Материалдар / Cыңғырла, соңғы қоңырау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Cыңғырла, соңғы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік шара өткізуге тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2021
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарииі

Мақсаты:

Өтетін күні: 25 мамыр 2021 жыл
Өтетін уақыты: сағат 09. 00
Өтетін орны: мектеп алаңы

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен безендіру. Мектепке кіре беріс жерін доға тәріздес, ал екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.
Музыка орындалады
Жүргізушілер шығады:
I - жүргізуші: Ақгүл: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.


IІ - жүргізуші: Ернар

Алдарында сан тарау жолдары тұр,



Бәрі ертең азамат болғалы тұр



Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,



Келген қауым, қол соғып, қолдайық бір.



Ұрпағың мақтануға болса лайық,



Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.



Биылғы түлектерді ортаға алып,



Құрметпен қол соғып қарсы алайық.








I - жүргізуші: Ақгүл

11 «а» сынып. Сынып жетекшісі: Имашева Гүлжанар Бауыржановна (музыка әуені)

Оқушылар тізімі























Ахметова Дана Нұржанқызы

Әкімжанов Темірлан Рақымжанұлы

Байболатова Мөлдір Азаматқызы

Джумагалиева Дильназ Ербулатқызы

Жакенов Тимур Еркінұлы

Жанғалиева Гулмира Мерболатқызы

Жоламанова Кәмила Ержанқызы

Қамалова Сабрина Жандосқызы

Құдияров Эльдар Алпамысұлы

Мухамбеткалиева Айнур Амангалиевна

Мұратова Мәдина Құрманғазықызы

Мырзағалиева Хадиша Асқарқызы

Сайлауова Ақгүл Ерланқызы

Сеитова Забира Мендыбайқызы

Тасмұратова Кәмила Жақыпқызы



II - жүргізуші: Ернар


11 «б» сынып. Сынып жетекшісі: Бекетова Ақмарал Амиржановна. (музыка әуені)
оқушылар тізімі.
Олар:

1.Агишев Темирлан

2.Әубәкіров Әділ

3. Бактыгереева Екатерина

4. Ғазиз Назым

5. Глушакова Мария

6. Қайыржанов Ринат

7. Кенжебаев Тимур

8. Құспан Айболат

9. Мурзагалиев Мирхат

10. Нуралиев Сундет

11. Уразакаев Жәдігер

12. Орынгалиева Гулсезим

13. Сапарова Аяулым

14. Сергазиев Әділ

15. Темирбаев Ринат

16. Турланов Мейрамбек



Әскери жетекші: Мектеп! Сап түзе!Тік тұр!

Бірден Гимн орындалады+

I - жүргізуші: Ақгүл

«Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!.

ІІ жүргізуші Ернар

11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!


I - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
IІ - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
I - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
IІ - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
IІ – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
I - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
IІ– жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
Бірге: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

I – жүргізуші:

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Курматова Галина Беркінқызына беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

ІІ жүргізуші: Ән: Ән: «Қазақстан». Орындайтындар:
Бейбарыс пен Сұлтан Гарифуллиевтар

I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан

________________________________ беріледі.
II - жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр аша тұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
сөз түлектердің алғашқы ұстазы ____________________________ және сынып жетекшісі _______________________________________ беріледі.

I – жүргізуші:

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Сөз мектеп бітіруші түлектеріне

ТҮЛЕКТЕР ӘНІ

Мектеп бітірушілерге сөз!!!

Келесі құттықтау сөз мектеп мақтанышы, «Кенгру» Республикалық математикалық байқауның І орын иегері , аудандық физика пәні олимпиадасының жүлдегері, аудандық «Абай оқуларының» жүлдегері мектеп бітіруші жас түлек «Алтын белгіге» үміткер, Сапарова Аяулымға. _____________________________________________________________________________

II - жүргізуші: Құрметті білім алушылар!

Алдарыңнан арман жолы ашылады,

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен осы жылдың «Білім кілтін»,

Ізін басар оныншы сыныпқа тапсырады.

Аманаттап «Білім кілтін» тапсырушы: облыстық «Табысты жол» Слетінің қатысушысы Облыстық мұражай – квест жарысының жүлдегері, аудандық математика пәні олимпиадасының жүлдегері «Алтын белгі» үміткері Ғазиз Назым. Ассистенттері:

Республикалық «Ақбота» ойынының жүлдегері, биология пәнінен аудандық пән олимпиадасының жүлдегері Камалова Сабрина және «Дебат» клубының мүшесі, аудандық еріктілер қорының белді мүшесі Сейтова Забира, Аудандық пән олимпиадасының жүлдегері Агишев Темирлан

I – жүргізуші: Аманат «Білім кілтін» қабылдаушы: Мектебіміздің белсенді оқушысы,мектеп мақтанышы 10 - сынып оқушысы Жақсыбайқызы Жанна және үздік оқушылар Сагиева Сагина және Касымова Сымбат.

Аманат Білім кілтін тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!

Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Жеткізетін биікке – «БІЛІМНІҢ КІЛТІ» аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!
Аманат ту қабылдаушының сөзі: Біз 10 сынып оқушылары:

Жанна: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз! ( Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады.

ӘН

Түлектер биі. Флешмоб

I - жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар.

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал, бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау. Сәт сапар, саған жас түлек!
II - жүргізуші: -
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
I – жүргізуші. Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін

II – жүргізуші:

Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне мектебіміздің үлгілі оқушылары, «Жас ұлан» балалар ұйымының белсенді мүшелері 11 «а, б» сыныбының оқушылары Нуралиев Сүндет, Тасмуратова Камилаға беріледі.
(Қоңырау соғу сәті.)
I – жүргізуші:

Бүгін - үлкен өмірге 31 түлек жолдама алды!

Бүгін - 31 арман, 31 үміт осынша сенім мен осынша тағдыр аттанды!

Бүгін - еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек

Бүгін - ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты!

Біз Сізге - Қанаттарың талмасын, жас түлек!- дейміз.


IІ - жүргізуші:

Өмірде ізі өшпейтін,

Құлақтан үні кетпейтін.

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!!!

I – жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт — сапар» деп қол бұлғ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!