жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дәрумендер 8сынып Биология
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Қоректену |
Мектебі: Жаңашаруа қазақ орта мектебі |
|
|||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты -жөні: Кабдулова Бағит Кайыркызы |
|
|||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Дәрумендер және олардың маңызы.Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері |
|
|||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
8.1.2.5 Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау 8.1.2.6 Құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау |
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Оқушылар адам өміріндегі дәрумендердің маңызы және дәрумендер тапшылығынан туындайтын аурулармен танысады, сұрақтарға жауап береді, топта бірлесіп әрекет етеді Оқушылардың басым көпшілігі: Оқушылар адам өміріндегі дәрумендердің маңызы және дәрумендер тапшылығынан туындайтын аурулармен таныса отырып , қызықты тапсырмалар арқылы өз беттерінше білім алуға машықтанады Кейбір оқушылар: Дәрумендердің адам өміріндегі маңыздылығын дәлелдеп, жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап береді,сыни ойлай біледі.Дәрумендердің тақырыбы бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады |
|
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы1. Асқазан ішек жолдарының ауруларын және тамақтану гигиенасын сипаттайды 2.Мәтін бойынша дәрумендердің пайдасын анықтай алады. 3.Термин сөзбен жұмыс жасай алады 4.Құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасай алады |
|
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылардың сөздік қорын молайту Пән бойынша сөздер мен терминдер: Оқушылар: Адам ағзасына қажетті витаминдерді біледі С витамины жетіспегенде болатын ауруды біледі. А витамины қандай тағамдарда кездесетінін біледі. Негізгі сөздер мен тіркестер: Витамин,авитаминоз,пипервитаминоз,гиповитаминоз Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктері: 1.Адам ағзасына қажетті витаминдер. 2.С витамины жетіспегенде болатын аурулар. 3.А витамины қандай тағамдарда кездеседі. 4.Витаминдер жетіспегенде болатын аурулар |
|
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық Жұпқа және топқа берілген тапсырманы бірлесіп орындау, оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Ашықтық Оқушылар құрылымдық деңгейлер туралы өз ойларын айтып, топқа берілген тапсырманы бірге талдайды. Еңбек және шығармашылық Оқушылардың білімге қызығушылығы, өзін-өзі дамытуы. |
|
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Химия- Са қосылыстарының маңызы, табиғатта кеңінен таралуы. Географиямен –Қазақстанда өсетін жеміс-жидек, көкөніс дақылдары |
|
|||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
8.1.2.4«Тамақтану гигиенасы Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу.Тағамнан уланудың алдын алу.Алғашқы жәрдем шаралары.Ішек құрт ауруларының алдын алу » атты тақырыбын өтті.Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін танып білу. |
|
|||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Ұйымдастыру кезеңі: I. Психологиялық ахуал тудыру. «Гүлмен тілек». Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Топқа бөлу: Көкеністер мен жемістер арқылы топқа бөлу. I топ Алма тобы II топ Алмұрт тобы III топ Қызанақ тобы Сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын анықтау; Сабақ тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу. ІІ. Оқушыларға ширату жаттығуы беріледі. Өткен сабақты қайталау ретінде «Допты лақтыру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу 1.Асқорыту мүшелерінің аурулары туралы не білесіздер 2.Паразит құрттар тудыратын аурулар адам ағзасына қандай жолмен енеді 3.Тамақтан уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек 4.Диетолог –ғалымдардың ережелерін білесің бе
Топтар бір-бірін өзара Бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.
|
Интербелсенді тақта, слайдтар
Үлестірілім сұрақтар Көкеністер мен жемістер
Доп
Ғаламтор материалдары |
|
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 22 минут |
Жаңа тақырыпқа түсу: «Ой қозғау» әдісі пайдалану. Қызығушылықты ояту Оқушыларға тақтадан сурет көрсетемін, осы бойынша оқушылар тағам түрлеріндегі дәрумендерді атаңдар. «Дәрумендер» тақырыбын өмірмен байланыстырып, оқушыларға сұрақтар қоя отырып, тақырыпты ашады.Тақырыпқа байланысты бейнекөрініс көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын айтады. Жаңа сабақты бастау. «Джиксо» әдісі.Әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. Кітаптағы «Дәрумендер» тақырыбын топтарға бөлініп беріледі, мұқият оқып шығады.Оқып болған соң, оқушылар бұрынғы топтары бойынша қорғайды. 1 тапсырма Жаңа тақырып бойынша постер қорғау. 1-топқа тапсырма: Дәрумендердің шығу тарихы, түрлері. 2-топқа тапсырма:Дәрумендердің топтары, ағзаға әсері. 3-топқа тапсырма Ағзада дәрумендердің жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар ,алдын алу шаралары Топтар бірін- бірі ««Екі жұлдыз бір тілек» әдісі» арқылы бағалайды. 2- тапсырма. Оқулықтағы параграфты 5 минутта оқып шығып мәтінге жоспар мен сұрақтар құрастырыңыздар.
2 тапсырма Білімімізді жинақтау «Білім биржасы» әдісі. Жұптық жұмыс Терминдер кабинеті Авитаминоз - витаминдердің адам ағзасына жетіспеуінен болатын ауру Гипервитаминоз – витаминдерді артық мөлшерде пайдалану Гиповитаминоз – қандайда бір витамин жетіспегенде организмнің әлсіреуіне себепші Пеллагра- Бери- бери- Рахит-
Топтар бір-бірін Фигуралар арқылы өзара бағалайды.
|
Презентация Дәрумендер Видеокөрініске сілтеме жазу (2 минуттық бейнекөрініс)
Мәтінмен жұмыс Постер Маркер,жапсырма, қайшы ,желім
Оқулық
Электронды оқулық |
|
||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||
|
|
Тапсырма-3. Жеке жұмыс. «Сәйкесін тап» әдісі. құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
| ||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген