Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дәрілік өсімдіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға дәрілік өсімдіктердің қасиетін білу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Малтабар орта мектебі» КММ-і











Shape1

Тақырыбым: Дәрілік өсімдіктер





Орындаған: Сулейменова Дильназ

Жетекші: Мукашева А.Ж.




















Өзектілігі: бұл тақырыпты таңдамас бұрын ауыл адамдарының арасында

« Дәрілік өсімдіктер» туралы сауалнама жүргіздім, сауалнама қорытындысы бойынша халықтың көпшілігі өсімдіктерді білгенімен олардың адам ағзасына тигізетін әсері, шипасы жайында мағлұматтары аздығы байқалады.

Сондықтан да мен жергілікті жердегі дәрілік шөптерді анықтауға, олардың адам ағзасына тигізетін әсерін, маңыздылығын зерттеуді алдыма мақсат етіп қойдым.


Міндеттері: 1. Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат жинау

2 Дәрілік өсімдіктерді жинау, сақтау, кептіру, қолдану ережесі.

Гербарий материалдарын жинақтау.

Буклет «Дәрілік өсімдіктер».

Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін жинап кептіріп, фитотерапия саласына пайдалануға дайын кеппе шөптер жасау.


Болжамы: Егер осындай жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін насихаттай білсек,онда халық өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері, шипасы жайында мағлұмат алып,дәрілік өсімдіктерді өз ауласында өсіріп, өзінің қажетіне қолдануына мүмкіндік туар еді.

«Дана көптен шығады,  дәрі шөптен шығады»
























       Кіріспе

Менің тұрып жатқан ауылым Малтабарда дәрілік өсімдіктер аз емес. Мысалы, жолжелкен, долана, итмұрын, түймедақ т.б. бар.

Мен өз жобама итмұрын өсімдігінің емдік қасиеттерін алдым.

Итмұрын–раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы.Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.

Республиканың(Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда,жазықта,қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі.Ылғалдыжақсы көреді,топырақтыңда, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқылтүсті,қабығыбар,сабағы мен бұтақтары ұсақт тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі,тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі аратісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.

Гүлі қос жынысты,дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті,күлтесіашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен),аталықпенаналықтарыкөп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісіжәндіктердіөзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтінқоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.

Итмүрын шілдеде гүлдейді,тамызда жеміс береді.Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар менжабайы раушандарғатән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататынАлтайдыңкөмбелерінен табылған металл ақшалардада бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын

жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майыпарфюмерия өндірісінде пайдаланылады.




Негізгі:

Итмұрын – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.

Жазда орманға барып, өзім итмұрынның гүлдерін тердім. Үйге алып барып дәрі жасап көрдім. Мына әдісті қолдандым:

Қолдану және дайындау:2 шай қасық гүлге 2 стакан қайнаған су қосып, суы бар ыдыста қайнатып 40 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет ішеді.

Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес беремін Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішуге де болады.



 

                   






Қорытынды

                 Алға қойған мақсатым

Жергілікті жердегі басқа да дәрілік өсімдіктерді зерттеп, олардың пайдалану жолдарын , қандай ауру-сырқауда қолдануға болатындығын анықтау және тұрмыста пайдаланып көру. Асқазанды шөппен емдеуге болады

Cырқаттанып қалған кездері міндетті түрде қымбат антибиотиктерді пайдалану шарт емес.Мен асқазанды әртүрлі химиялық препараттармен улай бергеннен гөрі бір мезгіл әжелерімізден бері қарай келе жатқан, неше ғасыр тәжірибеден өткен рецептерге де мән берген дұрыс деп есептеймін.

таң атқанша тұндырып қою қажет.

Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жетті. Тек шыдамды болған жөн. Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады дейді ғой.


 















Қолданылған әдебиеттер

 

Авдеева.З.С «Из семян картофель и овощи»

Ахметжанова.А.и « Дәрілік өсімдіктер»

П.С.Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат»

Е.Я.Ильина Е.ИСтерлигова. «Растение и их использования в медицине.

Капронова. Н.Н «Лекарственные комнатные растения в интерьера»



























Жоба жетекшісі: Елеуова Майра Жұмаділдақызы

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті
Жұмысты орындаған: №114 орта мектептің
 
2-сынып оқушысы Қарсыбек Айзере

Бағыты: Ғылыми- жаратылыстану
Секциясы: Медицина
Жобаға пікір беруші: Қорқыт ата атындағы Қызылорда
 
мемлекетік Университетінің «Биология
және география» кафедрасының аға
 
оқытушысы,биология ғылымдарының
кандидаты Гүлмира Абдраманова
Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Елеуова Майра

Жалағаш ауданы,
Қаракеткен елді мекені, 2013 жыл


Аннотация

Зерттеу жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында жолжелкен өсімдігінің қандай ауруларға ем екендігі анықталды.
 

Мазмұны
:
I.
Кіріспе
Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер

II.
Негізгі бөлім
а) Жолжелкен өсімдігінің сипаттамасы
ә) Жолжелкеннің емдік қасиеті
б) Жолжелкеннен жасалатын дәрілер
в) Шөптерден дәрі жасау жолдары

III.
Қорытынды

IV.
Пайдаланылған әдебиеттер


Зерттеудің мақсаты:
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің,жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.

Өзектілігі:
Қазақстанда кедесетін өсімдіктердісоның соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері
Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау.

Зерттеудің жаңалығы:
Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.

Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мың теңге тұратын дәрі дәл
шарбағыңның түбінде өсіп тұр
Халық даналығы
І. Кіріспе. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшіліг аса пайдалы.

І. Негізігі бөлім
а) Жолжелкен өсімдігіне сипаттама
Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған
Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты, сазды жерлерде көп өседі.
Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.
Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі.Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған
Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады. Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді.
Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады.





ә) Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті
Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады.
Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағыгемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған
Жолжелкен гүлеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр араққа салып, 10 күн қараңғы жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде сақтайды.Дәрі даяр болады
Мұны асқазанмен ішегінде жарасы бар адамдар күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді.
Ал оның жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді.Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына ұшырағанда береді.


Ем болатын аурулары:
Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.
Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.
Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады








Жолжелкен өсімдігінен жасалатын дәрілер
Жолжелкен(подорожник
Кешенді емдеуде профилактикалық зат ретінде қолдану көрсеткіштері: Қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және жазатын зат ретінде асақазан- ішек ауруларына (қышқылы төмен гастриттер, колиттер, энтероколиттер, диарея) қолданады. Қақырықты түсіретін зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларында қолданады. Қақырықты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдетеді. Қан тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.
Дайындау тәсілі: 10г (2ас қасық) шикізаты эмальды салып 200мл (1 стакан) ыстық қайнап тұрған су құяды, қақпағын жауып қайнатып тұрған суда (су моншасында) 30мин. Қыздырады, бөлме температурасында 10 мин. Салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.







б) Шөптерден дәрі жасау жолдары 
Ракович Любовь Анатольевна 
Мен шөптерден дәрі жасауды бала кезімде өз әжемнен үйрендім. Бала кезімде әжем бізді шөп теруге қасына ерітіп жүретін.Ол кезде ол шөптердің қандай мақсатта жинайтынын және неге қолданатынын білмеуші едім. Бізді бала кезде жолжелкен шөбінің тұнбасын қайнатып сок деп ішкізуші еді.Өсе келе ол шөптің емдік қасиеті бар екендігін байқадым. Шөптерді қалай қайнатып тұнба жасайтынын көріп білгім келіп қызыға бастадым. Әжемнің қасында жүріп көп шөптердің дәрілік қасиеттерін біле бастадым. Бері келе өзімде әжемнің дайындаған құрамы бойынша дәрі жасаудың жолдарын үйрене бастадым. Қандай ауруларға ем екенін сұрап қызыға бастадым.Қазіргі таңда Қаракеткен ауылының тұрғынымын. Бұл жолжелкен шөбін мен мектептің жанынынан жинап кептіремін. Оның тұқымы, жапырағы және тамырының да өзіндік емдік қасиеттері бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам жапырағын кез келген жараға яғни бір жеріңді жырып кетсе болмаса шеге кіріп кеткен жағдайда жолжелкен шөбінің жапырағын сол жерге таңса жараны тез емдеп жазады.Ал тұқымын қайнатып тұнбасын ішсе ішектің қабынуына және қанды қойылтатын қасиетке ие. Бірақ көбіне үлкен кісілерге жалғыз өзін қайнатып ішуге болмайды .Өйткені үлкен адамдарда қан құрамы қою болғандықтан басқа шөп қосындыларымен бірге ішу керек.Мен өз тәжірибемнен басқа кісілергеде осы қоспаны ұсынып, дәрі ішпей ақ шөптердің емдік қасиеті арқылы да денсаулығының жақсаратындығын айтар едім.


б) Айша апайдың өзінік ем домы
Қазақстанда емдік қасиеті бар көптеген шөптер өседі. Халық даналығында айтылғандай «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіптұр» демекші біздің аймақта өсетін шөптердің өзіндік емдік қасиетері бар. Ол үшін кітапты көп оқып білімді болу қажет. Мен бала кезімнен кітап, газет журналды көп оқитынмын. Қазіргі таңда өсімдіктер жинап, кептіріп дәрі жасаушылар саны аз. Барлық шөптің өзіндік емдік қасиеті бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам бір жылдары қолыма күбіртке шығып қатты қиналдым сол кезде кітаптан оқыған жолжелкеннің емдік қасиеті есіме түсіп жапырағын алып жуып, тазалап жараға таңдым сол кезде таң қалғаным тіпті жаранң орныда қалмай жазылып кетті. Сонан бері мен балаларыма да өзімде ешқашан дәрі қолданған емеспін. Ауырсам кітап беттерінен оқыған білімімнің арқасында емдік шөптер тұнбасын пайдаланамын.











III.
Қорытынды

Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдік жолжелкенді жинап анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, сипаттама берілді; Сыр өңірінде жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасауға талпыныс жасалды; Жолжелкен өсімдігін пайдалану жолына қарай жіктеп және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге сипаттама берілді.Сонымен бірге:
Дәрілік өсімдік жолжелкеннің емдік қасиеті туралы анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға үлкен жолжелкен жатады;
Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп айтуға болады, себебі көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанмен адамдар үнемі оларды пайдалана бермейді. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктің саны азаймау үшін оларды күтіп- баптап, химикаты көп дәрілерді қолданғанша емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді.


№114
орта мектептің
2 -
сынып оқушысы Қарсыбек Айзеренің
«
Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті » 
тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына 

Пікір
Оқушы Қарсыбек Айзере бұл жұмысында қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы соның ішінде сыр өңірінде кездесетін емдік шөптердің қасиетін жан-жақты талқыға салған
Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай,оның маңызына терең үңіліп қандай ауруларға ем екендігін ашып қана қоймай, нақты деректер негізінде зерттей білген
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген,тың ойларды жеткізе білген.


Бастауыш сынып мұғалімі: Елеуова Майра

Менің ұсынысым:
1.
Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті болғандықтанкүтіп-баптау қолға алынса.
2.
Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиетін кейінгі жас ұрпақбілу мақсатында дүниетану бағдарламасына енгізілсе.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «
Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер» Қажымұратов М. «Қайнар» баспасы, Алматы- 1975ж
2. «
Жасыл аптека» Л. К. Сафина Е.П. Петров Алматы Қайнар 1992ж
3.«
Мен- емшімін» Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажы Шымкент 2008ж
4.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008ж
5.
Стрижев А.н. Лесные травы. 1979









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12