Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дәрумен-денсаулық кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы:денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:№113 Әл-Фараби атындағы жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Турсиметова З

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Денсаулық зор байлық

Сабақтың тақырыбы:

Дәрумен денсаулық кепілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

5.А.4.1 шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау;

5.ТБ.1.6мекен және мезгіл үстеулерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Шағын көлемді мәтіннің мазмұнына жоспар құрады;

Жоспар негізінде мәтінді баяндап береді;

Мекен және мезгіл үстеулерді жазба және ауызша жұмыстарда орынды қолданады.

Бағалау критерийі:

Шағын көлемді мәтіннің мазмұнын түсінеді;

Мәтінге жоспар құрады;

Мәтінді сөйлеу этикасын сақтай отырып баяндап береді;

Мекен және мезгіл үстеулерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады;

Жазба жұмыстарда сөйлеу мәдениетін, этикасын сақтайды;

Тілдік мақсаттар:


Терминология: шикі, шайнау, жеңіл қорыту, калория, ағза.

Сөз тіркестері:дәруменнің пайдасы, денсаулықты сақтау, емдік қасиеті, күн сайын, ұзақ өмір.

Құндылықтарға баулу:



Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы:денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану: Дәрумендер туралы мәлімет алу; Жеміс-жидектердің түрін ажырату;

Биология: Жемістер мен көкөністердің адам ағзасына пайдасын анықтау;

Тақырып бойынша алдыңғы білім:


4-сыныпта "Жемістер мен көкөністер дүкенінде" деген тақырыпта көгөністер және олардың адам ағзасына пайдасы туралы жалпы мәлімет алған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

І.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту:

«Көңілді күн» сергіту сәті. Оқушылармен бірге жаттығу жасау;

Жаттығудан кейін оқушыларға сұрақ қою:

- Жаттығу жасаудың адам ағзасына пайдасы қандай?

- Жаттығуды қай уақытта жасаған жөн деп ойлайсыздар?

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Корзинаға сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу:

«Сиқырлы қоржын» әдісі. Оқушылар қоржынның ішінен жемістер мен көкөністерді алып топқа бірігеді:

1-топ «Жемістер»

2- топ «Көкөністер»

«Ой қозғау» әдісімен сұрақтар қойып сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.





  1. Суретте не бейнеленген?

  2. Суретте қандай жеміс-жидектер мен көкөністер берілген?

  3. Жемістермен көкөністердің бізге қандай пайдасы бар?

  4. Дәрумендер дегенді қалай түсінесіз?


https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8



АКТ










Сабақтың ортасы

20 мин


Жаңа сабақ.

Айтылым.

3-тапсырма. Тақтада берілген мәтінді оқып, мазмұнына жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді баяндаңыз.

«Тізбек» әдісі арқылы топтық жұмыс жасау. Бұл әдісте топтағы бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы өздерінің пікірін айтып шығады. Соңында топ басшысы жоспарды жинақтап, құрылған жоспар негізінде мазмұнын баяндап береді.

Көкөніс

Көкөніс қазір жылдың қай мезгілінде болса да, дүкендерде тұрады. Себебі олар денсаулыққа өте пайдалы.Біз күн сайын таңертең,түскі, кешкі аста көкөніс жейміз.Әсіресе менің інім қиярды өте жақсы көреді.Көкөніс түрлері:сәбіз,орамжапырақ, бұрыш, саңырауқұлақ, қызанақ,қияр және т.б. Көкөніс адам ағзасына өте пайдалы. Көкөністі көп пайдаланатын адамның денсаулығы жақсы болады, ұзақ өмір сүреді. Көкөністің калориясы аз. Олар дәруменге бай. Жеңіл қорытылады. Көкөніс дәстарханның сәні. Көкөністі жуып,тазалап жеу керек. Тазаланбаған көкөніс денсаулыққа зиян.

Жоспар:
І.Кіріспе: Көкөністің түрлері

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Көкөністің пайдасы

  2. Көкөністің зияны

ІІІ. Қорытынды: Көкөністі қолданудың маңызы


Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын түсіне отырып жоспар құрады;

  • жоспар негізінде баяндайды;

  • орфоэпиялық норма мен сөйлеу этикасын сақтайды;

  • ауызекі тілде ойын еркін жеткізеді;


Саралау.

Талантты, дарынды оқушылар:(тапсырма немесе мазмұны бойынша) күрделі мәтін беріледі. Сол мәтін мазмұнына жоспар құрады.

Дәрумендер

Жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде  алдымен осылардан бастаған дұрыс. Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік.  А дәрумені сарғыш не қызыл  түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар  тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды. А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен. В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. 

Қабілеті әртүрлі оқушыларға көпірше ретіндежоспар құрудың алгоритміберіледі:

Жоспар:

І.Кіріспе: айтылған ойды жинақтап жеткізу;

ІІ. Негізгі бөлім: Мәтін мазмұнын ашу;

ІІІ. Қорытынды: Ойын жеткізу;

Арнайы қажеттілігі бар оқушыларға көпірше ретіндедайын жоспардың орны ауыстырып беріледі.

Жоспар:

І.Кіріспе: Көкөністің зияны

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Көкөністі қолданудағы маңыздылық

  2. Көкөністің пайдасы

ІІІ. Қорытынды:Көкөністің түрлері

ҚБ:Топта өзара бірін бірі критерийлер арқылы бағалайды

Әр топтың жұмысы талқыланады.

Сұрақ: Қай топтың құрған жоспары және баяндау мазмұны ұнады ?

Тілдік бағдар.

«Дәруменге бай себет» әдісі.Қабырғаның жан-жағына түрлі жеміс-жидектер мен көкөністердің суреттері ілініп қойылады. Артында мекен және мезгіл үстеулеріне бір-бірден сөздер беріледі. Оқушылар жеміске жазылған үстеу сөздерге дәруменін тікелей байланыстырып ауызша сөйлем құрастыра отырып сипаттама береді. Дәруменін әр топ өзі себетке салып жинайды.

Мысалы:

Дәрумен

Үстеу сөз

1

Қияр

Жаз

2

Қызанақ

Таңертең

3

Сәбіз

Бақшада



Дескриптор:

  • Үстеулерді қатыстырып сөйлем құрастыра алады;

  • Өз ойларын еркін жеткізе алады;

  • Дәрумендер туралы жалпы пікір алмасады;

Саралау.

Талантты, дарынды оқушылар: (тапсырма бойынша) Дәрумендерге қызықты етіп жарнама жасайды

Қабілеті әртүрлі оқушыларға көпірше ретінде бірнеше суреттер беріледі, сол суреттерді пайдаланып сөйлем құрастырады:



Арнайы қажеттілігі бар оқушыларғакөпірше ретінде ереже беріледі

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.


ҚБ: Топта өзара бірін бірі критерийлер арқылы бағалайды

Әр топтың қобдишасындағы дәрумендер саны есептеліп, талқыланады

Сұрақ: Қай оқушының құраған сөйлемі және сипаттаған дәрумені сізге ұнады? Не үшін?


Қазақ тілі БӘЙШЕШЕК оқулығы

5-сынып


АКТ


































https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/440/






















































АКТ

Үлеспе қағаздар, суреттер


Сабақтың соңы

10 мин


Қорытындылау.


Кері байланыс:

«Бірге ойлаймыз, сөйлейміз» әдісі

Менің есімім____________________________

Күні________________



Мен жұмыс істеген топ мүшелері:

1- ...

2- ...

3-...

4-...

Кім жақсы сұрақтар қойды?





Кім тың идея ұсынды, жақсы ұсыныстар айтты?





Кім мұқият тыңдады?





Сіздің идеяңыз бен ұсынысыңыз кімдерге ұнады? Несімен?






Топта кіммен жұмыс істегіңіз келеді? Неге?


Кімнің белсенділігін арттыру керек деп ойлайсыз?



Үй жұмысы: 6-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрап жазыңыз.







АКТ, үлеспе қағаздар

Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12