Материалдар / "Дәрігер Айболит қонақта" ұйымдастырылған іс -әрекет

"Дәрігер Айболит қонақта" ұйымдастырылған іс -әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дәрігер Айболит қонақта" тақырыбындағы ұйымдастырылған ашық іс-әрекетте 3-4 жастағы бүлдіршіндерге арналған тәжірибе мен қимылды және ойын түрлері бар.Бес дағдыларды қамти отыра жазылған жоспар.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Дәрігер Айболит қонақта.

Дағдылар: Коммуникативтік, физикалық қасиеттер, шығармашылық,танымдық-зияткерлік, әлеуметтік.

Мақсат-міндеттері: Ертегінің кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау, денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру, бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым қатынас орнату; еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау;

Әдіс-тәсілдері: Саяхат, сұрақ - жауап, ТРИЗ миға шабуыл әдісі., STEAM су мен қағаз әдісі, кубизм әдісі,ЖИ.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:

Әуенмен балалар топқа кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар қандай тап-таза әдемі болып кеткенсіңдер! Қонаққа бара жатырсыңдарма, әлде қонақ келеді ме?

Балалар: Бізге қонақ келеді.

Тәрбиеші: Ол кім болды екен?

Балалар: Білмейміз ұмытып қалдық.

Тәрбиеші: Мен сендердің естерің түсуі үшін жұмбақты өлең оқиын, шешімін тапсаңдар келетін қонағымыздың кім екенін білетін боламыз.

Тіс ауырса іш ауырса

Бізге дәрі береді

Барлық ана барлық бала

Оны жақсы көреді.

Балалар: Дәрігер

Әуенмен Дәрігер кіреді.

Дәрігер: Сәлеметсіңдерме балалар. Балалар сендер ауырып қалған жоқсыңдарма? Мен айтқан талаптарды орындап таза жүрсіңдерме?

Балалар: Әрине

Дәрігер: Қане қарап көрейінші. Жарайсыңдар балалар дегенменде мына біздің қолымызда көрінбейтін микробтар бар екен. Сондықтан үнемі қолды сабындап жуып жүру керек. Микробтарды көргілерің келеме? Ол үшін тәжірибелік алаңға өтейік.

«Микробты алақандар» STEAM су мен қағаз әдісі бойынша балалар бір реттік сүртпе қағазды суға батыру арқылы, көзге көрінбейтін микробтарды көре алады.

«Сабынның қасиеті» тәжірибе жасау

Барысы: Шұңғыл су құйылған шыны ыдысқа (шыны астына алақан жабыстырылады) қара бұрыш салынады. Лас алақанды тазарту үшін, сұйық сабынды мақталы таяқшамен лас суды түртіп көреді.

Дәрігер: Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды әрі ұқыпты екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар біз дәрігердің ертегі желісі бойынша орман аңдарында емдегенін білеміз я. Ендеше орман аңдарына көмек керек болып жатқан болар. Саяхаттап көмектесіп аңдарды көріп қайтсақ жақсы болар еді.

Балалар: Иә иә барайықшы.

«Тазалықтың достары» қимылды ойыны

Ойын барысы: Балалар тазалықтың достары» сабын, су, тіс щеткасы, орамал) бейнеленген кубикті лақтыру арқылы, сол суреттер бейнеленген кілемше арқылы орманға аттанады.

Алдарынан түлкі шығады. (өзінің тісінің ауырып тұрғанын айтып көмек сұрайды).

«Тазалықты ұстаймыз» дидактикалық ойыны

Ойын барысы: Бір топ бала лас тістер бейнеленген суретті тіс щеткасымен тазаласа, екінші топ балалары лас бет бейнеленген суретті сабынмен жуу арқылы тазалайды.

Түлкі рахметін айтады.

Алыстан қасқырдың ұлыған дауысы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар бұл ненің дауысы?

Балалар: Қасқырдың.

Тәрбиеші: Қасқырға да көмегіміз керек сияқты ендеше сол жаққа барайық.

Қасқыр өзінің іші ауырып тұрғанын айтады.

Дәрігер: Қасқыр сен көкөністер мен жемістерді жумай лас күйінде жегенсің сондықтан ішің ауырып жатыр. Оны тазалап жуып жеу керек.

Еңбек әрекеті.

«Көкөністер мен жемістерді жуамыз».

Барысы: Балалар көкөністер мен жемістер мулляждарын ыдысқа су құйып жуады және таза орамалмен сүртіп ыдысқа салады.

Қасқыр рахметін айтады.

Суық аяз ызғардың дыбысы естіледі.

Тәрбиеші балалардан қай жыл мезгілі екенін сұрайды.

Ой балалар мұнда қыс мезгілі болсада ұшпайтын қысқа қанатты құс (пингвин)

жылы киінбей тоңып тұрған сияқты. Пингвиннің киімдеріне түс беріп, жылы киіндіріп бояп берейік.

Шығармашылық жұмыс.

«Пингвинді жылы киіндірейік»

Барысы: Балалар пингвиннің боямағындағы мойынорағышы мен телпегіне түс береді. Ұялы телефондағы арнайы бағдарлама арқылы жан бітіреді.

Тәрбиеші : Дәрігер міне көрдіңізбе біздің балалар өте мейірімді, әрі ұқыпты. Сонымен қатар балалар тазалықтың ең жақын досы су туралы тақпақта біледі.

Қане балалар айтып берейік.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Тазалықтың –досы,

Су -дегенің осы.


ЖИ арқылы жасау
17 Ақпан 2025
55
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі