Материалдар / Циклограмма наурыз 1-апта ортаңғы топ

Циклограмма наурыз 1-апта ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма ортаңғы топқа арналған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 03 -07 наурыз 2025 жыл

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

03.03.2025 ж

Сейсенбі

04.03.2025 ж

Сәрсенбі

05.03.2025ж

Бейсенбі

06.03.2025 ж

Жұма

07.03.2025 ж


Наурыз: «Тәуелсіздік және отаншылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Патриотизм‑ ата‑анаңды құрметтей білуің...»


Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Өнегелі 15 минут . Әңгімелесу балалардың жеке ерекшеліктері туралы сұхбаттасу. Баланы кітапқа қызығушылыққа баулуға кеңес беру. Қауіпсіздік ережелері. Балаларды бейтаныс адамдармен қарым‑қатынас жасаудан, бөтен адамдардан ештеңе алмауға үйретуге кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)



"Еңбекке баулу"

Міндеті. Балаларға балалар еңбегін әңгімелеп беру; кезекшілерді өз істеріне дұрыс үйретіп, тостағанды тұтқасынан, нан салуға арналған ыдысты екі қолымен ұстауды т.б.. естеріне салып отыру.

Сюжетті суреттер қарастыру.

Міндеті. "Көктем" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі)

Санамақтар айтқызу.

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік.

Жексенбіде үйде болып демалдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

(сөйлеуді дамыту)

"Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне саяхат" дидактикалық ойыны.

Міндеті: тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету, салт-дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен таныстыру)

Мүсіндеуден ойын-жаттығу

"Қонжық".

Міндеті. Балалардың жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктер аясын кеңейту, қонжықтың дене құрылысы жөніндегі білімдерін пысықтау.

Қоршаған әлеммен таныстырудан ойын-жаттығу

"Судың қасиеті".

Міндеті. Балалардың жылғаларды бақылай отырып, одан ағатын судың ерекше белгілері мен қасиетін қабылдау барысында танымдық-зерттеушілік дағдылары мен қызығушылықтарын, ойлауы мен тілін дамыту. Судың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Таңертенгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (доппен).

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар доптарын жоғары көтеріп, екі қолды қайшылайды.

1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

2.1. Қолдарын иыққа көтеріп, допты қояды.

2.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, доп ұстаған қолдары екі жанында.

3.1. Аяқтарын жинап, доп ұстаған қолдарымен құшақтайды.

3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

4.1. Доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.

4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

(дене тәрбиесі)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар Үнемді тұтыну

Міндеті. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы -

Сабын деген осы.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы сәлемдесу.

Міндеті: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту, сәлемдесу рәсіміне баулу; жақын тұрған балаларға көңіл аудартып, жылы шыраймен қабылдауға тәрбиелеу.

Қайырлы таң! Жаңа күн құтты болсын!

Мейірім мен жылулыққа орта толсын!

Жақсы бастап күнімізді қарсы алайық,

Көп жұмыс бітірейік, шаршамайық!

Тусипжанова-Шагирова А.

(сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қазақ тілі

«Көрікті көктем». Көктем жыл мезгілі.

Тамшы сияқты құбылыстар жайында шағын өлең жолдарын қайталату, сөздерді анықтап айтуды, жағымды көңіл күйлерін білдіруді үйрету. Қазақ тілін түсінуді, «Көктем» сөзін қолдана отырып, қарапайым сөз тіркестерін жасауды, сын есімдердің жалғауларын өзгертуді үйрету. Көктем туралы әндерді қайталап айту қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту; жалпы «Көктем» тақырыбы бойынша сөйлеуді, есту арқылы қабылдауын дамыту, есту, еске сақтау қабілетін, көру арқылы қабылдауын, ойлау қабілетін дамытып, жағымды көңіл күйін білдіре алу қабілетін қалыптастыру.

Музыка

"Аялайық, аналарды бәріміз!"

Міндеті. Балаларды ана туралы әннің сипатын ажырата білу және дыбысты есту қабілетін қалыптастыру; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын дамыту; әуеннің ырғағына ілесе отырып, музыкалық аспапта шығарманы ойнай білуге жаттықтыру. Балаларды мәдени қарым-қатынас пен адамгершілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетикалық талғамын, оқу қызметінде қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.

Дене тәрбиесі

"Аттап секіреміз".

Міндеті. Балаларда жіптен бір жанымен аттап секіру және қиғаш тақтайдың үстімен төрт тағандап, тізе мен саусаққа сүйеніп жаттығулар жасау техникаларын бекіту; оқу қызметін пысықтау

Дене тәрбиесі

"Таза бұлақтай таза болайық!"

Міндеті. Балаларды гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеуге; тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтауға үйрету; 4-6 м қашықтыққа тура бағытта еңбектеу дағдыларын пысықтау.

Дене тәрбиесі

"Көктемгі жылғалар".

Міндеті. Балаларды доғаның астымен өрмелеуге; тепе-теңдікті сақтай отырып тура жолмен жүруге үйрету; балаларды жануарлардың қимылдарына еліктеп, қимыл ойындарын ойнауға қызығушылықтарын ояту.


Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Көктем келді. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: көктем туралы ойларын бекіту, табиғаттағы өзгерістерге назар аудару.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға жем беру). (еңбек дағдылары)

Міндеті: табиғат объектілеріне көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ағын арқылы", "Таяқша". (дене тәрбиесі)

Міндеті: педагогтің нұсқауы бойынша тез әрекет етуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, балаларды ойын жағдайына сәйкес қимылдауға; жылдамдық пен ептілікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Жылан". (дене тәрбиесі)

Міндеті: заттарды құлатпай, олардың арасында «жылан» сияқты жүруді жалғастыру; зейін мен бақылауды дамыту.

Көктем келді. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: көктем туралы ойларын бекіту, табиғаттағы өзгерістерге назар аудару.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға жем беру). (еңбек дағдылары)

Міндеті: табиғат объектілеріне көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ағын арқылы", "Таяқша". (дене тәрбиесі)

Міндеті: педагогтің нұсқауы бойынша тез әрекет етуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, балаларды ойын жағдайына сәйкес қимылдауға; жылдамдық пен ептілікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Жылан". (дене тәрбиесі)

Міндеті: заттарды құлатпай, олардың арасында «жылан» сияқты жүруді жалғастыру; зейін мен бақылауды дамыту.

Қоғамдық өмір құбылыстарын бақылау: "Жүретін бөлік". (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: балалардың байқағыштығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық тапсырмалар: "Кел, ойнайық, балақай!" (әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Міндеті: пантомимикалық дағдыларды дамыту, эмоционалды көңіл-күйлерін көтеруге ​​ықпал ету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Жоғары". (дене тәрбиесі)

Міндеті: физикалық қасиеттерін, ептілігін, бұлшық ет, тыныс алу қимылдарын дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: "Қуып жет". (дене тәрбиесі)

Міндеті: жүгіру жылдамдығын, төзімділікті дамыту.

Көктем келді. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: көктем туралы ойларын бекіту, табиғаттағы өзгерістерге назар аудару.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға жем беру). (еңбек дағдылары)

Міндеті: табиғат объектілеріне көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ағын арқылы", "Таяқша". (дене тәрбиесі)

Міндеті: педагогтің нұсқауы бойынша тез әрекет етуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, балаларды ойын жағдайына сәйкес қимылдауға; жылдамдық пен ептілікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Жылан". (дене тәрбиесі)

Міндеті: заттарды құлатпай, олардың арасында «жылан» сияқты жүруді жалғастыру; зейін мен бақылауды дамыту.

Көктем келді. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: көктем туралы ойларын бекіту, табиғаттағы өзгерістерге назар аудару.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құстарға жем беру). (еңбек дағдылары)

Міндеті: табиғат объектілеріне көмектесуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Ағын арқылы", "Таяқша". (дене тәрбиесі)

Міндеті: педагогтің нұсқауы бойынша тез әрекет етуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, балаларды ойын жағдайына сәйкес қимылдауға; жылдамдық пен ептілікті дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Жылан". (дене тәрбиесі)

Міндеті: заттарды құлатпай, олардың арасында «жылан» сияқты жүруді жалғастыру; зейін мен бақылауды дамыту.

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар Үнемді тұтыну

Міндеті. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды, суды, энергияны үнемдеуді үйрету.

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

Құралдар: сабын.

Көркем сөз

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді,

Тап-таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы -

Сабын деген осы.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. Аудио ертегі, «әлди‑әлди» әнін тыңдату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Ұйқыдан тұрғаннан кейін, төсекте жатып бірден жаттығу жасау; төсектерінен тұрып, көрпелерін кері лақтырмай жатып жатқан күйінде балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды; 2-3 минут төсекте жатқан гимнастика балалардың ұйқыдан ояну күйіне біртіндеп ауысуына бағытталған. Оянған балалармен өткізген дұрыс, қалғандары оянған кезде қосылады.

Жалпақтабандықтың алдын алу Міндетінда денсаулық жолдарымен жүру.

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сурет салудан ойын-жаттығу

"Тамшылар".

Міндеті. Балаларды көлденең сызықтың "шатырдың" бойымен солдан оңға қарай, кезекпен, үстіден төмен қарай көкшіл тамшылар тізбектерін салуда жаттықтыру; шатырдан ағып жатқан тамшылар бейнесін салуға үйрету.

"Гүлдер" имитациялық ойыны.

- Балалар, бәріміз гүлдер боламыз. Менің айтып отырған сөздерім бойынша қимылдарды жасайсыңдар. Балалар «гүлдерге» айналады (тізелерін бүгіп отырып, бастары мен қолдарын тізелеріне қойып, көздерін жұмады). Жерден кішкентай өскін өсіп шықты. Ол бойын күнге созып, баяу өсе бастады. Міне, гүлшанақ (бутон) пайда болды. Гүл бір күлтесін ашты (оң қолдарын жоғары созады), сонан соң екінші күлтесін ашты (сол қолын екінші жаққа созады), тағы екі күлтесі ашылды (екі қолдарын төменнен жоғарыға қарай созады), міне, гүл ашылды. Самал жел соқты, гүл желмен тербеле бастады. Ара ұшып келіп гүлге қонды. Педагог балалардың қимылдарды дұрыс жасауларын қадағалап отырады.

Драматизация.

"Үш аю" ертегісін суреттерді қолдану арқылы сахналау.

(көркем әдебиет)


Қоршаған әлеммен таныстырудан ойын-жаттығу

"Судың қасиеті".

Міндеті. Балалардың жылғаларды бақылай отырып, одан ағатын судың ерекше белгілері мен қасиетін қабылдау барысында танымдық-зерттеушілік дағдылары мен қызығушылықтарын, ойлауы мен тілін дамыту. Судың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Дастарханды жаямыз"

Міндеті. Балаларды Наурыз мейрамына қатысты қонақты күту рәсімімен таныстыру, ыдыстардың атауларын қайталау; «сиқырлы» сөздер мен әдептіліктің қарапайым ережелері жөнінде мағлұмат беру.



Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы «Шертпек» ойыны. Міндеті: Дәлдікті, мергендікті, ептілікті дамыту.

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Көктем келді суретімен танысу".

Міндеті. Балаларды "Көктем келді" суретімен таныстыру, сурет мазмұнын баяндау тәртібіне үйрету, көктем туралы білімдерін пысықтау.


Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Көктем тамшылары".

Міндеті. Балаларды бірыңғай ырғақтағы дыбыстардың санын заттардың санына сәйкестендіруге үйрету; дыбыстардың саны қанша болса, сонша затты қатарға салу (қою), сәйкестендіру нәтижесін атап айту амалдарын игерту; қолдың ұсақ моторикасын, түйсікпен, құлақпен және көзбен қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, жағымды эмоцияларды дамыту.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу

"Ақшақар".

Міндеті. Балаларды "Ақшақар" ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтін бойынша кейіпкерлер сөзін зейін қойып, мұқият тыңдауға үйрету; ертегі кейіпкерлерінің мінездері мен ерекшеліктерін бақылай білуге дағдыландыру.



"Сүйікті ертегілер" үстел үсті ойыны.

Міндеті: балаларға сөйлемдерді, мәтіндерді дұрыс құруға, таныс мәтінді қайталай білуге үйрету, зейінді, бақылауды, есте сақтауды жаттықтыру.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Балалармен жеке жұмыс

Саусақ жаттығулары

Бас бармақ бастық екен,

Сұқ саусақ сақтық екен,

Ортан қол ойшыл екен,

Аты жоқ саусақ тойшыл екен,

Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.

Бастық басқар, сақтық сақтар,

Ойшыл ойла, тойшыл тойла.

Саусақтарды бүгеміз,

Саусақтарды бүреміз.

Бүгіп , бүріп саусақты,

Сергіп қалдық, міне, біз.

(сөйлеуді дамыту, дене тәрбиесі)

"Көктем" тақпағын айтқызу.

Міндеті. Бала тілін дамыту.

"Көктем" (Көмек Ыбыраев)

Бұлбұл сайрап шат үнді,

Ну тоғайға шақырды.

Таудан аққан өзен де

Бар даусымен "ақырды".


Жайраңдасып жас-кәрі,

Құстар келе бастады.

Қыс киген ақ шапанды,

Көктем жыртып тастады.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)


"Сүттен жасалатын тағамдарды ата" дидактикалық ойыны.

Міндеті: балалардың сүттен жасалатын тағамдарды ажырату іскерліктерін дамыту.

Балалар, қазір біз "Сүттен жасалатын тағамдарды ата" ойынын ойнаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінесіңдер. Орындықтарға жайғасып алыңдар. Енді, мен музыканы қосамын, сол музыка аяқталғанша, сендер топпен ақылдасып, қандай сүттен жасалатын тағамдар бар, соларды атайсыңдар. Қай топ тағамдар санын көп айтады, сол топ жеңеді. Жақсы ойнаған топтың балаларына қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі. Педагог:

Балалар, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен таныстыру)

Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Бәрін байқау" (елеу, көру).

Міндеті. Бір қатарға 5-7 (ең көбі - 10) зат немесе сурет орналастырып, оларды жауып қойыңыз. Заттарды 10 секунд ашып тұрып, қайта жабыңыз да, балаларға есінде қалған барлық заттарды атауын ұсыныңыз. Заттарды қайтадан 8-10 секунд ашып тұрып, балалардан заттардың қандай ретпен орналасқанын сұраңыз. Кез-келген екі заттың орындарын ауыстырып, барлық заттарды қайтадан 10 секунд көрсетіңіз. Балалардан қандай заттарды орны ауысқанын сұраңыз. Заттарға қарамай, әр заттың түсін айтып беруді сұраңыз.

"Қызғалдақ" өлеңін жаттау

Қырқалардың төрінен

Қаулап көзге ұрады.

Қызғалдақтар өңірді

Қып-қызыл ғып тұрады.

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. "Киім-кешектер мен аяқ киімді таза ұстау туралы".

Міндетіі: балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.

Киім-кешектер мен аяқ киімдерді таза ұстаудың маңыздылығы жайлы айту, «тиянақтылық», «ұқыптылық» түсініктерімен таныстыру, киімдегі олқылықты байқауды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі уақыттаға серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған әлеммен таныстыру, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуды үйрету. (дербес қимыл әрекеті)

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату. Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық, қыс тақырыбына байланысты әндер. (музыка)

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау. Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау. Әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Өнер бұрышында көктем мезгілін бояу суреттерін бояту, бәйшешек гүлін мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу)

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы. «Асық ату», «аударыспақ» «Кел, жүзігім, кел» ойындарын ойнау.

«Смарт бала» жобасы «Мен қалаған қалашық» конструктордан құрау. Баланың қиялын дамыту.

Балалардың үйіне қайтуы

Өнегелі 15 минут

"Мектепке дейінгі жастағы балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу."

Өнегелі 15 минут

Әңгіме жүргізу: "Бала танымын дамытудың маңыздылығы".

Өнегелі 15 минут

Балалардың балабақшадағы тәртібі жайлы әңгімелесу.

Жаднама.

"Отбасына жағымды атмосфера сыйлау".

Өнегелі 15 минут

"Үйде демалысты қалай өткізу керек" әңгімелесу.








ЖИ арқылы жасау
02 Наурыз 2025
229
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі