400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыру мақала мектеп балаларға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дамыту ойындары арқылы психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыру



Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, әкологиялық, экономикалық даңдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамытуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.

Психикалық дамуындатежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдегі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендегі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.

Психикалық дамуында тежелуі бар балалар-әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әл жуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектелуі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.

Мектеп табалдырығын аттаған бала қиын да қызықты өмірге енеді. Ол бірте-бірте өз қатарластарымен және мұғалімдермен қарым-қатынас әліппесін меңгере бастайды. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке келген бала жүйелі оқуға дайын болады. Мектепке келгеннен кейін балада бірнеше психикалық өзгерістер пайда болады. Олар:

-Өз мінез-құлқын, тәртібін бақылай алады;

-Өз ойын жинақтап қорытады;

-Сөйлеуді практикалық түрде жете меңгереді;

-Басқалармен қарым –қатынас құра біледі;

-Қоғамдық іс-әрекеттерге белсенділік білдіреді.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И Лубовский, К. С. Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалдық қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта ПДТ балаларды этиологиялық қағида негізінде жіктеу қолданылуда (К. С. Лебединская)

Психикалық дамудың тежелуі 4 топқа бөлініп қаралады:

1 Конституциялық;

2 Соматикалық;

3 Психогендік;

4 Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.

Соңғы жылдары елімізде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу тәрбие мекемелерінің ерекше түрі арнайы мектептер және көпшілік жалпы білім беретін мектептер ішінен ПДТ балаларды теңестіруге арналған арнайы сыныптар бөліне бастады. Жалпы орта білім беретін мектепте түзету-дамыту оқыту сыныптарына әртүрлі биологиялық, әлеуметтік себептер салдарынан оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар тобы қабылданады. Бұл сыныптарда оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшісі, ата –ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргізілетін жұмыс нәтижелі болады, яғни баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы түзету- дамыту жұмыстарын жүгізу тиімді.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзету- дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

1 Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

2 Шаршап кетпеуін қадағалау;

3 Оқу әректін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;

4 Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

5 Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

6 Жылдық диагностикалық даму деңгейн салыстыру.

Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады.

Адамдардың бір бірімен қарым –қатынасы өте күрделі процесс. Қоршаған адамдармен қарым –қатынас жасауда қиындық көретін балалардың, ұжымға бейімделуі мен білім меңгеруінде кедергілер болады. Сол себептен бұл оқушыларды сыныптастарымен теңестіру немесе қатарға қосу негізінде ойын терапиясының маңызы өте зор. Ойын іс –әректі баланың танымдық қабылдауына тікелей байланысты жүргізілгені дұрыс. Себебі ойын – оқушының психикалық процестерін дамытудың бірден –бір көзі. Ойын кезіндегі баланығ психологиялық ерекшелігі мында: олар ойынды, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды.

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоциялдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен бірге баланың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру барысында әртүрлі психологиялық жаттығулар түзете-дамыту ойындарын өткізу қажет. Дамыту ойындары –бұл баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс –әрекет.

Көмекші құрал ретінде қолданылатын дамыту ойындары арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Осы мақсатта психологиялық дамуы иежелген оқушыларға тқмендегі ойындарды жүргізу ұсынылады.

  1. «Сенемін-сенбеймін» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, балай деп айтады:

- Піл ұшу біледі;

- Құстар апанда ұйықтайды;

-Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. ББір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.

  1. «Ақылды үкі»

Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту.

Балаларға әртүрлі орман мекендеушілерінің суреттері бар карточкалар таратылады. Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Санмақ арқылы бір бала таңдап алынып, үкі етіп тағайындалады. Ақылды үкі болған бала ортада тұрады. Енді шеңбер бойында тұрған балалардың біреуі өзінің қолындағы карточкадағы бейнеленген жануардың басына түскен бір жағдайды айтады және оны шешу үшін ақыл бәреуін сұрайды. Мысалы : Орманда екі қоян бір үлкен жидек тауып алып, оған таласып қалды. Не істеуге болады?

Үкінің ақылы: жидек біреу болғандықтан қояндар оны анасына сыйлайсын. Ал егер үкі ақыл айта алмаса, онда ол кімге ақыл бере алмады, сол бала оның орнына ақылды үкі болады.

  1. «Айтқыштар» ойыны

Мақсаты: Іс-әрекетін бақылай алуды дамыту.

  • Балалар, мен сендерге сұрақ беремін. Сұраққа тек «Айт» деген команда берілген кезде ғана жауап беру керек.

  • Сендердің сыныптастарындағы қабырғаның түсі қандай?

  • Бүгін аптаның қай күні?



4 «Әңгіме құрастыру» ойыны

Мақсаты: есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту.

Нұсқау: әр ойыншы кезекпен кезек бір-бір сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңіме пайда болу керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.

5 «Жалғастырушы жіп» ойыны

Мақсаты: адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалауға қалыптастыру. Балалар отырады, айналдыра мұғалімнен бастап жіпті бере бастайды. Жіпті қолына алған әр адам не сезінеді, өзі үшін не керек екендігін, басқаларға не тілейтінін айтады. Жіп қайтып мұғалімге келген соң, көздерін жұмып барлығы үшін бір тілекті ішінен тілейді.

Сонымен қатынас орнатуға арналған «Көңіл-күйімізді жаттықтыру», «Кім екенін тап», «Көпір», «Ауызша волейбол» т б тренингтерді өткізу ұсынылады

Қорта келгенде, жалпы білім беретін мектепке арнайы сыныптастарда оқитын псиикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестіру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуына психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі