жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Cыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар алаңы" зияткерлік ойыны
Батыс Қазақстан облысының дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-
интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Зеинешева Мариятта Алимжановна
Тақырыбы: «Тапқырлар алаңы»
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін тереңдету, жүйелеуге дағдыландыру . Оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдісі:
сайыс
Ресуртар:
суреттер,
бейнежазба, топшамалар
Барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі
1)
Алдын ала тағайындалған топтарды
шақыру.
2)
Әділқазылар алқасын таныстыру.
3)
Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4)
Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен
танысу.
ІІ. Сайыстың кезеңдері
Қазақ
тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі
– тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі
болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды
танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік
тіліміздің мәртебесін көтерер ұрпақ
әрине сіздерсіңдер. Бүгін осы мақсатта
8 «А», «В» сыныптары арасындағы «Тапқырлар
алаңы» интеллектуалдық ойыны қош
келдіңіздер!
Біздің дана халқымызда
«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір»,
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген
нақыл сөздер бар. Олай болса, сайысқа
қатысушыларды қол соғып, қошеметтеп,
ортаға шақырайық.
8 «А» сыныбы:
1. Топ басшысы-
2
3
4
5
8 «В» сыныбы:
1.Топ басшысы-
2
3
4
5
Әділқазылар алқасы:
1
2
3
Өз
тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы –
ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге сәттілік
тілей отырып, сайысымыздың алғашқы
айналымын бастаймыз.
І тур «Зымыран сұрақтар»
Ережесі:
Оқушылар
қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез
жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1
ұпай. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда
келесі сұраққа көше беруге болады.
8
«А» ________ тобына сұрақтар:
1.
Неше септік жалғауы бар? (7)
2.
Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
3. Құрмалас сөйлемнің түрлері? (салалас, сабақтас, аралас)
4.
«Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз.
(тұрақты тіркес)
5.
Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6.
Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік,
септік, жіктік
7.
Хабарлау,
баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын
жай сөйлем түрі. (хабарлы сөйлем)
8.
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі
түсіп қалған жай сөйлемнің түрі? (толымсыз
сөйлем)
9.
Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы
байланыс? (қиысу)
10.
«Мұнар
күн» өлеңінің авторы кім?.
(Махамбет)
11.Бастауышы
бар, жасырын тұрғанда да баяндауыш
арқылы табуға болатын сөйлем? (жақты
сөйлем)
12. Қалай? Қайда? Қашан? Неге? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (пысықтауыш)
13. Бірақ, дегенмен шылаулары ақылы жасалатын салалас құрмаластың түрі? (қарсылықты)
14.
«Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек
ету)
15.
«Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб
тілі)
16.
Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
17.
Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай
нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18.
Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң,
ұяң, үнді)
19.
Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай
аталады? (ұяң)
20.
Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
(дара, күрделі)
8
«В»_____________ тобына сұрақтар:
1.
Үндестік заңы нешеу? (2)
2.
Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
3. «Түркістан» кімнің өлеңі? (М.Жұмабаев)
4.Айтушының
түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен
айтылған сөйлем? (лепті)
5.
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы
қатысқан жай сөйлем түрі? (толымды)
6.
Ілік септіні мен тәуелдік жалғауының
3 жағымен байланысатын сөз тіркесі?
(матасу)
7.Пәлеқор
сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8.
Кімді? Кімге? Кіммен? Қай сөйлем мүшесінің
сұрақтары? (толықтауыш)
9.
Және, да, де, әрі шылаулары ақылы жасалатын
салалас құрмаластың түрі?(ыңғайлас)
10.Орфография
нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны
зәр түбіне жету» мағынасы не?
(қорқу)
12.«Досы
жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас»
тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты
дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге
бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың
саны қанша? (12)
15.
Дыбыс үндестігінің түрлерін ата.
(ілгерінді, кейінді)
16.Сөз
таптары нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша
нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың
түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз
түрлендіруші)
19.Зат
есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі,
дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын
есімнің шырайларын ата. (
салыстырмалы,күшейтпелі, асырмалы)
ІІ тур «Тұлғадан сұрақ»
Ережесі: Лицей мұғалімдерінің сіздерге қояр сауалдары бар екен. Ұпайды көп жинаған топтан бастаймыз. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Жартылай жауап болса 5 ұпай. Егер топ жауап бере алмаса, келесі топ жауап бере алады.
1. «Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын»- үзінді қай шығармадан алынған? Үзіндіде қандай дәстүр көрініс тапқан?
(“Ер
Төстік”ертегісі, құда түсу)
2.
«Мен айыптымын, менен бір қателік болды,
шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп
– мынау әзірлер. Бұлар енді я саған, я
маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді
көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің
досына разы болып, бірнешетүйеге асыл
заттар арттырып, мал беріп, досынАқшаханның
еліне көшіріп салады.
Үзінді
қай шығармадан алынған? Үзіндіде қандай
дәстүр көрініс тапқан?(«Аязби»
ертегісі, енші беру).
3. «Азынап тұрған қара суық дауыл мынау! Берген киімің жалғыз ескі шекпен болса, оның қолтығы, жоны жыртық. Жауын мен дауылға не кием? Тым болмаса бір өң киім бер» Үзінді қай шығармадан алыған? Кімнің сөзі?
(М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасынан, Тектіғұлдың Сәлменге айтқан сөзі.)
4. «Күй жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!
Алдымда айнам жатыр бқбек пішін.
Сұмдық садақ кетсе де үзіп жас жүрегін,
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.» -үзінді қай шығармадан алыған? Кімнің сөзі? (М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасынан алынған, Баянның сөзі)
ІІІ тур. «Бұл кім?»
Ережесі: Алдарына ақын-жазушылардың өмір жолынан үзінді беріледі. Үзіндіні оқи отырып, қай ақын -жазушының өмірінен үзінді екенін жазу қажет. Берілетін уақыт 3 минут. Әр дұрыс жауап 2 ұпай, барлығы 8 ұпай.
1.
Қазақ әдебиетінің классигі, академик,
еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Семей
облысы Шыңғыстау жерінде Абай туған
жерде дүниеге келген. Атасының тәрбиесінде
болған. Орысша да оқыған. Орыс жазушылардың
шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Еңлік - Кебек» пьесасын жазған. Алғашқы
әңгімесі - «Қорғансыздың күні».
(Мұхтар
Әуезов)
2.Қазақ
халқының поэзиясының алыбы, айтыскер
ақын, сазгер. Ақындығы 16 жасынан таныла
бастады. Айкүміс, Сары, Сарыбас, Құлмамбет,
Шашубай сынды ақындармен айтысқан.
«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты
дастандары бар. «Зілді бұйрық», «Патша
әмірі тарылды», «Жаныс ақынға» өлеңдері
бар. (Ж.Жабаев)
3. Қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сасықкөл ауылында дүниеге келген. Арабша, парсыша, түрікше, орысша хат таныған адам болған. Әкесі оны ауыл мұғаліміне ертерек беріп хат танытады. Омбы қаласында семинарияда оқыды. «Батыр Баян», «Қорқыт» поэмалары, мыңдаған өлеңдері бар. (Мағжан Жұмабаев)
4. Ақын 1885 жылы Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Әуелі ауыл мектебінен білім алған. 1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түседі. Оның атын естіген кез келген қазақ баласы «Оян, қазақ!» деген үнді естігендей болады. (Міржақып Дулатов)
ІҮ тур. «Суреттер сөйлейді»
Ережесі: Берілген суреттер арқылы мақал-мәтел құрастыру. Ойлануға берілетін уақыт 1 минут. Ойынды ұпай жоғары топ бастайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Жартылай жауап болса 5 ұпай. Егер топ жауап бере алмаса, келесі топ жауап бере алады.
Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім.
Ұстаздан шәкірт озар.
Кітап - алтын қазына.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Ү тур. «Болмасаң да ұқсап бақ...» шығармашылық жұмыс.
Ережесі: Берілген ұйқастарды қатыстыра отырып, тіл туралы өлең шығару. Берілетін уақыт 5 минут. Жоғары ұпай-30, орташа ұпай-20, төменгі ұпай-10.
.......................................түрің бар,
.......................................ұлың бар.
.......................................тілің бар,
.......................................халқың бар.
....................................... абыройым,
........................................ дара тілім.
....................................... ақыл-ойым,
....................................... ана тілім.
(қазылар
алқасы ұпайларын есептеп, жеңімпаз
топты анықтайды)
Қорытындылау
-
Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз
мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы
жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,-
деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып,
бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік
етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген