Тақырыбы: Дәнді
дақылдар
Мақсаты: балаларға
дәнді дақылдардың пайдасы,
құрылымы, түрлері туралы түсінік беру. Дәнді дақылдар туралы
ұғымдар мен мақал мәтелдер туралы түсіндіру, білімін жан -жақты
кеңейту, тіл байлықтарын дамыту, ойлау өрісін
кеңейту,
Балалардың егіс алқабы жайлы
түсінік беру. Егіс алқабын суреттен көргендері бойынша сұрақтарға
толық жауап беруге үйрету.
Әдісі: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру,
сұрақ - жауап, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын, бағалау,
қорытындылау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы
суреттер, күріш, бидай, нан, қоян
кейіпкері;
Сөздік
жұмыс: Масағы, сабағы,
мұртшалары.
Сабақ
барысы:
Жылулық
шеңбері:
Армысың Алтын күн;
Армысың Жер Ана,
Армысың ашық аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос!
Жарайсыңдар,балалар!
- Балалар жыл мезгілдерін атайықшы.
- Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы?
- Күз мезгілінде далада ауа - райы қандай болады?
- Күз мезгіліндегі табиғат өте ерекше болады, табиғат мол байлығы
кенеледі. Байлық дегеніміз бұл не балалар? Табиғаттың байлығы
дегеніміз – бұл жемістердің пісуі, көкөністердің пісуі екен.
Сондай-ақ ас атасы болған астығымыздың қырманға түсіп, қамбамыздың
толуы екен, балалар.
Енді, мына тақтаға қарайықшы. Осы тақтадан «Егіс алқаптарының»
суреттерін көріп тұрмыз. Мына суретте трактормен жер жыртылып,
тегістеп егін егіп жатыр. Адамдар егінді суарып, арам шөптен
тазалап, ал егін мынадай болып жайқалып шығады.
Піскен егінді комбайнмен комбайыншылар орады. Сонан соң дәнін
сабағынан ажыратып, бидай алынады екен.
Олай болса біз бүгін дәнді
дақылдармен танысып, дақылдар әнін тыңдаймыз. Дәнді дақылдарың бірі
бұл жаңа ғана біз айтқандай бидай екен. Бидай - біржылдық азықтық
өсімдік. Бидай жемісі-дәнек. Суыққа
төзімді. Бидайдан балалар ас анасы- нан
жасаймыз. Балалар және бидайдан басқа қандай дәнді дақылдарды
білеміз? Дәнді дақылдардың түрлері өте
көп. (Дәнді дақылдарды көрсетіп
атын атау). Солардың ішінде біз бүгін
арпа, тары, күріш – деген дәнді дақылдармен танысамыз. Арпадан
ботқа дайындап, ем ретінде пайдаланады. Тарыны балалар бәріміз
білеміз. Тарыдан талқан, майсөк, тарыкөже жасаймыз. Күріш жылуды,
ылғалды, жарықты, құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Күріштің де
сабаны, дән жармасы, кебегі малға азық. Күріш қайнатпасы асқазан
ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Ендеше балалар осы дәнді дақылдар
жайлы тақпақтарымызды айтып
берейік.
Бидай: Нан анасы-бидаймын,
Елге астық сыйлаймын;
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Арпа: Күміс мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбек етіп, баптаған
Еліме сый тартамын!
Тары: Ақ, қарамын,сарымын:
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Күріш: Күнді сүйген күрішпін:
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Ғажайып сәт: (Қоянның қонаққа келуі) Қоянның қолында конверт болады.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме? Балалар мен жолдан мынадай бір хат тауып алдым. Бұл сіздердікі емеспе?
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, қоян. Бұл почташы ағайдан түсіп қалған хат болар. Кане көрейік. (тәрбиеші хатты алып көреді). Балалар бұл хат бізге екен, ашып көрейік. Ішінде бидайдың масағы мен бірге бір тапсырма бар екен. Өздерің сияқты достарың бізге бидай масағының суретін салып беруімізді өтініпті. Өтініштерін орындап мына бидай масағына қарап отырып суретін салып береміз бе? (балалар келіседі).
(Балалар апайдың көмегімен бидай масағының суретін таяқшалардың көмегімен бояуға батырып салып үйренеді).
Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
Қорытындылау:
-Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Қандай дәнді дақылдар бар екен?
-Бидайдан не аламыз екен?
Сабақта жақсы қатысқан балаларды мақтап – мадақтау.

МҚКК «БАЛБӨБЕК» Бөбекжай балабақшасы
«Дәнді дақылдар»

Өткізгендер: Бакешова М.Қ
Егіндікөл, 2019
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дәнді дақылдар

шағым қалдыра аласыз