«Ақмола облысы білім басқармасының
Ерейментау ауданы білім бөлімінің
Ақсуат ауылының жалпы білім беретін
мектебі» КММ-нің директордың м.а.
Туребаева А.П.
02.09.2025ж
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің Ақсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Топ: Мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы: 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі:01-05 қыркүйек 2025 жылы
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
|
Балаларды қабылдау |
Балаларды жылы қарсы алу, ата-аналарымен амандасу Балалардың сыртқы келбетін, денсаулық жағдайын бақылау (көңіл-күйі, тазалығы, дене температурасы, т.б.) Ата-аналардан баланың денсаулығы туралы қысқаша ақпарат алу Балаларды жеке-жеке ойынға бағыттау, таңғы тыныш ойындарды ұйымдастыру Әлеуметтік қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау (құрдастарымен амандасу, әңгімелесу) Қауіпсіздікті қамтамасыз ету (заттарын дұрыс орнына қою, тәртіп сақтау) Қауіпсіз,жайлы дамытушы білім беру ортасын құру Қазақ халқының мәдени мұрасы домбыра күйлерін қосу Күй күмбірі |
|||||
|
Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру |
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынасын орнату; балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен МДҰ-ның күш-жігерін біріктіру;ата-аналардың, МДҰ тәрбиеленушілері мен педагогтерінің қарым- қатынасына оң көзқарас, ортақ мүдделер, өзара түсіністік атмосферасын құру. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру Балаңызға өздігінен киінуге мүмкіндік беріңіз, аздап уақыт қалдырыңыз. |
|||||
|
Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары |
|
«Ұшады, жүзеді, жүреді» үстел үсті ойыны: Міндеті Тәрбиеші көліктің түрлерін суреттерін көрсетеді, ал балалар қимыл-қозғалыспен оны көрсетіп – ол ұшама, жүреме, жүзе ме айтады. Коммуникативтік дағдылар |
«Теңге алу», «Айырмашылығын тап», «Банкомат», «Ақшаны жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту Бір тұтас тәрбие |
Табиғат бұрышындағы еңбек. Міндеті :Еңбекке байланысты мақал-мәтелдер айту. Гүлдерді суарып, қопсытуға көмектеседі Әлеуметтік дағдылар,экологиялық тәрбие |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттердегі мінез-құлық ережелерімен таныстыру, Жедел қызметтің телефон нөмірлері, терезе алдына шықпауға үйрету қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған балалар әрекеті түрі |
|
|
Ертеңгілік жаттығу |
«Менің Қазақстаным» әнұран тыңдату,бірге орындау,жаттату Әнұран орындалғанда қолды жүрек тұсына қою, тік тұру, тыныштық сақтау дағдыларын бекіту. Әнұран кезінде балалардың бір-біріне ескерту жасауы емес, үлгі көрсету арқылы тәртіпке үйрету. Қыркүйек айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені Таңғы жаттығуларды ұлттық немесе заманауи ритмді күйлердің сүйемелдеуімен орындау.Мақсаты: Қозғалыс белсенділігін арттырумен қатар, күй ырғағын сезінуге, музыкалық есту қабілетін дамытуға ықпал ету. Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті, «Күй күмбірі» Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы |
|||||
|
Таңғы ас |
Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету, балаларға табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру, суды, жарықты, үнемдеуге үйрету. Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті, «Үнемді тұтыну» Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы |
|||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
|
Қаржылық сауаттылық Ойын атауы: «Дүкен» Мақсаты: Ақша туралы қарапайым түсінік қалыптастыру, санауды үйрету. Құралдар: Жеміс-жидек макеттері, ойыншық ақша, дорба. Ойын барысы: Бір бала – сатушы, қалғандары – сатып алушылар. Балалар ақшаларын санап, «тауарды» сатып алады. Тәрбиеші «артық ақша қалды ма, әділ төледің бе?» деп бағыт береді |
Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы Ойын атауы: «Шындық пен өтірік» Мақсаты: Балаларды адалдыққа тәрбиелеу, шындықты айтуға үйрету. Құралдар: Суреттер (мысық, ит, бала, ойыншықтар). Ойын барысы: Тәрбиеші суретті көрсетіп, қасақана қате айтады («мынау ит емес, мысық»). Балалар қатесін тауып, дұрыс жауап береді. «Адал бала әрқашан шындықты айтады» деп бекітеді. |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Ойын атауы: «Асық ойыны» (жеңілдетілген нұсқа) Мақсаты: Ұлттық мұраға қызығушылық тудыру, дәлдікке, ептілікке үйрету. Құралдар: Асықтар, сақа. Ойын барысы: Балалар кезекпен асық атады. Қайсысы асықты дәл түсірсе – сол жеңімпаз. Тәрбиеші «ұлттық ойын – халқымыздың қазынасы» екенін түсіндіреді. |
Адалдық әліппесі Ойын атауы: «Жоғалған ойыншық» Мақсаты: Балаларды адалдыққа баулу, бір-бірінің затын рұқсатсыз алмауға үйрету. Құралдар: Қуыршақ немесе ойыншық. Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты ортаға қойып: «Бұл ойыншықтың иесі жоқ сияқты. Не істейміз?» – деп сұрайды. Балалар: «Иесіне қайтарамыз», «Тәрбиешіге апарамыз» деп шешім айтады. Соңында тәрбиеші: «Адал бала – әрқашан жоғалғанды иесіне қайтарады» деп бекітеді. |
|
|
Кестеге сәйкес ҰІӘ |
|
Көркем әдебиет М.Төрежанов «Кішкентай бағбан» Іс-әрекет барысы: Ұйымдастыру сәті – балаларды дөңгелете отырғызып, табиғат туралы жұмбақ жасыру. Кіріспе әңгіме – «Бақшада не өседі? Адамдар не істейді?» деген сұрақтар арқылы ой қозғау. Әңгіме тыңдату – тәрбиеші мәнерлеп «Кішкентай бағбан» әңгімесін оқып береді. Сұрақ-жауап – кейіпкерлерді атау, оқиғаның немен аяқталғанын талқылау. Суретпен жұмыс – сурет бойынша әңгімелеу: «Бұл бала не істеп жатыр? Ол кімге көмектесті?» Қимыл-қозғалыс ойыны – «Бағбаншылар» (балалар гүл егіп, су құйып жатқандай қимыл жасайды). Қорытынды – еңбектің маңызы туралы әңгімелеу, балаларға: «Сендер үйде ата-аналарыңа қалай көмектесесіңдер?» деген сұрақ қою. Сауат ашу Сөз және дыбыс ұғымы Кіріспе: Балаларға әртүрлі сөздер айту (ана, ойыншық, алма). «Сөз неден тұрады?» деп сұрау. Мақсат: Сөздің дыбыстардан құралатынын түсіндіру. Дыбысты естіп, ажыратуға үйрету. Әдіс: Тыңдау, сұрақ-жауап, ойын. Тапсырма: «Дыбысты тыңда» ойыны – тәрбиеші дыбыс айтады, балалар сөз ойлайды. Дене тәрбиесі Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар Мақсат: Қолдың бастапқы қалыптарын орындау, иық бұлшықеттерін шынықтыру. Жаттығулар: Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу. Қолды жоғары көтеру және жанға созу. Қолды желкеге қою. Негізгі қимыл: сапта жүру, аяқтың ұшымен жүру. Ойын: «Қарлығаштар ұшып жүр» (қолды жанға жайып ұшу). |
Математика негіздері Жиын ұғымы Кіріспе: Балаларға үстел үстінде әртүрлі ойыншықтар (қуыршақ, көлік, кубик) қою. «Мына заттардың бәрін қалай атаймыз?» деген сұрақ қою. Мақсат: Жиын ұғымын қарапайым түрде түсіндіру. Заттарды түстері, пішіндері, өлшемдері бойынша біріктіру. Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, көрсету, сұрақ-жауап, ойын. Ойын-жаттығулар: «Түстер әлемі» – балалар қызыл, жасыл, көк ойыншықтарды бөлек қораптарға салады. «Кім тез?» – пішіндерден дөңгелек пен төртбұрышты тез табу. Сауат ашу негіздері Сызықтар мен штрихтар салу Мақсат: Түзу және қисық сызықтар жүргізуді үйрену. Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Әдіс: Дәптермен жұмыс, сызық сызу. Тапсырма: Дәптерде жоғарыдан төмен түзу сызық сызу. «Жаңбыр жауды» ойыны – нүктелерді сызықпен қосу. Дене тәрбиесі Саусақ және қол бұлшықеттерін дамыту Жаттығулар: Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру. Қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру. Негізгі қимыл: тізені жоғары көтеріп жүру, заттардан бір қырымен аттап өту. Музыкалық қимыл: «Биші қимылдары» – әуенмен ырғақты қимылдар. Ойын: «Кім шапшаң?» – белгі бойынша қозғалысты өзгерту. Тіл дамыту Дауысты дыбыстарды дұрыс айту Мақсат: Ана тіліндегі дауысты дыбыстарды (а, о, ұ, ү, е, ы, і, ә, і) дұрыс айтуға үйрету. Дыбысты анық айтуға дағдыландыру. Әдіс-тәсілдер: Артикуляциялық жаттығулар, өлең жолдарын айту, жаңылтпаш. Тапсырмалар: «Дауыстап айт» ойыны – суреттегі затты атап, дауысты дыбысты бөліп айту. Жаңылтпаш жаттау («Ата, ата, балта әкел»). Мүсіндеу Жапсыру Сурет салу Құрастыру «Күзгі бақшада» Сурет салу: Балалар бояумен ағашқа ілінген алмаларды салады (қылқаламды көлденең, тігінен ұстау). Мүсіндеу: Ермексаздан сәбіз, қияр сияқты көкөністерді пішіндеу. Жапсыру: Қайшымен қиып алынған жапырақтарды суреттің айналасына жапсыру. Құрастыру: Конструктордан бақшаның шарбағын құрастыру. |
Қазақ тілі Ауызекі Тіл дамыту. Қарым-қатынас құралы Мақсат: Балаларды өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Сұраққа қысқа, нақты жауап беруге ынталандыру. Тапсырмалар: «Сәлемдесу шеңбері» ойыны – әр бала көршісіне жылы сөз айтады. «Кім не істеп жатыр?» – сурет бойынша сөйлем құрастыру. Көркем әдебиет М.Төрежанов «Кішкентай бағбан» Іс-әрекет барысы: Ұйымдастыру сәті – табиғат туралы қысқа өлең немесе тақпақ айту. Әңгімені еске түсіру – суреттерді ретімен қойып, балалардан мазмұнын айтқызу. Әңгімелету – бір-екі балаға әңгіме желісін баяндатып, теңеулер қолдануға жетелеу (мысалы: «гүл күндей жайнады», «су мөлдір моншақтай тамшылады»). Шығармашылық жұмыс: Балалар бақша, гүл немесе ағаштың суретін салады. Салған суреті бойынша қысқа әңгіме құрайды («Менің бағбан атам бар. Ол...») Дидактикалық ойын – «Қайда өседі?» (балаларға әртүрлі сурет көрсетіледі: гүл, ағаш, көкөніс – қай жерде өсетінін табады). Қорытындылау – еңбектің қуанышы мен пайдасын атап өту. Балаларды табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Математика негіздері Жиынды бөлу Кіріспе: Бір қорап қарындашты көрсету. «Бұл жиын ба?» деп сұрау. «Оны қалай бөлуге болады?» деген ой тастау. Мақсат: Жиынды бөліктерге бөлуді үйрету. Бүтін мен бөліктің арасындағы байланысты түсіндіру. Әдіс-тәсілдер: Тәжірибелік жұмыс, ойын, топпен орындау. Ойын-жаттығулар: «Бөл де сал» – қарындашты қызыл, жасыл бөлікке бөлу. «Жемістерді бөліп ал» – суреттегі жемістерді бөлу: алма бөлігі, алмұрт бөлігі. Музыка Музыка тыңдау және ән айту Мақсат: Музыкалық шығармалардың көңіл-күйін ажырата білу. Ән айтуға қызығушылығын арттыру. Тапсырмалар: Шағын әуен тыңдау («Көңілді марш», «Әлди әні») – көңіл-күйін анықтау. Қарапайым балалар әнін үйрену (2–3 шумақ). |
Математика негіздері Жиын және оның элементтері Кіріспе: Балаларға түрлі түсті ойыншықтар, пішіндер, суреттер көрсету. «Бұлар не?» деп сұрау. Негізгі бөлім: Жиын әртүрлі элементтерден құралады (түсі, пішіні, өлшемі бойынша). Әр балаға суреттер немесе кубиктер беріп, белгісі бойынша топтастыру. Ойын-жаттығулар: «Түстер жиыны» – балалар қызыл заттарды бөлек, көкті бөлек жинайды. «Қимыл жиыны» – секіретіндер бір бөлік, қол шапалақтайтындар – екінші бөлік. Қорытынды: Жиын – көп заттан тұрады, оларды біріктіруге болады. Қазақ тілі Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Фонематикалық естуді дамыту Мақсат: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Сөздегі дыбыстардың орнын (басында, ортасында, соңында) табуға үйрету. Тапсырмалар: «Дыбысты тап» ойыны – тәрбиеші сөз айтады, балалар дыбыстың орнын анықтайды. Жаңылтпаш айту («Балпаң-балпаң басып жүр, балапаным, басып жүр»). Қоршаған әлеммен таныстыру Мен кіммін? Менің отбасым Мақсат: Баланың өзін тұлға ретінде тануына көмектесу. Отбасы мүшелерін атау, олардың рөлін түсіну. Әдістер: Сұрақ-жауап, әңгіме, сурет көрсету. Тапсырмалар: «Отбасым суретте» – отбасының суретін салып, таныстыру. «Кім не істейді?» ойыны – әр отбасы мүшесінің міндетін айту. Музыка Музыкалық-ырғақтық қимылдар Мақсат: Музыка сипатына қарай қимылды өзгерту. Дене қимылдарын ырғақпен үйлестіру. Тапсырмалар: «Марш» әуенімен саппен жүру. Жеңіл би қимылдары (қол шапалақтау, аяқпен топылдату). |
|
|
Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары) |
|
Үй жануары мысық , ит қалай дыбыстайды даусынан тану дыбысты қайталауды дамыту (Тіл дамыту және көркем әдебиет) |
Көлеңке театрымен таныстыру, көлеңке театрының кейіпкерлерінен ата, апа бейнесін танып атау, сәлемдесу, қоштасу сөздерін айтуды үйрету (Көлеңке театры) Құм терапиясы Құм терапиясымен таныстыру, құммен ойнаудың алғашқы техникасын үйрету. |
Қуыршақ театрының кейіпкерлерінен ата, апа, ана, әке бейнесін танып атау, сәлемдесу, қоштасу сөздерін айтуды үйретуді пысықтау (Көркем әдебиет) ойыншықтармен ойынойнауын жетілдіру (Құрылыс ойындары) |
Топтағы табиғат бұрышын тамашалатуды үйрету. (Қоршаған әлеммен таныстыру) Үстел үсті театры Үстел үсті театрымен таныстыруды жалғастыру, кейіпкер аттарын қайталату. |
|
|
Балалармен жеке жұмыс |
|
«Мен және менің атым» Баланың өзін таныстыруына жағдай жасау (аты-жөні, жасы). Сөздік қорын дамыту (сұрақ-жауап ойыны: «Сенің атың кім?», «Жасың нешеде?»). Ұсақ моторика: сурет дәптеріне өз атын бастырып салғызу (тәрбиеші көмегімен). |
«Түстер әлемі» Негізгі түстерді (қызыл, көк, жасыл, сары) ажыратуға жеке жұмыс. «Қай түс?» ойыны: тәрбиеші бір түсті көрсетеді, бала атайды. Жеке балаға түрлі түсті қарындаш беріп, дұрыс қолдануға үйрету. |
«Сандар досымыз» 1–3 сандарына жеке-жеке үйрету. Саусақпен, ойыншықпен санау. «Қанша ойыншық бар?» ойыны арқылы санау дағдысын дамыту. |
«Тіл дамыту» Әр баламен қысқа әңгіме: «Отбасым», «Менің сүйікті ойыншым». Сөздік қорын толықтыру, сөйлем құрастыруға үйрету. «Сурет бойынша әңгімеле» әдісі: суретті көрсетіп, балаға 2–3 сөйлем айтқызу. |
|
|
Серуенге дайындық |
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру. Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (Тіл дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). Серуен алдында және барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау: топтан бөлінбеу, ойын алаңын дұрыс пайдалану, қауіпті заттарды ұстамау, ауызға салмау ережелеріне үйрету Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, жайлы,дамытушы білім беру ортасын құру |
|||||
|
Серуен |
|
«Эстафеталық лабиринт»
Мақсаты: Ептілік, бағдарлау
және уақытпен жарысу қабілетін арттыру. |
«Ғарыш сапары»
Мақсаты: Қиялды, бағыт-бағдар
сезімін дамыту. |
«Кодты жеткіз» Мақсаты: Жүгіру жылдамдығы мен
зейінді дамыту. |
«Мылтықсыз
мергендер» Мақсаты: Дәлдік, көз мөлшерін
және қол бұлшық етін дамыту. |
|
|
Серуеннен оралу |
Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті). |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Балаларды ата-анасына жылы қарсы алып, тапсыру.Ата-аналарға баланың күн ішіндегі көңіл-күйі, жетістігі, іс-әрекеті туралы қысқаша ақпарат беру.Балалардың жеке заттарын (киім, аяқ киім, қолөнер жұмыстары) дайындап беру.Ата-анамен бала тәрбиесіне байланысты қысқа кеңес беру.Балалардың қауіпсіздігін қадағалау (ата-анасына немесе сенімді адамға ғана тапсыру). Қоштасу дәстүрін қалыптастыру (амандасу, «сау болыңыз» деп айту). |
|||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
циклограмма қыркүйек айы

шағым қалдыра аласыз