C.Сарғасқаев "Тәмпіш қара"

Тақырып бойынша 29 материал табылды

C.Сарғасқаев "Тәмпіш қара"

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа сабақ беретін ұстаздар.а қосымша ретінде қолдануға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігі

«Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар (сабақ) жоспары

Бөлім:

Балалар мен үлкендер

Педагогтің аты-жөні:

Слямова Гульнара Турусбековна

Күні:

27.02.2025

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.3.1 көркем шығармадағы

кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;


Сабақтың мақсаты:

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды;


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну, талдау.

Сабақтың тақырыбы: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Оқушыларды топқа бөлу.

«Ой қозғау» әдісі

Суреттегі кейіпкер туралы не білеміз? Бүгінгі сабаққа бұл кейіпкердің қандай байланысы бар?

Сабақ мақсатымен таныстыру

Оқушылар «Тілек бұлты» психологиялық ахуал бірнеше оқушы тақтадағы тілектерді оқиды


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» мадақтау сөзімен ынталандыру.

Презентация


Өткен тақырыпқа шолу жасау.Үй тапсырмасын сұрау.

Жеке жұмыс «Алтын сақа» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру, үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді; 1 б

Презентация


1-тапсырма. Автордың пікірімен ой бөлісу. Жасанды интеллект. С.Сарғасқаев :

Сіздер менің «Тәмпіш қара» атты повесіммен таныстыңдар.
Шығармамен танысу барысында сендерге қай кейіпкер ұнады?
Ұнаған кейіпкердің қай қасиетінен үлгі алар едің?
Шығармадағы Шаншатай бейнесі қандай ой салды?

Оқушылар сұраққа жауап береді


Дескриптор:

Өз пікірлерімен бөліседі; 1 б

Жасанды интелект слайд

Сабаққа кіріспе


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Оқушыларға әдебиет теориясынан түсінік беру.

2-тапсырма. Оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беру «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттерді оқиғаның сюжеті бойынша орналастыру.

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды





Тақтада шығарма мазмұны бойынша суреттер ілініп тұрады. Білім алушылар суреттерді оқиғаның сюжеті бойынша орналастырып, шығарманы сюжеттік- композициялық құрылысына талдайды. /ауызша/

Дескриптор:

Шығарманың композициялық құрылымын суреттер арқылы сәйкестендіреді; 2б




Суреттер, презентация







3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұраққа жауап беру арқылы кейіпкерлер бейнесін анықтап, кестені толтырыңдар.

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы кейіпкерлер бейнесін анықтап, кестені толтырады.

Дескриптор:

Кейіпкер бейнесін ашады; 1б

Іс-әректіне талдау жасайды; 1б




4-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Образдық талдау.

Кейіпкер іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, бейнесін ашыңыз.

4-тапсырма. 2-топ. Кейіпкерге тура және жанама мінездеу беру арқылы Тәмпіш қараның бейнесін ашу.


1-топ. Оқушылар кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, бейнесін ашып жазады.






2-топ. Оқушылар кейіпкерге тура және жанама мінездеу беру арқылы Тәмпіш қараның бейнесін ашады.







3-топ Кейіпкерлерге шығармадан мысал келтіре отырып, Шаншатайдың типтік бейнесін ашады





Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б








Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б




5-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар шығарма сюжетіне талдау жасайды. Оқушылар QR арқылы ватсапта кіріп, сұраққа жауап жазады. Екі оқушы шығып оқушылардың жауабын оқиды.


1-топ оқушыларына сұрақ.

Автор «Тәмпіш қара» повесінде ауыл балаларының тағдырын қалай суреттеген? Шығармада Шаншатайдың қай іс-әрекетінен үлгі алар едің?

2-топ оқушыларына сұрақ.

Автор шығармада қандай мәселені көтеріп отыр.

Біздің арамызда Шаншатай сияқты балалар бар ма, бар болса кімдер?

3-топ оқушыларына сұрақ.

Ертайдың өзгеруіне, өзінің сурет салу қабілетінің шыңдалуына кім әсер етті?

Шаншатайдың қандай жақсы қасиеттері Ертайдың ойының өзгеруіне ықпал етті?


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді; 1б

  • Кейіпкерлер іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді; 1б


Оқулық, жұмыс дәптерлері.





Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия



Рефлекция

Оқушылар

QR кодты сканерлеп, ашық сабақтан алған әсеріңізді кері байланыс

арқылы қалдыруыңызды сұраймын!

Құрметті оқушылар, Бүгінгі сабақта сізді не қуантты, не ұнады және қай тапсырмадан қиналдың?


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» мадақтау сөзімен ынталандыру



















Повестегі басты-басты оқиғалар:

Шаншатайдың ауылға келуі.

Балаларды егін басына ертіп баруы.

Егін басындағы балалардың өнері.

Балалардың "Октябрь балалары" газетімен танысуы.

Баллардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.

Шаншатайдың "доп қуу" ойынын ұйымдастыруы.

Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.

Балалардың Теке қартпен кездесуі.

Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.

Ауылға радио келуі.

Иманбектің кешірім сұрауы.

Ауыл баларының мәдениеттілігі.

Ауылға газет келуі.


Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады. Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін. Шаншатай – қаладан келген көзі ашық бала, ол "Октябрь балалары" деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.











Picture 3


БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________________

Жеке жұмыс «Алтын сақа» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру, үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді; 1 б

Балл саны

1-тапсырма. Автордың пікірімен ой бөлісу. Жасанды интеллект. С.Сарғасқаев :

Дескриптор:

Өз пікірлерімен бөліседі; 1 б


2-тапсырма. Оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беру «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттерді оқиғаның сюжеті бойынша орналастыру.

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Дескриптор:

Шығарманың композициялық құрылымын суреттер арқылы сәйкестендіреді; 2б


3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұраққа жауап беру арқылы кейіпкерлер бейнесін анықтап, кестені толтырыңдар.

Дескриптор:

Кейіпкер бейнесін ашады; 1б

Іс-әректіне талдау жасайды; 1б


4-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Образдық талдау.

Кейіпкер іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, бейнесін ашыңыз.

4-тапсырма. 2-топ. Кейіпкерге тура және жанама мінездеу беру арқылы Тәмпіш қараның бейнесін ашу.

Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б

Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б


5-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар шығарма сюжетіне талдау жасайды. Оқушылар QR арқылы ватсапта кіріп, сұраққа жауап жазады. Екі оқушы шығып оқушылардың жауабын оқиды.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді; 1б

  • Кейіпкерлер іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді; 1б


Жалпы 10 балл




БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________________

Жеке жұмыс «Алтын сақа» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру, үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді; 1 б

Балл саны

1-тапсырма. Автордың пікірімен ой бөлісу. Жасанды интеллект. С.Сарғасқаев :

Дескриптор:

Өз пікірлерімен бөліседі; 1 б


2-тапсырма. Оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беру «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттерді оқиғаның сюжеті бойынша орналастыру.

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Дескриптор:

Шығарманың композициялық құрылымын суреттер арқылы сәйкестендіреді; 2 б


3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сұраққа жауап беру арқылы кейіпкерлер бейнесін анықтап, кестені толтырыңдар.

Дескриптор:

Кейіпкер бейнесін ашады; 1б

Іс-әректіне талдау жасайды; 1б


4-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Образдық талдау.

Кейіпкер іс-әрекеті, сөз саптау, ойлау ерекшеліктеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, бейнесін ашыңыз.

4-тапсырма. 2-топ. Кейіпкерге тура және жанама мінездеу беру арқылы Тәмпіш қараның бейнесін ашу.

Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б

Дескриптор:

Кейіпкердің образын ашады; 1 б

Шығармадан дәлелдер келтіреді; 1б


5-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар шығарма сюжетіне талдау жасайды. Оқушылар QR арқылы ватсапта кіріп, сұраққа жауап жазады. Екі оқушы шығып оқушылардың жауабын оқиды.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді; 1б

  • Кейіпкерлер іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді; 1б


Жалпы 10 балл














К ері байланыс

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі