Материалдар / Даналардан шыққан сөз керемет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Даналардан шыққан сөз керемет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2021
836
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Даналардан шыққан сөз

«Адамның бір қызығы бала деген» 

Абай


«Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын»

Жан-Жак Руссо

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»

Мария Монтессори


«Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек»

Мағжан Жұмабаев


«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады»

Антон Макаренко


«Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге»

Жүсіпбек Аймауытов



Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Мағжан Жұмабаев













































Бала тәрбиесінде — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі.

Даналардан шыққан сөз

«Адамның бір қызығы бала деген» 

Абай


«Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын»

Жан-Жак Руссо

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»

Мария Монтессори


«Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек»

Мағжан Жұмабаев


«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады»

Антон Макаренко


«Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге»

Жүсіпбек Аймауытов



Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Мағжан Жұмабаев





Ата-аналарға ұсыныстар

. Өзіңіздің балаңызбен барлық жағдайда сөйлесіңіз, тамақ дайындау, жинастыру, киіндіру-шешіндіру, ойын, серуендеу және т.б. Не істеп жатқаныңыз туралы, баланың не істеп жатқандығын көріп, басқа адамдар не істеп жатқандығын және балаңыздың не көргендігін айту.

Сөйлегенде, ДҰРЫС сөздермен құрылғанды қолданып. Сіздің сөйлемдеріңіз баладан 1-2 сөзден ұзағырақ болуы қажет. Егер балаңыз бір сөзді сөйлеммен ғана шектелсе, ал сіздің сөздеріңіз 2 сөзден құралу керек.

АШЫҚ сұрақтар қойыңыз. Бұл балалңыздың бірнеше сөздерді жауап үшін қолдануына ынталандырады. Мысалы, сұраңыз «Не істеп жатырсың?» «Ол ойнап жатыр?» орнына. Егер бала жауап беруге қиналса, сұрақ қоярда немесе деген сөзді қолданыңыз. Мысалы «Бала секіреді немесе жүгіреді?».

Бізді қоршаған дыбыстарды және шуларды тыңдаңыз. Балаға айтыңыз «Тыңдашы ит қалай үреді, ал мына жел шулайды» және т.б. Содан кейін сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үргені, желдің гулегені, ұшақтың моторы, жапырақтар сыбдыры, өзеннің ағысы және т.б. болуы мүмкін.

Қысқаша әңгіме, болған жағдайды айтып беріңіз. Содан кейін балаға осы жағдайды Сізге немесе басқаға айтуға көмектесіңіз. Қиындық туған жағдайда, балаға бағыттайтын сұрақтар қойыңыз.

Егер бала тілінде бірнеше сөздер ғана қолданса, оған жаңа сөздермен сөздік қорды көбейтуге көмектесіңіз. 5-6 сөздерді таңдап (дене мүшелерінің бөлігін, ойыншықтар, азық-түліктерді) және оны балаға атаңыз. Балаға осы сөздерді қайталауға мүмкіншілік беріңіз. Бала оны дұрысты айтады деп тоспаңыз. Баланы жандандырыңыз және оларды айтуды жалғастырыңыз. Содан кейін, бала қалай осы сөздерді айтты, 5-6 жаңа сөздер енгізіңіз. Сөздерді қосуды бала көптеген заттарды білмейінше, қошаған ортаны білмейінше жалғастыра беріңіз. Баламен күнде дайындалыңыз.

Егер бала бір сөзді ғана айтса, онда оны қысқа сөйлемде айтуға үйретіңіз. Балаңыз білетін сөздерді қолданыңыз. Оған түстерді, өлшемдерді, жағдайларды қосыңыз.

Көп сабақтарды ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс тілді қайталауды белсендіру қажет, байланыс тілін қалыптастыру, еске сақтауын және көңіл-күйін жетілдіру қажет.

Ұмытпаңыз!


Сіздің балаңыз ең керемет!

































Ата – анаға арналған кеңестер

1. Баламен үнемі сөйлесіп, оның жауаптарын тыңдау керек. Бала сөйлескенді, оны тыңдағанды ұнатады, қажет етеді.

2. Бала не істегенін айтып отыру керек. Сюжеттік ойындар ойнатыңыз: «Дүкен», «Шаштараз», «Дәрігер», «Балабақша», т.б. Сөздік комментарийлерді қолданып отырыңыз.

3. Серуенде әңгімелесіп, жаңа сөздерді бірнеше рет қайталаңыз.

4. Балаға айтқан сөздеріңіз анық болсын. Сөйлемдерді де анық, дұрыс айтыңыз. Өбектеп, ысылдап, оның айтқаның қайталамаңыз. Сіздің сөйлеуіңіз үлгі болатын болсын!

5.Кітаптағы суреттер арқылы әңгіме жүргізіңіз, баланың өзінен сұраңыз.

6. Фотоальбомдағы суреттер бойынша әңгімелесіңіз.

7. Жеңіл өлеңдерді жаттап, ритмге салыңыз, мәнерлеп айтқызыңыз.

Өз сөйлеуіңізді тым қарапайым түрде жасамаңыз, ақырын күрделендіріп, ересек адамдардың сөйлегені сияқты сөйлесіңіз.



Осы түрдегі қарапайым кеңестерді сақтасаңыз, баланың ойлау қабілеті, тілі, жалпы дамуы жақсы болады, үлкен нәтижеге жетесіз!



«Шекарасыз тәрбие: Әлемдегі бала

тәрбиелеу құпиялары»


Жапониядағы бала тәрбиесі


Жапондар бала тәрбиесіне баса мән беретін ұлттың бірі. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тәрбие негізін берік ұстанады. Жапондар бала тәрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Екеуін де қазақ халқы сияқты еркелетіп өсіреді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық - ер баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу. Қатаң қағидалар негiзiнде өскен жапон баласы он бес жастан кейiн тәртiптi, оң-солын таныған, жақсы мен жаманды айыра алатын толыққанды азамат саналады. “Патша” болып еркiн өскен бала 5-6 жасынан бастап, тастай темiр тәртiпке бағынатын “қиын” күндерге тап болады. Егер бұл тәртiпке бағынбаса, қатаң жазаланады. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сәби күнiнен санасына сiңiрген бала сол жазаға ұшырап қалмауға күш салады. Көпшiлiктен, қоғамнан тыс өмiр сүру түсiнiгi жапондардың ортасында кешiрiлмес күнәмен тең.


Француз амалы: сыйлықты созып, кешіктіріп беру

Француздар балаларды мейрамханада тамақты сабырмен тосуға, сыйлықты күтуге үйретеді. Тіпті әдейілеп түрлі сылтаулармен қалаған заттарын кешіктіріп береді. Осылай баланы шыдамдылыққа, сол затты алғандағы қуанышты сезінуге және барды бағалай білуге баулиды. Балаға бақыт әкелу үшін бір парақтың өзі жеткілікті. Сурет салуға, қағаздан тырна жасауға, дөңгелетіп дүрбі істеуге болады, бастысы бала қиялы шарықтай түседі. Демек, бала белгілі бір материалдық заттарға қол жеткізе алмағаннан жаман болмайды. Есесіне қиял, тапқырлық, қадірлеу, бағалай білу сияқты өмір бойы жетелеп жүретін қасиеттерге ие болмақ.


Мына сөздерді балаға күнде айту керек

1. «Мен сені жақсы көремін» Бұл сөзді күніне тек бір рет емес, қайта-қайта айта беріңіз. Мысалы, баланы ұйқыдан «мен сені жақсы көремін» деп оятыңыз. Баланы бала-бақшаға немесе мектепке шығарып салғанда, күтіп алғанда «мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз. Осы сөзбен оны ұйықтатыңыз. Осылай бірнеше рет айту арқылы бала сіздің оны шын жақсы көретініңізге сенетін болады.

2. «Сенің бар болғаныңа қуаныштымыз» Көп жағдайда ата-ана бала оны айтпай-ақ біледі деп ойлайды. Алайда дыбыстап айтсаңыз, ол баланың жанына жағып, таңғалады. «Сенің барыңа қуаныштымыз» немесе «дәл сендей баланы армандағанбыз» деген секілді сөздерді балаға күнде айтып отыру керек. Бұл сөздерді айтқан кезде өзіңіз де шынымен бақытты екеніңізді сезінесіз. Ал бала бұл кезде осы отбасыға және өмірге кездейсоқ келмегендігіне қуанады. Бұл сөздер оған күш береді. Барлық адамда қандай бір уақытта өздеріне деген күмән туады. Ал мұндай сөздер арқылы бала өзіне сенімді бола түседі.


3. «Әлемдегі ең керемет баласың» Қазіргі отбасыларда бала саны аз болғандықтан, ал кейбіреулерінде тіптен біреу ғана болған соң, оны еркелетіп аламыз деп көп ата-ана өз сезімдерін балаға ашық айта бермейді. Алайда, қорықпаңыз, балаға «сен әлемдегі ең сұлу баласың», «сен әлемдегі ең керемет баласың» немесе «сен әлемдегі ең мықты баласың» деген сөздерді айтып тұру керек. Егер үйде бірнеше бала болса, оларға әр уақытта жекелей немесе жалпылама түрде айтуға тырысыңыз. Мұндай сөздерді естіп өскен бала, сабырлы, сенімді әрі бақытты болады.


4. «Ең дарынды баласың» Әр бала түрліше дамиды, біреулер ерте жүрсе, басқалары ерте оқып үйренуі мүмкін. Сондықтан, басқамен салыстырып, балаңыздың оны әлі істей алмайтындығын айта беруге болмайды. Оның артықшылығын айқындай түсіңіз. Мысалы: «сенің балалармен араласа білуің ұнайды», «сенің өмірге көзқарасың бәрінен де ерекше» немесе «сен жүгіруден мықтысың».







Бала тәрбиесі жөнінде 9 өсиет



1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп күтпе. Оған қоса, сенің қалауыңдағыдый болады деп күтпе. Тәрбие бала үшін сен болуға емес, өзіндік ерекше болуға көмектесуі тиіс.

2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрама: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.

3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңді балаңнан алма, өйткені не ексең, соны орасың.

4. Баланың проблемаларын түкке тұрмайтын деп асқақтап қарама: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сенікімен бірдей болады. Мүмкін сенікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.

5. Тәрбие беруде баланы мұқатып кемсітпе.

6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – қорла.

7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпа!

8. Біреудің баласын сүйе біл. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.

9. Балаң дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біл; балаңмен қарым-қатынаста қуануға ұмытпа, өйткені балаңнын жанында болу – бұл сенімен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.


Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар бізді де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл тәрбиелеудің негізгі мақсаты.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!