400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға көмек болады деп есептеймін.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 8-сыныптың биология пәні "Дәрумендер" тақырыбына жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: Адам ағзасы үшін

негізгі дәрумендердің маңызы

Мектеп: №3 мектеп-интернат

Күні:16.10.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Орынханова С.


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа

негізделген оқу мақсаттары

8.1.2.4-Дәрумендер-олардың сипаттамасы және жіктеу.

8.1.2.5 – Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау.


Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамға керекті негізгі дәрумендердің тізімдемесін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан болатын өзгерістерді болжайды, жетіспеушіліктен пайда болатын ауруларды

талдайды.

Кейбір оқушылар:

Тамақ өнімдеріндегі дәрумендердің болуына байланысты тамақ өнімдерін анықтап, категорияларға бөледі, адам ағзасы үшін дәрумендердің рөліне баға береді.

Сабақтың

құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

  • Адам үшін маңызды суда және майда еритін дәрумендердің тізімдемесін жасау

  • Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын өзгерістерді анықтау

  • Дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттап беру, ауру белгілерін нақтылау

  • Дәрумендердің қандай азық-түлікте болатындығын зерделеу

  • Адам ағзасы үшін дәрумендердің рөліне баға беру

Тілдік мақсат

Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары

Негізгі сөздер мен тіркестер:

дәрумендер, суда еритіндер, майда еритіндер, авитаминоз, гиповитаминоз,

гипервитаминоз, құрқұлақ, бери-бери, пеллагра, ақшам соқыр, мешел

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Егер сендер топтарыңмен дүниежүзін айналуға саяхатқа шығатын болсаңдар, қандай азық-түлікті алар едіңдер? Топтарыңмен сұрақты талдап, алатын әрбір азық-түлікке түсініктеме беріңдер. /Естеріңде болсын, сендер

саяхатқа шығатын кемеге көп нәрсе салуға болмайды/

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

В тобына жататын дәрумендерді және Е, Д, С дәрумендерін неліктен жеке- жеке емес бір комплексте қабылдаған жөн екендігін түсіндіріп бере аласыңдар ма?

/ Жеке дәрумендерді қабылдағаннан комплексте бірге қабылдаған тиімді. Себебі олардың мөлшері үйлестірілген, ең бастысы минералдар мен дәрумендер арақатынасы тиімді теңестірілген. Бәрі бірге ағза үшін тиімді қызмет етеді.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Дәрумендердің жетіспеуінен туындайтын ауруларды дәптерге жазып алу


Алдыңғы оқу

Ас қорыту мүшелері, тістің маңызы, дәрумендер жайлы бастауыш сыныптардан таныс.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут


5 минут


Ұйымдастыру.


Оқушылар жұптарымен қоса кіру билеттерін алып, сұрақтарға жауап береді.


Сиқырлы қобдиша, кіру билеттері




























Муляждар берілетін жеміс- жидектер, көгөністер, азық- түліктер (орамжапырақ, сәбіз, бұрыш, картоп т.б.)




















2 минут













2 минут

.Сабаққа кіру билеттерінің сұрақтары:

1.Ас қорыту деген не?

2.Ас қорыту мүшелерін ретімен атап шық.

3. Ересек адамның тісінің саны қанша?

4.Тістердің қандай түрлері бар?

5. Қоретік заттарға не жатады?

6. Полимер дегеніміз не, мысалдар келтір.

7.Ағзаға тіс не үшін қажет.

8. Асқазан ішек ауруларын ата.

9. «Ішің ауырса- аузыңды тый» мақалының мәнін түсіндір.

10.2018 жыл Жаңақорған ауданының неше жылдығы тойлануда.

11. Өзің оқитын №3 мектеп-интернат іргетасы нешінші жылы құрылды?

12.Тамақтан уланудың басты белгілерін ата.

13.Дұрыс тамақтану туралы ғылым қалай аталады?

14.Күйіс қайыратын жануарлардың қарнының ерекшелігі.

15.Шұбалшаңның асқорыту жүйесін атап бер.

Дәрігердің алдында 4 пациент-сырқат адам отыр, олардың ауру белгілері:

  • Бірінші ауру:Менің көзім жиі ауырады, теріскен көп шығады

  • Екінші ауру:Қолымның сырт жағы, аяғым ауырады, жылы мен суықты сезбейді

  • Үшінші ауру:Ернім жиі жарылады, қызарады

  • Төртінші ауру:Терім құрғақ кейде шынтағымда, тіземде бөрткен пайда болады,- деп шағымданды.

Бұл аурулардың басты себептері неде?

Сұраққа жауап алу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. «Дәрумендер , олардың маңызы»

Сынып оқушылары көкөністер мен жеміс-жидектер және азық-түлік муляждарын таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. Көкөністер аттары қағазға қазақша-орысша-ағылшынша жазылған.









Ортасы

5 минут


2 минут






10 минут

















2 минут


«Кинометафора» әдісі.Қысқаша видео мен презентация көрсету.

Дәптермен жұмыс:«Сұрыптау» жаттығуы

Суда және майда еритін дәрумендерді сұрыптап жазып шығыңдар.

Суда еритіндер:С,РР,В тобының дәрумендер.

Майда еритіндер: А,Д,Е,К

«Сиқырлы кәрзеңке» стратегиясы

  1. Әр топ оқулықтағы мәтінді оқып, талқылап мазмұнын түсініп алады.

  2. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды және ортадағы кәрзеңкеге салады.

  3. Мұғалім таспадан әдемі музыка қосады. Ал топ мүшелері кәрзеңкені бір-біріне береді. Музыка тоқтағанда қобдиша кімнің қолында қалса сол сұраққа жауап береді. Осылайша сұрақ біткенше қайталанады.

Дескрипторлар:

    • Мәтінді толық меңгеріп, дәрумендердің жетіспеуінен туындайтын ауруларды тізімдейді.

    • Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын аурулардың белгілерін анықтайды.

– Дәрумендер кездесетін азық-түліктерді жүйелейді.

Рефлексия: «Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз»

  • Жарайсың!

  • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.

  • Сен бұдан да жақсы жұмыс жасай алар едің.

  • Бүгін сен «жұлдызсың».

Сен мен үшін ең білгір доссың.


Оқулық

Сабақтың соңы

5 минут



«3 таяқша» стратегиясы Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ

1 жауап

Әрбір топ бір идея дайындап, көпшілікке

салады. /Дәрумендердің тамақ өнімдерінде сақталу жолдарын қарастыру/

Дескрипторлар:

  • Топтың бірлігі.

  • Топтың ортақ шешімге келуі.

  • Тың идеялардың айтылуы.




5 минут















1 минут

Сабақтан шығу билеттерінің сұрақтары:

1.Дәрумен деген не?

2.Дәруменді алғаш ашқан ғалым

3. Ерігіштігіне қарай дәрумендер неше топқа бөлінеді?

4.Дәрумендердің маңызы неде?

5. Шығу тегіне қарай дәрумендер қандай заттар?

6. Суда еритін дәрумендерге мысалдар келтір.

7.Майда еритін дәрумендер тобын ата

8. Бүгінгі басты глоссарийлерді ата.

9.Бери-бери ауруының басты себебі не?

10.Пелаггра қандай ауру?

11. Адам С дәрумені жетіспесе қандай ауруға ұшырайды?

12.В дәрумені қандай тағам құрамында кездеседі

13.Витамин терминін ғылымға енгізген ғалым кім?

14.Авитоминоз деген не?

15.Д дәрумені жетіспесе балаларда қанда ауру пайда болады?

Үйге тапсырма беру.


Шығу билеттері салынған қобдиша




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:


Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі