К Ә С І П Т І К Б І Л І М
В.И.МАСЛОВ
ДӘНЕКЕРЛЕУ
ЖҰМЫСТАРЫ
ОҚУЛЫҚ
«Білім беруді дамытудың федералды институты» федералдық
мемлекеттік мекемесі «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша
орта арнайы білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
мекемелеріне оқу құралы ретінде
ұсынылған
Пікірдің тіркеу нөмірі № 061,
12 наурыз 2010 жыл ФММ «ФБДИ»
12-басылым, стереотипті
Мәскеу
«Академия» баспа орталығы, 2016

ӨӘЖ 621.791(075.32)
КБЖ 34.641я72
М31
П і к і р б е р у ш і —
Мәскеу қаласындағы «№31 Политехникалық колледж» ОКБ МББМ дәнекерлеу
мамандандырылған технологиясының оқытушысы, В. А. Грошев
Маслов В. И.
М31 Дәнекерлеу жұмыстары: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің
студенттеріне арналған оқулық/ В.И.Маслов. — 12- басылым стер. —
М.: «Академия» баспа орталығы, 2016. — 288 б.
ISBN 978-601-333-202-4 (каз.)
ISBN 978-5-4468-3438-9 (рус.)
Дәнекерлеудің негізгі түрлері, дәнекерлеу жіктері мен қосылыстарының түрлі типтері
қарастырылған. Доғалық дәнекерлеу кезінде орын алатын металлургиялық үдерістер
сипатталған. Түрлі болаттар мен түсті металдарды дәнекерлеу технологиясының ерекшеліктері
көрсетілген.
Дәнекерлеу жігін қалыптастыру механизмі мен дәнекерлеу режимін таңдау мәселелері
талқыланған, дәнекерлеу құрылымы өндірісінің мәселелері баяндалған, заманауи дәнекерлеу
жабдықтары туралы мәлімет берілген.
Оқулық «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша «Түрлі болаттардан, түсті металдар мен
олардың қоспаларынан, шойыннан жасалған бұйымдарды барлық кеңістіктік жағдайда
дәнекерлеу және кесу» КМ.02 кәсіби модулін игеру кезінде пайдаланыла алады.
Орта кәсіптік білім беру мекемесінің студенттеріне арналған.
ӘОЖ 621.791(075.32)
КБЖ 34.641я72
© Маслова В.И., 2002
© Гришанова М.В. (автор Маслова В.И. мұрагері), 2014
© «Академия» білім-баспа орталығы, 2014
© Көркем безендірілуі. «Академия» баспа орталығы, 2014
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне
«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес ««ТжКБ жүйесі үшін
шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»
мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды.
Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру
үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім
беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді
(технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.
Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы:
Астана қ., Иманов көш., 19,
«Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. поштасы: info@dcg.kz
ISBN 978-601-333-202-4 (каз.)
ISBN 978-5-4468-3438-9 (рус.)

Алғысөз
Қазіргі өнеркәсіптегі техникалық прогресс көбінесе дәнекерлеу
өндірісін дамытуға бағытталған ғылыми және инженерлік пікірге
байланысты. Дәнекерлеу өнеркәсіптің ғылымды қажет ететін
салаларында жетекші орын алады. Дәнекерлеудің артықшылығын
оның кең қолданысы қамтамасыз етті: супер танкілердің,
автомобильдердің және басқа да көліктік құралдарды корпустары,
ұшақтардың тораптары мен агрегаттары, турбиналар, қазандықтар,
атомдық реакторлар мен құрылыс құрылымдары дәнекерленеді.
Дәнекерлеу өндірісіндегі ерекше бағыт – жұмысқа қабілеттілік
ресурсы аяқталатын көпірлер мен металл құрылымдарын қалпына
келтіру және күрделі жөндеу.
Ақпарат алмасу және күрделі инженерлік тапсырмаларды іске
асыруда күш біріктіру үшін дәнекерлеу теориясы мен тәжірибесі
мәселелерімен айналысатын ғалымдар мен инженерлерді жүйелі түрде
шақырып тұратын Халықаралық дәнекерлеу институты жарты ғасыр
бойында қызмет етіп келеді. Еуропада инженерлер мен шеберлерді
және жұмысшы-дәнекерлеушілерді қайта даярлап, жауапты дәнекер
жұмыстарын орындауға халықаралық сертификат берумен
айналысатын Халықаралық дәнекерлеушілер қауымдастығы
құрылған. Ресей Федерациясының осы беделді ұйымдарда өз өкілдері
бар.
Мәскеуде жыл сайын «Сокольники» мәдени-көрме орталығында
«Россварка» дәнекерлеу жабдығының көрмесі өткізіліп, тәжірибе
алмасу және жаңа технологияларды іске асыру мақсатында жетекші
ресейлік және шетелдік дәнекерлеу жабдықтарын дайындаушы
фирмалар шақырылады.
Ресей Федерациясында Ұлттық бақылау және дәнекерлеу агенттігі
(«ҰБДА» АНО) құрылған, ол дәнекерлеу өндірісіндегі нормативтік
құжаттарды әзірлеуді, дәнекерлеуші-мамандарды оқыту және қайта
даярлауды, дәнекерлеу материалдары мен жабдықтарын
аттестациялауды жүзеге асырады.
Автор бірқатар бағалы ескертулері үшін «Спецмонтажстройдың»
бас дәнекерлеушісі О.Л.Цветковқа алғыс білдіреді.

4
Ұстазым және осы кітапты
жазудағы көмекшім –
Борис Георгиевич Волковтің
жарқын бейнесіне арналады
Кіріспе
Өнертабыс ретінде өнеркәсіптің түрлі салаларында кең қолданыс
тапқан дәнекерлеу тарихи тұрғыдан Ресейде бастау алған.
1802 жылы Петербургтік әскери-медициналық академияның
профессоры В.В.Петров электрлік доға құбылысын ашты және оны
тәжірибеде қолдану туралы идеясын жариялады.
80 жылдан кейін 1882 жылы орыс инженері Н.Н.Бенардос өзі
тапқан балқымайтын көмір электродымен металдарды электрдоғалық
дәнекерлеу тәсілін сипаттады, одан кейін қорғаушы газда доғалық
дәнекерлеу тәсілі мен металдарды доғалық кесуді ойлап тапты. 1887
жылы Н.Н.Бенардос көмір электроды арасында жүзеге асырылатын
контактілі дәнекерлеу тәсілі өнертабысына патент алды.
1882 жылы инженер Н.Г. Славянов дәнекерлеуді ұсақталған
әйнектен флюс қабатымен балқымалы металл электродымен
орындауды ұсынды да осындай үдерісті іске асырды.
Дәнекерлеу туралы ғылымның дамуы және оның металлургияда,
кеме, қазандық құрылысында қолдану 1930-1940 жылдары да
жалғасты. В. П. Вологдин, Г.А. Николаев, Е.О.Патон сияқты
ғалымдардың есімдері шетелдерге жақсы таныс. Өз зерттеулерімен
олар дәнекерлеу ісінің даму негізін қалады, сондай-ақ инженерлік
және ғылыми кадрларды дайындаудың отандық мектебін
қалыптастырды. Дәнекерлеу өндірісі қарқынды дамыды, бұл бормен
майлайтын электродтармен қолмен доғалық дәнекерлеуден флюспен
автоматты дәнекерлеуге ауысуға ықпал етті.
1950—1952 жж. ОҰИТМашИ-та Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ пен
Е.О.Патон атындағы Электродәнекерлеу институтының тікелей
қатысуымен көмірқышқыл газымен дәнекерлеу үдерісі әзірленді.
Соңғы он жылдықта отандық және шетелдік ғалымдармен
дәнекерлеудің алуантүрлі арнайы түрлері: лазерлік, электронды-
сәулелік, диффузиялық-вакуумдық дәнекерлеу, жарық сәулесімен,
үйкеліспен, жарылыспен т.б. дәнекерлеу түрлері табылды.
Дәнекерлеу өндірісінің дамуы жалғасуда. Өнеркәсібі дамыған
елдердің патенттік агенттіктері ай сайын дәнекерлеу техникасы мен
технологиясы саласында 200-ден астам өнертабысты тіркейді.
Халықаралық тәжірибеде жыл сайын заманауи металл құрылымын
дайындау кезіндегі дәнекерлеу жұмыстарын көлемі арта түсуде. Бір

5
мезгілде дәнекерлеуді пайдаланатын жөндеу-қалпына келтіру
жұмыстарының көлемі де өсуде.
Дәнекерлеу жабдығының заманауи нарығы қолмен доғалық
дәнекерлеуге арналған жабынды электродтардың, қуаттандыру
көздерінің, жартылай автоматтар мен автоматтардың, стационарлық
жағдайда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған
мамандандырылған дәнекерлеу құрылғылары мен қосымша
құрылғылардың кең ассортиментін ұсынады. Далалық жағдайда
жұмыстарды орындау үшін дәнекерлеу агрегаттарының кешені
шығарылады.
Лазерлік техника дәнекерлеуді техникалық өлшеу, биология,
медицина, оптикалық жүйелер және т.б. саласында қолдану
мүмкіндігін кеңейтеді. Лазерлік аппаратура шағын нысандарды
прецизиялық микроөңдеуді, берілген сызба немесе бағдарлама
бойынша бөлшектерді дәнекерлеу, пісіру және тазалық өңдеуді жүзеге
асырады. Отандық және шетелдік мамандардың базалық
әзірлемелерінің негізінде дәнекерлеу жабдығының нарығы жыл сайын
жаңа үлгілермен толығады.
Ресейлік және еуропалық нормалар мен стандарттарға сай келетін
заманауи металл құрылымдарының өндірісі дәнекерлеуші
мамандарды дайындау және аттестаттауды талап етеді. Кадрларды
кәсіби даярлау мамандандырылған оқу орталықтарында жүзеге
асырылады. Мысалы, Орал аймағында (Қорған қаласында)
«Курганстальмост» ЖАҚ базасында дәнекерлеу оқу орталығы
құрылды, онда қолмен доғалық дәнекерлеу, қорғаушы газдарда
жартылай автоматты дәнекерлеу және флюспен автоматты дәнекерлеу
секілді үш негізгі бағыт бойынша заманауи лабораториялық -
практикалық база бар. лабораториялар ресейлік және шетелдік
фирмалардың заманауи жабдықтарымен жасақталған. Е.О.Патон
атындағы электродәнекерлеу институты мен Германия
дәнекерлеушілер одағының әзірлемелері негізінде дәнекерлеу
жаттықтырғыштары шығарылды. Оқу орталығы сынау және оқыту
жөніндегі дәнекерлеу-техникалық орталығы (Германия) мен Қорған
мемлекеттік университетінің қолдауымен қызмет етеді. Оқу мен
аттестациядан өткендерге Еуропалық дәнекерлеу федерациясының
сртификаты беріледі, ол дәнекерлеуші мамандарға шетелдік
тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Ұқсас оқу орталықтары – «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы»
мамандығы бойынша оқу -техникалық кешендер Ресей
Федерациясының басқа аймақтарында да жұмыс істейді.
Мұндай кешендер оқушылар мен студенттерді дайындауға, сондай-
ақ жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруға арналған.
Әзірленген бағдарламаларға сәйкес теориялық сұрақтар бойынша

6
кешенді оқыту жүргізіліп, заманауи жабдықтарды пайдалану бойынша
тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
Көрсетілген бағдарламалар келесідей негізгі бағыттарды қамтиды:
жабынды электродты қолмен доғалық дәнекерлеу (халықаралық
белгіленуі – ММА), инертті газдарда балқымайтын вольфрам
электродымен доғалық дәнекерлеу (TIG/WIG), инертті және белсенді
қорғаушы газдарда балқымалы электродпен механикаландырылған
дәнекерлеу (MIG/MAG) және флюспен дәнекерлеу.
Негізгі халықаралық белгіленудерді білу заманауи дәнекерлеу
нарығында тез және қатесіз бейімделуге, ынтымақтастыққа әріптесті
табуға, сондай-ақ журнал, мақала, ақпараттық бюллетень, жарнамалық
бейнематериалдар жіне т.б. мерзімдік басылымдар бойынша
дәнекерлеу өндірісінің мәселелерін тереңірек зерттеуге көмектеседі.
Алғашқы мәліметтерді алған оқушылар таңдалған мамандыққа
мақсатты түрде дайындалып, білімдері айтарлықтай толық жүзеге
асырылатын оқу орындарында білім алуды жалғастыра алады.
Дәнекерлеу саласындағы негізгі халықаралық белгіленудер В.1
кестесінде берілген.
В.1 кесте. Дәнекерлеу саласындағы негізгі халықаралық
белгіленулер
Криптограмма Мазмұны
Жабынды электродты қолмен доғалық
дәнекерлеу (ММА тәсілі)
Жабынды электродтар арналған дәнекерлеу
жіктерінің кеңістіктегі қалыптарын белгілеу
Балқымалы электродпен доғалы дәнекерлеу
(MIG/MAG тәсілі): MIG, MAG— сәйкесінше
инертті және белсенді газдарда; MIG/MAG—
AC, MIG/MAG—DC, MIG/MAG—AC/DC —
сәйкесінше ауыспалы, тұрақты, ауыспалы және
тұрақты токтарда

7
В.1-кестенің жалғасы
Дәнекерлеу сымдарын берудің екішығыршықты
механизмі
Дәнекерлеу сымдарын берудің
төртшығыршықты механизмі
Дәнекерлеу қыздырғышын қосуға арналған
«еуроажыратқыштың» болуы
Электродты сымдарды беру жылдамдығын
өзгерту арқылы дәнекерлеу тогының күшін
реттеуге арналған құрылғының болуы
Дәнекерлеудің басында электродты сымдарды
жатық беру механизмінің болуы
Жылдамдықты автоматты реттеумен тарту-
итеру типті электродты сымдарды беру
механизмінің болуы —PUSH-PULL(ПУШ-
ПУЛ) жүйе
MIG/MAG тәсілімен дәнекерлеуге арналған
қыздырғыш
Инертті газда балқымайтын (вольфрам)
электродымен доғалық дәнекерлеу (TIG/WIG
тәсілі): TIG/ WIG—DC; TIG/WIG—AC,
TIG/WIG—AC/DC — сәйкесінше тұрақты,
ауыспалы және тұрақты және ауыспалы
токтарда
TIG жүріп тұрған токпен дәнекерлеу тәсілі
(импульсті-доғалық дәнекерлеу)
TIG HF— жоғары вольтты және жоғары
диілікті разрядты доғалардың контактісіз
қозу жүйесі бар TIG дәнекерлеу тәсілі

8
В.1-кестенің соңы
TIG contact— дәнекерленетін бөлшекке
тиген доғанығ контактілі қозуымен TIG
дәнекерлеу тәсілі
Ұнтақты сыммен дәнекерлеу
Флюспен дәнекерлеу
Дәнекерлеу доғасының қуаттану көзінің
төмендейтін сыртқы вольт-амперлік
сипаттамасы (ВВАХ)
Қуат көздерінің қатаң ВВАХ
Қуат көздерінің үдемелі ВВАХ
Инверторлы қуат көздерінің үйлескен
ВВАХ (кері байланыс блогтарының
көмегімен дәнекерлеу үдерісін басқару)

9
ДӘНЕКЕРЛЕУ
ҮДЕРІСІ
ТЕОРИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
I
БӨЛІМ
1 Тарау Дәнекерлеудің негізгі түрлері
2 Тарау Дәнекерлеу қосылыстарыныі негізгі
типтері және дәнекерлеу жіктерінің
құрылымдық элементтері
3 Тарау Болаттар мен олардың
дәнекерленуі туралы жалпы
мәліметтер
4 Тарау Доғалық дәнекерлеудің теориялық
негіздері
5 Тарау Балқыту арқылы доғалық
дәнекерлеу кезіндегі металлургия
және жылу үрдістері
6 Тарау Дәнекерленген байланысты
қалыптастыру
7 Тарау Дәнекерлеу материалдары

10
1 Тарау
ДӘНЕКЕРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Дәнекерлеу деп дәнекерленетін бөлшектер арасында оларды
қыздырып және (немесе) пластикалық деформациялау кезінде
атомаралық байланысты орнату арқылы ажырамас қосылыстарды алу
үдерісін атайды (МемСт 2601 — 84*).
Қазіргі кезде 150-ден астам түрлі дәнекерлеу үдерістері бар.
металды балқытып, дәнекерлеу қосылысын қалыптастыру үшін
берілетін энергия түріне қалай дәнекерлеу үдерісін үш класқа бөледі:
■термиялық — жылу энергиясын қолданып жүзеге асырылатын
балқытып дәнекерлеу түрлерін біріктіруші (доғалық, электр қожды,
газдық, плазмалық, электронды-сәулелік, лазерлік, жарық сәулесімен
және т.б.);
■термомеханикалық — жылу және механикалық энергияларды
қолданып жүзеге асырылатын дәнекерлеу түрлерін біріктіруші
(контактілі, диффузиялық, ұсталық, газопрестік);
■механикалық — механикалық энергияны қолданып жүзеге
асырылатын қысымды дәнекерлеу түрлерін біріктіруші (суық
дәнекерлеу, үйкелісті, жарылысты, ультрадыбыстық).
Алғашқы екі класс (термиялық және термомеханикалық)
дәнекерлеудің негізгі екі түрін балқытумен және қысыммен
дәнекерлеуді қалыптастырады, олар өнеркәсіпе кең қолданыс тапқан.
Механикалық кластық дәнекерлеудің барлық түрлері арнайы түрге
жатады да қолданылуы шектеулі болады.
Балқытып дәнекерлеу кезінде бөлшектер қыздырғыш көзінің
жылуы әсерінен біріктірілетін шеттері бойынша балқытылады.
Балқыған металл ортақ көлемге қосылып, дәнекерлеу ыдысын
қалыптастырады. Оның салқындау үдерісінде сұйық металл
қаттыланып, дәнекерлеу жігі пайда болады. Жік енді дәнекерленіп
жатқан жиек металының, металл шеттерінің және балқитын
электродтың қосымша металының балқуы есебінен пайда бола алады.

11
Балқытып дәнекерлеудің алуан түрлері арасында доғалық
дәнекерлеу жетекші орын алады, оны жүзеге асыру кезінде жылу көзі
болып электр доғасы табылады.
Дәнекерлеу доғасы газдық ортада электрод пен бөлшек арасында
немесе үш электрод (үш фазалы доға) арасында туындайтын
электрлік разрядты білдіреді. Доғаны ауыспалы токпен қуаттандыру
үшін дәнекерлеу трансформаторлары қолданылады, тұрақты токпен
дәнекерлеу кезінде – дәнекерлеу түзеткіші немесе дәнекерлеу
генераторлары пайдаланылады. Доғалық дәнекерлеуді балқымалы
және балқымайтын электродтармен дәнекерлеу деп бөледі.
Балқымалы электродтар – әдетте, дәнекерлеу жартылай
автоматтары мен автоматтарына арналған түрлі металдан жасалған
дәнекерлеу сымдары және қолмен доғалық дәнекерлеуге арналған
жабынды электродтар. Балқымайтын электродтар вольфрамды,
графитті не көмір өзекті болып келеді.
Электрод пен негізгі металды балқыту кезінде дәнекерлеу ыдысын
атмосфералық газдардан – оттегінен, сутегі мен азот әсерінен қорғау
керек, себебі олар сұйық металда еріп, металл жігінің сапасын
нашарлатады.
Дәнекерлеу ыдысын, доғаның өзін және қызатын электрод
ұштарын атмосфералық газдардан қорғау тәсіліне қарай доғалық
дәнекерлеуді келесі түрлерге бөледі: жабынды электродпен, қорғаушы
газда, флюспен, вакуумда, өздігінен қорғайтын ұнтақты сымдармен
және үйлесімді қорғанысты дәнекерлеу.
Механикаландыру дәрежесі бойынша қолмен және
механикаландырылған (жартылай автоматта және автоматта)
дәнекерлеу деп жіктейді.
Жабынды электродтармен доғалық дәнекерлеу қолмен
орындалады. Түрлі табиғи қосындылармен (өсімдікті және
минералды) ұнтақ тәріздес қоспадан әзірленген жабын доғаның жану
тұрақтылығын арттыруға, балқитын металдың атмосфералық
газдардың әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге, дәнекерлеу ыдысын
металлургиялық өңдеуге және ақыр соңында дәнекерлетін жіктің
сапасын арттыруға мүмкіндік береді . Жіктің қалыптасуы
дәнекерленетін бөлшек шеті металының және дәнекерлейтін электрод
өзегі металының балқуы есебінен жүргізіледі. Бұл кезде дәнекерлеугі
негізгі технологиялық әрекеттерді қолмен орындайды: электродтың
балқу деңгейіне байланысты оны дәнекерлеу аймағына береді және
доғаны дәнекерлейтін бөлшек шеті бойымен қозғайды.

12
Қолмен жабынды электродты доғалық дәнекерлеу
(1.1-сурет) — дәнекерлеу құрылымдарын әзірлеуде қолданылатын
дәнекерлеудің кең таралған түрі.
1.1-Сурет. Жабынды электродты
қолмен доғалық дәнекерлеу
сұлбасы: 1-дәнекерлеу доғасы; 2-
электрод; 3-электроұстатқыш; 4-
дәнекерлеу сымдары; 5-доға қуат
көзінің қосылу клеммасы; 6-
дәнекерленетін бөлшек; 7-дәнекерлеу
ыдысы; 8-дәнекерлеу жігі; 9-қожды
қабыршақ; Vсв, Vпод-дәнекерлеу және
дәнекерлеу аймағына электродты беру
жылдамдығы; h— негізгі металды
балқыту тереңдігі
Оны қарапайымдылығы мен әмбебаптылығы арқасында дәнекерлеу
жұмысын түрлі кеңістіктік жағдайда және қол жеткізу қиын
орындарда жүзеге асыру мүмкін болады. Алайда мұндай дәнекерлеу
үдерісінің өнімділігі айтарлықтай төмен, және жұмыс сапасы да
тікелей дәнекерлеушінің біліктілігіне байланысты болады.
Қорғаушы газдарда доғалық дәнекерлеу (1.2-сурет) қалыңдығы кіші
және орташа металдардан жасалған бөлшектерді қосу кезіндегі
айтарлықтай тиімді дәнекерлеу үдерісі болып табылады. Бұл
дәнекерлеу жартылай автоматтар немесе дәнекерлеу автоматтары
көмегімен жүргізіледі.
1.2-Сурет. Балқымалы (а) және балқымайтын (б) электродтармен қорғаушы
газдарда доғалық дәнекерлеу сұлбасы:
1 — қыздырғыш шүмегі; 2 — дәнекерленетін бөлшек; 3 — дәнекерлеу доғасы; 4 —
дәнекерлеу жігі; 5, 7 — сәйкесінше балқымалы және балқымайтын (вольфрам не көмір)
электродтар; 6 — балқымалы электродтың беріліс механизмінің шығыршығы ; 8 — қоспа
металл; Усв — дәнекерлеу жылдамдығы

13
1.3-Сурет. Флюспен доғалық
дәнекерлеу сұлбасы:
1 — доға қуат көзін біріктіру клеммасы; 2
— ток жетегінің сырғанақ контактісі;
3 — электродты сымды беретін механизм
шығыршағы; 4 — электродты сым; 5 — газ-
дық қуыс; 6 — флюс; 7 — балқытылған
флюс қабаты; 8 — қождың қатайған қа-
быршағы; 9 — дәнекерленетін металл; 10
— дәнекерлеу ыдысы; 11 — дәнекерлеу
доғасы; Vсв, Vпод — дәнекерлеу мен
дәнекерлеу аймағына электродты сымды
беру жылдамдықтары
Бұл кезде балқымалы да, балқымайтын да электродтар
пайдаланылады. Дәнкерленетін металл түріне қарай (көміртекті және
шыныққан болаттар, алюминий және титан құймалары, мыс пен оның
құймасы негізіндегі түсті металдар) қорғаушы газдар ретінде
көмірқышқыл газы, аргон, гелий, кейде азот пайдаланылады. Келесі
газдық қоспалар айтарлықтай жиі қолданылады: аргон және
көмірқышқыл газы; аргон, көмірқышқыл газы және оттегі;
көмірқышқыл газы және оттегі; аргон және гелий. Дәнекерлеу
қыздырғышының шүмегі арқылы доғалық жану аймағына берілетін
қорғаушы газдар дәнекерлеу үдерісі аймағынан атмосфералық
газдарды ығыстырады да, олардың кері әсерінен дәнекерлеу жігінің
сұйық металын қорғайды.
Флюспен доғалық дәнекерлеу ( 1.3-сурет) орташа және үлкен
қалыңдықтағы бөлшектерді біріктіру кезінде кеңінен қолданылады.
Дәнекерлеу үдерісінде флюс (көпқұрамдас ұнтақ) және электродты
сым доғаның жану аймағына үздіксіз беріледі, оның жылуы әсерінен
негізгі металдың (бөлшектің), сым мен флюс бөлігінің шеттері
балқиды.
Доға айналасында газдармен және металл буларымен, флюспен
толтырылған қорғаныс қуысы пайда болады. Доғаны дәнекерленетін
бөлшек шеттерінің бойымен қозғалысы кезінде балқыған флюс
дәнекерлеу ыдысынын бетіне шығып, қож түзеді. Балқыған флюс пен
қожды қабыршақ дәнекерлеу ыдысын қорғайды және қалыптасып
келе жатқан дәнекерлеу жігін атмосфералық газдардың әсерінен
қорғайды.
Кассетаға оралған электродты сым доғаның жану аймағына арнайы
механизммен беріледі, ал флюс шанақтан түседі.

14
1.4-Сурет. Электрқожды дәнекерлеу
үдерісінің сұлбасы:
1 — дәнекерленетін бөлшек; 2 — қозғалысты
сырғанақты-кристаллизаторлар;
3 — салқындатылған суды жеткізу;
4 — дәнекерлеу жігі; 5 — дәнекерлеу ыдысы,
6 — балқыған металл және электр жетекті
қож; 7 — электродты сым; Vm— дәнекерлеу
жылдамдығы
Флюспен дәнекерлеудің негізгі артықшылығы болып үнемділігі,
үдерісінің жоғары өнімділігі және дәнекерлеу жігінің сапасы
табылады.
Алайда бұл дәнекерлеу жұмысын төмендегіден басқа кеңістіктік
жағдайларда орындау мүмкін болмайды.
Электрқожды дәнекерлеу (1.4-сурет) арнайы үйлестірілген үдеріс
болып табылады және қалыңдығы үлкен (50 мм және одан да үлкен)
бөлшектерді дәнекерлеу кезінде немесе дайындамаларды
(құймаларды) әзірлеп, одан әрі табақша, таспа, жолақ, бұрыш т.б.
айналдыру мақсатында қымбат бағалы болаттар қалдығын қайта
балқыту кезінде қолданады.
Үдерістің басында доға жанады да флюстің шағын көлемі балқып,
электрожетекші қожды қалыптастырады. Электродты қожды ыдысқа
батырады, доғаның жануы тоқтатылады, дәнекерлеу тогы
электрожетекті балқытылған қож арқылы өтіп, электроды балқытуға
және дәнекерленетін бөлшектің бетін балқытуға қажетті жылу
энергиясына айналады. Дәнекерлеуді төменнен жоғарыға қарай
бөлшектер арасындағы дәнекерлеу саңылауы бойымен төменнен
жоғарыға тік жағдайда жүргіземіз. Дәнекерлеу жігін алу үшін
саңылаудың екі жағына сумен салқындатылатын мыс сырғанақты-
кристаллизаторлар орнатылады. Жік қалыптасқан сайын сырғанақтар
дәнекерлеу бағытын ауысады.
Электронды-сәулелік дәнекерлеу терең вакуумда арнайы
құрылғыдағы электрондардың басқарылатын шоғырланған ағынымен
жүзеге асырылады. Қыздырылатын вольфрам катод электрондар
ағынын береді, олар жоғары кернеу (100 кВ-ға дейін) әсерінен
жылдамдатылады да анодқа (дәнекерленетін бөлшектің) жетіп,

15
фокусталады. Бұл кезде анодта дәнекерленетін бөлшек металын
балқытуға қажетті жылу энергиясы бөлінеді.
Плазмалық дәнекерлеу негізінен қабырғасы жұқа құрылымдарды
дайындау кезінде пайдаланылады. Плазма құрушы газ ретінде аргон,
гелий не азот пайдаланылады. Үдеріс қысымды газдар ағынын
тығыздығы жоғары электр разряды арқылы өткізуге негізделген.
Нәтижесінде плазма деп аталатын жоғары температуралы газ
қалыптасады. Плазмалық ағын (сығылған плазма) температурасы
30000°C-қа жетеді, бұл қиын балқитын металдар мен құймаларды
дәнекерлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Арнайы плазматрондарды
қолдану кезінде қалы табақшалы металдың дайындамасын ашу
кезінде де плазмалық кесуді орындауға болады. Плазмалық кесу
үдерістің салыстырмалы жоғары жылдамдығында тар әрі таза кесуді
алуға мүмкіндік береді.
Лазерлік дәнекерлеу дәнекерлеу жұмыстарында да, түрлі
құрылымдық материалдарды балқыту, кесу, саңылауларын бітеу және
беткі өңдеу кездерінде де кеңінен қолданылатын әмбебап үдеріс
болып табылады. Лазерлік сәуле энергиясының көмегімен металды,
қабатты пластиктерді, пластиктелген ағашты және басқа да
материалды кесуге болады. Өнеркәсіптік газдық және қатты денелік
лазерлер басқарудың микропроцессорлық жүйесімен жабдықталған.
Газбен дәнекерлеу дәнекерлеу жұмысының жалпы көлемі бойынша
доғалық дәнекерлеуге жетпейді. Ол шойын мен жұқа табақшалы
болаттан жасалған құрылымдар не тораптарды жөндеу, алюминий,
мыс, латун және басқа да түсті металдар мен олардың құймаларынан
дәнекерлейтін тораптарды әзірлеу, пісіру және балқыту жұмыстарын
жүргізу кезінде пайдаланылады. Дәнекерленетін және қоспа
металдарды балқыту үшін жоғары температуралы газ қышқылды
жалын пайдаланылады. Жанатын газ ретінде ацетилен, сутегі, пропан-
бутан қоспасы, жарық беретін, кокс газы, сондай-ақ ацетон, спирт,
бензин және керосин булары пайдаланылады.
Газды жалынмен өңдеудің бір түрі болып металды ашу бойынша
дайындама жұмыстары және құю өнеркәсібінде құймаларды алғашқы
өңдеу кезінде жүзеге асырылатын гезотермиялық кесу табылады.
Қысыммен дәнекерлеу дәнекерлеу үдерістерінің термомеханикалық
класына жатады. Мұндай үдерістердің ішінде дәнекерлеу тогы өтуі
кезінде дәнекерлеу бөлшегін контакт аймағына шығаратын, қысым
мен жылу энергиясын пайдаланып орындалатын контактілі
дәнекерлеу жетекші рөлді атқарады. Контактілі дәнекерлеудің
нүктелі, жікті, жиекті және рельефті түрлері болады.

16
Автомобиль өндірісінде контактілі нүктелі дәнекерлеу жұқа
табақшалы штампты бөлшектерді қосудың негізгі тәсілі болып
табылады: қазіргі жеңіл автомобиль шанағы 10 мыңнан астам нүктеде
дәнекерленген. Заманауи әуе лайнерінің 7-8 млн дәнекерленген
нүктесі болады.
Жікті дәнекерлеу бензин багы және ұқсас сыйымдылықтарды
дайындауда пайдаланылады.
Түйістіріп дәнекерлеу кесуші құралды өсіреді де, магистральды
құбыр жетегінің жіктерін біріктіреді.
Рельефті дәнекерлеу темірбетон құрылымы үшін арматураны
дәнекерлеудің ең жоғары өнімділікті тәсілі болып табылады.
Контактілі дәнекерлеудің ерекшеліктері –
қызудың және
дәнекерлеу жігінің қалыптасуының жоғары жылдамдығы, бұл оны
робототехникалық кешендерді қолданып, жоғары өнімділікті ағынды
және автоматты желілерде дәнекерлеу құрылымдарын дайындау үшін
пайдалануға мүмкіндік береді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Дәнекерлеу дегеніміз не және дәнекерлеу үдерісінің қандай үш класын
білесіз?
2.Термиялық және механикалық дәнекерлеу кластарының маңызды
айырмашылықтары неде?
3.Дәнекерлеу доғасы дегеніміз не және оның дәнекерлеу үдерісіндегі
мақсаты қандай?
4.Дәнекерлеу доғасы мен дәнекерлеу ыдысын неліктен қорғау керек?
5.Қорғаушы газдарда және флюспен доғалық дәнекерлеудің жабынды
электродты қолмен доғалық дәнекерлеумен салыстырғандағы
артықшылықтары қандай?
6.Электрқожды дәнекерлеудің мәні неде?
7.Дәнекерлеу өндірісінде контактілі дәнекерлеуді қандай түрі
қолданылады?

17
2 Тарау
ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДӘНЕКЕРЛЕУ
ЖІКТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛМАЛЫҚ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Дәнекерлеу қосылысы деп дәнекерлеумен орындалатын
ажыратылмайтын қосылыс аталады. Металл құрастырылымдарда
дәнекерлеу қосылыстарының мынадай негізгі түрлері кездеседі:
түйіспе, айқас, таврлы, бұрыштық және дөңбек (2.1-сурет).
Түйіспе қосылыс дөңбек төселген беттің бір-біріне жанасатын екі
бөлшегін дәнекерлеу қосылысын; айқас — дәнекерленетін бөлшектер
параллель және ішінара бір-бірін жабатын қосылысты; таврлы —бір
бөлшектің шетжағы бұрышқа жанасатын және басқа бөлшектің бүйір
бетіне дәнекерленетін қосылысты; бұрыштық — бұрыштың астына
орналасқан және олардың шеттері жанасқан жерінде дәнекерленетін
екі бөлшектің қосылысын; дөңбек — бір-біріне жанасатын
дәнекерленетін бөлшектердің бүйір бетінің қосылысын білдіреді.
Дәнекерлеу жігі — бұл балқытылған металды кристалдау немесе
қысыммен дәнекерлеу кезінде пластикалық деформациялау немесе
кристалдау және деформациялауды үйлестіру нәтижесінде пайда
болған дәнекерлеу қосылысының учаскесі. Дәнекерлеу жіктері түйіспе
2.1-сурет. Дәнекерлеу қосылыстарының түрлері:
а — түйіспе; б — айқас; в — таврлы; г — бұрыштық; д — дөңбек

18
2.2-сурет. Дәнекерлеу жіктерінің негізгі кеңістіктік орналасуы
және бұрыштыққа бөлінеді. Түйіспе жік түйіспе қосылыстың
дәнекерлеу жігін, ал бұрыштық — бұрыштық, айқас немесе таврлы
қосылысты білдіреді.
Дәнекерленетін түйіннің немесе құрастырылымның орналасуына
байланысты дәнекерлеу жіктерін негізгілері астыңғы, тік және төбе
(2.2-сурет) болып табылатын әртүрлі кеңістіктік жағдайларда
орындалады.
МЕМСТ 11969 — 79 сәйкес кеңістікте орналасқан дәнекерлеу
жіктеріне сай астыңғы, «қайық», көлденең, жартылай көлденең, тік,
жартылай тік, төбе және жартылай төбелік деп бөлінеді (2.3-сурет).
Сыртқы бетінің нысаны бойынша жіктерді бірқалыпты
(жазық), дөңес немесе ойыс деп ажыратады. Дөңестіктің шекті
мөлшері 2 мм аспайтынды, ал ойыстығы - 3 мм аспайтынды құрайды.
Дөңес жіктермен пайда болған қосылыстар статистикалық
жүктемелерге жақсы қарсы тұрады. Алайда шамадан тыс дөңестігі
кезінде электродты металдың артық шығыны салдарынан мұндай
жіктер үнемді емес. Жазық және ойысты жіктер серпінді және айныма
таңбалы жүктемеде артығырақ, өйткені мұндай жағдайларда негізгі
металдан дәнекерлеу жігіне бірден өту жоқ. Осындай өту болған кезде
дәнекерлеу қосылысының бұзылуын тудыруы мүмкін кернеулердің
концентрациясы пайда болады.
Орындау сипаты бойынша дәнекерлеу жіктері бір және
екіжақты, қабат пен өтпелер саны бойынша - тиісінше бір және
көп қабатты, бір және көп өтпелі (2.4-сурет) болып бөлінеді.

19
2.3-сурет. Әртүрлі кеңістіктік орналасуы бар дәнекерлеу жіктерін белгілеу:
А — астыңғы; Қ — «қайыққа»; Г — көлденең; Жк — жартылай көлденең; Т — тік;
Жт —жартылай тік; Т — төбе; Жт — жартылай төбе; — дәнекерлеу жылдамдығы
Қабат— бұл жіктің көлденең қимасының бір деңгейінде
орналасқан бір немесе бірнеше білікшелерден тұратын дәнекерлеу
жігін металының бір бөлігі.
Білікше — бұл бір рет өтуі үшін балқытылған немесе қайта
балқытылған дәнекерлеу жігінің металы.
Өту деп бір бағытта жылыту көзін бірнеше рет ауыстырған кездегі
дәнекерлеу жігін (білікшесін) орындау түсіндіріледі.
2.4-сурет. Әртүрлі орындалатын дәнекерлеу жігінің құрылысы:
а — біржақты; б — екіжақты бір өтпелі; в — көп қабатты көп өтпелі: 1 — 8 — өтулерді
орындау кезектілігі (1 — түпкі жік; 2—6 — аралық жіктер; 7 — қаптама жік; 8 — пісірілген
жік); I—IV — жіктердің қабаттары

20
2.5-сурет. Түйіспе (а,
б) және бұрыштық (в) дәнекерлеу жіктерінің негізгі
геометриялық параметрлері:
S — дәнекерленетін бөлшектің қалыңдығы; b — саңылау; e — жіктің ені; g — дөңестігі; h —
балқыту тереңдігі; m — ойыстығы; к — бұрыштық жіктің катеті; p — бұрыштық жіктің
есептеу биіктігі; a — бұрыштық жіктің қалыңдығы
Оның алдыңғы бетінен барынша алыстағы дәнекерлеу жігінің
бөлігін жіктің түбі деп атайды.
Алдыңғы қабаттарды жабатын көп қабатты дәнекерлеу жігінің
қорытынды қабаты қаптама жік деп атау қабылданды.
Дәнекерлеу қосылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін
пісірілген жікті жиі салады.
Құрастырылымды монтаждау кезінде орындалатын дәнекерлеу
жігі монтажды деп аталады.
Дәнекерленетін бөлшектердің өзара орналасуын тіркеуге арналған
қысқа дәнекерлеу жіктерін тұтқыш деп атау қабылданды.
МЕМСТ 2601—84* сәйкес түйіспе және бұрыштық дәнекерлеу
жіктерінің негізгі геометриялық параметрлері 2.5-суретте келтірілген.
Құрастырылымдарды пайдалану процесінде дәнекерлеу
қосылыстарының металл жігінде екі түрдегі кернеу - жұмыс және
байланыстырушы кернеу пайда болады. Дәнекерлеу қосылыстары мен
жіктері егер оларға, негізгі металға әсер еткендей, сол сияқты
жүктемелер әсер етсе, жұмысқа арналған деп аталады. Осы
қосылыстарды және жіктерді бұзу құрастырылымның істен шығуына
әкеп соқтырады. Мысалы, жұмыс кернеуі бойлық осі созу немесе сығу
күштерінің әрекет ету бағытына перпендикуляр түйіспе дәнекерлеу
қосылыстары болып табылады.
Егер пайдалану жүктемесі таврлы қосылыс жігі осінің маңына
салынса, онда металл жігінде конструкцияның беріктігі үшін қауіпсіз
кернеу пайда болады. Мұндай жіктер байланыстырушы деп аталады.
Бұрыштық жіктерге бойлық немесе көлденең күштер әрекет еткен
кезде олардың беріктігі шартты кесуге тексеріледі. Байланыстырушы
элементтердегі бұрыштық қосылыстар беріктікке есептеуге жатпайды.

22
асырылады, сол кезде ол жобалау кезінде берілген тапсырыс
берушінің талаптарына қанағаттандыруын қояды. Осы есепте күш
әсерімен металл кедергісінің негізгі сипаттамалары нормативтік
кедергілерді қабылдайды: аққыштық шегінің ең аз мәні немесе -
ажыратуға уақытша кедергісі. Дәнекерлеу қосылысының кедергісін
негізгі металдың есеп кедергісіне, қосылыстың конструктивтік
ерекшеліктеріне, оны орындау технологиясына және жүктеме
сипатына байланысты есептейді.
Дәнекерлеу қосылыстары мүмкіндігінше пайдалану процесінде
құрастырылымның жұмыс қабілетінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін
дәнекерлеу түйіндерінің бөлшектерін негізгі металмен тең беріктікте
болуы тиіс.
Жауапты құрастырылымды дайындау кезінде жұмыс жіктеріндегі
дөңестігін пневматикалық бор машиналармен, арнайы фрезалармен
немесе аргонды доғалық дәнекерлеу (тегістеу) үшін жалынды
жанарғыны шешеді. Түрлі қалыңдықтағы бөлшектерден дәнекерлеу
қосылысының беріктігіне арналған есепті аз қалыңдықтағы бөлшектің
өлшемдерін сүйене отырып орындайды.
Сапасы жоғары жіктерді алу үшін дәнекерлеу жіктері мен
қосылыстарының конструктивтік элементтерінің геометриялық
өлшемдері дәнекерлеудің қабылданған технологияны және
режимдерді сақтау кезінде есептеледі. Негізгі конструктивтік
элементтерге жіктің ені, қалыңдығы және дөңестігі, негізгі металды
балқыту тереңдігі, түйіспе қосылыстағы саңылау, дәнекерленетін -
бөлшектердің қалыңдығы, қиғаштығы, мұқалту, жиекті өңдеу бұрышы
мен пішіні жатады.
Дәнекерленетін бөлшектерді өңдеу пішіні қажетті электродтық
металл санына және дәнекерлеу процесінің өнімділігіне әсер етеді.
Дәнекерленетін бөлшектер аз қалыңдықта болған кезде көмкеруді
орындайды, орташа қалыңдық кезінде (4...5 мм) – жиек қиғаштығы
жоқ, ал бөлшектердің үлкен қалыңдығы кезінде бір жиектің тік
сызықты қиғаштығын, екі жиектің тік сызықты бір немесе екіжақты
қиғаштығын және екі жиектің қисық сызықты бір немесе екіжақты
қиғаштығын қолданады.
Түйіспе қосылыстарды дәнекерлеу үшін жиектерді өңдеудің негізгі
пішіндері 2.6-суретте келтірілген.
Ұзындығы бойынша дәнекерлеу жіктері үздіксіз (түйіспе,
бұрыштық) және үзікті (бұрыштық) шахматтық немесе тізбекті (2.7-
сурет), ал айқас қосылыстардағы қолданыстағы күштің бағытына
қатысы бойынша - бойлық (қаптал), көлденең (маңдай), құрамдалған
және қиғашқа (2.8-сурет) бөлінеді.

23
2.6-сурет. Түйіспе қосылыстарды дәнекерлеу үшін жиектерді өңдеудің негізгі
пішіндері (а—г):
S — бөлшектердің қалыңдығы; l — көмкеру биіктігі; b — саңылау; R — көмкеруді
дөңгелектеу радиусы; c — жиекті мұқалту; а — жиекті өңдеу бұрышы; р — жиек қиғаштығы
бұрышы; L — жиек қиғаштығының ұзындығы
Балқытылған металдың біржақты көлемімен салыстырғанда
жиектердің екіжақты қиғаштығында 1,6 – 1,7 есеге төмендетуге
болады. Бұдан басқа, жиектің осы өңдеуі дайындалған дәнекерлеу
түйінінің аз деформациясын қамтамасыз етеді. Жиек қиғаштығының -
бұрышы 30...50° құрауы, ал оларды өңдеу бұрышы — 60...90° құрауы
мүмкін. Жиекті мұқалту дәнекерленетін бөлшектердің қалыңдығына
байланысты 1.3 мм шегінде таңдап алынады. Мұқалту түпкі жікті
салған және дәнекерлеу жігін одан әрі дұрыс қалыптастырған кезде
күйдірудің алдын алу үшін қажет.
Таврлы қосылыстың жіктері жиекті өңдеудің ерекше пішіні бар.
Жиек қиғаштығы (негізінен тік сызықты) бір бөлшекте (тік сөреде)
жасайды. Қалыңдығы 4 мм дейін бөлшектерде жиек қиғаштығы
орындалмайды.
2.7-сурет. Ұзақтығы бойынша дәнекерлеу жіктерін жіктеу:
а — үздіксіз түйіспе; б — үздіксіз бұрыштық; в — үзікті тізбекті; г — үзікті шахматтық

24
2.8-сурет. Р қолданыстағы күшінің бағытына қатынасы бойынша дәнекерлеу
жіктерін жіктеу:
а — бойлық (қаптал); б — көлденең (маңдай); в — құрамдалған; г — қиғаш
Дәнекерлеуге құрастырған кездегі саңылау дәнекерленетін
бөлшектердің қалыңдығымен, материал маркасымен, дәнекерлеу
тәсілімен және дәнекерлеу қосылысының түрімен анықталады.
Мысалы, ең төменгі саңылау шағын қалыңдықтағы (2 мм дейін)
бөлшектерді қоспа металсыз дәнекерлеу кезінде немесе алюминий
қорытпаларын балқымайтын электродпен доғалық дәнекерлеген кезде
қамтамасыз етеді. Балқытылатын электродпен дәнекерлеу кезінде
саңылау әдетте 5 мм аспайтынды құрайды. Саңылаудың ұлғаюы
орташа және үлкен қалыңдықтағы бөлшектерді дәнекерлеу кезінде
металды барынша терең балқытуға мүмкіндік жасайды. Түйіспе
жіктерді орындаған жағдайда таразыда дәнекерлеу кезінде саңылаулар
ең төмен, үлкейтілген саңылаулар бойынша дәнекерлеген кезде
дәнекерлеу ваннасы металын күйдіру және ағып кетуін болдырмау
үшін төсемдер қолдану қажет (әсіресе алюминий мен оның
қорытпаларын дәнекерлеген кезде).
Орташа және үлкен қалыңдықтағы бөлшектерді дәнекерлеу кезінде
(әсіресе қорапты дәнекерлеу түйіндерін дайындаған кезде)
бөлшектердің жиегі (2.9-сурет) жылжытылуы туындайды.
2.9-сурет. Дәнекерленетін
бөлшектер жиектерінің
жылжытылуы (депланация):
S — бөлшектердің қалыңдығы;
Ah — бір-біріне қатысты
жиектердің жылжуы

25
Мұндай жылжыту берілген шектерде жол беріледі: бөлшектердің S
< 4 мм қалыңдығы кезінде жылжыту 0,5 мм, S = 4... 10 мм кезінде —
1 мм, ал S = = 10.100 мм кезінде — 3 мм аспауы тиіс.
Әртүрлі тәсілдермен орындалатын дәнекерлеу қосылыстары
жіктерінің негізгі түрлері, конструктивтік элементтері, геометриялық
параметрлері және шартты белгілері мынадай мемлекеттік
стандарттармен белгіленген:
■ жабын немесе балқымайтын электродпен қолмен доғалық
дәнекерлеу (Р белгіленеді) — МЕМСТ 5264—80;
■ инертті газдармен алюминий және алюминий қорытпаларын
доғалық дәнекерлеу — МЕМСТ 14806—80:
РИНп — қоспа металы бар қолмен балқымайтын электродымен;
АИНп — қоспа металы бар автоматты балқымайтын электродпен;
АИНП-3 — қоспа металы бар автоматты балқымайтын
электродпен, үш фазалы;
АЖБ — автоматты балқитын электродпен, бір доғалық;
ЖАБ — жартылай автоматты балқитын электродпен;
■ флюспен доғалық дәнекерлеу — МЕМСТ 8713 — 79:
АФ — таразыда автоматты;
АФф — флюсті жастықта автоматты;
АФм — флюс мысты төсемде автоматты;
АФо — қалған төсемде автоматты;
АФш — пісірілетін жікті алдын ала салумен автоматты;
АФк — жіктің түбін алдын ала пісірумен автоматты;
ПФ — таразыда жартылай автоматты;
ПФо — қалған төсемде жартылай автоматты;
ПФш — пісірілетін жікті алдын ала салумен жартылай автоматты;
ПФк — жіктің түбін алдын ала пісірумен жартылай автоматты;
■ қорғаныш газдарында доғалық дәнекерлеу — МЕМСТ 14771 — 76:
ИБ — қоспа металсыз балқымайтын электродпен инертті газдарда;
ИБп — қоспа металы бар балқымайтын электродпен инертті газда;
ИБ —көмір қышқыл газы және балқытылатын электродпен оттегісі
бар инертті газдарда және олардың қоспаларында;
КБ — балқытылатын электродпен оттегісі бар көмір қышқыл
газында және оның қоспасында;
■ электр қожды дәнекерлеу — МемСт 15164 — 78.

26
2.1-кесте. Дәнекерлеу қосылыстары жіктерінің шартты белгілері
Жіктің сипаттамасы Белгілеу мысалы
Түйіспе жікті электродпен жабылған
қолмен доғалық дәнекерлеуді
орындайды
Монтажды түйіспе жікті электродпен
жабылған қолмен доғалық
дәнекерлеуді орындайды. Дөңестігін
алып тастайды
Түйіспе жікті тұйықталған сызық
арқылы орындайды. Негізгі металға
бірқалыпты ауысуын өңдейді
Таврлы қосылыс жігін балқытылатын
электродпен көмір қышқыл газымен
доғалық дәнекерлеуді орындайды.
Жіктің катеті 6 мм. Үзікті шахматтық
жік, жіктің ұзындығы 50 мм, қадамы
150 мм
Бұрыштық көрінбейтін жікті
электродпен жабылған қолмен доғалық
дәнекерлеуді тұйықталмаған сызық
арқылы орындайды. Катет 5 мм
Егер белгілер мен МЕМСТ сызбаның
ескертпелерінде көрсетілсе, реттік
нөмірлермен бірдей дәнекерлеу
жіктерін ықшамдап белгілеу
2.2-кесте. Дәнекерлеу жігін белгілеуге кіретін қосымша белгілер
Мазмұны Белгінің бейнесі
Катет өлшемінің алдында қойылатын
белгі
Үзікті тізбекті жік (60º желі еңісінің
бұрышы)

27
Үзікті шахматтық жік
Тұйықталған желі арқылы жік (белгінің
диаметрі 3..5 мм)
Тұйықталмаған желі арқылы жік (егер
жіктің орналасуы сызбаға байланысты
анық болмаса, белгі қолданылады)
Жікті бұйымды монтаждау кезінде
орындайды, яғни монтаждау сызбасы
бойынша
Дөңестігін алу
Оның негізгі металға өтуімен жікті
жергілікті өңдеуді орындайды
Стандарттарда дәнекерлеу қосылыстарының жіктерін әріптік-
сандық шартты белгілеу қабылданды. Әріптік бөлігі дәнекерлеу
қосылысының түрін көрсетеді: Т — түйіспе, Б — бұрыштық, Т —
таврлы, А — айқас, ал сандық — нақты стандарттағы жік түрінің
реттік нөмірі. Мысалы, МЕМСТ 5264 — түйіспе қосылыстардың 80
жігіТ1 — Т45, бұрыштық — Б1—Б10, таврлы — Т1—Т9 және айқас
— А1—А4, а МЕМСТ 14771 — 76 — тиісінше Т1 — Т27, Б1—Б10,
Т1—Т9, А1 — А4.
МЕМСТ 2.312 — 72 дәнекерлеу қосылыстарын жіктерінің шартты
белгілерін (2.1-кесте) және сызбаларда дәнекерлеу жіктерінің
белгілеріне кіретін қосымша белгілерді белгілейді (2.2-кесте).

28
Осылайша көрінетін жікті белгілеу шығару-сөресінің үстінде, ал
көрінбейтін - сөренің астында көрсетіледі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Дәнекерлеу қосылысы деп нені атайды, қосылыстар мен жіктердің
қандай түрлерін дәнекерлеу кезінде қолданады?
2. Кеңістікте орналасуы бойынша дәнекерлеу жіктерін қалай бөледі?
3. Орындау сипаты және сыртқы беттің пішіні бойынша дәнекерлеу жіктері
қалай бөлінеді?
4. Тұтқыш нені білдіреді?
5. Дәнекерлеу жіктері мен қосылыстарында қандай кернеу пайда болады?
6. Қолжетімді кернеулер және шекті жағдайы бойынша беріктікке
дәнекерлеу құрастырылымдарын есептеудің ерекшеліктері неде?
7. Дәнекерлеу жіктері мен дәнекерлеу қосылыстарының негізгі
конструктивтік элементтері қандай?
8. Жиектерді ажыратудың әртүрлі пішіндері немен түсіндіріледі?
9. Дәнекерлеу жігін қалыптастыруда бөлшектер арасындағы саңылау қалай
әсер етеді?
10. Қандай мақсаттар үшін дәнекерлеу жіктерін белгілеуде қосымша
белгілерді қолданады?

29
3 Тарау
ҚҰРЫШТАР МЕН ОЛАРДЫҢ ДӘНЕКЕРЛЕНУІ
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
3.1.
КӨМІРТЕКТІ ҚҰРЫШТАР
Химиялық құрамы бойынша құрыштар көміртекті және қоспалы
болып екіге бөлінеді. Арналымы бойынша құрамында проценттің
жүздеген үлесіне тең көміртегі бар құрылыс құрыштар мен проценттің
ондаған үлесін құрайтын көміртегі бар аспаптық құрыштар деп
ерекшеленеді. Дәнекерлеу жұмыстарының ең үлкен көлемі төмен
құрамды көміртекті және аз қоспалы құрылыстық құрыштармен
байланысты болып келеді.
Көміртекті құрылыстық құрыштардың негізгі элементі көміртегі
болып табылады, ол осы топтағы құрыштардың механикалық
қасиеттерін анықтайды. Көміртекті құрыштар кәдімгі сапада және
сапалы деп ажыратылады.
Кәдімгі сапалы көміртекті құрыштар (МЕМСТ 380-71) үш топқа
бөлінеді:
■ А (механикалық қасиеттеріне қарай);
■ Б (химиялық құрамына қарай);
■ В (механикалық қасиеттері мен химиялық құрамына қарай). Келесі
маркалы құрыштар әзірленеді:
■ А тобы — Ст0, Ст1, Ст2, Ст3, Ст4, Ст5, Ст6;
■ Б тобы— БСт0, БСт1, БСт2, БСт3, БСт4, БСт5, БСт6;
■ В тобы — ВСт0, ВСт1, ВСт2, ВСт3, ВСт4, ВСт5.
Қышқылсыздану дәрежесіне байланысты кәдімгі сапалы құрыш
келесідей белгіленеді: қн — қайнайтын, жқ — жартылай қалыпты, қ
— қалыпты.
Құрамында 0,07% аспайтын кремнийі бар қайнайтын құрышты
металды марганецпен ішінара қышқылсыздандырғанда алуға болады.
Мұндай құрыш прокат қалыңдығы бойымен зиянды қоспалар – күкірт
пен фосфордың әркелкі жайылуымен сипатталады.
Жергілікті күкірттің шоғырлануы жік пен оның жанындағы
аумақта кристалданған жарықшалардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

30
Қайнаған құрыш жік жанындағы аумақта тозуға шалдыққыш келіп,
теріс температураларды морт қалыпқа айналуы мүмкін.
Қалыпты құрыш металды марганецпен, алюминиймен және
кремниймен қышқылсыздандырғанда түзіледі және оның құрамында
кем дегенде 0,12% кремний болады; мұндағы күкірт пен фосфор
қайнаған құрышқа қарағанда біркелкірек жайылған. Қалыпты құрыш
тозуға аз шалдыққыш және дәнекерлеп қыздыруға реакциясының
төменділігімен ерекшеленеді.
Жартылай қалыпты құрыш тозуға шалдыққыштығы бойынша
қайнаған және қалыпты құрыш арасында тұр. 1-5 маркалы нөмірлері
бар жартылай құрыштарды қалыпты және жоғары ма рганецпен
(шамамен 1% дейін) бірге балқытады. Соңғы жағдайда марка
нөмірінен кейін Г әрпін қояды (мысалы, БСт3Гпс).
А тобының құрыштары дәнекерлеу құрылыстары үшін
қолданылмайды. Б тобының құрыштары екі топқа бөлінеді. Бірінші
санаттағы құрыштардағы көміртегі, кремний және марганец құрамы
реттелген және күкірттің, фосфордың, азот пен күшәннің көп болуы
шектелген; екінші санаттағы құрыштар үшін хром, никель, мыстың
көп болуы да шектелген.
В тобының құрыштары алты санатқа бөлінген. Құрыштың толық
белгіленуіне оның маркасы, қышқылсыздану дәрежесі мен санат
нөмірі кіреді. Мысалы, ВСт3Гпс5 жазуы мынаны білдіреді: В
тобының құрышы, маркасы Ст3Г, жартылай қалыпты, 5 санатты. В
құрыштарының құрамы екінші санаттағы В тобының сәйкес маркалы
құрыштарындағыдай. Барлық санаттағы және қышқылсыздану
дәрежелері ВСт1-ВСт3 құрыштары кепілдендірілген дәнекерлеумен
шығарылады. БСт1-БСт3 құрыштары тапсырыс берушінің талап етуі
бойынша дәнекерлеу кепілдігімен жеткізіледі.
Көміртекті сапалы құрыш МЕМСТ 1050-74** сәйкес
шығарылады. Ондағы көміртегі құрамының рұқсат етілген ауытқуы
0,03 ...0,04 %. Құрамындағы көміртегі 0,20% дейінгі құрыштар
қайнаған, жартылай қалыпты жіне қалыпты бола алады, ал дәл сол
кезде басқа құрыштар – тек қана қалыпты бола алады. Құрамындағы
көміртегісі анағұрлым жоғары қалыпты құрыштарға сандардан кейін
«қ» әріптері қойылмайды. Конструкция әзірлеуге арналған көміртекті
сапалы құрыштар ыстық илемделген күйінде және кішкене көлемде
қалыпқа келтіру мен жіберуден кейін қолданады. Құрамындағы
көміртегінің көлеміне байланысты көміртекті құрыштар үш кіші
класқа бөлінеді: төмен- (құрамындағы көміртегі 0,25% дейін), орта-
(0,25...0,60%) және жоғары- (0,60% астам) көміртекті. Дәнекерлеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дәнекерлеу әдістемесі

шағым қалдыра аласыз