Н.Наушабаев атынтағы
Затобол мектеп – гимназиясы

Даланың дана ұстазы- Ыбырай
Алтынсарин
Дайындаған: Ахмет
Г.Т.
Даланың дана ұстазы- Ыбырай
Алтынсарин
Дарынды ұстаз еңбекқор тұлға
қазағымның қайраткері... Бұл теңеулердің барлығы Ыбырай атамызға
айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айту ауыз – іс» деп ойламаймыз.
Ыбырайдың бізге жасаған жақсылықтарын өзіне киелі қайтару сіңдірген
ісіміз. Ыбырай жаққан шамды сөндірмей келер ұрпаққа таза қалпында
аманаттау. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ерекше дарынды саналы
ғұмырын халқының игілігі үшін және елімізді өркениетті де
мәдениетті елдердің қатысу жолына арнаған көрнекті
тұлға.
Ыбырай атамыздың жан- жақты
дарын ретінде негіз салушы нені ақын ретінде қарауға болатыны анық.
Дегенмен, Ыбрайдың қазақ балаларының болашағы үшін жасаған ең
негізгісі қазақ балаларына арналған
мектебі.
Қазақтың қара домалақ 14
баласын оқытудан бастаған шағын білім ордасы бүгінде ең жақсы биік
мектептермен терезесі тең білім ордасына айналды. Ыбырай
Алтынсаринды қазақ әдебиетінің атасы деп атайтын себебі, болашақ
жастарға жоғары дәрежеде білім алып, келешегінен мол үміт күткен
азаматтарға айналсын деген ізгі ниетпен «Қазақ хрестоматиясын»
жазған болатын. Ыбырай атамыздың өлеңдері бүгінгі ұрпақты отан
сүйгіштікке , жақсы мен жаманның ала жібін ажырата білуге адалдыққа
өнер ғылымға тәрбиелейді. Менің ойымша, Ыбырай атамыздың өлеңдерін
сүйіп тыңдайтын бүгінгі жас ұрпақ нағыз отаншыл азаматтар болатыны
анық.
Сөздің төркініне келер болсақ,
Ыбырайдай тұлға бір ғасырда дүниеге бірақ рет келет. Ақын бұл жолда
алуан кедергілерден қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жеңістерге қол
жеткізді. Өзінің өнегелі өмірі тынымсыз ізденісі жан- жақты таланты
арқылы Ыбырай Алтынсаринның шығармалары қазақ халқының бүгінде
алатын орны ерекше. Жүсіп Баласағұнның «Адамда жақсы қасиет болмаса
оған бақ та бақыт та қонбайды»- деген мына сөзімен Ыбырайды ғаламат
тұлғаны қалыптастырғым келіп отыр. Менің пікірімше, Ыбырайды жақсы
қасиеті оның еңбекқорлығы. Ол сол еңбек қорлығының арқасында
болашақ ұрпаққа, халқына өшпес мұра қалдырып кетіп отыр деп
ойлаймыз. Ыбырай атамыздың ұрпағына қалдырған мұрасы ұлан - ғайыр.
Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім , өнерге үндегенде құрғақ
насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр
түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Бір аллаға
сыйынып
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық!
деген өлеңінде білім алуға
үндесе , екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп
ұғатын ,оқу, өнер, ғылым- білімге мін бермейтін кертартпа
көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық - білім
екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей - жалықпай
еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйренде жирен
деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер
болуына да мән берген.
Бүгінде Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын қолдау
негізінде Қостанай ауданы әкімі Қайрат Жұмашұлы Ахметовтың
бастамасымен тағы бір рухани істің куәсі болып отырмыз. 2017 жылдың
мамыр- қазан айында Ыбырай бабамыздың күмбезтамына қайта өңдеу
жұмыстары жүргізілді.Сөйтіп, ел тарихының тағы бір жаңа парағына
ұрпаққа аманат етіліп, қазақ даласының Ұлы ағартушысы Ыбырай
Алтынсаринге арналған ақшаңқан алып күмбезтамы жазылып
қалмақ.
Торғайда Ыбырай Алтынсарин
ашқан мектептен қоғам қайраткері, ғалым – ұстаздар А. Байтұрсынов,
М. Дулатов білім алды. Сол мектеп түлектерінің бірі атақты ақын
Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы»
поэмасында:
Жүз жыл бұрын дәл осындай дана
адам,
Тұңғыш рет мектеп ашып
қаладан.
Осы отырған класстардың
бөлмесін,
Әр кірпішін қамқор қолмен
қалаған...
деген жүрекжарды үнін
жеткізді. Ұлы ұстаз ізімен мұғалім мамандығын таңдағаныма
қуанамын.
Бүкіл ұлт болып келер ұрпағына
үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы істің үмітін
ақтау сіздер мен біздің қолымызда. Әркімнің өмірде өз жолы бар. Тек
оның бәрі өз қолымызда. Бұл сөзді Ыбырай атамыз далелдеп кетті.
Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген керемет
ұлы сөз бар. Шынымен де Ыбырай Алтынсарин өмірден өтсе де оның
артына қалдырған мол мұрасы мәңгілік өшпейді. Мейлі біз қай жаста
болсақ та Ыбырай атамыздың шығармалары бізге бағыт- бағдар беріп,
әрдайым дұрыс жолды нұсқайды. Әрбір қазақ баласы дара да дана
қайталанбас тұлға Ыбырайды мәңгілікке ұмытпайды. Ыбырай Алтынсарин
- менің ғана емес, сонымен қатар шын талантты бағалай білетін барша
қазақ халқының жүрегінде ойып тұрып орын алады. Олардың
кеудесіндегі Ыбырай жаққан жолын мәңгілік өшпейді. Себебі, Ыбырай
Алтынсарин - қазақ халқының сөнбес шырағы, даланың дара, дана
ұстазы!