Циклограмма ортаңғы топ желтоқсан 1-2 апта 2024ж

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Циклограмма ортаңғы топ желтоқсан 1-2 апта 2024ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Циклограмма ортаңғы топтқа желтоқсан айының 1-2 аптасына 2024ж арналған. Циклограммада "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы мен үлгілік оқу бағдарламасы күн тәртібінде толық қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 02- 06 желтоқсан 2024 жыл 1-апта


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі 02.12.2024ж

Сейсенбі 03.12.2024ж

Сәрсенбі 04.12.2024ж

Бейсенбі 05.12.2024ж

Жұма 06.12.2024ж


Желтоқсан: Құндылық: Бірлік және ынтымақ айы. Апта дәйексөзі: Ырысалды‑ ынтымақ

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Тәуелсіздік күніне орай балаларға тақпақты үйден қадағалап қайталату. Қауіпсіздік ережелері: Баланың үйдегі ток көздерінен аулақ ойнауына ықпал етуге кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ою өрнектер»

Міндеті: Балаларға ою-өрнек туралы түсінік беру.

Құрастыруға үйрету.

Құрастыру

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»

Міндеті: Балаларға рәміздер туралы түсіндіру.

Адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Көркем әдебиет Жапсыру «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Дидактикалық ойын:

«Өз туыңды тап»

Міндеті: Мемлекеттік рәміздерді тануға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Сурет салу

«Қоян бауырсақты кездестірді»

Міндеті: Қоян туралы түсінік беру.

Қол икемділігін дамыту.

Мүсіндеу

«Сипап көр»

Міндеті: Сипап сезу арқылы көкөністердің атын табу.

Математика негіздері

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (доппен).

1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар доптарын жоғары көтеріп, екі қолды қайшылайды.

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

2.1. Қолдарын иыққа көтеріп, доптарын қояды.

2.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, доп ұстаған қолдары екі жанында.

3.1. Аяқтарын жинап, доп ұстаған қолдарымен құшақтайды.

3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

4.1. Доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.

4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Таңғы ас

Ойын-жаттығу Үнемді тұтыну. «Таза қолдар» Міндеті: тамақ алдында қолдарын жуу, сүрткішті дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Балалардың назарын тағамға аудару. Мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі «Тамақ ішкенде сөйлемеймін, құлағыммен тыңдаймын»

«Ас адамның арқауы»

Міндеті: Балаларға аспазшының жұмысымен таныстыру,сұрақ-жауап

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері

Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! (сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

"Мен - чемпион".

Міндеті. Балаларда бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтарын дамыту.


Музыка

"Тәуелсіз елім"

Міндеті. Балалардың ән арқылы туған жерге деген елжандылық сезімін қалыптастыру; әнді тыңдау кезінде эмоционалды қабылдай білуге үйрету; ұжымда және дербес ән айту қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; ән айтуда дем алу және дем шығару дағдысына жаттықтыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға үйрету; музыкалық ойындарда сезімталдығы пен зейінін дамыту.

Дене шынықтыру

"Жайна елім менің!"

Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру жаттығуын орындау; жүгіру кезінде балалардың бір-біріне соғылып қалмауы үшін арақашықтық сақтап жүгіруге жаттықтыру және бір бағытта жүгіріп келе жатып, келесі бағытқа белгі бойынша тез ауысу дағдыларын жетілдіру.


Қазақ тілі

«Үйдің көркі не?». Жиһаздар.

Міндеті. Қазақстан, оның астанасы - Астана қаласы жайында қазақ тіліндегі мәтінді тыңдауды үйрету, жиһаздардың атауларын атап, не үшін қажет екенін түсінуді үйрету, сұрақтарға дұрыс жауап беру немесе сөйлеудің дұрыс үлгілерін қайталау арқылы диалогқа түсу қабілеттерін дамыту.


Дене шынықтыру

"Тәуелсіз елім"

Міндеті. Балаларды сап түзеп бірінің артынан бірі арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіруге үйрету; сапқа өз еріктерімен тұру қабілетін жетілдіру; гимнастикалық орындықтың үстімен жүруге үйрету.

Серуенге дайындық

Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу.

Серуенге ойын құралдарын дайындау.

Серуен

Шетенді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндетіі. Қыс мезгілінде шетенді бақылауды жалғастыру, оны қатты аяздан қалай құтқаруға болатындығын айту.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: қарды белгілі бір жерге күрекпен жинау. (еңбек іс-әрекеті)

Міндетіі. Күректермен әрекет ету қабілетін бекіту.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Қар ұлпалары мен жел", "Ақшақарды тап". (дене шынықтыру)

Міндетіі. Педагогтің белгісі бойынша шеңбер бойымен жүруге үйрету, әртүрлі бағытта қозғалу.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Шанамен жарыс". (дене шынықтыру)

Міндетіі. Аяғымен итере отырып, қар үйіндісіне белгі бойынша шанамен жылжу.

Шыршаларды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндетіі. Шыршаның құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: ұжыммен қар тазалау.

Міндетіі. Ағаш күрекшені қолдану қабілетін бекіту. (еңбек дағдылары)

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Жағалаудан жағалауға". (дене шынықтыру)

Міндетіі. Шашырап, жан-жаққа жүгіру, секіру техникаларын дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Туға дейін секіру, "Қақпада". (дене шынықтыру)

Міндетіі. Алға жылжыта отырып, екі аяқпен секіруге, жорғалауға жаттығу.

Қардың жауғанын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндетіі. Маусымдық құбылыс - қардың жаууы туралы білімдерін бекіту.

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: ауладағы қарды белгілі бір жерге күрекпен салу; кіреберіске апаратын жолды тазарту. (еңбек дағдылары)

Міндетіі. Жұмысқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Аяз ата", "Қар айналады". (дене шынықтыру)

Міндетіі.

Өзіне тән қимыл-қозғалыстарды жасай білуге ​​баулу; өз әрекеттерін ойынға қатысушылардың әрекеттерімен байланыстыруды үйретуді жалғастыру.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Нысанаға тигіз". (дене шынықтыру)

Міндетіі. Дәлдікті дамыту, нысанаға затты дәлдеп лақтыруға үйрету.

Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Жұмбақ.

Көктен түсіп көбейді, Ұқсайды өзі шекерге, Бірақ ешкім жемейді, Жерде жатыр бекерге. Ол не? (Қар).

Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға метрді көрсету және қардың әр жердегі қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару.

Қимылды ойын. «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру)

Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.

Еңбек: гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру. (еңбек дағдылары)

Қарды тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқарудың кішігірім тәсілдерін қалыптастыру.

Өз бетімен ойындар: өз құрдастарымен 2-3 рөлден тұратын ойын ойнағанда бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету. (дене шынықтыру)

Терезедегі қырауды бақылау. (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Жұмбақ. Өнері жоқ, қолы жоқ, Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).

Ырым. Егер терезелердің екі әйнегі де буланса, аяз күшейе түседі.

Бақылау: шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру. Жылы, сулы булар салқын терезелер шынысына буланып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.

Қимылды ойын: «Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халқының ойыны). (дене шынықтыру)

«Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойынды өзінің және басқа ойыншының әрекетімен келістіре білуін дамыту.

Еңбек: мұз жолын жасау. Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құйып мұз айдынын жасауға үйрету. Еңбек етуге тәрбиелеу. (еңбек дағдылары)

Өз бетімен ойындар: ойында өз әрекетін жолдастарының әрекетімен келістіре білуге ынталандыру.

Серуеннен оралу

Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.

Түскі ас

Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай жеу керек.

Күндізгі ұйқы

Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі тыңдату. Жайлы тыныш ұйқы сыйлау.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Керуеттегі жаттығулар

Көзімізді ашайық Аунап, қунап алайық Ұйқымызды ашайық

"Самал жел" - іште жатып, қолдары дене бойында. Бастарын сәл көтеріп, жел соққанын келістіру: "Ф-ф-ф".

"Желдің желпуі" - іште жатып, қолдары дене бойында, қолдарын екі жаққа созу.

"Жел бұлттарды айдайды" - тізені құшақтап жату. Аяқты құшақтап денемен адына-артына тербелу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дене шынықтыру)

Бесін ас

Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. Балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Танымдық үстел үсті ойыны: «Көлеңкесін тап?»

Міндеті: Балалардың есте сақтау, көру қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа және ұқыптылыққа үйрету.

Математика негіздері

«Кім солай сөйлейді?» доппен ойын
Міндеті: Жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарына еліктеуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту 

«Өз үйіңді тап» дидактикалық ойын

Міндеті: Түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Танымдық ойын: «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Міндеті: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Математика негіздері

Сиқырлы суреттер 
Міндеті: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Құрастыру

Мүсіндеу

Балалармен жеке жұмыс

"Не өзгерді?" дамытушы ойыны.

Міндеті: балаларда кеңістіктікті бағдарлауды дамыту , есте сақтауды, қиялды дамыту.

Құрал-жабдықтар: "Үй жануарлары" ойыншықтар жиынтығы.

Ойын барысы.

Тәрбиеші ойыншықтарды үстелге қояды, балаларға оларға қарауды ұсынады.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Көркем әдебиет шығармаларын оқу.

Міндеті: балаларда мәтіннің сөздері мен дыбыстық тіркестерін қайталауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру. Балаларда көркем әдебиетке қызығушылықтарын ояту.

(көркем әдебиет)

"Пішіні бойынша таңда" (топпен жұмыс)

Міндеті: балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, заттардың пішінін дұрыс атау.

(математика негіздері, қазақ тілі, сөйлеуді дамыту)

"Лото-жануарлар" үстел ойыны.

Міндеті. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды топтастыруға және жалпы атауларын атауға үйрету. Зейінді, байқауды дамыту.

Балалар берілген суреттерді топтастырады: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреттері бойынша.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

"Ненің төлі?" дидактикалық ойыны.

Міндеті: балаларды жан-жануарларлың төлдерін атауға дағдыландыру, білімдерін тиянақтау; есте сақтау, қабылдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Құралдары: жан-жануарлардың және төлдерінің суреттері.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық, қыс тақырыбына байланысты әндер. (музыка)

Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, аққала мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу)

Ұлттық ойын- ұлт қазынасы «Асық ату», «Арқан тартыс»

Еркін рөлдік ойындар.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету. Балалардың тазалығын қадағалау жөнінде кеңес беру

Үйде тақпақ жаттатып келуге кеңес беру.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы:

Тобы: ортаңғы топ

Балалардың жасы: 3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 09 – 13 желтоқсан 2024 жыл 2-апта


Күн тәртібі

Апта күндері

Дүйсенбі

09.12.2024ж

Сейсенбі

10.12.2024ж

Сәрсенбі

11.12.2024ж

Бейсенбі

12.12.2024ж

Жұма

13.12.2024ж


Желтоқсан: Құндылық: Бірлік және ынтымақ айы. Апта дәйексөзі: Бірлік түбі‑береке.

Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут. Баланың отбасындағы тәртібі, оның әдеттері, балабақшадағы достарымен қарым-қатынасы, тамақтану және ұйықтау әдебі жайлы әңгімелесу. Қауіпсіздік ережелері: Балаларды үй жағдайында мейлі көшеде болсын өткір заттармен ойнамауды әдетке айналдыруға үйретуге кеңес беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Смарт бала» жобасы Міндеті: Балалардың конструктордан түрлі ойыншықтар құрастыруына ықпал ету, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

(Құрастыру) «Біртұтас тәрбие» жобасы


"Қуырмаш" саусаққа арналған жаттығу.

Міндеті: балаларды қимылдарды жаттығу мәтінінің ырғағына сай орындауға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту.

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш.

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр – қошақанға бар!

Сен тұр – құлыншаққа бар!

Сен тұр – лаққа бар!

Сен тұр – бұзауқанға бар!

Сен тұр – ботаңа бар!

Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап, үйде жат.

(сөйлеуді дамыту)

Санамақтар айтқызу.

"Кел, санайық санамақ"

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау - ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

(сөйлеуді дамыту)

"Желбірейік туымыздай!"

- Балалар, орнымыздан тұрып, жалаушаларымызды қолымызға алып, сергіп алайық.

Желбірейік туымыздай! (қолдарын жоғары көтеріп, жалаушаларды желбіретеді),

Тәуелсіздік теңіміз (қолдарын алға созып, жалаушаларын желбіретеді).

Татулығы желбіреген (қолдарын жанына жіберіп, жалаушаларын желбіретеді),

Егеменді еліміз (жалаушаларын төменнен жоғары қарай желбіретіп көтеру).

(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

Санамақтар айтқызу.

"Жеті ұл".

Сәл демалып, тынып ал.

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі - Дүйсенбі,

Екіншісі - Сейсенбі,

Үшіншісі - Сәрсенбі,

Төртіншісі - Бейсенбі,

Жұма деген - Бесінші ұл,

Алтыншы ұл - Сенбі,

Жетіншісі - Жексенбі.

(сөйлеуді дамыту)





Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (доппен).

1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

1.1. Балалар доптарын жоғары көтеріп, екі қолды қайшылайды.

1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады).

2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.

2.1. Қолдарын иыққа көтеріп, доптарын қояды.

2.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4 рет қайталанады).

3. Бастапқы қалып жерде отырады, аяқ алшақ, доп ұстаған қолдары екі жанында.

3.1. Аяқтарын жинап, доп ұстаған қолдарымен құшақтайды.

3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

4. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде.

4.1. Доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.

4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады).

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Таңғы ас

Тамақтану мәдениетін қалыптастыру: қасықты дұрыс ұстау, сорпаны төкпеу, нанды үгітпеу, майлықты дұрыс қолдану, тамақ ішкенде сөйлемеу.

Міндеті: өзін-өзі күту, тамақтану, арақатынасу мәдениеті негіздерін дамыту.

Асты-шашпай төкпей іш,

Сораптамай аппен іш.

Келген асты алдына

Тауысып іш қалдырма.

Тәрбиеші балалардың үстел үстінде дұрыс отыруларын қадағалайды.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері

Міндеті. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Достарымның барлығын, Сыйлап, жақсы көремін. Алақаным арқылы Жылуымды беремін. (сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

"Жаңа жыл құтты болсын!"

Міндеті. Балаларда сап түзеп бірінің артынан бірі арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру іскерліктерін дамыту; жүгіру кезінде балалар бір-біріне соғылып қалмауы үшін арақашықтық сақтап жүгіруге және бір бағытта жүгіріп келе жатып, келесі бағытқа белгі бойынша тез ауысу дағдыларына жаттықтыру.




Музыка

"Жаңа жыл - жаңа нұр".

Міндеті. Балалардың шырша және Аяз ата туралы әндерге қызығушылығы мен ықыласын ояту; әнді көтеріңкі көңіл-күйде, эмоционалды қабылдай білуге үйрету; музыкалық жетекшімен ілесе ән айту қабілетін жетілдіру; әндегі ырғақтың сипатын сезіне білу қабілетін дамыту; ән айтуда дұрыс тыныс алу дағдысына үйрету; музыка әуенімен бірге би қимылдарын орындауда ептілікке, дәлдікке үйрету; музыкадағы контрастық бөлімдерді ажырата білуге үйрету; жаңа жыл туралы ұғым беру.

"Қанша Аяз ата?" дидактикалық ойыны


Дене шынықтыру

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

Міндеті. Балаларда белгі беруі бойынша аяқтың ұшымен және өкшемен жүру, жай қалыпқа түсіп, тез ойнаған музыка әуенімен жүгіру; гимнастикалық орындықтың үстімен жүру; 3 м қашықтықта алға жылжи отырып, екі аяқтап секіру техникасын дамыту.

.

Қазақ тілі

"Шыршаның бастан кешкендері"

Міндеті. Ересек адамның көмегімен шағын өлеңді жаттауды, жаттау барысында өлеңнің мазмұнына өз қарым-қатынасын жеткізе білуді үйрету; қазақ тілінде қыс мезгілі туралы, қысқы мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Қысқы іс-шаралар тек қыс мезгіліне тән деген түсініктерін бекіту. Көркемсөз үлгілері арқылы балалардың сөйлеуін жандандыру. Сұрақтарға дұрыс жауап беру керектігін үйретуді жалғастыру. Суреттерге немесе жиі қайталанатын сөздерге сүйеніп, қазақ тіліндегі ақпаратты есту арқылы қабылдай алу қабілеттерін дамыту; сөйлеуін, кеңістіктік ойлау негіздерін дамыту. Есту зейінін және музыкаға эмоционалды қарым-қатынасын, эмоционалды жауап беруге баулу. Өзгелерге деген қайырымдылық пен жанашырлық сезімдеріне, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

"Ұйқыдағы аю".

Міндетіі. Балаларды бірінің артынан бірі арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп, саппен жүгіруді үйрету; сапқа өз еріктерімен тұру қабілетін жетілдіру; таяқ астынан тізе мен саусақты жерге тіреп, төрттағандап еңбектеу қабілетін дамыту.


Серуенге дайындық

Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу.

Серуенге ойын құралдарын дайындау.

Серуен

Әуе көліктерін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: әуе көлігі, оның қолданылуы және Міндеті туралы білімдерін кеңейту.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қар жауғаннан кейін жолды тазарту.) (еңбек іс-әрекеті)

Міндеті: бірлесіп жұмыс істеу қабілетін бекіту, жұмыстың нәтижесіне қуану.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Бұғының үлкен үйі бар". (дене шынықтыру)

Міндеті: қозғалысты мәтінмен байланыстыру қабілетін бекіту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: сызықтар арасында жүру (10-15 см). (дене шынықтыру)

Міндеті: физикалық белсенділікті дамыту және жетілдіру.

Құстарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: құс әлемі туралы білімдерін бекіту; сипаттама бойынша құстарды тану іскерліктерін жетілдіру.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қардан құрылыстар жасау).

Міндеті: педагогке қардан құрылыс жасауға көмектесуге үйрету; достық қарым-қатынасты дамыту.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Екі аяз. (дене шынықтыру)

Міндеті: мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыс жасай білуге ​​баулу.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері, қозғалыстарды дамыту: жылан секілді қозғалу.

Міндеті: балаларды бірінің соңынан бірі тұрып "жылан" секілді қозғалуға үйрету.

Қардағы құстардың іздерін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту, қай құстың ізі екенін ажырату; байқағыштық пен зейінділікке тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (қардан төбешік жасау).

Міндеті: еңбекке деген сүйіспеншілік пен достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Қимыл-қозғалыс ойындары: "Қарға - торғай".

Міндеті: мұқият тыңдап, бұйрық бойынша әрекеттерді орындау; достық қарым-қатынасты дамыту.

Өзіндік еркін ойын әрекеттері: бір кесек қармен нысанаға тигіз.

Міндеті: лақтыру күшін дамыту.

Қарғаны бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндеті: қарғамен таныстыруды жалғастыру; оның тіршілік ету ортасы, сыртқы түрі, қоректенуі, көбеюі туралы білімдерін тереңдету; құстарға деген ізгілік сезімдерін, оларға қамқорлық жасауға ұмтылуды тәрбиелеу.

Ересек адамдармен орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (учаскедегі жолдарды қар мен қоқыстардан тазарту).

Міндеті: еңбексүйгіштікке, көпшілдікке тәрбиелеу, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.


«Біз зерттеушіміз» Суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Міндетіі. Балалардың суды үнемді пайдала-ну туралы түсінікте-рін қалыптастыру. Су-дың қасиеттері тура-лы білімдерін нығай-ту, температурасы әртүрлі болатынын айту, суда кейбір заттар батып кетеді, басқалары судың беті-не шығады.

Бақылау барысы: балалардың назарын судың қасиеттеріне аудару: сұйық, әртүр-лі температурада болу мүмкіндігі (ыстық, суық). Су мөлдір, онда бәрі көрінеді. Ыстық күнде бассейн-де су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су жазда қыза-ды, адамдар шомылуға барады.Қыста қатып мұзға айналады. Үлкен балалармен суға қандай заттар батып жатқанын, қайсы батпайтынын анықтау. Неліктен олар жүзіп немесе батып бара жатқанын анықтау.

Еңбек әрекеті: Ойын алаңындағы қарды үйіп төбешіктер жасау. Оның үстіне су құйын сырғанақ жасау.

Балалардың еркін ойыны

Серуеннен оралу

Еңбегі адал жс өрен. Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру.

Түскі ас

Ас мәзірімен таныстыру. Балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру.

Күндізгі ұйқы

Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі тыңдату. Жайлы ұйқы сыйлау.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары

Төсектегі жаттығулар. Ұйқыдан тұрғанда , бірден төсектен тұруға болмайды. Біртіндеп тұру қажет.

1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін еркін шығару.

2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.

3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.

4. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолдарын жанында ұстап, аяқтарын көтеріп велосипед тебу.

Төсектен тұрғызу.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Бесін ас

Ас мәзірімен таныстыру. Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Орман шыршасы".

Міндеті. Балаларда "биік", "аласа" ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру;; жабайы аңдардың қысқы тіршілігін пысықтау, адамдардың жаңа жылды қарсы алу әдебімен таныстыру.

Үстел басындағы дамыту жаттығуы. "Биік шыршаны табайық".

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Аяз өрнектері".

Міндеті. Қыс құбылыстары туралы көркем сөздер мен жұмбақтар арқылы балалардың сөздік қорын молайту; ой белсенділігін, бақылау, талдау, тұжырымдар жасау дағдыларын және зейіні мен есте сақтауын, ойлауы мен қабылдау қабілетін дамыту.


Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Аяз ата туралы тақпақ жаттау".

Міндеті. Балаларды Жаңа жыл туралы тақпақпен таныстыру; көркем сөзді мәнерлеп оқу үлігімен таныстыру.

Драматизация.

"Үйшік" ертегісін фланелеграф театрын қолдану арқылы сахналау.

"Үй құрылысы" ойыны.

Міндетіі. Балаларды құрылысшы қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру; құрылыс материалдарының қарапайым түрлері мен құрылысшыға қажетті құралдар туралы білімдерін кеңейту; үй құрылысын ойыншық құрылыс материалдарымен салуды үйрету

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Қардың қасиеті".

Міндеті. Балалардың қыс мезгілде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту; қардың қасиетімен таныстыра отырып, қардың қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру; қардың қасиеттерін атай білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: "Бұл не?".




Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Қыс келді атты суретпен танысу".

Міндетіі. Балалардың қыс туралы ұғымдарын пысықтау, сөз тіркестері мен жай сөйлемдер арқылы құбылыстарын сипаттау тәртібіне үйрету.

Дамытушы жаттығу. "Қай мезгілде болады?"

Міндетіі. Шеңберге тұрғызып ойнату, мнемосызбаларды қолдану.


.

Балалармен жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс:

Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту.

Сурет салу

Жеке баламен жұмыс: Балаға тыныс алу жаттығуын жасату.

Сөйлеуді дамыту

Жеке баламен жұмыс: Қайшыны дұрыс ұстауға үйрету.

Құрастыру

Жеке баламен жұмыс: Балаға түстерді ажырата білуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Қыста" тақпағын жаттатқызу.

Міндетіі. Бала тілін дамыту. Тақпақтар айтқызу.

(Көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Еңбегі адал жас өрен. Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге ойын жабдықтарын іріктеу; балалармен жеке әңгімелесулер; шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін реттілікпен киюін қадағалау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық, қыс тақырыбына байланысты әндер. (музыка)

Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, аққала мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу)

Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Ұлттық қйын‑ ұлт қазынасы «Қыз қуу», «Бәйге» Ұлттық ойындарға қызығушылыққа, ептілікке баулу.

Еркін рөлдік ойындар.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі15 минут. Үйде баланың балабақшада алған білімін қадағалау. Баланы үйде аяқ киімін оң, теріс деп үйрету. Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі