Тақырып бойынша 11 материал табылды

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік

Материал туралы қысқаша түсінік
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер туралы түсінеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Жамбыл орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ақбұзауова Н.Қ

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату

Сабақ мақсаттары


Қосжарнақты және даражарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысымен таныстыру

 Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат беру.

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

Тұқым туралы мағұлматты біледі, қосжарнақты және даражарнақты тұқымдар құрылысын ажырата алады

Өсімдік тұқымдарының құрылыс ерекшелігін баяндап және мысал келтіре отырып,өсімдіктің тіршілігі үшін маңызын айтып тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ботаника, Лениногор, гектар, метр, флора, «Қызыл кітап»

Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1. Өсімдіктер қайда өмір сүреді?

2. Олардың жануарлардан айырмашылығы бар ма?

3. Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Алғашқы жаратылған өсімдіктер қайсы?

5. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма?

6. Қазақстанда өсімдіктер жеткілікті өсе ме?

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыстар

География мен жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында Power Point презентациясын және Интернет желісін қолдану

Бастапқы білім


Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.

Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақты ұйымдастыру

Ынтымақтастыру атмосферасын құру

«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жақсы тілек айтады.


Оқушыларға түрлі іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды беріп, оларды рет-ретімен орналастыруды сұрау.

Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу

Оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийін құрастыру.

Сәйкесін тап 3мин.



Ұлпалар

Қызметі

Жабын

Жасушалары жас, ұдайы бөлінеді

Тірек

Қолайсыз жағдайдан сақтайды

Түзуші

Сабаққа,жапыраққа мықтылық қасиет береді.

Негізгі

Қоректік заттар мен су әр мүшелеріне өтеді

Өткізгіш

Сүтті шырын,эфир майы,шірне бөлінеді

Бөліп шығарушы

Қоректік заттар қоры жиналады.




Power Point презентациясы, карточкалар

Сабақтың ортасы


(Жж) Оқушылар берілген тақырыптар аясында жоспарлау жүргізеді:

Слайдтан мына суреттерді көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. «Тұқым»

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.

2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.

Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.



.

Сабақты «Өкіл» әдісімен өткізу тапсырылады.

Тапсырмалар:І.

Суретті анықтап қара да тұқымның бөлімдерін жаз.


Тапсырмалар:ІІ.

Өсімдіктерді тұқымның құрылысына қарай жіктей отырып,кестені толтыр.

Өсімдіктер

Мысалдар

Даражарнақтылар


Қосжарнақтылар


1.інжугүл 2.қара бидай 3.күріш 4.қызанақ 5.бұршақ

6.пияз 7.асқабақ 8.шалғам 9.сұлы 10.жүгері

1. Топ 
Биологиялық диктант: Қос жарнақтылар. 

1.Ұрық................. тұрады. 2.Үрмебұршақ тұқымының жарнағы ............ ............. болып саналады. 3.Асқабақ ,қауын,қарбыз тұқымында ........................ болмайды. 4. Қо жарнақты тұқымда ......... ........... болады. 5. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында .................... бар. 7 Жарнақта ............ ............ қорға жиналады.8. Ұрық ......... .............. .................... түзіледі.9. Тұқым қабығы ........ ............ , ............ сақтайды.10. Қоректік заты ..................... жиналады. 

1. Екі жарнақ 
2. Жарнағында 
3. Алғашқы тамырша,сабақша,бүршікшеден 
4. Кіндігі 
5. Крахмал,май,белок 
6. Эндосперм 
7. Қос жарнақты 
8. Кеуіп кетуден. Мезгілсіз өнуден 
9. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан 

2-топ 
Биологиялық диктант: Дара жарнақтылар. 

1.Тұқым жарнағы ......... ............. сұйылтады. 
2. Жарғақты тұқымдарға ............................. жатады. 3. Ұрықтағы май қоры .............. ................... жұмсалады. 4.Ұрық сабақшасы мен бүршікшесінен...................... дамиды. 5. Бидай тұқымының қауызы тез ........... 6. Жылтыр тұқымдыларға ..................... жатады. 7. Ұрық пен эндоспермнің арасында ..................... орналасады. 8. Жарнағында .......................... болмайды. 9. Қоректік заты............................ жиналады. 10. Астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары .................тдеп екіге бөлінеді. 

1. Сылынбайды 
2. Эндоспермде 
3. Бір жарнақ 
4. Қоректік заттар қоры 
5. Ерітетін зат бөліп органикалық заттарды 
6. Өнуге 
7. Жылтыр және жарғақты 
8. Бидай,жүгері,тары,итқонақ 
9. Сұлы,арпа,күріш,қарасұлы 
10. Өркен 

3-топ 
Биологиялық диктант: тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар 

1. Өне бастаған тұқымға ауа жетіспесе ................... 2. Су мен жылу жарнақтағы ,эндоспермдегі ерімейтін крахмалды ....................... айналдырады.3. Тұқымның ісініп жарылуына ....................... .................. қажет. 4. Тұқым өну үшін ......... қажет. 5. Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтетін-......................... 6. Асқабақ,қауын,мақта тұқымдары ..................... өнеді. 7. Су ........... әсер етеді. 8. Топырақта қалатын тұқым жарнақтары өскіндерді ............... қамтамасыз етеді. 9. Тұқымды суға салғанда тыныс алуы ................ . 10. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы ................. байланысты. 
1.Су,жылу,ауа 
2. Тұқымның өнуіне,шығымдылығын сақтауға 
3.Еритін қантқа 
4. Ашып шіриді 
5. Су 
6. Қабығына 
7. Ауа 
8. +15С да 
9. Жылдамдайды 
10. Қорекпен

Зертханалық жұмыс №5

Бағалау критерийлері:

  • Зерттеу сұрағының ғылымилығы;

  • Болжамның түсінікті әрі тексеруге мүмкін болуы;

  • Зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларының қадағалануы;

  • Әрекет ретінің сақталуы;

  • Деректердің нақты әрі шынайы жинақталуы;

  • Зерттеу бойынша қорытындының дұрыс, сауатты тұжырымдалуы.


Геометриялық фигуралар, суреттер




























өсімдік майы, су, стақан, ыдыс жуатын құрал




Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

1.Тұқым дегеніміз не?

2.Дара жарнақты тұқымның құрылысының ерекшелегі қандай?

3.Қос жарнақты тұқымның құрылысы қандай ?


Сабақ соңында оқушылар «Аргумент» әдісі арқылы

рефлексия жүргізеді:


Менің бүгінгі сабақтағы көңіл күйім................болды, себебі...................

Мен сабақта ......................жұмыс жасадым, себебі..............

Тақырып мен үшін.................болды, себебі


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар: зерттеу сұрағы аясында болжам жасай алады

Көпшілік оқушылар: белгілі бір мәселеге байланысты жоспарлау жүргізе алады

Кей оқушылар: жоспарлаудың әрбір кезеңін түсіндіре алады

  • Карточкамен жұмыс

  • Топтық жұмысты өзара бағалау


Тәжірибелерді жасау барысында сақтық шараларын ұстану: суды төгіп алмау, маймен киімді ластамау, стақанды сындырап алмау. Партада отырған кезде омыртқа жотасының қисаюын болдырмау мақсатында тік отыруын бақылау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
4362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12