Циклограмма орта топ Ақпан 3-4- апта

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Циклограмма орта топ Ақпан 3-4- апта

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта топтың ақпан айының 3-4 апталарына 2025ж арналған циклограмма. Циклограмма "Біртұтас тәрбие" мен Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Орта топтың міндеттері күн тәртәбінде түгел қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 17 - 21 ақпан 2025 жыл 3- апта


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 17.02.2025ж

Сейсенбі 18.02.2025ж

Сәрсенбі 19.02.2025ж

Бейсенбі 20.02.2025ж

Жұма 21.02.2025ж


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Өнер қуып ой түзе,                                  Еңбек етіп бой түзе»

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Ата-аналарға кеңес. "Отбасындағы сауықтыру шаралары". Қауіпсіздік ережелері: Балалардың үйдегі өткір заттармен ойнамауына ықпал ету.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Лото" үстел ойыны.

Міндеті: балаларды заттарды топтауға баулу, зейінді, байқауды дамыту.

Балалар суреттердің жалпы атаулары бойынша жинайды.

Құралдары: ойыншықтар, киім, тамақ және т. б. заттық карточкалар мен топтастыруға арналаған панно-карточкалар.

(математика негіздері)

"Ұқсайды – ұқсамайды" заттармен ойналатын ойын.

Дидактикалық міндеті: балаларды заттарды салыстыруға түрі, түсі, формасы, көлемі, материалы бойынша ұқсастықтарын байқауға үйрету; байқағыштығын, ойлауын, тілін дамыту.

Ойын ережесі: екі затты алып, оның ұқсастықтарын көрсету іскерлігі. Кімді көрсетсе, сол жауап береді. Ойын әрекеттері: ұқсас заттарды іздеу.

(сөйлеуді дамыту, математика негіздері, қоршаған әлеммен танысу)

"Ақылды көліктер" дидактикалық ойыны.

Міндеті: адамдардың жұмыстарын жеңілтуде көліктердің көмегі туралы балалардың білімдерін бекіту; істейтін қызметтеріне қарай көліктерді топтастыруға, аттарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорларын молайту.

"Біздің көмекшілеріміз не?" үстел-үсті ойыны.

Міндеті: ересектердің жұмысын жеңілдететін тұрмыстық заттар туралы балалардың білімдерін бекіту.

(сөйлеуді дамыту)

"Би билеген баламыз" жаттығуы.

Міндеті: балалардың жағымдыэмоцияларын, дене мүшелерін дамыту. Жаттығу жасап көреміз, (Адымдау) Қолды көкке көтереміз, (Қолдар жоғары) Түсіріп белге төмен, (Қол белде) Еңкейеміз, еңкейеміз. (Оң-сол жаққа еңкею)

Өкше қойып, басамыз, (Оң жақ өкше, адымдау) Өкше қойып, басамыз. (Сол жақ өкше, адымдау) Міне, қандай әдемі, (Қол белде, бас шайқау) Би билеген баламыз. (Шапалақтау) (сөйлеуді дамыту, дене тәрбиесі)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға шақ текшелермен).

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде. 1.1. Балалар қолдарын алға созып, алақандарын ашып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады. 1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, текше ұстаған қол көкірек тұсында. 2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады. 2.2. Бастапқы қалып. (дәл осы жаттығу сол жаққа және 4 рет қайталанады).3.Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде. 3.1. Жерге отырып, қолдарын алға созып "міне" деген сөзді айтады. 3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, текше ұстаған қол көкірек тұсында. 4.1. Бір орында тұрып секіру, екі қолды көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму. 4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).(дене тәрбиесі)

Таңғы ас

Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп Торғайларға тастаңдар. (Сөйлеуді дамыту)

«Ас адамның арқауы» Міндеті: Балаларға аспазшының жұмысымен таныстыру, сұрақ-жауап

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырады күніміз. Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң, Қайырлы күн, балалар!(сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

"Велоипед теуіп көрдіңдер ме?"

Міндеті. Балаларда екі аяқтың арасынан допды домалатып, орнынан тұрып қуып жету жаттығуын және қойылған заттар арасынан "кірпі" секілді төрт тағандап жүру техникаларын бекіту; гимнастикалық шеңбердің арасынан өту іскерліктерін дамыту.


Музыка

"Кір жуу машинасы".

Міндеті. Балаларды тұрмыста қолданылатын заттар туралы жаңа әнді тыңдап, оның сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасына ерекше мән беру қабілетін қалыптастыру; әнді дұрыс айтуға және ырғақтық қимылдарды үйлесімді жасауға дағдыландыру; музыкалық аспапта ойнау қабілетін шыңдау; әнді тыңдау кезінде зейіні мен есте сақтау қабілетін және музыкалық шығармашылығын дамыту.

Дене тәрбиесі

"Велосипедтер зырылдайды".

Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін жетілдіру; көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету; балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.


Қазақ тілі

"Тұрмыстық техника" . Қауіпсіздік сақтау.

Міндеті. Тұрмыстық техниканың түрлері туралы, тұрмыстық техниканың Міндеті туралы білімді бекіту, оларды Міндетіна қарай ажыратуды үйрету: үтікпен киім үтіктейді, шаңсорғыш шаң жинайды, кір жуу машинасымен кір жуылады және тағы басқа. Электр құрылғылары және қауіпсіздік ережелерін бекіту.


Дене тәрбиесі

"Үш аяқты тұлпарым (велосипед)".

Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; отырған күйінде екі аяқтың арасынан допты домалатып, орнынан тұрып, қуып жетуге үйрету; қойылған заттардың арасынан "жылан" жүріспен жүруге жаттықтыру.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу.

Серуенге ойын құралдарын дайындау.

Серуен

Адамның жүру және секіру қимылдарын бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті. Балалардың назарын адамның жүру, секіру қимылдарының ерекшеліктеріне аудару; жүруде адам аяқтарын кезек көтеріп, қадам басып жатқанын, секіруде екі аяқтармен бірге секіретінін байқату; қимылды жаттығулардан жағымды әсер алуға тәрбиелеу.

- Кел, балақай, қатарға,

Біз шығамыз сапарға.

Сап түзеп, алға жүріп,

Көңілді шапалақ соғып.

- Алақай! Алақай!

- Балалар, біз қазір қандай қимылдар жасадық?

Педагог сұрақ қойған сайын қимыл үлгісін көрсетіп жатады.

- Жарайсыңдар: бірінші рет біз жүрдік, екінші рет біз секірдік.

- Біз бір аяқпен секірдік пе?

- Біз екі аяқпен секірдік. Жарайсыңдар!

- Олай болса, жүріп те секірейікші.

Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхананы

тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Біз көңілді баламыз" қимылды жаттығуы. (дене тәрбиесі)

Балаларды белгілі жаттығуларға еліктей білуге машықтандыру, жаттығулардан жағымды әсер алуға ынталандыру.

- Біз көңілді балалармыз,

Қатар-қатармен тұрамыз,

Көтереміз иықты,

Бақылаймыз жан-жақты.

Жүріп-жүріп асықпай,

Тез өсеміз, алақай!

"Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене тәрбиесі)

Міндеті: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Бағдаршамды бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Міндеті. Балаларға бағдаршам туралы ұғым беру, бағдаршамның түсі үш түрлі шамдарының кезегімен жанып, көше қозғалысына әсер етететінін байқату; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Егер жақын көшеде бағдаршам көрінбей жатса немесе бағдаршам болмаса, педагог бағдаршамның пішінін немесе суретін көрсетуі мүмкін. - Балалар, бұл не? - Бұл - бағдаршам. Қайталайықшы. - Жарайсыңдар! - Бағдаршам не үшін керек?"Бағдаршамдар ұйықтамайды".

Бағдаршамдар ұйықтамайды,

Жымыңдайды, жымыңдайды.

Бір қарасаң – қып-қызыл,

Екі десе – сап-сары.

Тоқтай тұрсаң – жап-жасыл.

Көзі көп, біреу басы.

Д. Ахметова

Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Машиналар жүреді" қимылды ойыны.

Міндеті. Балаларды қызыл, жасыл не сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-біріне соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу.

Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай қимылдарды жасауды ұсынады:

- жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстаған ұқсап, ары-бері, жан-жаққа бағыттап жүгіру;

- сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау,

- жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру.

- Бағдаршамда жасыл шам -

Жол ашық, машиналар.

Бағдаршамда сары шам



Шапалақта, балалар.

Бағдаршамда қызыл шам -

Тоқтасын машиналар.

Ойын екі рет өткізіледі.

"Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене тәрбиесі)

Міндеті: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту.

Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету.

- Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады.

- Иә, бұл құстар шиқылдайды.

- Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар!

Еңбегі адал жас өрен: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары)



Міндеті: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Қораз" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру, көркем әдебиет)

Балаларды қораздың (әтеш) қимылдарына еліктеуге ынталандыру, тізелерін жоғары көтеріп, қолдарымен екі санын сыртынан соққылауға үйрету, бұлшық еттерін дамыту; жасалған жаттығудан жағымды әсер алуға талпындыру.

Педагог балаларға қораздың қимылдарын көрсетеді.

- Балалар, мен қандай құсты көрсетемін?

- Иә, бұл құс - қораз. Жарайсыңдар!

- Қанекей, менің соңымнан қайталайықшы, қоразға ұқсап қимылдайық.

- Қораз! Қораз!

Тыңдашы біраз.

Алтын сенің айдарың,

Көрініп тұр айбарың.

Терезеден бір қара,

Бұршақ берем мың дана.

Д. Ахметова

- Жарайсыңдар!

- Балалар, ал қораз қалай дыбыстайды?

- Иә, қораз "ку-ка-ре-ку" дейді.

"Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Міндеті: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Жүргіншілерді бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті. Балалардың назарын көшеде өткен адамдардың қимылдарына аударту, ересек адамдар мен кіші жастағы (баланы) ажыратуға үйрету; адамның дене мүшелері жайында алғашқы ұғымдар беру; топтастармен жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін арттыру.

- Балалар, көшеде сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? Атаңдаршы?

Балалар ағай, апай, бала деп атауы мүмкін.

- Жарайсыңдар!

- Ағайлар мен апайлар сияқты үлкен болу үшін, біз өсуіміз керек.

- Мен өсемін, Бойым өседі. Ойым өседі.

Өзіме: "Өс-өс-өс!" – деймін.

Жаттығу екі рет өткізіледі.

Педагог балаларға адамдардың марш адымын көрсетуді ұсынады.

Еңбегі адал жас өрен: балаларды сұхбатхана орындықтарын тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Міндеті: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене тәрбиесі, көркем әдебиет)

Балалардың белгі бойынша жан-жаққа жүгіру және белгі бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру.

Педагог балаларға пингвиннің суретін көрсетеді, пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады.

- Пингвиндер ұқсап жүрейік,

Оңға-солға теңселейік:

Топ-топ-топ, топ-топ-топ,

Оңға-солға теңселейік.

Ал енді, пингвиндер, тоқта!

Қане, жиналыңдар сапқа!

Бір-бірімізден қалмаймыз, Сапта жүріп, ай, жараймыз!

Д. Ахметова

"Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене тәрбиесі)

Міндеті: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу.

"Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене тәрбиесі)

Міндеті: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу.

"Қырауды бақылау." (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарына, басқа заттарға қатып, қырауға айналған. Қырау күннің ашық кезінде пайда болады.

Көркем сөз.

Тазартып бар кір шаңнан, Қыс өнерін бастады. Терезеге қыраудан, Сурет салып тастады.





Қимылды ойын. «Ақ қоян».

(дене тәрбиесі)

Міндеті: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.

Еңбегі адал жас өрен: бір-біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету. (еңбек дағдылары)

«Біз зерттеушіміз» «Смарт бала»жобасы(Экологиялық тәрбие)

Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы).

Жорамал.

Ағашқа қырау түссе, аяз болады.

Тұман болса, күн жылынады.

Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.

Жұмбақ.

Қант сияқты ақ,

Ұлпа боп жерде жатады.

Қимылды ойын "Ақсерек - көксерек" (дене тәрбиесі)

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ.

Ойынды бастайды Ақсерек-ау, ақ серек,

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ.

Ақсерек-ау, ақ серек,

Сізден бізге ... (бала аты) керек.

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан

қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру.

Түскі ас

Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай жеу керек.

Күндізгі ұйқы

Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі

«Әлди –әлди ұйықтай ғой» (Сөйлеуді дамыту)

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Оятпақ жаттығулары.

"Көңілді аяқтар"

Аяқтарды биік көтер, міне былай, Топ, топ, топ!Көңілдірек! Биігірек! Міне былай: Хоп, хоп, хоп! Қоңыраулар сыңғыр-сыңғыр, Қатты-қатты, сылдыр-сыңғыр! Шап жүйрігім, шап-шап, Тру - ру -у, тұлпарым: Тоқтат! Тоқтат!

Мәдени–гигиеналық дағдылар жайлы білімдерін бекіту.

(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Бесін ас

Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Дастарқан жаю дәстүрі".

Міндеті. Балаларды екі түрлі зат топтарын салыстыруда тұстастыру және беттестіру тәсілдерін қолдануға үйрету, салыстыру нәтижесін айтқызып үйрету; жазықтықтағы сол жақты, оң жақты, ортасын, жоғары, төмен жақтарын анықтап, жаттығулар орындауға үйрету; қолдың ұсақ моторикасын, зейінді, ойлау қабілетін дамыту.

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы. "Арқан тарту"

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.

Қай топ арқанды өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

«Смарт бала» жобасы Құрастырудан ойын-жаттығу

"Диван".

Міндеті. Балаларды кірпіштерді, білеулерді өзара түрлі орналастырып, диванды жасауға үйрету; кірпіштің қасиеттерін іс-тәжірибеге, үлгіге және педагогтің нұсқамаларына сүйеніп, зерттеу жасауға жаттықтыру.

Қоршаған әлеммен танысудан ойын-жаттығу

"Үтіктің қасиеті".

Міндеті. Балалардың үтік туралы білімдерін қалыптастыру; үтіктің тұрмыстағы қолданылу ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту; үлкендердің үтікпен жұмыс істеу әрекетін бақылау дағдыларын жетілдіру; техника және адам туралы ұғым беру.

Музыкадан ойын-жаттығу

"Таза болайық".

Міндеті. Балаларды жаңа ән тыңдауда оның сипаты мен ерекшелігін ажырата білуге үйрету; ән айту кезінде әуеннің мағынасын түсіне отырып, эмоционалды қабылдай білу қабілетін қалыптастыру; топпен ілесе ән айту ережелеріне дағдыландыру; би элементтерін музыка ырғағына сай үйлесімді жасай білуге жаттықтыру; музыкадағы жоғары және төмен дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; техника туралы ұғымдарын кеңейту.

Сюжетті-рөлдік ойыны: "Отбасы".

Міндеті: ойынға деген қызығушылықты дамыту, балалардың арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру.

(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен танысу)

Сурет салудан ойын-жаттығу

"Сағат".

Міндеті. Балаларды қылқалам арқылы шеңбер сұлбасының бойын, арасына бірдей қашықтықты сақтап жақпалармен безендіруге үйрету.

Ұлттық ойын‑ұлт қазынасы. "Киіз үй"

Ортаға арқалығына орамал ілінген төрт орындық қойылады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, нұсқаушының дабылы бойынша «киіз үй» құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді.

Қоршаған әлеммен танысудан ойын-жаттығу

"Қар тазалаушы трактор".

Міндеті. Балалардың қардың және трактордың ерекшеліктері туралы ұғымдарын кеңейте отырып, балалардың қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын

қалыптастыру; қабілеті мен зейінін, тілі мен есте сақтауын және байқампаздығын дамыту.



Зейінді дамытуға арналған жаттығу. "Қимылдарды қайталаймыз".

Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Сіз қандай да бір қимылды көрсетесіз, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе, балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда, балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады. (дене тәрбиесі)

Балалармен жеке жұмыс

Жаңылтпаштар айту

1) Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

2) Тақпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатқа тақпақ,

Жатта тақ-тақ.

3) Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Саусақ жаттығуы. "Қонжық".

Қонжық жүрсе орманда, (жұдырықтарды қысып, бір жағымен үстелге, тізеге соққылау).

Томпаң-томпаң басады.

Қорбаң-қорбаң қорбаңдап, (алақандарды ашып, саусақ ұштарын бір-біріне қарсы салып, алақандардың ішкі жағымен соққылау)

Бізді көрсе - қашады. (саусақтарды алға қарату, кезекпен соққылау) (сөйлеуді дамыту, дене тәрбиесі)

"Сөйлем құрастыру".

Міндеті: суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер, шағын әңгіме құрастыруға балаларды машықтандыру; байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы жиһаздар мен техника және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Жұмбақтар

Жай да үнсіз тұрады, Біреу келсе тез жат деп, Қоңырауын ұрады, Дабыл қағып безектеп. (Телефон)

Іші салқын,мұзы бар, Күнкей қашқан қой сынды, Жылыда тез бұзылар, Барша тағам тығылар. (Тоңазытқыш)

Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жазық Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.(Үтік)

Кір-қоқысты сүймейді, Сыртқа қуып сүйрейді.(Сыпырғыш) (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Санамақ

Төртеу санның көркі екен.

Төрт аяқпен жануар,

Стол, төсек... тағы бар..

Төрт аяқпен нық тұрар,

Төрт бірлікті ұқтырар.

Бес дегеннің цифры,

Қарап тұрсаң оп-оңай.

Үштің басын қайырып,

Қоя салған жай бұрап.

Ә. Табылдиев

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен: Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, дене тәрбиесі)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)

Міндеті. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

Міндеті. Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану. (сурет салу) Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану.

«Экологиялық тәрбие»Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру. (математика негіздері)

Балалардың үйге қайтуы

Қауіпсіздік ережелері. Ата-аналарға кеңес:"Балаларға жолда жүру ережесі туралы түсіндірудің маңызы". Психолог кеңесі: "Бала тілін дамыту".

Өнегелі15 минут. Ата-аналарға балалардың жетістігі жайлы айту; апта тақырыбы бойынша сұрақ қою, әңгімелесу. "Отбасындағы сауықтыру шаралары" туралы кеңес беру.










Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 24– 28 ақпан 2025 жыл 4-апта


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

24.02.2025ж

Сейсенбі

25.02.2025ж

Сәрсенбі

26.02.2025ж

Бейсенбі

27.02.2025ж

Жұма

28.02.2025ж


Ақпан «Құндылық: Жасампаздық және жаңашылдық» айы. Апта дәйексөзі: «Ақыл көпке жеткізер,                                                                                                                                                           Өнер көкке жеткізер»

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Ата-аналармен "Егер балаңыз төбелесе беретін болса" тақырыбында әңгімелесу, кеңестер беру. Қауіпсіздік ережелері:Баланың үй жағдайында шығармашылықпен айналысу кезіндегі сақтық, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалауға кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Кімге не керек?" дидактикалық ойыны, үстел үсті ойындары, саусақ жаттығулары. Міндеті: Саусақ бұлшық етін дамыту, бала қиялы мен ойын дамыту.

«Смарт бала» жобасы Құрылыс ойындары:

"Спорт алаңын құрастыру", "Қуыршаққа арналған спорт алаңы".

(құрастыру)

"Мен қандай спортпен шұғылданатынымды тауып көрші" дидактикалық ойыны.

Міндеті: спорт түрлері жайлы білімдерін толықтыру.

(сөйлеуді дамыту)

Суреттер қарастыру.

Міндеті. "Спорт түрлері" тақырыбында суреттер қарастыру. Балабақшаның ішінде саяхат жасау. Суреттер бойынша әңгімелесу.

"Денсаулық" және "спорт" туралы әңгімелесу.



"Дене мүшелерін ата" дидактикалық ойыны.

Міндеті: дене мүшелер жайлы білімдерін толықтыру.

(сөйлеуді дамыту)

Үстел үсті ойындары: пазлдар.

"Спорт" және "денсаулық" туралы әңгімелесу. Міндеті:Спортпен шұғылданумен қатар дәрумендердің де адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіру.

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға шақ текшелермен).

1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар қолдарын алға созып, алақандарын ашып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады.

1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, текше ұстаған қол көкірек тұсында.

2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады.

2.2. Бастапқы қалып. (дәл осы жаттығу сол жаққа және 4 рет қайталанады).

3.Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде.

3.1. Жерге отырып, қолдарын алға созып "міне" деген сөзді айтады.

3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, текше ұстаған қол көкірек тұсында.

4.1. Бір орында тұрып секіру, екі қолды көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму.

4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).

(дене тәрбиесі)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

"Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы.

Міндеті. Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.

Көркем сөз.

Сабынымды аламын,

Алақанға саламын.

Көпіртемін жақсылап,

Қолды жуам мұқият.

Білек, бетті, мойынды,

Жуамын да, сүртемін.

Тап-таза, көңілді боп,

Мен үнемі жүремін.

Тусипжанова-Шагирова А.

(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Таңғы сәлемдесу.

Міндеті: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту, сәлемдесу рәсіміне баулу; жақын тұрған балаларға көңіл аудартып, жылы шыраймен қабылдауға тәрбиелеу.

Қайырлы таң! Жаңа күн құтты болсын!

Мейірім мен жылулыққа орта толсын!

Жақсы бастап күнімізді қарсы алайық,

Көп жұмыс бітірейік, шаршамайық!

Тусипжанова-Шагирова А.

(сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене тәрбиесі

"Кенгуру секілді секіреміз".

Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; балаларда бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

Музыка

"Күлкі - шаттық шуағы".

Міндеті. Балаларды күлкі туралы жаңа әнді тыңдап, оның сипатына ерекше мән беруге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсіне білу қабілетін қалыптастыру; әнді дұрыс айтуға дағдыландыру; ырғақтық қимылдарды тез қабылдауын және әнді тыңдау кезінде зейіні мен есте сақтауын дамыту; музыкалық аспапта ойнай білуін әрі қарай жаттықтыру; музыкалық шығармашылығы пен сауаттылығын қалыптастыру.

Дене тәрбиесі

"Шынықсақ - шымыр боламыз".

Міндеті. Балаларда отырған күйінде екі аяқтың арасынан допты домалатып, орнынан тұрып қуып жету және екінші 3 м қашықтықта алға жылжи отырып, екі аяқпен секіру техникаларын дамыту; спорт және денсаулық туралы білімдерін толықтыра отырып, спортпен шұғылдануға ынталандыру.


Қазақ тілі

«Данаға арналған дастархан». Азық-түліктер.

«Азық-түлік» тақырыбына қатысты сөздерді қазақ тілінде айтуды үйрету, екпіндерді дұрыс қолдану; ойын барысында сұрақтарға жауап бере отырып, қарапайым сөйлемдер құруды, жаңа сөздердің септік жалғауларын анық қайталап айтқызу.

Дене тәрбиесі

"Салауатты өмір".

Міндеті. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; отырған күйінде екі аяқтың арасынан допты домалатып, орнынан тұрып қуып жетуге үйрету.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен

Қарғаны бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: қарға жайлы білімдерін кеңейту; оның тіршілік ету ортасы, сыртқы түрі, қоректенуі, көбеюі туралы білімдерін тереңдету; құстарға деген ізгілік сезімдерін, оларға қамқорлық жасауға ұмтылуға тәрбиелеу.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Қарғалар". (дене тәрбиесі)

Міндеті: екі аяғымен секіруді, әртүрлі бағытта жүгіруді, мәтінді анық және дұрыс айтуды үйрету.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене тәрбиесі)

Міндеті: "жылан" секілді жүгіру іскерліктерін жетілдіру; қатарға қойылған заттарды айнала жүгіруге машықтандыру.

Бұлттарды бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: бұлт жайлы білімдерін кеңейту; Табиғат құбылыстарыңың кезеңдік өзгерістерін байқай білуге үйрету.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Мысық пен тышқан". (дене тәрбиесі)

Міндеті: әртүрлі бағытта шашырап жүгірудіүйрету, сезімталдық пен шапшаңдықты қалыптастыру.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене тәрбиесі)

Міндеті: Ойын құралдарын таңдай алу, ұжыммен бірге ойнау дағдысын дамыту.

Сауысқанды бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: қыстап қалатын құстар, сауысқан туралы білімдерін кеңейту; оның тіршілік ету ортасы, сыртқы түрі, қоректенуі, көбеюі туралы білімдерін тереңдету; құстарға деген ізгілік сезімдерін, оларға қамқорлық жасауға ұмтылуға тәрбиелеу.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Бақалар". (дене тәрбиесі)

Міндеті: қол мен аяқ қимылдарын үйлестіре білу, кеңістікті бағдарлай алуды үйрету.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене тәрбиесі)

Міндеті: Ойын құралдарын таңдай алу, ұжыммен бірге ойнау дағдысын дамыту.

Күннің бағытын бақылау. (қоршаған әлеммен танысу)

Міндеті: Күннің бағытын бақылау арқылы мезгілдік өзгерістерді байқауға, күннің ұзара бастағанын анықтай алуға үйрету. Бқайқампаздық, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Күн‑түн". (дене тәрбиесі)

Міндеті: екі аяғымен секіруді, әртүрлі бағытта жүгіруді, мәтінді анық және дұрыс айтуды үйрету.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене тәрбиесі)

Міндеті: Ойын құралдарын таңдай алу, ұжыммен бірге ойнау дағдысын дамыту.

Қарғаны бақылау. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: қарға жайлы білімдерін кеңейту; оның тіршілік ету ортасы, сыртқы түрі, қоректенуі, көбеюі туралы білімдерін тереңдету; құстарға деген ізгілік сезімдерін, оларға қамқорлық жасауға ұмтылуға тәрбиелеу.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту). (еңбек дағдылары)

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Қарғалар". (дене тәрбиесі)

Міндеті: екі аяғымен секіруді, әртүрлі бағытта жүгіруді, мәтінді анық және дұрыс айтуды үйрету.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту. (дене тәрбиесі)

Міндеті: Ойын құралдарын таңдай алу, ұжыммен бірге ойнау дағдысын дамыту.

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.

Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүру

Түскі ас

Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру.

Тағамды асықпай жеу керек.

Күндізгі ұйқы

Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі тыңдату. Жайлы ұйқы сыйлау.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Тақпақ-оятпақ: "Қанаттарымызды күнге жылытайық".

Балалар шалқасынан жатады, қолдары жандарында; қолдарын жоғары көтеріп, "жылынайық" деп айтады да, қайта түсіреді.

"Аяқтарыңды жасыр" жаттығуы.

Балалар шалқасынан жатады, аяқтарын жоғары көтеріп, "аяқтарыңды жасыр" деп, аяқтарын қайтадан кереуетке жайлап түсіреді.

Кереуеттерінің жандарынан жүру.

Алтын айдарлы әтеш,

Адымдап келе жатыр.

Балапандарын қуып,

Қораға қамап жатыр.

Қос аяқпен бір орында және алға қарай жылжып секіру. Қолдар еркін.

Шынықтыру іс-шаралары.

Дымқыл шүберекпен сүртіну, ысқылау.

Дәстүрден тыс әр түрлі кедергілері бар денсаулық жолдарымен жүру.

Бесін ас

Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Доп" тақпағын мәнерлеп оқу.

Міндеті. Балаларды доп туралы тақпақ мазмұнымен таныстыру, көркем сөз арқылы доптың қасиеттері жөнінде білімдерін толықтыру, затты сипаттау тәртібін бекіту.



"Аурухана" сюжетті-рөлдік ойыны.

Міндеті: балалардың дәрігер мамандығы туралы, оның іс-әрекеттері туралы білімдерін бекітуді жалғастыру, құралдарды (шприц, термометр, тонометр) дұрыс атауға үйрету.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен танысу)

Сурет салудан ойын-жаттығу

"Текшелер".

Міндеті. Балаларды қағаз бетіндегі көлденең сызық бойына текше пішіндерін (кубиктерді), кезекпен тізіп салуда жаттықтыру; текшені салуда бір-бірінен сәл алшақ орналасқан тік сызықтардың үстіңгі және төмеңгі ұштарын көлденең түзу сызықпен қосуға үйрету.

Ұлттық ойын "Соқыр теке"

Балалар дөңгелене тұрады. Топ ішінен бір баланың көзі байланады.Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ,

Қайда кеткен құлыншақ.Соқыр теке бақ-бақ,

Мені ізден тап-тап - деп өлеңмен айтады.

Содан кейін Соқыр теке (көзі байлаулы бала) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алғанбаланың көзі байланады да ол «соқыр теке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Жапсырудан ойын-жаттығу

"Жиналған ойыншықтар".

Міндеті. Балаларды геометриялық пішінді заттарды үлкенінен бастап кішкентайына дейін жинақтау тәртібіне, кезекпен жапсыруға үйрету; геометриялық пішіндердің қасиеттері, заттарды салыстыру амалдары жөнінде білімдерін бекіту.



Тақпақ жаттау

Қымыз

Жеңгем бие сауады,

Ағам саба піседі.

«Денсаулыққа дауалы»,

Деп үлкендер ішеді.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Спортшылар бәріміз"

Міндеті. Балалардың екі тең не тең емес заттар тобын ұзындығы немесе саны бойынша салыстыру іскерліктерін жетілдіру, салыстырудың нәтижесін айтқызып үйрету; заттарды оң (сол) қолымен алып, жолақтың сол жағынан бастап, оң жағына қарай салу тәсіліне жаттықтыру; көз өлшемін, зейінді, қолдың ұсақ моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту.



Сюжетті-рөлдік ойыны: "Тазалықты сақтайық".

Міндеті: ойынға деген қызығушылықты дамыту; балалар арасындағы жағымды қатынастарды қалыптастыру; тазалыққа ұқыпты қарауды тәрбиелеу.

(сөйлеуді дамыту, қоршаған әлеммен танысу)

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу

"Кім күшті?"

Міндеті. Балаларды "Кім күшті?" өлеңімен таныстыра отырып, мазмұны бойынша мәтіндегі жолдарды мәнерлеп оқу; ұзақ шығарма мазмұнын зейін қойып, мұқият тыңдауға үйрету.



Қоршаған әлеммен танысудан ойын-жаттығу

"Емдік өсімдіктер".

Міндеті. Емдік өсімдіктерге байланысты көркем сөздерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын молайту; қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру; ойлау қабілеті мен зейінін, дүниетанымы мен есте сақтауын және байқампаздығын дамыту.

Балалармен жеке жұмыс

Саусақ жаттығуы. "Дәрумендер".

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды).

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды).

Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді).

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді). (сөйлеуді дамыту, дене тәрбиесі)

"Сөйлем құрастыру".

Міндеті: суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер, шағын әңгіме құрастыруға балаларды машықтандыру; байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы денсаулық және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

"Кел, санайық санамақ" саусақ жаттығуы.

Міндеті: балаларды қимылдарды мәтін жолдарының ырғағына сай орындауға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту.

Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балаң үйрек жалғасы.

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы.

Шынашағым балапан

Бәріне ортақ алақан.

(сөйлеуді дамыту)

Тақпақ айту

Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз,

Қырда жүріп өсеміз.

Күнде қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.



Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз,

Талаптанып, қанаттанып өсеміз!

М.Әлімбаев

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Суреттер қарастыру.

"Дені саудың - жаны сау" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру. Сұрақтар қою. Сұрақтарға толық жауапты талап ету.

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған әлеммен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жас өрен. Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)

Міндеті. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Ұлттық ойын‑ ұлт қазынасы. «Асық ату», «Қол күрес» Міндеті: Ұлттық ойындарға қызығушылық, саусақ моторикасын дамыту, ептілік, икемділікке баулу.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут. Балаларды жақсы көңіл-күймен шығарып салу. Психологтың кеңесі: Үйде баланың үй тапсырмасын қадағалау. Ата-анаға кеңес: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі