Cұлу сазды Гәкку

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Cұлу сазды Гәкку

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып музыка жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сұлу сазды «Гәкку»

Сабақтың мақсаты: Үкілі Ыбырайдың шығармашылығымен танысу. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінің шығу тарихымен танысып және бұл әннің «Қыз Жібек» операсына арқау болғандығын білу. Сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: композитордың суреті, интерактивті тақта, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, музыка тыңдау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (Әуенді амандасу)

Үй тапсырмасы:

Қызығушылықты ояту.

Миға шабуыл. «Кім жылдам» ойыны. Фдыбысын сызып тастау

ФЫфбфыфрфафйф ф фСфәфнфдфіфбфафйфұфлфыф ф«фГфәфкфкфуф»ф


Жаңа сабақ.

Ыбырай  Сәндібайұлы (1860-1930) халық композиторы, әнші(тенор), ақын-импровизатор. 1860 ж. Көкшетау облысында дүниеге келген. Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші- ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” (4 түрі), “Шалқыма”, “Көкше”, “Желдірме” т.б. 40-қа жуық әндері бар.

Әр халықтың жүрегін тербеп, жанын жадыратар сұлу сазды әндері көп.Сондай әннің бірі Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку». Үкілі Ыбырай бұл әнді Кәкима атты сұлу қызға арнайды. Үкілі Ыбырай Кәкиманы ұнатып қалады.Бірақ ол заманда қызға сезімін білдіру оңайға соқпайтын.Қазақтың әдеті бойынша сыпайылық сақтаған Үкілі Ыбырай өзінің кңілін білдіру үшін осы қадамға барады.Үкілі Ыбырай Кәкимаға арналған әе екенін жасырып, әннің атын «Гәкку» деп атайды. Үкілі Ыбырайдың домбыраға қосып, шарықтата салған «Гәкку» әні енді қазақтың тұңғыш операсынан маңызды орын алады.Композитор Е.Брусиловский жазған «Қыз жібек» операсының бас кейіпкері Жібектің ариясына «Гәкку» әні таңдалады. «Гәкку» әні Жібек пен Төлегеннің мәңгілік махаббатының белгісі ретінде халықтың есінде сақталып қалады.

Ал қазіргі Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін М.Арынбаев эстрадалық ырғаққа салып, үлкен сахналарда орындап жүр.Сөйтіп Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні өзінің сол сұлу сазын жоғалтпай, ұрпақтан –ұрпаққа жетті.

Музыка сауаты!

Аранжировка- ән мен күйге сүйемел жасап өңдеу.

Тембр-дыбыс бояуы.

Ән тыңдау!

Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін Қайрат Байбосынов пен М.Арынбаевтың орындауында тыңдау.

Біліп ал!

Қайрат Байбосынов 1950 жылы Қарағанды облысында туып өскен. Әкесі Әукен домбыра, қобыз жасайтын шебер болған. Алғаш домбыраға деген ынтасы әкесінен дариды. Ол 13 жасында «әнше бала» атанады. Қайрат Байбосынов-атақты әнші Жүсіпбек Елебековтың шәкірті.Қазір Қайрат Байбосынов-көптеген шәкірт тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаз.

Ойлан да айт!

-Қалай ойлайсың , не себепті кей әндер танымал болып, есте сақталып қалады, ал кей әндер бірден ұмытылып қалады?

-Қазіргі танымал әндерді атап бере аласың ба?

Қорытынды:

Не себепті Үкілі Ыбырайдың өзінің әнін «Гәкку» деп атаған?

Е.Брусиловский қандай опера жазды?

Жібектің ариясына қай әнді таңдап алды?

Қазір «Гәкку» әнін кімдер орындап жүр?

Үйге тапсырма: Ыбырай туралы оқып, түсінік айту.

Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі