Даналық мектебі. Әжелер клубы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даналық мектебі. Әжелер клубы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨШПЕЙТІН ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨШПЕЙТІН ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Күшаман ауылы

Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі Манабаева Райхан Манарбековна

Мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.


Міндеттері:

  1. Әжелердің бала тәрбиесіндегі орнын анықтау

  2. Өнегелі әженің немерелеріне нені үйретуі керегін түсіндіру

  3. Қиын жағдайда оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруға кеңес беру


Ұлттық құндылықтар:


Бірлік пен татулық

Күтілетін нәтиже:


Әжелер отбасылық тәрбиедегі жауапкершілігін түсінеді Немерелеріне нені үйрету керектігін біледі

Немересіне үлгі болуды дағдыға айналдырады.



Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздер ме, құрметті әжелер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінде « Даналық мектебі »клубы бойынша «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» атты тәрбиелік шарамызды өткізгелі отырмыз. Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің оқушыларының арнаған ән шашуы бар.

Олай болса, өнерлі оқушыларымызды ортаға шақырайық. - сынып оқушысы орындауында «Асыл әжем» әні (әнін жазған Н.Тілендиев, сөзін жазған Қ.Мырзалиев).

1. Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған
Сағынышым сары ормандай самсаған,
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

2. Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуден,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

3. Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді
Сенің жаның жүрегімде ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Әжелермен танысу

Арнайы шақырылған әжелерді ортада дөңгелене тұрғызып, танысу талабын түсіндіреді.



Әжелер үш топқа бөлінеді, І-топ « Айша бибі » тобы

1.Асықкүл әже – Әминә немере

2.Майдангүл әже- Жаннұр немере

3.Жанат әже-Елжан немере

4.Фатима әже-Тоғжан немере



  1. Тобымен таныстыру



  1. Салт дәстүрден көрініс,ән шашуымен ( Құйрық бауыр асату)



Құйрық — бауыр асату

Қыз ұзатып, келін түсіретін әр шаңырақта «Құйрық бауыр» асату салты жасалады. Құйрық-бауыр құдалықтың басты заңдарының бірі. Оны әр жерде әр кезде беріледі. Мысалы: құдалар келген де немесе кетерге қарай. Бұл  салт тек қазақ еліне тән ұлтық  салт-дәстүр. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген мәтел осыдан қалған… Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен орны бөлек жай. Жаңадан келіп жатқан құдаларға ұсынылатын атында айтып тұрғандай құйрық пен бауырдан жасалынған тағам. Бір тілім бауыр, бір тілім құйрықтан қойып, айранға шылап  «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек айтып бас құдадан бастап асатады. Құдалыққа келген барлық қонақтар ауыз тиеді. Құйрық-бауырды салып әкелген ыдысты бос қайтармай, ырым салып қайтарады. Бір құдалыққа бір қойдың бауыры мен құйрығының жартысы жетеді. Жаңа сойылған қойдың бауыры мен құйрығынан дайындаған жөн. Құйрықты суға асып алып, жіңішке етіп тіледі. Бауырды да жеке қайнатып алып, тұз сеуіп жіңішкелеп турап, құйрықтың жанына салады. Сонымен қатар айран, пияз, қара бұрыш керек. Дәмін келтіру үшін.

Құда, құда дейсің-ау, әй,
Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.
Құйрық-бауыр жемесең,
Несіне құда дейсің-ау, әй.
Үлкен құда, бас құда

Кіші құда жас құда.
Құйрық-бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш, құда.
Үлкен құда ардақты-ай,
Кіші құда салмақты-ай.
Құйрық-бауыр асатсам,
Тістеп алма бармақты-ай.
3) Ұлттық тағам жасалу жолын немереге үйрету ( Женттің жасалу жолын көрсету)

4) Қолөнер жасау жолын немереге үлгі ету (құрақ көрпе тігу үлгісімен таныстыру)

5) Немерелер өнері, немеренің шашын өру үлгісін көрсету

6) Сыр сандық ( сұрақ-жауап айдары )

ІІ-топ « Қыз жібек » тобы

1. Әсемкүл әже – Еркенұр немере

2. Ұлжан әже- Дамир немере

3. Сұлу әже- Іңкәр немере

4. Тамара әже- Аяжан немере

1)Тобымен таныстыру

2)Салт дәстүрден көрініс,ән шашуымен ( бесікке салу )

БЕСІК ЖЫРЫ
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым!

Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім!

Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Алуа-секер қантымыз.
- Қалқам менің қайда екен?
- Асқар-асқар тауда екен.
- Онда неғып жүр екен?
- Алма теріп жүр екен.
Асқар таудың алмасы
Жаңа пісіп тұр екен.

Әлди, әлди, абайын,
Атқа тоқым жабайын,
Тойға кеткен апаңды
Қайдан іздеп табайын.
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!
Арша ма екен бесігі?
Ала ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Жігіт пе екен әкесі?
Жылама, балам, жылама,
Ата-ананды қинама

3) Ұлттық тағам жасалу жолын немереге үйрету (Мәйсөктің жасалу жолын көрсету)

4) Қолөнер жасау жолын немереге үлгі ету ( ұршық иіруді таныстыра отырып үйрету )

5) Немерелер өнері, немеренің шашын өру үлгісін көрсету

6) Сыр сандық ( сұрақ-жауап айдары )



ІІІ-топ «Баян сұлу » тобы

1. Әтіркүл әже – Махаббат немере

2. Рәткүл әже- Ержігіт немере

3. Тілеукүл әже- Нұрай немере

4. Бижамал әже- Алина немере

5. Бақыт әже-Қымбат немере

1)Тобымен таныстыру

2)Салт дәстүрден көрініс,ән шашуымен ( тұсау кесер )

Шілдехана бесік той

Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері ай
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді ай
Берекелі қазақ жері ол мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі

Қайырмасы:
Шілдехана бесік тойтұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында сұлу бойжеткен
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен

Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден
Қыз балаға жарасады алқа,шашпау,сәукеле
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін!

Қайырмасы:
Шілдехана бесік тойтұсау кесу сүндет той ай шіркін ай
Құда түсу сырға салу беташарың ай
Алты бақан аясында сұлу бойжеткен
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен

3) Ұлттық тағам жасалу жолын немереге үйрету (құрт жаяу,жасауы жайлы көрсету)

4) Қолөнер жасау жолын немереге үлгі ету ( тоқыма тоқып үйрету )

5) Немерелер өнері, немеренің шашын өру үлгісін көрсету

6) Сыр сандық ( сұрақ-жауап айдары )

Марапаттау сәті

Әже мейірі күн көзімен пара-пар, Тұла бойға қуат болып таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер,- дей отырып, бүгінгі «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі»атты сайысымызды аяқтаймыз






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
1752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі