ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ
Білім беру ұйымы:
Топ:
Балалардың жасы:
Жоспардың құрылу кезеңі:
Тәрбиеші:
|
Апта күндері |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|
Балаларды қабылдау |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. Сәлемдесу Қайырлы таң, ашық аспан! Қайырлы таң, кең далам! Қайырлы таң, күннің нұры! Қайырлы таң, балабақшам! Бәрі бірге айтады. (сөйлеуді дамыту) |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. Сәлемдесу Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға Ертемен ақ пейілмен "Қайырлы таң!"- деймін мен. Күндіз де елді елеймін: Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін «Кеш жарық!» - деп кіремін. (сөйлеуді дамыту) |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. (қарым-қатынас іс-әрекеті, музыка) BilimKids дамытушы мультфильмді қосып қарсы алу. (қарым-қатынас іс-әрекеті, музыка) |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. Сәлемдесу «Армысың шапағатты, Күн-Ана!» Армысың шапағатты, Күн-Ана! Армысың қайырымды, Аспан-Ана! Армысың мейірімді, Жер-Ана! Құт дарыт, бар әлемді жарылқа! (сөйлеуді дамыту) |
Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. Білім тақырыбында әуенді қосып қарсы алу. Сәлемдесу «Достық» шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Табиғатты қорғаймыз. (сөйлеуді дамыту) |
|
Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен кеңес, әңгімелесу |
"Балалардың балабақшаға қалыптасу ерекшеліктері" |
"Балалардың ең сүйікті ойыншығы мен заты туралы" |
"Баланың қандай тағамға аллергиясы бар?" |
Әңгімелесу. "Балабақша ережелері" |
"Достарымыздың арасында өзімізді қалай ұстау керекпіз?" тақырыптарында әңгіме жүргізу. |
|
Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар) |
1 қыркүйек - Білім күні «Балабақша - жайлы мекен» «Өнегелі тәрбие» Еңбек: Аквариумдағы балықтарды қоректендіру. Мақсат-міндеттері. Балыққа қамқорлық жасауға дағдыландыру (жемді үгітіп шашырату), аквариумдағы балықтың тіршілігіне қызығушылық таныту. «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Гимн орындауы. Міндеттер: Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады. (музыка) Сурет салудан ойын-жаттығу. "Түрлі түсті доптар" Мақсат-міндеттері. Балаларды түрлі түсті қарындашпен (фломастермен) қағаз бетіне көлемі әртүрлі дөңгелектерді, доптарды, салуды үйрету; дөңгелектерді түзу сызықтармен, нүктелермен безендіру амалдарымен таныстыру; доппен ойналатын ойындар туралы мағлұматтарын кеңейту. (сурет салу) Түрлі түсті доптардың түстерін қазақ тілінде атау. (қазақ тілі) Саусақ жаттығуы. "Түймеше". Тоқ-тоқ, тоқ-тоқ, саусағым, Соққылайды томпағым. Түймешені, түймешені, Басып, басып таппадым. (сөйлеуді дамыту) |
«Өнегелі тәрбие» Еңбек: "Топтың ішін ретке келтір". Мақсат-міндеттер. Балаларды ересектерге көмектесуге машықтандыру; шкафтарғы ойыншықтар мен құралдардың ретсіздігін байқап, тазалықты орнатуға тарту; еңбек дағдыларын, ұқыптылықты қалыптастыру. Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу. "Ойыншықтармен танысу". Балаларға балабақша туралы түсінік беру, балабақша мен топтың атауларын жатқа айта білуді үйрету. "Сандықтарды жинайық" зерттеу жаттығуы. Сюжеттік ойыншықтармен ойнау. Ертегі оқу. (көркем әдебиет) Үстел-үсті театры. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) |
«Өнегелі тәрбие» Еңбек: Балабақшадағы арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Санамақтар айтқызу. М. Қуанышбеков "Санамақ". Екі көз бен қос құлақ Бір бас пенен бір мұрын Нешеу болды қос шырақ, Санап шығар кім бұрын?! Екі аяқ пен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің ... Нешеу болды қане, бол, Санап шығар кім бұрын?! Сұқ саусағым суға барды Ортаң қолым орақ орды. Аты жоғым ағаш жарды, Жұмсамапты алақаным, Тек шынашақ-балапанын. (сөйлеуді дамыту) |
Қазақстан халқы тілдері күні "Тілім менің тірегім" атты тақырыбында әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, қазақ тілі, көркем әдебиет) «Өнегелі тәрбие» Еңбек: "Ұйымдастырылған іс-әрекеті кезінде оқу құралдарын тарату және орындарына жинау іскерліктеріне ынталандыру. Музыкалық-дидактикалық ойын. «Қуыршақ Әйгерімнің сыйлығы». Міндеттер: Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, түсін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. |
«Өнегелі тәрбие» Еңбек: Балаларды тамақ ішкенде табақшаларды, қасықтарды қою, ішіп болғанда жинастыру іскерліктерін ынталандыру. "Сиқырлы қапшық" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттері. Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруды, топтастыруды үйрету. Мазмұны: балалар "Сиқырлы қапшықтың" ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атап, түсін айтады. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
|
Ертеңгілік жаттығу |
Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға сыятын текшелермен) 1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде 1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып, текшелерді көрсетіп: "Міне!" дейді; 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қолдағы текшелер көкірек тұсында 2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп: "Міне! " "Міне!" дейді; 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде 3.1. Жерге отырып, қолдарын алдына созып: "Міне!" дейді; 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 4-5 рет қайталанады). 3.2. Бастапқы қалып (жаттығу 3 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қолдағы текшелер көкірек тұсында. 4.1. Бір орында тұрып секіру, қолдарын көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму. 4.2. Бастапқы қалып алақандарын ашу "Міне!" дейді (жаттығу 3 рет қайталанады). (дене шынықтыру, дербес әрекет) |
||||
|
Таңғы ас |
Гигиеналық дағдылар Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру. Біз ақылды баламыз. «Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Айтқан тілді аламыз. Тамақ ішер алдында Тып-тыныш отырамыз! (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту) |
||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
«Балабақша» тақырыбында иллюстрациялық суреттерді қарастыру. (қарым-қатынас іс-әрекеті) |
«Тәрбиеші» тақырыбында иллюстрациялық суреттерді қарастыру. (қарым-қатынас іс-әрекеті) |
"Кемпірқосақ" ойыны. Мақсат-міндеттері. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар ортаға шығып, түстердің атауларын атайды. Бір бала қарамай тұрып, қайсы қандай түс екенін қазақ тілінде айтып береді. (қарым-қатынас іс-әрекеті) |
"Туған тілім - тұғырым" атты салтанатты жиын ұйымдастыру. (қарым-қатынас іс-әрекеті) |
"Тым-тырақай" ойыны. Мақсат-міндеттері. Балалардың шапшаңдық, зеректік, кеңістікті бағдарлау, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту. Балалар шеңбер құрайды. Бір немесе бірнеше бала шеңбер ортасында санамақ сөздерінен кейін ұстап алушылардың рөлін атқаратын болады. Ойын қайта басталады. (дене шынықтыру, қарым-қатынас іс-әрекеті) |
|
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Дене шынықтыру "Қуыршақ Дана сапта тұр" Мақсат-міндеттері. Балаларды сапқа бір-бірден және бірінің артынан бірі тұрып жүруге, жүгіру жаттығуларын жасауға үйрету; сап түзеп тізесін жоғары көтеріп жүру дағдыларын жетілдіру; сап түзеп жүргенде қимыл үйлесімділігін сақтау қабілетін қалыптастыру; 2-3 метр қашықтықта алға жылжи отырып, екі аяғымен секіру және бір-біріне қарама-қарсы отырып, допты домалату дағдысын жетілдіру; сап түзеп шеңберге ауысу дағдыларына үйрету. |
|
Дене шынықтыру "Әдемі сап түзейміз!" Мақсат-міндеттері. Балаларды бірінің артынан бірі сап түзеп жүру, педагогтің белгі беруі бойынша аяқтың ұшымен жүріп, жай қалыпқа түсу, тез ойнаған музыка әуенімен жүгіру, жүгіріп келе жатып жай жүріске ауысу және тізені жоғары көтеріп, денені тік ұстап жүру іскерліктерін дамыту; бір-біріне қарама-қарсы отырып допты домалату іскерліктерін жетілдіру; допты домалату (1,5-2 м қашықтықта аяқты алшақ ұстап отырып) жаттығуларын орындау; ұйымдастырылған іс-әрекетке қызығушылықтарын ояту. |
Қазақ тілі "Балабақшаға саяхат". Кел, танысайық!" Мақсат-міндеттері. Қазақ тілін тыңдап, түсінуге, қабылдай алуға үйрету, ересек адамның үлгісі бойынша амандасуды және қоштасуды, өзін таныстыруды білдіретін сөздерді түсінеді және қолдана алады, сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Музыка "Ойыншықтар". Мақсат-міндеттері. Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сипатын ажыратуды үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру; қызықты ойындарға толы балабақша мен ойыншықтар жөнінде ұғымдарын кеңейту. Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сын-сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру; қызықты ойындарға толы балабақша мен ойыншықтар жөнінде ұғымдарын кеңейту. |
Дене шынықтыру "Сапқа тұрайық". Мақсат-міндеттері. Балаларды сап түзеп тізесін жоғары көтеріп жүру дағдыларын жетілдіру; сап түзеп жүргенде қимыл үйлесімділігін сақтау қабілетін қалыптастыру; 2-3 метр қашықтықта алға жылжи отырып, екі аяғымен секіру және бір-біріне қарама-қарсы отырып, допты домалату дағдысын бекіту. |
|
|
"Қуыршақты серуенге шығарайық" ойыны. Мақсат-міндеттері. Балалардың киімдерін киіну тәртібі туралы білімдерін бекіту және нақтылау. Сөздік қорларын байыту. (сөйлеуді дамыту)
|
Құрастырудан ойын-жаттығу. "Балабақша - біздің үйіміз". Мақсат-міндеттері. Балаларды құрылыс материалдары кірпіш және призма қасиеттерімен таныстыру жүйесін жалғастыру, жазықтықта орналасу принциптерін пысықтау; текшелерді бір баған тәрізді, бірінің үстіне бірін қойып, қолмен түзеп отыруға, тағы бір текшелерді биік бағанға жан-жақтан тіреп қоюға, текшелер үстіне призмаларды, шатыр тәрізді, құламайтындай, қоюға үйрету; достық туралы ұғым беру. "Балабақшаны қалайық" іс-тәжірибе жаттығуы. Мақсат-міндеттері. Текшелер мен призмалардан құрылған құрылыс материалдарының жинағынан балабақша құрау. |
«Күй күмбірі» «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» Қазақ халқының ұлттық ойыны. «Теңге ілу». Шарты. Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20- 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан теңге салынады. Содан соң екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңгелерінің санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. |
Сюжетті-рөлдік ойын "Қуыршақты тамақтандыр". Мақсат-міндеттері. Ірі құрылыс материалдарымен, құрастырғыштармен ойындар ұйымдастыру. (сөйлеуді дамыту, құрастыру) |
"Автобус" сюжетті-рөлдік ойыны. (қоршаған ортамен танысу) Мақсат-міндеттері. Балалардың автобуста жүру ережелеріне баулу; жолаушы мен жолаушылар туралы түсініктерін тиянақтау; сыпайылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Құралдар. Автобус салонын білдіретін үлгі, орындықтардың белгілі қатармен тізіліп тұруы; руль, билеттер жинақтамасы.
|
|
Серуенге дайындық |
Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Көлеңкені бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттері. Көлеңке құбылысына қызығушылықты ояту; көлеңкенің жарық күнмен тікелей байланысын көрсету; байқағыштыққа тәрбиелеу; жағымды эмоцияларды дамыту. Педагог көлеңкенің тек күн (жарық) түскенде пайда болатынын көрсетеді, айтып түсіндіреді. Абай Құнанбайұлы "Көлеңке басын ұзартып". Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көк жиектен асырса... Іс-тәжірибеде балаларға ұнаған қимылдарды жасатып, көлеңкенің айнадай тура сол қимылдарды қайталайтынын, көлеңкенің қара, сұр түсті ғана болатынын байқату. Еңбек әрекеті: қурап түскен жапырақтарды жинау. (қоршаған ортамен танысу, еңбекке баулу дағдылары) Мақсат-міндеттері. Балалардың қарапайым еңбек дағдыларына машықтандыру. "Үрпек төбет" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз) Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға баулу; бір бағытта, бірін-бірін қақпай, жылдам жүгіруге жаттықтыру; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың еркін ойнайтын ойындары. |
Аула құстарын бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, көркем сөз, сөйлеуді дамыту) Көркем сөз. Торғай, торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып-ап Бөтегесі томпиып Шиқ-шиқ етіп отырар. Торғай-торғай тоқтаған, Торғайды торғай мақтаған. Бір торғай ұшса боранда, Бәрі жабылып жоқтаған. - Балалар, біз бақылаған құс қалай аталады? - Бұл құс немен қоректенеді? Қайда мекендейді? Бұл құстың адамға пайдасы бар ма? "Құстар және түлкі" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге және бір жерге жиналуға дағдыландыру; ойын барысында кейіпкерлердің рөлін аяғына дейін сомдауға, бір-біріне соғылмай қимылдауға, ережені бұзбауға жаттықтыру; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еңбек әрекеті: қолөнер сабақтарына табиғи материалдарды жинау. Мақсат-міндеттері. Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына машықтандыру. Балалардың еркін ойындары. |
Күнді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу) Мақсат-міндеттері. Серуендеуге, күнге қызығушылықты ынталандыру. Күннің кешке қарай көкжиекке түсетінін көрсету, күннің салқындау болғанын сезінуге шақыру. "Күн мен жаңбыр" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге және бір-біріне соғылмай, бір жерге жиналуға дағдыландыру; (вестибуляр) тепе-теңдік аппаратын, кеңістікті бағдарлау қабілетін жетілдіру; ептілікке, достыққа тәрбиелеу. Шарты: балалар "күн" дегенде барлығы қыдыруға шығады. Ал "жаңбыр" дегенде қолшатырдың айналасына жиналады. "Кеглиді қағып ал" жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Допты тура бағытта домалатып, алшақ тұрған кеглиді қағып түсіруге дағдыландыру; дәлдікке, ептілікке, зеректікке баулу. Еңбек тапсырмасы: ойын аяқталғаннан кейін барлық заттарды жинастыру. Мақсат-міндеттері. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Балалардың еркін ойындары. |
Аспанды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен таныстыру) Мақсат-міндеттері. Балаларға көк аспанның кеңдігін тамашалауды үйрету; бұлтты ажырата білу, аспан бұлтты, бұлтсыз екенін байқау; бұлттың қозғалысын бақылау; табиғаттың әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу. Ашық аспанда бұлтты байқау оңай, оның баяу қозғалатынын, бірте-бірте көбейіп, өзінің түрін өзгертетінін, мақтаға ұқсайтынын немесе ыдырап кететінін бақылау. Жұмбақ. (көркем әдебиет) Көзі жасты – жылауық, келе жатыр бір алып. Жабырқаса, жылайды, жадыраса құлайды. (Бұлт.) Тақпақ. - Ақсың, сұрсың, қарасың, Қайда қалқып барасың? - Жерге нөсер төгемін, Өссін гүлдер, көп егін! - Гүл-гүл жайнап өсер көк, Нөсерлетсең, нөсерлет. "Не жөнінде айтылады?" ойыны. Мақсат-міндеттері. Сын-сипатына қарай табиғат құбылысын шеше білуге машықтандыру (жарқырайды, аспан, бұлыңғыр бұлттар ұшады, найзағай ойнайды). "Доппен лапта ойнау" қимылды ойыны. Мақсат-міндеттері. Екі топқа бөлінуді үйрету, ойыншыларға допты лақтыру, ойын тәртібін (сызықты баспай) сақтай отырып; қозғалыс тепе-теңдігін дамыту. Еңбек әрекеті: қурап қалған шөптерді жинау (тәрбиешінің көмегімен). |
Теректі бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз) Мақсат-міндеттері. Бақылау барысында теректің құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру. Тақпақ. Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз. Терек егеміз бақтарға, Айналасын қоршаймыз. - Балалар, бұл терек ағашы. Терек ағашына жақындау. - Терек - жылдам өсетін ағаш. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. Жапырақтары гүлдеген кезде терек жасыл қалпақ киген сияқты, жазда теректен мамық ұшады. Ағаштың жапырақтарымен бірге бұтақтар тәж деп аталады. Терек ауаны жақсы тазартады, ағаштың тамыры жерден ылғал алады, ол көп жылу береді. Терек ағашы жұмсақ, жеңіл болады, одан қағаз бен сіріңке, ойыншықтар жасайды. Еңбек әрекеті: терек жапырақтарын жинау, балаларды еңбек нәтижесіне өз үлестерін қосуды үйрету. "Гүлдер мен аралар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жұптарға жиналуды және жан-жаққа тарап жүгіруге дағдыландыру. Құралдар: таратпалы таңбалауыштар (гүлдер мен аралар). |
|
Серуеннен оралу |
Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешуді дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Түскі ас |

Түскі ұйқы |
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытады. Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. (музыка) |
Өз төсек орнын тауып жатуды үйренеді. «Үш аю» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет) |
Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп қоюды үйренеді. Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдайды. (музыка) |
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастырады. «Жеті лақ» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет) |
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды біледі. «Бауырсақ» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет) |
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары |
Ұйқыдан тұрғаннан кейін төсекте жатып жаттығу жасау; төсектерінен тұрмай жатып, көрпелерін ашпай жатқан күйінде балалар жалпы дамыту жаттығуларының аз мөлшерін орындайды (төсекте жатып 2-3 минут жасалатын жаттығулар балалардың ұйқысы ашылып, сергек болуына бағытталған). Жаттығуды ұйқыдан оянған балалармен өткізген дұрыс, қалғандары оянған кезде қосылады). Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру. (дене шынықтыру) |
||||
|
Бесін ас |
Алдына қойған асқа назар аударту; тамақтану мәдениетіне баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар) |

"Мозаика", "Басқатырғыш" үстел ойындары. Мақсат-міндеттері. Логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. "Ойыншықтарды жөндейміз" рөлдік ойыны. (қоршаған ортамен танысу) Мақсат-міндеттері. Балалардың ойыншықтар жайындағы түсініктерін тиянақтау; шығармашылықпен ойлану, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; заттардың қасиеттеріне қызығушылықтарын арттыру. Құралдар: құрастырылатын ойыншықтар (көліктер, дене мүшелері салынатын пластик қуыршақтар, лего ойыншықтар, жұмыртқаға салынатын тосынсый ойыншықтар).
|
Математика негіздерінен ойын-жаттығу. "Ойыншықтарды жинайық" Мақсат-міндеттері. Балалардың біртекті заттарды өзара топтастыру және біреуін бөліп көрсету, бөлмедегі заттарды бір-бірінен ажырату және санын анықтау дағдыларын қалыптастыру; зейінді, ақыл-ойды, есте сақтау, кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту. Үстел басындағы дамыту жаттығуы. "Текшелерді түстеріне қарай жина". Мақсат-міндеттері. Текшелерді түстеріне қарай жинау.
|
Шығармашылық "Доппен жаттығу". Мақсат-міндеттері. Балаларды ермексаздың қасиеттерімен таныстыру; ұйымдастырылған іс-әрекетте шығармашылыққа баули отырып, ермексаздан доп жасаудың тәсілдерін үйрету; шығармашылық жұмысты топпен орындауға дағдыландыру; ермексаздан допты жасауда икемділікке баулу; доптың қасиеттері жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. . |
"Қуыршақ бөлмесін жасаймыз" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттері: жиһаз және оның мақсаты туралы білімді бекіту. Құрал-жабдықтар: балалар жиһазының заттары. Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға: - Алуа қуыршағына жаңа жиһаз сатып алды, бірақ ол оны бөлмеге қалай қою керектігін білмей тұр. Оған жиһаз қоюға көмектесейік. Тәрбиеші балалармен бірге үстелді ортаға қояды. Үстелдің қажеттілігі туралы балалардан сұрайды. Мысалы, Асем: "Бұл үстел, біз оны бөлменің ортасына қоямыз. Қуыршақ үстел басында тамақтанатын болады. Орындықты үстелдің қасына қою керек, қуыршақ орындыққа отырады. Жиһаздың қызметін балалар осылай айтып береді. (сөйлеуді дамыту) Сюжетті-рөлдік ойын "Қуыршақты тамақтандыр". Мақсат-міндеттері. Ірі құрылыс материалдарымен, құрастырғыштармен ойындар ұйымдастыру. (сөйлеуді дамыту, құрастыру) |
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны. (сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттері. Дыбыстарды дұрыс, анық айтуды жаттықтыру, тілдерін дамыту. Құралдар: әртүрлі дыбыстар жазылған үнтаспа (сол дыбысты шығаратын жануарлар немесе азаттардың суреттері). Ойын барысы. Тәрбиеші бір дыбысты тыңдатады. Балалар сол дыбысты және оның не екенін ажырату қажет.
|
|
Балалармен жеке жұмыс |
"Тіл ұстарту. ""Кім не істейді?"" Тасшы тас қалады, Басшы басқарады. Досшыл – дос табады, Қасшыл – қас табады. Төсшіл – төс қағады, Асшыл – ас бағады. Бәсшіл – бәстеседі, Мәсшіл – мәс теседі. (сөйлеуді дамыту)" |
«Қуыршақты жуындырамыз» ойын жаттығулары. Мақсат-міндеттері. Альбомдар мен сюжетті суреттерді қарастыру; ірі құрылыс материалдарымен ойындар. (құрастыру, сөйлеуді дамыту) |
"Тап та, атын ата" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттері. Түстерді қабылдауларын және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі***) |
Жұмбақтар, ертегілер, аңыздар оқу. Мақсат-міндеттері. Халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншіліктерін арттыру. (көркем әдбиет) |
"Ғажайып дорба" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттері. Сөздік қорларын ойыншық атауларымен толықтыру. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі***) |
|
Қосымша білім беру |
|
Робототехника Тақырыбы: Кіріспе.Конструкторлар мен танысамыз.Робот - конструктормен шолу жорығы.Қауіпсіздік техникасы Мақсаты: 1.Балаларды конструкторлық әзірлемелер базасында LEGO – құрастырумен, LEGO®Education, «шаршылар», «кірпіштер» тетіктерімен, оларды бекіту тәсілімен таныстыру. 2.Форма, өлшем, тетік түстері, заттарды салыстыру параметрлері бойынша құрылысты талдаудың қарапайым ой операцияларымен таныстыру. 3.Ынта, жады, қиялдау, ойлау (логикалық және шығармашылық), ұсақ моториканы дамыту. |
|
|
|
|
Серуенге дайындық |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Серуен |
Түскі серуендегі бақылауды жылғастыру. |
||||
|
Серуеннен оралу |
Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) |
||||
|
Кешкі ас |

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. Міндеттер. Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету. Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу. (коммуникативті дағдылар, көркем әдебиет, қазақ тілі***, сөйлеуді дамыту) Музыкалық аспаптармен ойындар. Балабақша туралы әндер тыңдау. (музыка****) Міндеттер. Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету. Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау. Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау. Өнер бұрышында балабақшаны, ойыншықтарды мүсіндеу, жапсыру, суретін бояу. (шығармашылық дағдылар, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу) Міндеттер. Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу. Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. (құрастыру) Міндеттер. Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру. |
||||
|
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Циклограмма үлгісі

шағым қалдыра аласыз