Материалдар / "Дархан халықтың – дана Абайы" тақырыбындағы эссе жұмысы

"Дархан халықтың – дана Абайы" тақырыбындағы эссе жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақынның шығармашылығы туралы үзік сыр. Абай ақынның өмірдегі болмысы мен шығармашылығы туралы ойлар ортаға салынады. Ғылым, білім мәселесін сөз еткен Абай ақынның "толық адам" философиялық ойлары жан-жақты ашылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21мамандандырылған

гимназиясының қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сулейменова Акшолпан Жиенеевна



Дархан халықтың – дана Абайы

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан

азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе

жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады.

Абай

Тапқан едің қара сөзден жарасым,

Емдегің кеп ен даланың жарасын.

Түзерлік жол сілтегенсің бағдар боп,

Көп ішінен суырылған дарасың...- дей келе, даналықтың дәнін даламызға сеуіп, бәйтеректей саясымен көпке қорған болған Абай атамыздың қара сөздеріндегі сарабдал ой, салиқалы сөздерінен ой қозғамақпыз. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»,-деп, «толық адам» қалыптастырудың жолын нұсқаған хакім Абай қараңғылықтың қамытын киіп, мал соңында құрығын ұстап, бейқам жүрген қазақтың қарекетсіз жүргеніне күйінді. Ел ішінде дендеп кеткен жағымсыз қылық, оспадар әрекет, білім-ғылымнан іргені аулақ салғандық – бәрі-бәрі ақын жүрегіне шаншудай қадалды. Жаманшылыққа елігіп, құр мақтанға салынып, желік қуған жандарды тура жолға салу үшін ақ қағаз бен қара сияны өзіне ермек етті. Тоғызыншы сөзінде: «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді...Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді...» дейді. Осы сөзін әрі қарай қоздатсақ, өзінің тек құр сүлдері жүргенін анық бағамдаймыз. Сырты сау болып, іштей ызаға булыққан «қуыс кеуделі» жанның артқыға қарайлар қызығы қалмағанына көз жеткіземіз. Алдыңғы күннен үміті де жоқ емес. Жемістің ағаштан алыс түспейтіндігі баршаға аян. Бұл ретте ақынның тамырдан ажырап, өз биігінде ғана өмір сүргенін көрмейміз. Қандай болмасын өз халқының жанашыр тілеулесі болғанын, өзіне жалғыздық дәмін татырған еліне деген риясыз сенімі ешқашан өшпейтінін аңғарамыз.

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» ,-деп, ой түйген дана халқымыздың тәмсілі Абай Құнанбаевтың басты ұстанымдарының бірі болды. Білімсіз биікке шығудың жолы жоқ екенін, дүниенің кілті ғылымда екенін үздіксіз ел құлағына сіңірді. Сегізінші сөзінде : «Білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!..»,- дейді. Би-болыс, бай, ұры-залым, қоңыршалар керек етпеген ақыл, насихат кімге керек ? Яғни, халық білімді керек деп ұғынбады. Дана Абайды алаңдатқан ең бірінші қайғы надандықпен күресу болатын-ды. Оның бұл ретте шәкірт тәрбиелегені,артқыға темірқазық болар әдеби мұралар қалдырғаны, өзін өзгеге үлгі ете алғандығы тарихта өшпес даңғыл жол болып қаланды. Кезінде сөзін елең қылмаған жұрты бүгінде әр сөзінің астарынан мән ұғып, даралықтың да, даналықтың да биік шыңына шығарды.

Адам баласының «жүрегіне» ақын ерекше назар аударды. Он жетінші сөзінде де жүректі таза ұстаңдар деген байлам айтқан еді. Жүректе жігер, қайрат, байлаулылық болса, ақылдың сөзіне иесі құлақ асарын да он төртінші сөзінде келтірді. Жоғарыда айтылған білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ұстамай кететіндерді сынға алады. Теріс мінез, мақтанға салынуды құп көрмей, одан барша көпшілік бойын аулақ ұстау қажеттігін тілге тиек етеді. Абай ақын ақылды, ғылымды сақтайтын мінез деген сауыттың бұзылмағанын қалады. Мінездің беріктігін бұзбас үшін әр адам жеңілдік, көрсеқызарлық, орынсыз сөз дегендерден алыс жүріп, адамдық істің жақсысымен танылуы керек. Қадым замандардан қоғамның дерті болған адам бойындағы жұғымсыз қасиеттер әлі де болса сақталып келеді, алайда білім-ғылымның салтанат құрған шағында аздап көлеңкеде қалған жаман қылықтар ішінара бой көрсетіп қоятыны жасырын емес. Атаның баласы емес, адамның баласы бола білген кез келген жан өз бойындағы теріс мінезден арыла алады деген ойдамыз. Ол үшін даналар салған соқпақпен жүріп, өз-өзін үздіксіз жетілдіріп, жақсы-жаманның парқын ажырата білу керек.

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады.

Жікшіл ел жетпей мақтайды,

Желөкпелер шын деп ойлайды,-деп, дана Абайымыз айтпақшы, адал еңбегімізбен, тоқыған білімімізбен, еш мақтанға салынбай мәнді де, мағыналы ғұмыр сүрейік демекпіз. «Толық адамның» қатарынан орын алып, еліміздің асқақ абыройы мен беделінің артуына сүбелі үлесімізді қосып, дана Абайдың дара жолымен жүрейік!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ