"Цирк" жаңа жылдық ертеңгілік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Цирк" жаңа жылдық ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық ертеңгілікті цирк әлеміне ендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтілетін күні: 27.12.2018ж

Тақырыбы: «Би билейміз тағы да жасыл жанында»

(циркте қонақта)

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Нүрилә:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Көргенде арманда, көрмегенде арманда.

Қандай әдемі, цирк әлемі,

Жасыл шырша жанында.

Барлық достар жиналды,

Қане, балақай байқашы.

Мән беріп қарашы,

Көрерменнің барлығы

Үлгерді ме санашы.


Мадияр:

Алғаш рет, алғаш рет,

Бүгін және қазір.

Біздің өнерпаздарымыз,

Циркте ерекше өнер көрсетпек.

Бұл цирк жаңа жылдық

Циркті сіздер үшін көрсетеміз.

«Ботақан» тобының балаларын циркке шақырамыз.


Ортаға балаларға шығады.


Ән: «Цирк»


Тақпақтар:

Нүрилә:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.


Мадияр:

Даланың да, қаланың да,

Думандатып отбасын.

Тағы міне, жаңа жыл.

Қақты уақыт қақпасын,

Жүзімізде күлкі ойнап.

Қанаттанды бәріміз,

Жаңа жылды біз тойлап.

Би билейміз бәріміз.


Мадина:

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекші.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық жаңа жылды,

Ұзатып ескі жылды.


Асыл:

Боранымен буып белді,

Жаңа жылым тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.


Нүрилә: Кәне, достар келіңдер би билеп берейік.


Би: «Клоундар»

Тақпақтар:

Нұрбақыт:

Снег кружиться за окном,

Ёлочка горит

Это значит – в каждый дом,

Дед мороз спешит.

Буду я его встречать

Песнями, стишками.


Алихан:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.


Нұрмағанбет:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой.

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.


Жүргізуші Мадияр: қыздарымыздың биін тамашалаңыздар!


Би: «Валенки»

Жүргізуші Нүрилә: қазір біз сіздерді кіртас көтергіш атақты күштілермен таныстырайық. Олар 300 кг-дық кіртастарды доп сияқты көтереді.


Жүргізуші Мадияр: алдарыңызда, әлемге танылған сүйікті кіртас көтергіш күштілер.


Бірге екеуі: Қарсы алыңыздар, ду қол шапалақпен!


1 –ші Нұрмағанбет

Кіртас көтергіш,

Мен өте күштімін.

Кіртасты көтеремін,

Жеңіл доп сияқты,

Олар мен үшін.


2 – ші Бағдәулет

Жүк тасушы көлікті,

Бір қолмен көтеремін.

5 сағат бойы,

Көтеріп тұра беремін.

3 – ші Ерсайын

Ал, балалар қараңдар,

Күштіміз, біз мықтымыз.

Бір-бірден кіртасты

Көтереміз жоғары.


Нұрай:

Неге отырмыз көңілсіз,

Қол ұстасып тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық

Көңілді ән салайық.


Ән: «Белые снежинки»

Жүргізуші Нүрилә: Кім пілдерге санауды үйретті?


Жүргізуші Мадияр: Мысықтарға би билеуді ше?


Жүргізуші Нүрилә: Мен сендерге жұмбақ қылып жасырмай-ақ айтайын.

Әрине, бұл – үйретілген иттер.


Ән: «Ты снова пришел к нам Дед Мороз»

Бірге екеуі: Ду қол шапалақпен, қарсы алыңыздар.


Дриссеровщица әуен шығып би билейді. (иттердің аттарын айтып шақырады) Чарли, Кузия, Шарик, Мобик.


1 – күшік

Біздер тату иттерміз,

Би билеп өнер көрсетеміз.


2 – күшік

Біз жәй иттер емеспіз,

Үйретілген көңілді.


3 – күшік

Үре бермей біз текке,

Ән айтып, ойын ойнаймыз.


4 – ші күшік

Қиынға соқпас біздерге,

Кедергілер өту де.


Дриссеровщица: Жарадыңдар, 1 – ші сыныпқа дайынсыңдар! Ал енді асығыңдар, қонақтарды қуантыңдар.


Би: «Күшіктер»

Тақпақтар

Ерсайын:

Жаңа жыл жерімізде,

Төрле, төрле елімізде.

Не ойлайсың жаңа жылда,

Орындалар бар арманың.


Айымжан:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әжемізді, анамызды.

Қонақтардың бәрінде.


Жүргізуші Мадияр: сағат болса 12 ге таяп қалыпты біз болсақ әлі шыршамыздың шамдарын жақбаптық.

Жүргізуші Нүрилә: Бұл шыршаның шамдарын қалай жағамыз?

Жүргізуші Мадияр: Нүрилә сен қобалжыма, шыршамыздың шамдарын жағуға Аяз атаны шақырайық.

Жүргізуші Нүрилә: Онда біз Аяз атаны қалай шақырамыз?

Жүргізуші Мадияр: Аяз ата бізді естуі үшін аяз атаға арналған әнімізді айтайық.

Ән: «Аяз ата»

Әуенмен Аяз ата кіреді.

Аяз – ата:

Амансың ба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым.

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Мадияр: Міне керемет. Біздің циркке өнер көрсетуге қонаққа шығыстың сұлу қыздары да келіп қалыпты ғой.

Би: «Шығыс биі»

Аяз – ата: О Ақшақар мына шырша шамдары неге сөніп тұр? Қане балалар сендер маған мына шыршаны жағуға көмектесіңдер!


Балалар: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат. (3 рет)


Жүргізуші Мадияр: Аяз ата, рахмет сізге енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз! Қане балалар Аяз атамызға арнап тақпақтар айтып берейік.


Тақпақтар:

Дария

Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды,

Қарсы алуға келдік біз.

Жасыл шырша жанында,

Ойнап күліп қайтамыз.

Жасыл шырша жанында.

Өлеңді де айтамыз.


Бағдәулет

Ёлочка, ёлочка,

Вот оно какая.

Стройная, красивая,

Яркая, большая.


Райяна:

Келді, келді жаңа жыл,

Қуанып қарсы алайық.

Аяз ата сыйлаған,

Алайық айтып жаңа жыр.

Ұлбике:

Всем нам очень хоорошо,

Весело сегодня.

От того к нам пришел,

Праздник новогодный.


Аяз – ата: Ой, қандай ыстық болып кетті мұнда. Мен мына жерге отырайын. Қәне, қызым бір ойнатшы!


Ақшақар:

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Менің де бір ойын ойнағым келіп тұр. Бұл жолы мен ата-аналармен ойнаймын. Ойынның шарты, кедергілерден шалынбай өту керек.


Ойын: «Кедергілер»


Аяз – ата: Жаңа жылды қарсы алып, би билеңдер шаттанып.


Би: «Джингл бенс»(флешмоб)

Аяз – ата:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!


Ән: «Жеке ән» Тілеуберген Ұлбике.


Ән: «Шырша жыры»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі