жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
COVID-19 пандемия жағдайында дүрбелең күй және стресспен күресу: психолог кеңесі
COVID-19 пандемия жағдайында дүрбелең күй және стресспен күресу: психолог кеңесі
РМҚК «Республикалық спорт колледжі»
Колледж психологы
Игибаева Анаргуль Умерхановна
Әлемде жарияланған COVID-19 пандемия жағдайы халықтың түрлі эмоцияларын тудыруда. Көп жағдайда жағымсыз күй тудырып, жұқтырып алмау, қауіпсіздікте қалу және өз денсаулығын сақтау туралы ойлануға мәжбүр етеді. Әрқайсымыз осындай ойларға алаңдаушылық білдіруіміздің кесірінен үрейлену, мазасыздану, стресске түсу өз ауқымын кеңейтуде. Ал, ол өз кезегінде жаныңыздағы жақын адамдарыңыз, балаларыңызға әсер етуде. Сол себепті сіздерге төмендегідей кеңестерді ұсынамыз:
-
Егер сіз көңілсіздік, стресс, дағдарыстық кезеңінде мазасыздық, қорқыныш сезініп, бойыңызды үрей билеген болса – бұл бірқалыпты жағдай (норма). Сізге сенімді адамдармен араласып отыру жеңілдік береді. Достарыңызбен және отбасы мүшелерімен әңгімелесіңіз.
-
Егер сізге үйде отыруға тура келген жағдайда, салауатты өмір салтын ұмытпаңыз: дұрыс тамақтану, ұйқы тәртібі, дене жаттығулары және үйдегі жақын адамдарыңызбен араласып, туыстарыңыз және достарыңызбен телефон немесе электронды пошта арқылы байланысып тұрған абзал.
-
Өз эмоцияңызды басу үшін темекі тартпаңыз және ішімдік немесе басқа да психоактивті заттарды қолданбаңыз. Егер бұл күй бойыңызды жауласа, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз. Қайда және қалай хабарласуға болатынын алдын ала біліп алыңыз.
-
Хабардар болыңыз! Ақылға қонымды қауіпсіздік шараларын және қандай қауіп барын дұрыс анықтап беретін ақпараттармен таныс болыңыз. Құзіретті ақпарат беру көздерін ғана пайдаланыңыз: мысалы, ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) веб-сайттары немесе жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау органы.
-
Егер сізді немесе сіздің отбасы мүшелерін БАҚ-та репортаждар мазаласа және алаңдатса, ондай жағдайда оларды қарауға немесе тыңдауға аз уақыт бөліңіз.
-
Басыңыздан өткен қиын өмірлік жағдайлардағы тәжірибеңізге жүгініңіз: мүмкін, кейбір әрекеттеріңіз қазіргі инфекцияның өршуі жағдайында эмоцияңызды қолда ұстауға көмектесіп қалуы ықтимал.
Ағымдағы жағдайда әсіресе экономикалық және саяси оқиғалар аясында оң көңіл-күйді сақтау өте қиын. Алайда, егер адам дағдарыстық жағдайда өз ойларын тек жоғалтулар мен айырылып қалған дүниелерін ғана ойлай беретін болса, онда олар көбейетін болады. Егер бұндай жағдайда позитивті,оң нәрсе табу қиын болса, онда келесі түрде пайымдауға тырысыңыз: орын алған жағдайдан немесе туындаған мәселеден не аламын? Кез-келген туындаған мәселе бір дүниеге мүмкіндік бермек. Мәселен:
Қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырды ма? - Бұл үйде көп уақыт өткізуге және отбасын жайластырып, үй жайлылығына арнауға мүмкіндік.
Баланы қашықтықтан оқуға жіберді ме? - Бұл балаңызбен көп уақыт өткізуге мүмкіндік.
Ауырып қалу қаупі немесе жалпы денсаулығыңыз алаңдатады ма? - Бұл сізге жоспардан тыс медициналық тексеруден өтуге және өз ағзаңызда кейбір ауруларды алдын алуды ұйымдастыруға мүмкіндік.
Жағымсыз ойлардың энергиясы сіздің өміріңізде қиындықтарды көбейтеді. Осыған орай жалпы дүрбелең шабуылдарға жол бермеңіз. Бұл қоғамдық әрекеттің тізбекті реакциясы. Қарапайым мысал келтіре кетсек: көшеде иттің біреуі үрсе, барлығы бірінен соң бірі «қолдау көрсетіп» үре бастайды. Сол сияқты бұл адамда да кездеседі.
Адам-әлеуметтік тіршілік иесі. Белгісіз, мазасыз жағдайларда басқа адамдардың жүріс-тұрыс стратегияларын бейсаналық түрде көшіреді. Мәселен, «барлығы жүгіріп бара жатыр менде жүгіруім керек», «барлығы қарақұмық сатып алып жатыр екен, менде сатып алуым керек» деген сияқты реакция. Ал, не үшін? Өйткені барлығы солай істеді. Бұл жерде тобырлық психология ойнап кетті. Абай атамыз айтқандай «Тобырда ақыл жоқ».
Бірақ біз адамзат өкілі ретінде оны бақылауда ұстай аламыз. Біз саналы тіршілік иесіміз. Сол себепті кез келген жағдай өткінші екендігін ұмытпайық. Барлығы уақытша! Ең бастысы ағымдағы жағдайда шыдамдылық пен сабырлылық танытып, жұмыстарыңызды және отбасыңыздың тұрмысын барынша ыңғайлап алған жөн.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген