400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
: зат алмасу процесінде адам ағзасына органикалық заттардың жеке тобы ретінде витаминдердің рөлін білу, олардың түрлерін, авитаминоз ауруының себебін ұғыну, денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын сақтап дұрыс тамақтануға дағдылану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Естаева Кульшат Таурбековна, биология пәні мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы

Қазақ орта мектебі КММ

Ашық сабақ әдістемесі

8 сыныптың «Витаминдер және олардың маңызы. Майда және суда еритін витаминдер. Авитаминоз» тақырыбына түсірілген видео сабақ. Өзін тану, қазақ тілі, математика, физика медицина ғылымымен байланысты.

/Бұл сабақта қолданылған негізгі әдіс-тәсіл технологияларын қара – жирный шрифтпен жаздым/.

Сабақтың мақсаты: зат алмасу процесінде адам ағзасына органикалық заттардың жеке тобы ретінде витаминдердің рөлін білу, олардың түрлерін, авитаминоз ауруының себебін ұғыну, денсаулықты бағалауға, салауатты өмір салтын сақтап дұрыс тамақтануға дағдылану.

Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

І- кезең Кіріспе. ІІ. Кезең Үй жұмысын тексеру. ІІІ кезең Негізгі – білім алу. ІҮ. кезең Рефлексия.

І- Кезеңнің мақсаты оқушыларды сабаққа ұйымдастыру,белсендіру, оны «тыныштық сәті» тәсілімен баяу музыка арқылы орындадым. Көздерін жұмып отырып, аяқтарын айқастырмай, кеуделерін үстелге тіремей, арқаларын орындықтың арқасына тіреп отыруларын өтіндім, күннің нұры барлық

Мүшелеріне, сезім мүшелеріне жылулық шашады, оны ата- аналарыңа ,

мұғалімге , бір- бірлеріне бағыттауын өтіндім. Осы кезде мұғалім баяу музыка жүйке жүйесін тыныштандырады, ішкі мүшелердің белсенділігін арттырады, ендеще осы сәтті пайдаланып өткен сабақты еске түсірейік деп ІІ кезеңге көшемін.

ІІ- кезеңде сыни тұрғыдан ойлау арқылы «миға шабуыл» тәсілімен ойланбай жауап беретін үй жұмысы бойынша сұрақтар қойдым. Жеке жұмыс болды.

ІІІ- кезеінің басында қысқы маусымда тұмаумен кім бірде бір ауырмады, 1 рет, 2 рет ауырған балалар бар ма деп сұрақ қойдым, ауырмаса не себеп, ауырса не себеп деп проблемалық сұрақ қойдым. Оқушылар витамин жетіспегенін айты. Витамин туралы не білесіңдер деп ойларын, пікірлерін білдім, диалог орнады. Ендеше, бүгінгі сабақта витамин туралы білімдеріңді молайтасыңдар деп негізгі бөлімге көштім.

Негізгі кезең. СТО, Блум таксономиясы бойынша өткіздім.

1.Білу – оқулықпен жұмыс, мәтінді оқу. Жеке жұмыс.

2.Түсіну мәтіннен 1- топ «Түртіп алу» тәсілімен дәрумендердің шығу тарихын, тағам дайындағанда сақтау әдістерін түрту. Жеке жұмыс.

2- топ «Конвертке жинау» тағамдарды конвертке салып, қай тағамда дәрумендер бар екенін анықтау. Жұппен жұмыс болды.

3- топ «дәрумендер айтысын құрастыру»- ертегі түрінде . Көшбасшылық, дарынды талантты балалармен жұмыс модулін пайдаландым. Топпен жұмыс жасады.

3.Қолдану. Шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

4. Талдау. АКТ – слайдтарды пайдалану

1. Авитаминоз- аурулар және суда еритін, майда еритін витаминдермен мұғалім таныстырады. Оқушылардың танымдылығы артады.

5. салыстыру. Венн. /ауызша болды/ Қоректік заттар мен дәрумендердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Олардың тәуліктік мөлшері неде? Диалог болды.

6. Тұжырымдау. 5 жол өлең /Дәрумендер дегеніміз не, олар қандай екен, пайдасы, мағынасы,сипаттамасы/ Осы тұжырымдауда оқушы витамин туралы толық түсінгенін қорытындылайды.

ІҮ- кезеңде РЕфлексия. Бағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі