«Дәрігер» сюжетті-рөлдік ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дәрігер» сюжетті-рөлдік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Баланың сөз қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК









«Дәрігер» сюжетті-рөлдік ойыны

1 «Ботақан» кіші тобы





Тәрбиеші: К.Сыпатова












2023ж

Күні: 12.06.2023ж

Тақырыбы: «Дәрігер» (Сюжетті - рөлдік ойын)

Мақсаты: Баланың сөз қорын, тіл байлығын дамыту. Бір - біріне деген жағымды қарым – қатынас, көңіл - күй сезімдерін, ой - қиялын одан әрі дамыту; ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, тәрбиелеу. Ойын барысында ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білу және тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?

Балалар: Ауруханада, емханада.

Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Қане, балалар өздерің орындарыңа барып жайғаса қойыңдар. Балалар өздерінің орындарына барып жайғасады.(Алдын ала рөлдерге бөлінген балалар дәрігерлік сала бойынша «Емхана кабинеттерінде» отырады). Алғаш болып, балалар дәрігеріне бір ана қызымен келеді.

Ата - ана ( Назипа апа) Саламатсыз бе, менің қызымның іші ауырып тұр, тамаққа тәбеті жоқ.

Дәрігер: (Әміре бала) Саламатсыз бе, қане қызыңызды тексерейін. Аузыңды аша ғой, кеше қандай тамақ жедің?

Ата - ана: Кеше кешкісін көкөністерді көп жеп қойған.

Дәрігер: (тексеріп көреді де, қағазға рецепт жазып береді). Мына дәрілерді алып, күніне 2 мезгіл беріңіз.

Ата - ана: Рахмет дәрігер. Сау болыңыз! (Келесі кабинетте тіс дәрігері (Стоматолог) отырады. Бір ата - ана баласымен кіреді). Ата - ана:- Саламатсыз бе, дәрігер.

Тіс дәрігері: (Айым бала) - Саламатсыз бе, келіңіз.

Ата - ана: Менің қызымның тісі түнімен ауырып шықты. Көріп жіберіңізші.

Дәрігер:– Қане, аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді). Тісіңді құрт жеп қойыпты. Тәтті нәрсені көп жеме. Күніне 2 мезгіл тазалау керек. (Баланың тісін емдейді.) Ата - ана: – Рахмет сізге, дәрігер! Дәрігер: - 2 сағаттай еш нәрсе жемеңіздер, сау болыңыз!

(Ортада «Дәріхана» (Аптека) болады.)

Ата - ана:- Саламатсыз бе! Дәріханашы: (Жанель)– Саламатсыз бе! Ата – ана (Жанат апай):- Мына дәрілерді маған беріңізші. Дәріханашы: (Рецепт бойынша дәрілерді тауып береді). - Мінекей алыңыз. Ауырмаңыздар, сау болыңыз! Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар. Ал енді, балалар, бізге бүгін қонақа біреу келе жатқан сияқты, тыныш қане тыңдайық. (Осы кезде есіктен балабақшаның медбикесі кіріп келеді.)

Медбике:- Саламатсыңдар ме, балалар! Қал - жағдайларың жақсы ма? Денсаулықтарың қалай? Бүгін барлығың аппақ болып, әдемі болып кетіпсіңдер. Ой жарайсыңдар, балалар, осылай ақылды бала болыңдар. Рахмет сендерге. Күнделікті жуынып, таза болып жүру керек.

Тәрбиеші: Саламатсыз бе, дәрігер. Біз бүгін «Дәрігер» ойынын ойнап, дәрігер рөлінде болдық. Рахмет сізге, дәрігер! Ал, балалар, осымен бүгінгі «Дәрігер» ойынымыз аяқталды. Ауырмайық, деніміз сау болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2023
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі