Шараның тақырыбы: «Дара жол»
бағдарламасы
Сахна сыртына баяу музыка
әуені естіліп тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, бүгінгі 2024-2025 жаңа оқу
жылы баршаңызға құтты болсын. Өткен оқу жылы біз үшін , біздің
мектеп ұжымы үшін табысты жыл
болды. Мектебіміз аудан көлемінде «Үздік қосымша
білім беру мекемесі» болып
аталды.
Ұстаз -ұлағатты
есім. Күн
сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге
күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық
бас.
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз
айтқандай, осындай ұстаздық жолда еңбек етіп, бүгінгі
күні зор құрметке ие болып жатқан Республикалық Ыбырай Алтынсарин
төсбелгісінің иегері, мектебіміздің басшысы, баян класының
оқытушысы Үмбетова Гүлбану
Галимуллақызы.
Олай болса, «Дара жолдың»
қонағы, қадірлі ұстаз Үмбетова Гүлбану
Галимуллақызын
ортаға
шақырайық.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз! Көңіл күйіңіз
қалай? Ыбырай Алтынсарин төсбелгіңіз құтты болсын. Сіздің дара
жолыңызда осы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің
алатын орны ерекше деп ойлаймыз. Сол себепті сіздің дара жолыңызды,
сара жолыңызды ұстаздарға, кейінгі ұрпақ жас ұстаздарға үлгі ету
мақсатында өткізуді жөн көрдік.
«Ұстазым» әні . Орындайтын
Исламғалиева Бағдат
Бір сәт оқушылық өміріңізді
көз алдыңызға елестете отырып, сол балалық шаққа оралсақ. Басшы
Гүлбануды біз білеміз, ал енді бала Гүлбану қандай
болды?
(экранға назар салсақ)
видеоролик
Жүргізуші:
Біз сізді тек ақылшы мұғалім
ретінде ғана білетін болсақ, ал біз білмейтін сіздің қырларыңыз бен
сырларыңыз қаншама? Бүгінгі «Дара жолда»Үмбетова Гүлбану
Галимуллақызы туралы барлық мағлұматты еститін
боламыз.
Сәби күндер, бала күндер баяғы,
Қайдан енді бізге құшақ жаяды.
Үйге кірмей, ойынға да
тоймастан,
Жеп те кейде алар едік таяқты
– деп бүгінгі дара жолдың қонағы Гүлбану апайдың апасы Әлия
апа, сіңлісі Бақытгүл апа келіп отыр.
Апа - әңгімені әу бастан бала
кезден бастасақ? Бала Гүлбану қандай болды? Осындай талантты қызды
өсірген ата-анасы жайлы, өскен ортасы, бала кездегі қызықтары
туралы айта отырсаңыз.
Жүргізуші:
Адамдар қанша жасқа келсе де,
мектеп өмірін, ұстаздары мен сыныптастарын сағынып жатады. Бүгін
бағдарламаға класс жетекшіңіз Жоламанов Бағжан ағай,
Кенжебике апай сыныптастарыңыз Жанымгүл,
Сәуле әрі ұстаздық атты ұлы жолды
өзіңіз сияқты ұлықтаған әріптесіңіз
Роза
апайлар келіп отыр. Сәлеметсіздер ме,
бағдарламаға қош келдіңіздер.
Бағжан ағай, Кенжебике апай
сыныпта Гүлбану апай пысық, көпшіл ме еді? Қандай оқушы
еді?
2. Сыныптас ретінде қандай
естелік айта аласыздар? Балғын балалық шақ барлық адам үшін ең
қызықты кез. Сол бір мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер, қайта
оралмайтын қимас күндер . сол бір күндер туралы қандай естелік
айтар едіңіздер.
Жүргізуші:
Гүлбану Галимуллақызы, мектеп
бітіріп, 1988 жылы Ақтөбе педагогикалық училищені музыка пәнінің
мұғалімі мамандығын таңдапсыз? Кейін 1994 жылы Мемлекеттік
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Университетін тәмамдапсыз. Неге музыка?
Әлде сол пәнді сүйіп оқыдыңыз ба? Бұл мамандықты таңдауға кім
немесе не нәрсе әсер етті?
- Осы өнер жолында сізге бағыт
бағдар берген, алғаш қолыңызға баян аспабын беріп, нотаның қыр
сырын үйреткен, музыканың тылсым дүниесімен
таныстырған Ғазиза апайымыздың сізге
деген сәлемін жеткізсек.
«Видеоролик » Ғазиза апай .
Гүлін табыстау.
Гүлбану Галимуллақызы, ең
алғашқы еңбек жолыңызды студенттік күндерді артқа тастап, өзіңіз
білім алып тәрбиеленген, қасиетті қара шаңырақ Қазанғап атындағы
саз мектебінен ұстаздық жолды бастадыңыз.
Ендеше бейнероликке назар
аударайық.
Ең алғашқы жұмыс күніңіз
есіңізде ме? Алғашқы еңбек жолыңыз туралы айт кетсеңіз? Кімдерден
үлгі алдыңыз?
Жүргізуші:
Бүгінгі Гүлбану
Галимуллақызының «Дара жолына» ұстаздық жолды бірге бастаған
Оразғали Имантайұлы келіп отыр. Апаймен біраз жыл ұстаздық жолда
бірге келе жатырсыздар, алғашқы еңбек жолынан қандай естелік айта
аласыз?
Жүргізуші:
Сізбен әріптес болған
мұғалімдер еңбегіңіздің өлшеусіз екенін жақсы біледі. «Ұстаздық
патшалық құрудан да қиын» деген бар. Осы орайда сізбен әріптес,
қазір де өзіңізбен үзеңгілес Төремұрат Нұрмұханұлы ағай ортамызда.
Ұстаз ретінде Гүлбану апайдың қандай қасиеттері көз алдарыңызда?
Ұжым арасында қандай деген сұрақтар
қойсақ.
Жүргізуші:
Міне, бүгінгі күні 50 жылдық
тарихы бар Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің орны
ерекше. Осы жылдардың ішінде қаншама түлектер сізден білім алып,
өнер жолын таңдады. Міне, бүгінгі күні сол шәкірттеріңіз сізге
өздерінің құттықтауларын жіберіп жатыр.
бейнероликтер
Жүргізуші:
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді.
Байқап отырған шығарсыз, өзіңізден тәлім алып, өнер жолына барамын
деп талаптанып жүрген шәкіртіңіз Салтанатты сөзге тартсақ. Апайдың
қандай ерекше тұстарын өзіңе үлгі тұтар едің және ренжіген тұстары
есіңде бар ма?
Жүргізуші:
Биылғы жыл Үмбетовтер отбасы
үшін ерекше жыл болды «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, жүлделі
орын бас жүлдеге ие болды. Жанболат ағамыз бен Гүлбану апамыздың
отбасы көп балалы отбасы. Бүлдіршіндердің алды ержетіп, қызмет
жасап жатыр. Сол отбасының үлкені Ақмерей қызымыз видео
жолдаған екен соған кезек берейік.
Сонау Ақтөбеден Ақмерей
қызымыздың анасына деген ыстық лебізін қабыл
алыңыздар.
Келесі кезекті әсем әнге
берсек Гүлнұр Нұрасылованың әні «Анамның жаққан ошағы» орындайтын
Сарсенбаев Нұрсұлтан.
Жүргізуші:
Жаңағы айтылған сансыз
пікірлер мен лебіздерді тыңдай отырып, сіздің сөзіңіз бен ісіңіздің
арасында алшақтық жоқ екенін байқап
отырмыз.
Жүргізуші:
Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері
Гүлбану Галимуллақызы, сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз
бар. Соларға қысқа нұсқа жауап
берсеңіз.
-
Сіз үшін өмірдің мәні неде?
-
Ұстаздық
ұстанымыңыз...
-
Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сізді жиі
толғандырады?
-
Мұғалімнің
бойында қандай қасиет басым болу керек?
-
Болашаққа деген
сеніміңіз?
-
Болашақ
жастарға айтар тілегіңіз?
-
Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты
ма?
Жүргізуші
Бұл қадірлі
ұстаз, абзал ана, шынайы дос, сырлас
сыныптас Үмбетова Гүлбану Галимуллақызының «Дара жолы» болатын. Әр
адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз
қолында!