Данышпан ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектерінің құндылығы
Сарсенбаева Саулет Жамаладиновна
, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, тарих пәні мұғалімі,
Ақтөбе қаласы
Аннотация
Мақалада бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектерінің ерекшеліктері, маңызы туралы айтылған. Мақаланың мақсаты: данышпан ғалымның философиясын түсіндіру, жаратылыстану және басқа да ғылымдар саласындағы еңбектерінің құндылығын көрсету.
Аннотация
В статье рассматривается об особенностях и значении творчества нашего предка Абу Насыра Аль-Фараби. Цель статьи: объяснить философию гениального ученого, показать ценность его работ в области естественных и других наук.
Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019-2020 жылдардағы Қазақстан халқына жолдауларында: «Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз»,-деп ғылым,білім саласындағы ахуалға ерекше назар аударуды талап етті [1].
Ғылым – ата - бабаларымыздан қалған мәдени мұра. Өміріміздің жылдам дамуында ғылымның маңызы өте зор. Айналамыздағы технологияның дамуы – ғылымның жетістігі. Ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Осы мәдени мұраның даму жолында көптеген ойшылдар, философтар мен ғалымдар үлкен үлес қосты. Орта ғасырларда адамзаттың ой- өрісінің дамуына, білімін ұлғайтып, ақыл-ойының жетілуіне үлкен үлес қосқан терең ойлай білетін ғұламалардың бірі - “Әлемнің екінші ұстазы” – Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз.
Данышпан ғалым, бабамыз Әл-Фараби 870 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар қаласында дүниеге келген. Білімге құштарлығының арқасында әлемнің көптеген мәдени орталықтарында болған. Әл-Фараби атамыздың халқымыздың рухани мұрасын ұлғайтуға көп үлес қосқаны және қоса беретіні бәрімізге мәлім. Әл-Фараби атамыздың негізгі философиясы шығыс ойшылдары: Аристотель, Платон, Конфуций сияқты ірі ғалымдардың көзқарастарына сүйенеді. Ұлы ойшылдың философиялық түсінігін белгілі бір дәуірмен немесе тарихи жағдаймен сабақтастырып қарағанда ғана философияның мәні мен түсінігін дұрыс түсінуге болады. Ойшылдың философиялық ілімі – дүниені бір Құдай жаратты деген түсінікті басшылыққа ала отырып, қалыптасқан идеалистік ілім. Әл-Фарабидің философиясын белгілі бір дәуірмен сабақтастыра отырып, түсінуге болғандықтан, ойшылдың философиялық жүйесі орта ғасырдағы мәселелерді қамтиды. Атап кететін болсақ, олар: логика, этика, эстетика, ғылымдар әдістемесі, ақыл және оның адам өмірінде алатын орны туралы мәселелер. Әл-Фарабидің философиядағы негізгі еңбектерінің бірі – философияны үйрену үшін қажетті шаралар жайлы трактат. Бұл трактатта Аристотельдің философиясын меңгеруге қажетті болатын тоғыз шарт жайлы жазылған [2].
Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның,оның ішінде жаратылыстану ғылымдары: математика, физика, астрономия, астрология, география, медицина, әлеуметтану, лингвистика, поэзия-риторика, философия салаларынан көп мұралар қалдырған. Фарабидің “Ғылымдар тізбегі” еңбегінде өз дәуіріндегі ғылымды үлкен бес салаға бөлген: 1) тіл білімі және оның тараулары, 2) логика және оның тараулары, 3) математика және оның тараулары, 4) физика тараулары және метафизика тараулары, 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, дін ғылымы және заң ғылымы. Әл-Фараби бабамыз жасаған қорытындының басты ойы – білім, мейірбандық, сұлулық, осы үшеуінің бірлігінде ғалымның адамгершілік идеялары әлемге кең таралды.
Геометрия, музыка, архитектура, астрономия және тағы да басқа ғылымдар дүниеге келді. Ұлы ойшыл осы ғылымдарды әр адамды адамзаттыққа тәрбиелейтін, ой-өрісін кеңейтеін математикалық, логикалық ғылымдар деп қорытынды жасаған.
Әл-Фараби бабамыз – педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі және шығыс ойшылдары арасындағы сындарлы педагогикалық жүйе жасаған алғашқы оқымысты. Ұлы ойшылдың пікірінше, жас ұрпақтың оқуға қызығушылығын арттыру үшін келесі үш нәрсе дәйектелу керек:
1)Баланың ішкі ынта-ықыласы;
2)Ұстаздың ар тазалығы, шеберлігі;
3)Сабақ іс-әрекетінің орны. Аталған ұғымдардың мәні қазіргі кезде де өз күшінде. Жаңартылған бағдарлама бойынша негізгі рөл оқушыларда болғанымен, ұйымдастырушы,реттеуші – шебер педагогтің үлесінде. Сондықтан да білімді,білікті болуда ұстаздың үйреткенін іліп алар білім алушының сана мен ішкі ынта-ықыласы болуы қажет деп санаймыз.
Сонымен қоса ұлы ұстаз адамгершілік тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ұқсастығына және этика мен эстетика мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ғалым этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Осыған байланысты ғалымның этика туралы концепцияларында мейірбандық пен жақсылық категориялары орын алады.
Әл-Фараби атамыз әмбебап музыкант та болған. Бірнеше музыкалық аспаптарды қолдан жасап, ол аспаптарда шебер ойнай білген. Фарабидің зерттеген негізгі аспаптары: сыбызғы, чанг, рубаб, қобыз, тамбур, канун, нагора, дойра және тағы басқа. Музыка саласындағы ең негізгі тамаша еңбегінің бірі – “Музыканың үлкен кітабы” атты туындысы. Ғұлама бұл кітабында математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды қағаз бетіне түсіріп, “нота” түсінігін алғаш дүниеге әкелген. Нота – музыканың тілі. Сонымен қатар аталған еңбегінде музыка мәселелері барынша қамтылып, дыбыстың тегі, таралуы, табиғаты т.б. жайында пікірлер жазылған. Бұл кітапты жазу барысында ғұлама математикалық мәселелерді шебер қолданған әрі дамыта білген. Ғұламаның қолданған математикалық мәселелері: аксиоматика идеясы, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, қатынастар теориясы, комбиноторикалық талдау және т.б. Бұл теориялардың қазіргі кезде де маңызы зор.
Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін толық зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ғұлама бабамыз ғылымның әрқайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып берген. Нақтырақ айтсақ, математикада үлкен жаңалықтар ашты, физика және асрономия ғылымдарын жаңа идеялармен байытып, ірі еңбектер қалдырды, химия, медицина, минералогия тәрізді жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша күрделі еңбектер жазды. Әл-Фарабидің зерттеп қалдырған еңбектері: “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі”, “Ғылымдардың шығуы туралы кітап”, “Жұлдыз бойынша болжалдардың дұрысы мен терісі туралы”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап”, “Эквлидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме”, “Мәселелердің түпкі мазмұны”, “Вакуум туралы” трактат, “Музыканың ұлы кітабы”, Порфирийдің “Философияға кіріспе” атты кітабына түсініктеме, “Химия өнерінің қажеттілігі жайлы”, “Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы”, “Птоломейдің “Алмагесіне” түсініктеме және қосымша кітап”, “Философиялық сұрақтар мен оған жауаптар”, “Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты”, “Философиялық сұрақтар мен оған жауаптар”, “Түсініктемелер”, “Ақылдың мәні туралы”, “Әріптер туралы кітап”, “Философияның дінге қатысы”, “Геометриялық трактат”, “Логикалық кіріспе трактат” және т.б.
Химия пәні бойынша жазған еңбектеріне тоқтала кетсек. Химия – бізді қоршаған орта. Өйкені оның өнімдері біздің айналамызда өте көп. Мысалы, парта, тақта, бор, терезе-шыны,киімдер,маталар. Химия дегеніміз - заттар және олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылым.
Қазіргі таңда Әл-Фараби бабамызды химия ғылымының негізін салушыларыгың бірі ретінде бірі білсе,басқалары біле бермейді. Көп адам химияны ғылым жолына қосқан Роберт Бойль деп есептейді. Алайда химияны өз алдына бөлек ғылым әрі пән ретінде қарастырып, өз заңдылықтары болатынын дәлелдеген әлемнің “Екінші Ұстазы” атанған - Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз. Ғұламаның еңбегі толық талданып, зерттелгенімен, ғылым ретінде өзіне лайық орын ала алмады. Ғалымның еңбегінің көпшілікке белгісіз болып қалуы да осыдан деп есептейміз.
Ғұлама тек кітап оқып ойланып қана қоймай, алхимиктердің жасаған тәжірибелерін жасап,зерттеп өз алдына жаңалық ашуға ұмтылды.
Әл-Фараби қанша талынып, көп зерттегенімен өзінің “Алхимияның алтын заңын” жазып жатқанын байқамаған болатын. Әл-Фараби кейін темір металдардың қасиеттерін зерттеумен айналысқан. Өйткені алхимикер үнемі осы металдың ерекше қасиеттерге ие екенін айтып отырған болатын. Ерте заманнан бастау алған Алхимия ғылымы туралы көптеген зерттеушілер жазып келуде. Зерттелетін тас неғұрлым құнды болған сайын, оған қызығушылар саны соғұрлым көп болатыны белгілі. Алхимия ғажайып затты немесе сиқырлы тасты іздеуден бастау алады. Сол қызығушылықтың артуы бүгінгі күні химия ғылымының пайда болуына негіз болған. Осыдан Әл-Фараби бабамыз өзінің озық ойымен өз замандастарынан әлдеқайда озық кеткенін білуге болады [3].
“Химия өнерінің қажеттілігі жайлы” кітабында металдардың біртектілігі, минералдар, металдардың балқуы туралы айтылған. Бүгінгі күні, бұл кітаптағы тақырыптар жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарының химия оқулықтарында кездеседі. Сонымен қоса, ірі кәсіпорындарда, мектептерде бұл тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар жасалынады. Жаратылыстану, оның ішінде химия пәнінен ата-бабаларымыз ашқан жаңалықтар,тың идеялары өз мәнін жойған жоқ,оларды қазіргі уақытта әрі қарай толықтырып зерттелуде.
Әл-Фарабидің “Вакуум туралы” трактатында вакуумның болуына мысал келтіріп, мәнін ашқан, вакуумды тұжырымдаған және қорытындылаған. Бұл тақырып мектепте сегізінші сынып оқушыларының физика пәні тақырыптарында толық қарастырылған. Ал “Геометриялық трактат” еңбегінде қазіргі таңда мектепте өтілетін тақырыптар: тең бүйірлі және тең қабырғалы фигуралар, фигураға іштей сызылған шеңбер, фигураларға іштей және сырттай дөңгелек салудың теориялары жазылған [4-5].
Астрономия туралы еңбектерінде сәуленің таралу, сыну, жиналу заңдылықтарын математикалық-геометриялық әдістермен тапқаны жайлы жазылған. Сонымен қатар, парабола мен линза жасап, оларды ғылымда қолданған.
Ғұлама бабамыз “Жұлдыз бойынша болжалдардың дұрысы мен терісі туралы” еңбегінде жұлдыздардың түр-түсі мен қозғалысына байланысты адамның болашағын алдын-ала болжауға болады деп жазған [6-7].
Әл-Фараби атамыздың медицина саласында жазған еңбектері де бар. Солардың бірі - “Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты”. Бұл еңбегінде медицинаның теория мәселелері қарастырылып, медицинаның мақсатын, пәнін анықтап берген.
Әл-Фарабидің ісін жалғастырып, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен ең алдымен Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаны айтуға болады. Шығыс ғалымдары оларды бөлмей, “Қос Фараби” деп атаған. Сондай-ақ еңбектері ғұламаның еңбектерімен байланысып жатқан Шығыс ғалымдары: Беруни, Бозжани, Омар һайям өздерін Әл-Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.
Әл-Фараби өмірінің соңына қарай Халеб, Шам, Мысыр қалаларында болып, ақырында Шам қаласына келіп, сонда тұрақтанды. Ғұлама 950 жылы осы шаһарда қайтыс болған. Әл-Фараби өмірден озғанымен, еңбектері халықтың есінде қалып, айтылған ғылымдардың әр түрлі салаларында қолданылуда.
Данышпан ғалым, бабамыз Әл-Фараби еңбектерінің жастар үшін құндылығы зор. Өте еңбекқор,терең ойлай білген,дана ретінде көп жетістіктерге жеткен,ізденімпаздығы,талмай ізденудің нәтижесінде ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Жастар үнемі мақтан тұтамыз. Бабамыздың еңбегін зерттеп, толықтыру, жетілдіру – біздің парызымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тоқаев Қ.К. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы, 2020ж.,www.akorda.kz. ttps://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2020-zhylgy-1-kyrkuiek
2. Сүлейменов П.М. “Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы”, Алматы, 2011.-197 б.
3. https://massaget.kz
4.Жолдасбекұлы М., Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. “Елтұтқа”. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: Оқу құралы. Астана,2001.-357б.
5. Есім Ғ. “Фалсафа тарихы”: Оқулық-хрестоматия. – Алматы, 2004.-304 б.
6. https://kk.wikipedia.org/wiki
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз