Дәрілік өсімдіктер - дала перзенті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәрілік өсімдіктер - дала перзенті

Материал туралы қысқаша түсінік
дәрілік өсімдіктер тақырыбына ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер - дала перзенті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды дәрілік өсімдіктердің түрлері, маңызы, жинау, өңдеу және дайындау әдістері туралы алған білімдерін қорытындылау.

Дамыту: Дәрілік өсімдіктердің үлестірмелі қағаздарын, қорабын, гербарийлерін пайдаланып, сөзжұмбақ шешу, кесте толтыру, слайд көрсету арқылы оқушылардың үйірме жұмысына қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:

  1. Нақыл сөздер:

Асқазан ауруы – астан, оны емдеу – шөптен,

Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады,

  1. Әр түрлі ауруларға арналған дәрілік шөптер.

  2. Дәрілік өсімдіктердің суреттері.

  3. Дәрілік өсімдіктердің гербарийлері

  4. Слайд көрсетілімі.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе. Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Міне, осы ұланғайыр өлкеміз өсімдіктер дүниесіне мейлінше бай және алуан түрлі. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы өте зор.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Нәсір-Әл Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген, тағы басқа да шығыс ғалымдары қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе, дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Қазақ халық медицинасы көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғол, Тибет және Ауғанстан елдерінің халық медицинасымен байланыса одан әрі дамуда. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Кейінгі жылдары медицина ғылымында шөптердің емдік қасиеттеріне, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем-домды» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы: «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады». Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Сол байлықтың бірі – емдік шөптер. Олар біздің кең жазира даламызда, ормандарымызда, таулы аймақтарда, жайлау мен соры шығып жатқан жерлерімізде де мол-ақ.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Енді оқушылар өзіміз дайындап келген дәрілік өсімдіктерге тоқталайық.

Диана: Дәрілік өсімдіктермен емдеу

Аружан: Итмұрын

Жазира: Долана

Гүлхан: Қарандыз

Баян: Жолжелкен

Әлия: Қалақай

Гүлжайнар: Киікоты

Гүлсезім: Тасжарған

Фарида: Адыраспан

Еркеназ: Меңдуана

Томирис: Қазтамақ

Жасұлан: Ермен

Камила: Алоэ

Диана: Коланхоэ

2. Кім жылдам: I-топ

1. Айлауық тұқымдас, көпжылдық өсімдік. (Қазоты)

2. Ауыз қуысының ауруларын, күйік пен сулы теміреткіні емдейді. (Қартажоңышқа)

3. Ревматизмді, құяңды, бас ауруларын, бастың айналуын, гастритті емдейді. (Түймешетен)

4. Қауашақтарының суға ашытқан тұнбасы жүйке жүйесін тыныштандырады. (Қырмызыгүл)

5. Тамырының қайнатындысымен бүйі шаққан адамды емдейді. (Итошаған)

6. Биіктігі 15-30 м, ылғалды жерлерде, батпақтарда, өзен мен көлдер аңғарларында өседі. (Қырықбуын)

II-топ

1. Емге бұтақтары, жапырақтары, гүлдері пайдаланылады. (Адыраспан)

2. Құрамында өткір иісті эфир майы, арбутин глюкозиді, илік заттар бар. (Қазанақ)

3. Ерінгүлділер тұқымдас, бұта тәрізді сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. (Жалбыз)

4. Мәңгі көгеріп тұратын бұта, жапырағы ұсақ, алмұрт тәріздес. (Аюқұлақ)

5. Өкпе, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. (Қырықбуын)

6. Құрамында илік заттар, эфир майы, С дәрумені бар. (Итошаған)

3. Дәрілік өсімдіктер бойынша АДЫРАСПАН сөзөрім шешеміз.


1.Асқорыту қызметі бұзылғанда, іш өткенде, қан кысымын төмендету үшін, таспа құртты түсіру үшін қолданылатын дәрілік өсімдік.

2.Тісті құрт жегенде, бөртік қышымаға, құлақ қабынғанда қолданылатын дәрілік өсімдік.

3.Тыныс, асқазан, ішек жолдары ауырғанда қолданылатын дәрілік өсімдік.

4.Асқазан жарасына, бауырды емдеуге, несеп айдауға қолданылатын дәрілік өсімдік.

5.Қышымаға қолданылатын дәрілік өсімдік.

6.Тұмау, жөтелге ішетін дәрілік өсімдік.

7.Бүйрек ауруына, зәрді айдауға қолданылатын дәрілік өсімдік.

8.Құрамында қатерлі ісік жасушаларын өлтіретін «бетаситостерин» бар дәрілік өсімдік.

9.Тамаққа тәбетті арттырып, көздің көргіштігін сақтайтын дәрілік өсімдік.

Жауабы: 1.Долана, 2.Меңдуана, 3. Жалбыз, 4. Итмұрын, 5. Қарандыз, 6. Тасжарған, 7. Иманжапырақ, 8. Қалақай, 9. Ермен


4. Әріптер сөйлейді.

I-топ II-топ

И

Д

О

Л

А

Н

А


И

Т

М

А

Л

О

Т

О

Ш

А

Ғ

А

Н


Ж

Е

Ұ

Р

Ы

Э

Қ

А

З

А

Л

О

Э


О

Р

М

Е

Н

Н

М

Е

Т

А

М

А

Қ


Л

Ж

Е

Л

К

Е


Ң

Д

У

А

Н

А


Ш

А

Й

Ш

Ө

П

Жауабы: I-топ. Долана. Итошаған. Алоэ. Қазтамақ. Меңдуана.

II-топ. Итмұрын. Алоэ. Ермен. Жолжелкен. Шайшөп.



5. Венн диаграммасы. Дәрілік өсімдіктердің ерекшелігі мен айырмашылығын жазу.

I-топ

Қырықбуын Түймешетен

DrawObject1

II-топ.

Жалбыз Қазоты

DrawObject2

7. Дәптермен жазбаша жұмыс: Дәрілік өсімдік бойынша кесте

толтыру.

р/с

Дәрілік өсімдіктердің аты

Ауру атаулары

1

Түймешетен

Ревматизм, құяң, бас ауруы, гастрит, сары ауру

2

Шайшөп

Бауыр, өт жолдары ауруы

3

Аюқұлақ

Қуық, несеп, жолының қабынуы

4

Қазанақ

Жүйкені тыныштандырады көк жөтел, демікпе

5

Қартажоңышқа

Күйік, сулы теміреткі

ІІІ. Қорытынды. Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін «мысқылдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден, денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейміз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосамыз. Дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар, табиғат байлығын қорғауға да ат салысамыз.

Үйге тапсырма. Дәрілік өсімдіктердің басқа да түрлерін тауып, кестені аяқтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2024
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі