«Ескіні ұмытпа,жаңамен
жалында!»
ойын-сауық
сабағы.
Мақсаты: аға буын мен балалар
арасындағы айырмашылықты, яғни олардың зияткерлігін, көзқарастарын,
түсініктерін көрсету. Ойын сабақ арқылы кейінгі ұрпақ өкілдері
классикаға, тарихқа, мәдениет пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал
аға буын керісінше, заманауи мәдениеттен, гаджет, жаңа
технологиялар мен сәннен хабардар болып, қазіргі заман ағымынан еш
қалыспайтындарын дәлелдейді.
Сабақтың
түрі: Ойын
сабағы.
Көрнекілігі
: слайд, интерактивтік
тақта.
Барысы:
Ән.
«Болашағы біз елдің» 4 Г.
-Еліміздің болашағы - білімді, өнерлі
жастардың қолында. «Қарты бар елдің қазынасы
бар» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. «Аға
буын өкілдерін, қазыналы қарттарымызды құрметтеу, бүгінгі ұрпақ
яғни біздің басты парызымыз. Қарияларымыздан әрдайым
үлгі аламыз және соларға еліктеп
өсеміз.
Ендеше, бұл
«Ескіні ұмытпа, жаңамен
жалында!» интеллектуалды ойыны.
Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыз 5 айналымнан
тұрады.
5 айналым:
-
Сұрақ-жауап
-
Көрейік
тыңдайық
-
Рас пен
жалған
-
Бұл
не?
-
Ән салу немесе
караоке
Көп жасаған қария
-
Ақылы теңіз
дария.
Көп өнеге сөзі
бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі –
нәр.
- Ендеше, бірінші топ:
апалар мен аталар тобын ортаға
шақырайық.
Екінші
топ: оқушылар тобы (отырған оқушылар қандай мақал екенін айту
керек. Дұрыс жауап берген 4 оқушы топ мушелері
болады.)

-
Сұрақ-жауап. Қазіргі жастар қолданатын
заманауи терминдер, сөздер беріледі. Сол сөздердің мағынасын
түсіндіру. Ал жастар, керісінше, қазір қолданыста жоқ, болса да,
сирек қолданылатын сөздердің мағынасын түсіндіріп береді. Дұрыс
жауап беретін болсаңыздар 10 ұпайдан беріп отырамыз. Ойлануға 15
секунд беріледі.
|
Апалар мен аталар
тобына
|
Балаларға
|
|
Тектоник
бидің бір
түрі
|
Кереге киіз
үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке
қайыңнан жасалады.
|
|
Эп стор
онлайн
дүкен, қосымша немесе приложение
|
Тебен
жуан ,
үлкен
|
|
Селфи
өзін-өзі фотоға
түсіру
|
Арқармүйіз
ою-өрнектің бір түрі
|
|
Индрайвер
мобильдік
қосымшаның негізінде жолаушылар, жүк тасымалдауға қызмет көрсету
жүйесі
|
Шашбау
қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей
бұйым
|
|
Гугл АҚШ қоғамдық
корпорациясына тиесілі кеңейтілген ақпарат жүйесі. Ақпаратты 191
тілде іздеу мүмкіндігіне ие
|
Шалғы
ауыл
шаруашылық құрал
|
|
Тренинг
оқыту
әдісінің бір түрі
|
Төстік
қазақтың ұлттық тағамы. Сойылған қойдың төс
еті құйқасымен сылынып алынып екіге бөлінеді де, істікке
шаншылып, сексеуіл шоғына қақталып пісіріледі. Піскен төстік
істіктен алынып, ұсақ етіп туралып, көкөніс қосылып, дастарқанға
қойылады.
|
|
Вупи пай
торттың
атауы
|
Ерулік
Бір ауылға басқа жақтан көшіп келіп
қоныстанған жанұяны көршілері шақырып, үй-жайын көрсетіп, елге
келдің жатырқамай аралас-құралас болайық деген ниетпенен дастархан
жайып ас беретін болған.
|
-
Көрейік
тыңдайық. Сіздерге екі кинодан үзінді
көрсетіледі. Бір әннің үзіндісі тыңдатылады. 4 жауап нұсқасы
беріледі.
|
Апалар мен аталар
тобына
|
Балаларға
|
|
Гарри
Поттер
|
Менің
атым Қожа
|
|
Малифисента
|
Алпамыс
мектепке барады
|
|
91
тобы
|
Мақпал
Жүнісова
|
-
Рас пен
жалған. Рас пен жалған.
Қатысушыларға 3 cөйлемнен оқылады . «Рас» не
«жалған» деп жауап беру керек.
|
Апалар мен аталар
тобына
|
Балаларға
|
|
Польшада
телефондардан құрастырылған үй бар. (Жалған)
|
1992 жылы 4 маусымда
ресми түрде қабылданған Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков ,
Шотаман Уәлиханов. (Рас)
|
|
Электронды таразы денедегі су
,май, бұлшықеттің нақты салмағын айта алады.
(Рас.
Мұндай таразыға жас мөлшері мен бойын жазса денедегі май, су,
бұлшықетті есептеп шығады)
|
Қабанбайдың шын
аты –
Дарабоз.
(Жалған. Қабанбай Қожағұлұлы,
Қаракерей Қабанбай дарабоз батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып
қойылған есімі – Ерасыл.)
|
|
Магнит
кірпіктер бар
(Рас)
|
Белгілі Ақан серінің шын есімі
- Бекжігіт
(Жалған. Ақан сері, шын есімі Ақжігіт Қорамсаұлы – ақын,
әнші, композитор.Бұрынғы Көкшетау облысында дүниеге
келген.)
|
-
Бұл
не? Шарты: берілген заттың атын
атау, қызметін түсіндіру.
|
Апалар мен аталар
тобына
|
Балаларға
|
|
Зарядка
|
Радио
|
|
Шам
|
Кадоскоп
|
-
Ән салу немесе
караоке
|
Апалар мен аталар
тобына
|
Балаларға
|
|
Ерке
Есмахан «Қайда»
|
Атамекен
|
Жеңімпаздарды
марапаттау.

Құрметті жиналған көпшілік
қауым, осымен біздің бүгінгі ойын сабағымыз өз мәресіне жетті.
Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз
мәңгі болғай. Ардақты қарттарымз көп жасасын! Еліміздің
болашағы-алдымызда отырған балаларымыз білімді де, тәрбиелі болып
өсе берсін! Қазағымыз жасай берсін!
Ән.
«Қазағым» 4 В.
«№45 бейімделген орта мектебі»
КММ
Ескіні ұмытпа,жаңамен
жалында!
ойын-сауық
сабағы

Өткізген: Актаева
С.Ү
Алпысбаева
А.Е.
Өскемен, 2018 – 2019 оқу
жылы