
Алматы облысы
№166
"Арман" бөбекжай
балабақшасы "Ботақан" тобының тәрбиешісі:
Азимова Бақытгүл
Абылайқызы.
Даналықтың белгісі
Ұстаз болу –
жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –
көңілдің ақындығы,
Ұстаз болу –
өмірдің күншуағы,
Азбайтұғын
адамның алтындығы.
Балабақшадағы
тәрбие
адамның құлқын қалыптастырып, адамгаршілік болмысын жетілдіреді, оны
бақытты
етіп, қоғамға
мейірбандылық нұрын
шашады. Адам бойына
қандайда бір бейімдік белгілерін егуді емес, оны
адамгершілігі тұтас
тұлға
етіп тәрбиелеуді, тұрақты
ізгі қасиетерін
қалыптастыруды көздейді.
Адамның кім
болмағы, қандай
болмағы
тәрбие
мен қоғамға ғана
тәуелді
емес, алдымен ол адамның өзіне
байланысты. Бірақ,
адам бірден жеке тұлға
болып қалыптасуы мүмкін
емес. И. Гете айтпақшы:
«Біз өз
бойымыздағы әдеп
сезімін дамытуға
тиіспіз. Өйткені,
адамдардың ілтипатынан
оп-оңай
айырылып
қалуы
мүмкін.
Бұл қателігі үшін адам өмірде өте
көп
зиян шегеді.
Және, өкінішке орай,
ұрпақтарын осы ауыр
зияннан құтқара
алмай-ақ келеді». Әдеп
адамның өмір сүру
дәстүріне
байланысты. Сондықтан
бала тәрбиенің үш
сатысы негізінде өсіп,
жетіледі. Олар: ой саулығы,
жан саулығы,
тән
саулығы.
«Жақсы адам болып
қалыптасу үшін
жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі
зор»-деген ежелгі грек философы
Демокриттің сөзінен: «ой
мен жан тәрбиесі –
адамгершіліктің шарапатты негіздері, рухани
ұйытқысы,
мәйегі»
деген қорытынды шығаруға
болады. Жақсы қасиеттер кез келген
адамның жан
дүниесінен табылады. Тек оны
уақытмен
анықтап, өрісін
кеңейте
білу керек. Себебі, адам бойына
дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай
алады. Әрине,
бала дүниеге
келісімен өзін-өзі
тануға
икемсіз. Сондықтан баланың «Менін» қалыптастырып тәрбиелеуге ата-ана міндетті. Демек,
тәрбиенің тамыры терең болмаса, бала жақсылық пен
жамандықтың додасына түсіп,
жамандыққа бет бұруы
мүмкін.
Тәрбиенің басты мақсаты:
жас буынға ізгіліктің тура
жолын көрсету, «мені»
танылған
адам қоғамның басты
байлығы,
мәртебесі екенін ұғыну. Өзін-өзі
таныған,
жан-жақты
дамыған тұлғалардан құралған қоғамның абыройы жоғары,
тұрмысы
сәнді,
тіршілігі шуақты
болмақ.
Демек, осындай қоғамы
бар елдің тәуелсіздік тұғыры
биік болмақ.
Данышпан Аристотель: «...
тәрбие өнері
табиғаттан
адамдағы
жетіспеген жақтарын
толықтыру
мақсатын
көздейді»-дегендей, К. Маркс
айтпақшы:
«өзін-өзі
тану- даналықтың бірінші белгісі».
Адам өзін-өзі
тану үшін
алдымен «Мен кім?», «Мен қандаймын?», «Мен не істей аламын?» деген
сауалға
ішкі дауысымен жауап беру
қажет. Одан
соң, өзіне
ой, тән,
жан тазалығын
жүргізу
керек. Тән
тазалығы -
денсаулық, ой тазалығы -
ақыл,
жан тазалығы -
пәктік. Адам
үнемі
жаман ойдан арылып, жарқын
ойға
шомылу қажет.
Нұрлы
оймен адам өзіне
сенім ұялата
алса,сенім арқылы
сезімін де оятуға
болады. Л. Фейербах:«адамды тану
үшін
оны сүю
керек»-дегендей, өзіңді-өзің жақсы
көру
аса маңызды.
Себебі, сенім – сезімді сергітеді, махаббат -
«меніңді»
марқайтады. Сенім дегеніміз – иман, махаббат дегеніміз -
адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата
көрсетуге себепші болатын киелі сезім. Демек,
адам өмірді
де сүю
керек.
Тәрбиенің үш
бұлағы бір
арнаға құйылса, онда оның суы
да мөлдір,
тұнық болмақ.
Оған
Саққұлақ шешеннің мына өсиет
сөздері
басты дәлел
бола алады. Мысалы, «Ақыл-
адамды аздырмайтын ем, білім - таусылмайтын кен,
адамның басшысы - ақыл,
жетекшісі -талап, шолғыншысы - ой, жолдасы -
кәсіп, қорғаны -
сабыр, қорғаушысы -
мінез».
Қорыта
айтқанда,
«өз
бақытың-өз қолыңда»-демекші жарқын
болашаққа жол
табу өз
еншіңде.