Материалдар / Дара және күрделі етістік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дара және күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз өзімді дамыту үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



5 сабақтың тақырыбы: Ізденуді үйренемін

Дара және күрделі етістік

Машықкердің аты-жөні: Қанатқызы Назым

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.5 - дара және күрделі етістікті анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка

Сабақтың жоспары


Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру.Топтарға бөлу.

Бөлім тақырыбы: «Ізденуді үйренемін» деп аталғандықтан, оқушылар өздеріне қажет ақпаратты қайдан таба алады? Әрине, кітаптан, теледидардан, ғаламтордан. Сондықтан топқа бөлінгенде осы үш қима қағазды пайдаланамын.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз,

Дүниені аралап, Оқып білім аламыз

Сабақтың тақырыбы, мақсатын айту: Бүгінгі сабағымызда етістік тақырыбын жалғастырамыз. Және табиғат сырларына үңілеміз




Жаңа білім

5 минут






Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

20-жаттығу. Кестедегі сөздерді оқу.

Дара етістік

Күрделі етістік

Жазды,ұшты,жүзді,күлді, түсті

Жазып отыр,ұшып бара жатыр, жүзіп жүр, күліп отыр, түсіп кетті

Кестеге қарап, дара етістік пен күрделі етістіктің ерекшелігін анықтап көру.Жасаған қорытындыны айтып беру.

Жасаған қорытындыны оқулықтағы ақпаратпен салыстыру.

Дара және күрделі етістіктер ережесін түсініп оқу





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

20 минут







Қолдану.Дәптермен жұмыс.

24-жаттығу.Дара етістікті күрделі етістікке айналдырып жазу:

1топ: өсті- ... ..., жуды- ... ...

2топ: сүзді- ... ..., тоқыды- ... ...

3топ:оқыды- ... ..., озды - ... ...

Дескриптор: Оқушылар дара етістіктің бір сөзден ,күрделі етістіктің екі не үш сөзден тұратынын біледі.

21-жаттығу.«Құмырсқа мен шегіртке» мысалын оқып, әрі қарай не болатынын болжау

Мүмкін болатын жауаптар: құс шегірткені жеп қойды; құмырсқа шегірткеге белгі беріп, шегіртке тығылып қалды; құмырсқа аман қалды, өйткені құс оны байқамай қалды...

Мысалдағы қарамен жазылған етістіктердің дара, күрделі екенін ажырату.

22-жаттығу. Өлеңді қатесіз көшіріп жазу. Етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажырату

Дескриптор: Етістіктердің дара не күрделі екенін ажыратады




Оқулық,

қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті.Табиғат аясында \ Құстың сайрағанын тыңдау\

Бейнетаспа көрсету

Интерактивті тақта

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

-Балалар, құстардың сайрағаны ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?

Ендеше, табиғатқа сән беретін құс туралы, көгершін туралы мәтін оқып көрейік...

23-жаттығу. Әңгімені азат жолдарға бөліп оқу, мағынасын түсіну.

Сөздік жұмысы: қомдау – құстың ұшуға талпынуы

Әңгімеге құрылған жоспарды жалғастыру:

-Жоспар не үшін керек? \Әңгіменің мазмұнын жүйелі түрде жеткізу үшін;Ойыңды жазбаша жеткізу үшін; Әңгіменің кейбір сәттерін ұмытпау үшін; Мазмұндама жазу үшін\

1.Ахметтің жаралы көгершінді тауып алуы.

Алдымен осы бөлігін талдау... Осы бір сөйлеммен шектеліп қаламыз ба? Әлде осы азат жолдағы сөйлемдерді қосуға бола ма?

Қалған екі азат жолға жоспар құру әр топқа тапсырылады... \Жоспарды қағазға жазып, тақтаға ілу, қорғау\

1топ: Анасының көмегі

Құстың жазылып кетуі

2 топ: Анасының құс жарақатына дәрі-дәрмек жағуы

Көгершіннің қанатын қомдауы

3 топ: Құсты емдеу

Жарасы жеңілдеу

Тапсырма:

1топ: Бірінші азат жолдағы етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажыратады.

2топ: Екінші азат жолдағы етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажыратады.

3топ: Үшінші азат жолдағы етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажыратады.

Ситуациялық сұрақ: Өздерің Ахметтің орнында болсаңдар, не істер едіңдер? Жаралы құсқа көмектесер ме едіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Дескриптор: Әңгіменің мазмұнын түсінеді, жоспар құрады






Бағалау

1 минут



Бағдаршам белгілерін көтеріп, өздерін бағалау













Үйге тапсырма: №25-жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзді пайдаланып сөйлем құрап жазу


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі?

-Топпен жұмыс

-Кері байланыс

Сабақты жақсартуға не ықпал етеді?

-Өмірмен байланыс, ресурстар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістері туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

-Сұрақ –жауаптармен жұмыстарды әрі қарай жалғастыру.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!