ды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.


Математика негіздері

1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы

Мақсаты: екінші ондық сандарының оқылуымен және жазылуымен таныстыру, 20 көлемін дегі реттік және есептік санауды бекіту.

Тапсырмалар:

1. 0-ден 20-ға дейін тура санау

2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.

3. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.

4. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып кері санау.

5. Келесі санды атау.

6.Алдыңғы санды атау

7.Сандардың көршілерін атау.

Д/о: «Қайсысы неге ұқсайды?»


Қоршаған әлеммен танысу

Мен жақындарыма қалай көмектесемін?

Мақсаты: жақындары на құрметпен қарап, оларға қамқорлық көр сете білуге тәрбиелеу;

Құрдастарымен және ересек адамдармен бірге еңбектенуге үйрету;

Жақындарының қамын ойлауға дағдыландыру; мейірімділікке, жақын дарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін. Музыка

(маман жоспарымен)


Дене тәрбиесі

1.Саптізбекте бір-бірден жүгіру.

2.Қимылдың бағытын сақтау,6 метр арақа шықтықта төрт тағандап еңбектеу.

3.Қ/о: «Ойыншықтарға қарай жүріңдер».

4.Белгі бойынша жүріп, белгі бойынша тоқтау.

5.Жерде шашылып жатқан шығыршықтың арасымен жүру, белгі бойынша шығыршық- тың ішіне тұра қалу.

6.Шығыршықты екі қолына ұстап жүгіру.

Қ/О:«Көліктер жүріп келеді»


Сауат ашу негіздері

Сөйлеммен танысайық

Мақсаты: балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем құрау. Балалар дың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

Балаларды ұғымталдық қа, әдептілікке тәрби-у

Жұмбақ

Өзі сондай нәзік,

Су құйсақ кетеді

Алақанын жазып.

Бұл не болды балалар?

-Гүл.

-Енді осы гүл сөзін пайдаланып бірнеше сөздер айтайық.

-Дала. Гүл. Ашылды. Әдемі. Бақ.

Енді осы сөздерді бір-бірімен байланысты рып айтып көрейік.

Балалар, біз бүгін сендермен сөйлем туралы түсініп, оның қалай жасалатынын үйренеміз.

-Гүл қайда өседі?

-Гүл қандай?

-Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

-Далада әдемі гүл өседі

Сөйлем төрт сөзден құралып тұр. Сөйлемде сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

Д/о: «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

Көркем әдебиет

Шынықсын денеміз

Б.Соқпақбаев

Мақсаты: балаларға өлеңді жаттата оты рып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру.

«Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Қ/о: «Кім жылдам?»

Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Бала лар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап келуі керек.

Қазақ тілі

«1001 мақал101 жұмбақ»

Мақсаты: балаларды алғырлыққа, тапқыр лыққа баулу. Қоршаған заттарға ойдан жұмбақ құрастыра білуге үйрету.


Сөйлеуді дамыту

Су асты әлемі

Мақсаты: су асты әлемі жайлы білімде рін кеңейту; су астын да тіршілік ететін жәндіктер туралы ұғым беру; сегізаяқ пен таныстыру; қысқы су асты тіршілігі жай лы білім беру; су қауіпсіздік ережелері мен таныстыру.

«Су астындағы тірші лік иесі» тақырыбы

«Теңіздің астында тағы бір өте ғажайып тіршілік иесі бар – ол сегізаяқ. Сегіз тармақты мүшесі бар теңіз жәндігі. Аяқтары ның саны сегіз болған дықтан, сегізаяқ деп атаған. Аяқ орнына жүретін қармалағыш тары болады.

Дидактикалық ойын:

«Жақсы және жаман»

Теңіз-жақсы, себебі... (теңізде демалуға бола ды, теңіз суының емдік қасиеті бар, теңізде адамдар демалыс күндерін өткізеді, теңіз суы ащы, бірақ пайдалы)

Теңіз-жаман, себебі...(суық суда шынықпаған адам тез ауырып қалуы, малту білмесе батып кетуі, кемелер соғылуы мүмкін, теңізде акулалар өмір сүреді және т.б.)


Қоршаған әлеммен танысу

Адам, табиғат, денсаулық

Мақсаты: адам денсау лығының қоршаған ортамен байланысын анықтау;

қысқы демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету; салауат ты өмір салты туралы түсініктерін дамыту.

Д/о: «Қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлер»

Шарты: үстел үстіне қысқы табиғат құбы лыстары (жауып тұрған қар, үскірік аяз, көктайғақ, боран) бейнеленген суреттер ді жайып қояды. Бала лар суреттердің іші нен біреуін таңдап, табиғат құбылыстары ның қауіп-қатерлерін және бұл қатерлерден сақтану жолдарын баяндайды.


Қазақ тілі Көктем туралы өлеңдер» (Оқу)

Мақсаты: өлеңді мәнерлеп, көтеріңкі көңіл күймен оқу керектігін үйрету. Әр жыл мезгіліндегі құбылыстарды қайталау. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Қонаққа қуыршақ Айсұлу келеді.Ол балалардан қазіргі жыл мезгілін сұрайды.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

Музыка.

Дене тәрбиесі

1.Саптізбекте бір-бірден жүгіру.

2.Қимылдың бағытын сақтап,6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу.

3.Қолына доп ұстап, шығыршыққа тимей, шығыршық ішінен тура және бір бүйір мен өту.

3.Қ/о: «Ойыншықтар ға қарай жүріңдер».


Сауат ашу негіздері

Сауат ашу әлеміне саяхат

Мақсаты: балалармен сауат ашу әлеміне саяхат жасау арқылы дыбыстарды, әріптер ді, буындарды, сөздер ді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау.

Балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетте рін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру


Көркем әдебиет

Шана

Мақсаты: қыс мезгілі нің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойна латын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Д/о: «Қандай қимыл жасағанын тап».

Шарты: бастаушы түрлі қимылдар (шаң ғы, хоккей, коньки, шана) жасайды, бала лар қандай қимыл жасағанын табуы к/к.


Математика негіздері

Екінші ондық сандары ның әрқайсысының құрылуы.

Мақсаты: екінші ондық сандарының құрылуымен танысты ру, 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.

Сан баспалдағын құрастыру.

10 санының құрамы, «алдыңғы және келесі сан» түсініктері мін детті түрде қайталанады

Әр балаға шот (10 шең бері бар жолақ) пен жеке-жеке басқа түсті 101 шеңбер дайындады.

-Жолақта неше шеңбер бар? (10)

-Жоғарғы жағынан тағы бір шеңбер қойыңдар. Барлығы неше шеңбер болды? (11,12 және т.б.)

Д/о: «Не өзгерді»

Мақсаты: көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Ауа райына бақылау жасау

Қыстың соңғы күндері ауа райы өте құбылмалы, бірақ күн нен-күнге күн жылы на бастайды. Ауа қысымы көтеріледі. Ашық күндер көп болып, күн сәулесін мол шашады. Аспан сұрғылт, ашық көк түстерге кезек алмасып тұрады. Қыстың алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білу ге үйрету. Ауа райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалар дың байқампаздығын, табиғат пен қарым-қатынасын дамыту.


Мақал-мәтел

Көліне қарай‑қазы, Қысына қарай‑жазы.

Ауа райына бақылау жасау

Қ/о: «Қасқыр мен лақтар»

Мақсаты: белгі бойын ша ұзындыққа секіру ді жалғастыру (лақтар алаңда жүгіреді); жүр гізуші қасқырдың көзі не түспей, алаңда жүреді. Ойын шартын бұзбау, ұсталғандары шетке шығады.

Еңбегі адал жас өрен

Топырақты тұқым салуға дайындау.

Мақсаты: еңбектенуге деген қабілетін дамыту бастаған ісін аяқтау, үлкендерге көмектесу.

Д/о: «Ауа райын сипатта!»

Мақсаты: балалардың ауа райына байланыс ты сөзді таңдап алуды үйрету (жылы, ашық, суық, құрғақ, желді, жаңбырлы, тұманды)

Тақпақ

Уақыт мол бөлеміз, Қыс қызығын көреміз. Сары аязға шыңдалып, Шымыр болар баламыз.

Күнге бақылау жасау

Күннің аңыздылығы адам өмірінде өсімдік пен жануарлар әлемін дегі алатын орны жайында түсінік қалып тастыру. Күн көзінің көктем кезіндегі белсенді өзгерісін көруге үйрету (жоғары көтерілді, шуақтары жылу шашқанда қарай алмайсың).

Мақал

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Тақпақ

Күлімде, күн күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегіндей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін

Болжам

Егер күн көзі қыста тұманға батса-боранға,

Ал күн астынан қабат талған бұлт көрінсе ауа райының бұзылуына.

Жұмбақ

Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды.

(Күн)

Күнге бақылау жасау

Қ/о: «Күн мен бұлт»

Шеңбер бойында жұп пен тұруды жалғасты ру, ойын ережесін сақтау. «Күн» деген сөзді естігенде қыдырып жүреді, ойнайды, «түн» сөзін де тығылады.

Еңбегі адал жас өрен

Гүл тұқымын топы раққа егу.

Балаларға жұмыстың қарапайым, оңай түрін үйрету. Құрал-сайман дарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Тапсырма:

1.Ауладан күнге қызған затты табу.

Оның неден жасал ғанын айту.

Қорытынды. Алдымен темір заттар қызады.

2.Қай зат тез ысиды?

Қорытынды. Ақшылға қарағанда қара заттар тез ысиды.

Желге бақылау жасау

Көктемгі жел құбыл малы. Егер солтүстік тен соқса өткір және суық болады. Мұндай желді көктемгі дауыл әкеледі, ағаштарды сықырлатып шайқалта ды, терезеге қар соқты рады. Оңтүстік жел жылы леппен және ауа райын өзгертіп, жаңбыр жаудырады. Балалардың көктем мезгіліндегі құбылыс тар жайында білімде рін кеңейту, желдің аспандағы бұлттарға олардың қозғалысына әсерін тигізетінін айту.

Жұмбақ. Мақал-мәтел

Келсе де әні құлаққа,

Көшерімді жел білсін

Өзін ешкім көрмейді

Қонарымды сай білсін

Жусан,қамыс,құраққа

Тіптен маза бермейді

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу: А.Меңжанова «Тазалықтың досы» ойыны, мақсаты: көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуге үйртеу, Б. Кірібаев «Сабын жыры» М.Әлімбева «Бұл не?» салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру (Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту)

Түскі ас

қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу.«Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.

Төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.

Төсекте жатып, велосипед тебу.

Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ-қолды созу.

Төсекте отырып, бір-біріне қарап сәлемдесу.

Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған әлеммен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бей нелеу әрекеті, кітап тар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сюжетті рөлдік ойын:

«Киім дүкені»

Мақсаты: ойын бары сында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сату шы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгі-ді

«Смарт бала» жобасы Құрылыс материал

(конструктор)

«Балабақшадағы ойын алаңы»

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы «Бәйге» Мақсаты: Ұлттық бұйымдарды атау арқылы бәйге жарысын өткізу.

Үстел үсті ойыны:

«Сүт,ұн,ет тағамдары»

Мақсаты: балаларды тағамдар түрін толықтай айыра алуға оны атай алуға баулу.

Дидактикалық ойын:

«Қай ай екенін тап»

Мақсаты: берілген белгілері бойынша жыл айларын анықтауды үйрету.

Балалармен жеке жұмыс


Айтылуы және дыбыс талуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтуды балаға үйретуді жалғастыру

(Сөйлеуді дамыту)

Кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру ді үйрету мақсатында баламен жеке жұмыс.

(Көркем әдебиет)

Дыбыстардың белгіле рін ажыратуды (дауыс ты/дауыссыз) меңгер-туді баламен жалғастыру.

(Сауат ашу негіздері)

Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру ды үйрену.

(Математика)

Біртекті заттардан сюжеттер құрастыру ды, бірнеше пішінді бір тұғырға орналас тыруды балаға меңгертуді жалғастыру

(Мүсіндеу)

Серуенге дайындық, серуен

Еңбегі адал жас өрен. «Кім жылдам» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу

Серуен

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы.«Аларман»

Мақсаты: балалардың икемділігін, жалтара бұрылу қабілетін дамыту.

«Бұлақ» ойыны

Мақсаты: балалардың зейінін, белгіге жауап қайтару шапшаңдығын дамыту.

Қ/о: «Алтын күн»

Мақсаты: жүгіру дағдысын дамыту.


Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Кім күшті»

Мақсаты: балалардың күш-қуаты мен ептілі гін дамыту.

Қ/о: «Жіп»

Мақсаты: зейінді, секі ре білу дағдысын дамыту.


Үйге қайту

Өнегелі15 минут. Ата аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларды үй шаруасына көмектесуге, еңбек дағдысын дамытуға кеңес беру







ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы:

Тобы: мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 2025 жыл ақпан айы, (24-28 аралығы) 4-апта


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 24.02.

Сейсенбі 25.02.

Сәрсенбі 26.02.

Бейсенбі 27.02.

Жұма 28.02.


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Ақыл көпке жеткізер,                                                                                                                                                           Өнер көкке жеткізер»

Балаларды қабылдау

Балаларды таңғы сүзгіден өткізіп, көтеріңкі көңіл күймен қабылдау. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Балаларға ыңғайлы жағдай жасай отырып, қызығушылығын арттыру үшін жеке ойын ұйымдастыру. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуге машықтандыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге әдеттендіру (Сөйлеуді дамыту, танымдық әрекет)

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі15 минут. Әңгімелесу балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Баланың түрлі тақырыпта тақпақтар оқи алуына көңіл аударуға кеңес беру.

Қауіпсіздік ережесі:баланың ойын кезінде еріген қар, мұздардан сақ болуын қадағалауға кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер)

Пэтрн плей ойыны

Міндеті: симметрия, бөлшек ұғымдарын игерту.



Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы: «Асық ату» ептілікке, кеңістікте бағдарлай білуді дамыту.

«Смарт бала» жобасы

Киіз үй құрастыру.

Міндеті: балалардың байырғы ата-бабалары мыз тұрған киіз үйдің бөліктерін зерттеп бақылауы.


Д/о: «Таныс пішін дер доминосы»

Міндеті: геометрия лық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру

Дидактикалық ойын:

«Поезд құрастыру»

Міндеті: заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалып тарын салыстыру.


Таңертенгі жаттығу

14 комплекс мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (Музыка, дене тәрбиесі, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Таңғы ас

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында сабынды дұрыс қолданып өз бетінше жууға, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге, орамалды орнына ілуді үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету (мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту)


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Желілі рөлдік ойын: «Кішкентай көмекшілер»


«Смарт бала» жобасы «Робот» құрастыру

«Қызғалдақ»

Ертегісі Мақсаты: ертегіні түсініп тыңдай білу.

«Біз зерттеушіміз» Табиғаттың жандануы

(бақылау) экологиялық тәрбие

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы «Аударыспақ»

Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

1. «Дорбашаны алақанға сал» жат-уы

Отыру,қол жан-жақта, дорбаша оң (сол) қол- дың алақанында. Қолды жоғары көтеру, дорбашаны сол алақанға салу.

2. «Аяқтың ұшына тигіз» жаттығуы

Аяқты алшақ қойып, дорбашаны оң қолда ұстап тұру. Тізені бүкпей алға иіліп, құм дорбашаны сол аяқтың басына тигізу.

3. «Қолды ауыстыру»

жаттығуы


Сөйлеуді дамыту

Тазалық-саулық кепілі

Мақсаты: гигиеналық ережелер туралы түсі ніктерін кеңейту; таза лық туралы түсіндіру; мәдени-гигиеналық және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру; тазалыққа, ұқыптылыққа тәрб-у.

Жұмбақ

Ертемен күнде сен,

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың. Бұл не?

(Сабын)

Шомылған баланы, аймалап алады.

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды.

Бұл не? (Сүлгі)

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (Тарақ)

Желілі-рөлді ойын:

«Парфюмерия дүкені»


Математика негіздері

Д/о:

«Заңдылығын тап»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.

Мазмұны: тәрбиеші тоғыз тор көзден тұра тын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. Үш зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсыр маны дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қинала тын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.


Мүсіндеу

Дәмді тағамдар

Мақсаты: пешке пісірілген тағамдарды тандыр нан, бублик тер, түрлі пішінді және мөлшерлі бүкте мелер мүсіндеуді үйрету.

Сауат ашу негіздері

Сауат ашу әлеміне саяхат

Сауат ашу әлемінің бірінші аялдамасы.

Аялдаманың бірінші тапсырмасы:

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыс тарды қалай ажырата мыз?

-Дауысты, дауыссыз дыбыстар қандай тек шелермен белгілейміз?

Әріп дегеніміз не?

-Сөз неден құралады?

-Шана сөзі неше буыннан тұрады?

-Сөйлем неден құралады?

Д/о: «Қай буынды жоғалттым?» Кеспе буындардан сөз құрау оны оқып, дыбыстық талдау жасау.

Суретпен жұмыс:

1.Суреттегі заттардың атын жаз.

2.Сызба бойынша сөйлем құрастыр.

Математика негіздері

Д/о

«Адасқан цифрлар»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын

арттыру.

Мазмұны: цифрлар жазылған карточкалар ды тақтаға ілінеді, балалар қалып қойған санды атайды.


Қоршаған әлеммен танысу

Қоғамдық орындарда жүріп-тұру

Мақсаты: балаларды қоғамдық орындарда, көшелерде өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру; қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау ережелерін түсіндіріп, үйрету; жолда, көшелерде қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын түсіндіру; қоғамдық жерлерде өзін дұрыс ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Сұрақ-жауап:

-Аялдамада тұрғанда доп ойнауға бола ма?

-Жол жиегінде ойнай тын балаларға қандай пайдалы кеңес бере аласыңдар? (Жол жие гінде ойнауға болмай ды, дөңгелек астына түсіп кету қаупі бар)

-Аялдамада өзіңді қалай ұстауың керек? Неліктен? (Жолдан алыс тұру керек, жүгі ріп ойнауға болмайды көлік астына түсу абай болу қажет)

Музыка

(маман жоспарымен)


Дене тәрбиесі

1.Бір қатардан бірнеше қатар жасау, тізбекті сапта қолды алға созып, арақашықтықты сақтау.

2.Тізбектен шеңбер жасап жүгіру, шеңбер бойымен жүгірген бағытына қарама-қарсы жүгіру.

3.Гимнастикалық орындық үстінен арқаға құм дорбаша қойып тура,кері еңбектеу.

Сауат ашу негіздері

Сауат ашу әлеміне саяхат

Мақсаты: өткен әріптер мен дыбыстар дың жазылуын, оқы туын пысықтау, байла ныстырып сөйлеуге үйрету, жазуға қолда рын жаттықтыру. Сөз, буын, сөйлем тақырып тарын қайталау.


Көркем әдебиет

«Күшпен ғана емес»

К.Ушинский әңгімесі

Мақсаты: балаларға әлеуметтік ортадағы және отбасындағы тәртіп ережелерін мең геруге көмектесу; шығарма кейіпкерлері нің іс-әрекетіне, адам гершілік қасиеттеріне баға беруді, дұрыс сараптама жасауды үйрету; құрбы-құрдас тарымен дұрыс қарым-қатынаста болу дағды ларын дамыту; мәде ниеттілікке тәрбиелеу.

Әңгімені оқып беру.

Мазмұны бойынша әңгіме өткізу.

-Бұл әңгіме кім туралы жазылған?

-Таня неге жылады?

-Неге Митя әкесіне шағым айтуға жүгірді?

-Әкесі Митяға не деді?

-Екі баланы да кінәлі деп айтуға бола ма?


Қазақ тілі

Көктем келді

Мақсаты: балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру, көктем мезгіліне тән сөздерді үйретіп, сөйлемдер құрауға жаттықтыру; сөздік қорларын молайту.

Көктем туралы түсінік беру:

Көктемде қар ериді, күн жылынады. Бәйшешек өседі. Көк тем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Фонетикалық жаттығу

Ыз,ыз,ыз-наурыз

Ір,ір,ір-сәуір

Көктемде құстардың ұшып келетінін айтып «Ұшты,ұшты» ойынын ойнату.

Сөйлеуді дамыту

Тазалық-саулық кепілі

Мақсаты: тазалық туралы білімдерін бекіту; тазалық пен денсаулық жыл мезгіл деріне қатысты киім дер, киім тазалығы туралы білім беру.

Д/о: «Заттың атын табайық»

Үстел үстіне түрлі заттар: жүн, қылқалам шыны құты, моншақ тар, мақта, қағазды қою. Ал балалар көз дерін жұмып, қолдары мен не зат екенін табуы керек.

«Киім тазалығы» та қырыбына әңгімелесу

-Киім тазалығы не үшін қажет?

-Киім қандай болу керек? (таза, үтіктел)

-Киіміне қарап адам ның ұқыпты немесе ұқыпсыз екенін қалай білуге болады?


Қоршаған әлеммен танысу

Саябақта, орманда өзіңді қалай ұстау керек?

Мақсаты: табиғат аясындағы өз әрекет теріне және қоршаған ортаға байланысты адам қылықтарына баға бере білуге дағды ландыру; табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды, табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйрету.

«Ормандағы жабайы»

атты тиін оқиғасы

«Ормандағы қожайын»

Тиін жинап жаңғағын,

Жүрген еді тып-тыныш

Тап-таза қып жан-жағын

Бірақ бірде орманға

Жағымсыз бір жабайы

Аласұрып келеді

Айналасын қиратты

Ағаштарды құлатты

Шашып тастап жаңғақты

Аң біткенді зарлатты

Тиін, жаны жаралы

Бұл сұмдыққа қарады.

Д/о:«Болады-болмайды»


Қазақ тілі

Көктем келді

Мақсаты: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар мен көктем айларын дұрыс айта білуге үйрету; құстарға, ағаш тарға қамқор болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көктем

Көктем,көктем,

көктемде,

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Фонетикалық жаттығу

Ұ,ұ,ұ – ұя

Музыка

(маман жоспарымен)



Дене тәрбиесі

1.30 см биіктіктен төменге секіру.

2.Музыкалық-ырғақты қимылдар

(алдыға қарай қырын дап жүру,бір қалыпты отыру)

3.20 см көтерілген сат ның тақтайшалары үстінен аттап жүру.

4.Бір шеңберден екін ші шеңберге секіру.

Қ/о: «Асық кімде?»

Сауат ашу негіздері

Д/о: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру

Ойын барысында бала ларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстер ді тез айырып, жыл дамдыққа, тапқырлық қа баулу. Достық қа рым қатынасты тәр-у

Шарты: берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айту. Егер дыбыс сөз дің басында болса көк жалаушаны, соңында болса қызыл түсті жалаушаны көтереді.


Көркем әдебиет

«Аурудан аяған күштірек» Ы.Алтынсарин

Мақсаты: анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, орын алған жағдайларды бағалай білуге дағдыландыру;

өмірдің әртүрлі жағ дайларында саналы әрекет жасауға үйрету

өзіне және өз күшіне сену қасиеттерін дамыту; анасына деген құрмет сезім дерін тәрбиелеу.

Әңгімені оқып беру. Әңгіме мазмұны бойынша сұхбат өтк-у


Математика

Д/о:«Сиқырлы қалта»

Мақсаты: балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.

1-нұсқа: затты қолмен ұстап санау.

2-нұсқа: қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.Балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкелу. Ара- сынан бір баланы таңдап алу. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қал таға» салып, кез келген түймелері бар жолақ- ты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығарма ған бойы түймелерді саусағымен санайды.

Балалар тек середі және түймелер дің санына сәйкес цифрларды көрсетеді.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру

Серуен

Желге бақылау жасау

Тақпақ

Желдет, желдет!

Жеті қара дауылдат!

Өрісін құлат, баласын жылат

Тайтерісін қалтырат

Науа-астауын жалтырат!

Қ/о: «Қақпақ пен таяқ»

Еңбегі адал жас өрен:

Балаларға топыраққа су құю барысында мұқият болуды, өз еңбегінің қажеттілігін түсіне білуге үйрету. Өсімдікті күту барысында тыңғы лықты жұмыс атқара білуге тәрбиелеу.

Д/о: «Жақсы, жаман»

Табиғатта болып жатқан құбылыстардың жақсы және қарама-қайшы тұстарын көре білуге үйрету.

Өлі табиғат пен тірі табиғаттың бір-бірімен байланысын; ойлау қабілетрін, сөздік қорын дамыту. (Балаларға жел дің әсерінен болған жағымды-жағымсыз жағдайды айта білуді ұсыну)

Тапсырма. «Бұлттардың қозғалысына байланыс ты жел күшін анықтау»

Шоғырланған бұлт қа бақылау жасау

Қ/о: «Кілттер»

Кеңістікті бағдарлап жылдам әрекет жасау ға үйрету. Бастаушы шеңбер бойымен жүріп, кілт кімде деп сұрайды. Балалар жауап беріп орында рын ауыстырады. Бас таушы бос шеңберді жылдам алып қою керек. Шеңберсіз бос қалған бала бастаушы орнына болады. Бала лардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Еңбегі адал жас өрен:

Ауладағы қарды тазалау.

Күрекпен жұмыс істей білу, қарды үю. Оны анықталған орынға апару. Еңбекті ынта мен жасауларын қалыптастыру.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың бірлескен мықты нәтижелі еңбегіне баға беріп, құптау.


Күнге бақылау жасау

Қ/о: «Қазым, қазым қаңқылда!»

Ойын шартына сай түрлі қимылдар жасауға үйрету. Балалардың ойында қырағылық, шапшаң дық таныта білдіруіне назар аудару.

Еңбегі адал жас өрен: Тұқымды қара шірікке отырғызу.

Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға деген ұқыптылықты тәрби-у.

Д/о: «Көктемге арнап бояу табайық»

Балалардың жыл мез гілі туралы білімін тиянақтау-көктем таби ғаттағы өзгеріс. Өсім діктер мен жануарлар дың көктемде бояуы қанық болатынын түсіндіру.

Байланыстыра сөйлеу ді дамыту.

Өзіндік іс-әрекет

Ауа райының жағымды тәртіп дағдыларын қалыптастыру.

Шоғырланған бұлт қа бақылау жасау

Ақпан айының екінші жартысында алғашқы шоғырланған бұлттар пайда бола бастайды. Ауа райының жылуына байланысты олардың пайда болатынын түсіндіру. Қардың еруі қалай тез болса, бұлттар да сонша көбейе түседі. Олар қысты күндегі дей аспанды толық баспайды. Тек шоғыр ланып жүреді. Осы бұлттар ұлпа мақта дай түрлі пішінде тегіс негізде болады. Шоғырланған бұлтты аспаннан көріп, қайта ланбас сұлулығын байқай білуге үйрету. Шығармашылық қабылдауын дамыту.

Д/о: «Бұлт неге ұқсайды?»

Түрлі заттар мен жануарлардың келбетін таба білуге үйрету. Қиялын, шығармашылық қабылдауын дамыту. Қ/О: «Орныңды тап»

Аспанға бақылау жасау

Балалардың көктемгі аспанға назар аудару ларын талап ету. Аспанның қыста қандай болатынын, қазіргі кезі қандай екенін нақтылау. (Қыста аспан-сұр, ал қазір-көкшіл) Бақылау барысында көркем сөзді қолдануды үйрету.

Жұмбақ

Бір түкті кілем

Бір түксіз кілем

(аспан мен жер)

Болжам

Егер көктемде ауа райының қалыптылы ғында таңертең дөңге ленген қабатты бұлт тар көрінсе, ал кешке жоғалып кетсе онда ауа райы жақсы, тұрақты болады.

«Көктем» тақпақ

Қ.Аманжолов

Сансыз көкек сұңқылдап

Көктем келді ертерек

Нәзік үнмен сыңқылдап

Бұйра бұлақ еркелеп

Серуеннен оралу

Үнемді тұтыну. Балалар қолдарын тамақтың алдында өз бетінше жууға, суды үнемді тұтынуды, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүртуге үйрету, қасықты оң қолмен ұстауға баулу: А.Меңжанова «Тазалықтың досы» ойыны, мақсаты: көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуге үйртеу

Түскі ас

қасықты оң қолмен ұстауға баулу, нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу үйрету, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Он саусақ» үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды (мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету)

Күндізгі ұйқы

Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қоюға үйрету, досының шешінбегенін

байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу. «Әжемнің ерегісі» ертегіні мұқият тыңдауға машықтандыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Созылу.Б.қ. арқада жатып қолымызды денеміздің бойымен қойып оң қолымызды сол аяғымызды жоғары көтеріп, түсіреміз. Қол, аяғымызды ауыстырып қайталаймыз (3-4 рет)

Төрт аяқтап тұрып шынтаққа тіреліп алақанымызбен иегімізді ұстап оң аяғымызды созу, сол аяғымызды созу, (3-4 рет)

Бесін ас

мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту, ұқыпты тамақтану дағдыларын жетілдіру (Қоршаған ортамен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл ды ойындар, үстелүсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау тағы басқа әрекеттер)

Сюжетті-рөлдік ойын: «Тігінші»

Мақсаты: балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгіме лей білуге дағдылан дыру.

Д/о: «Мамандық қызметі»

Мақсаты: балаларға есімдерді дұрыс атау ды үйрету, мамандық тардың атауларын бекі ту.

Үстел үсті ойыны:

«Не жетіспейді»

Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.


Саусақ жаттығуы:

Өрмекші

Өрмелеген өрмекші

Өнеріңді көрсетші.

Қалай,қайтіп тоқыдың

Мынау ғажап өрмекті?

Д/о: «Дәндер»

Мақсаты: балалардың қиялын дамыту, қимыл үйлесімділігін жетілдіру.

Балалармен жеке жұмыс

(Математика негіздері)

Әртүрлі белгілері бойын ша заттарды салыстыра алуды (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) балаға үйретуді жалғастыру.

(Сауат ашу)

Үш-төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды баламен жалғастыру.

(Мүсіндеу)

Қарапайым пропорция ларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеуді балаға меңгертуді жалғастыру.

(Құрастыру)

Қалдық және табиғи

материалдан құрас тыруды баламен үйренуді жалғастыру.

(Сөйлеуді дамыту)

Негізгі ойды дұрыс тұжырымдауды, өз пікірін айтуды балаға үйрету.

Серуенге дайындық, серуен

Еібегі адал жас өрен. «Кім жылдам?» ойыны мақсаты: өзін ретке келтіруге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге баулу

Серуен

Қ/о: «Ұшқалақтар»

Мақсаты: ілгері жыл жи отырып, қос аяқтап секіруге жаттықтыру.

«Қысқы ойындар» эстафетасы

Мақсаты: таза ауада денсаулықты жақсарту

«Бұлақ» ойыны

Мақсаты: балалардың зейінін, белгіге жауап қайтару шапшаңдығын дамыту.

Қ.ұ.о. «Лақ ұстау»

Мақсаты: жүгіру дағдысын дамыту.

Қ/о: «Аңшы»

Мақсаты: допты лақтыру мен дәлдеуге жаттықтыру.


Үйге қайту

Өнегелі 15 минут. Ата аналармен балалардың көңіл күйі, балалар отбасында өздері не істей алатындары, баланың жеке қызығушылығы туралы әңгімелесу, балаларға үй шаруасында істей алатын жұмыстарын орындауға қолдау көрметуге кеңес беру

.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі