400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дарынды балалар –біздің мақтанышымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балалармен жұмыс атқару. Дарынды , талантты оқушы қандай болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балалар –біздің мақтанышымыз.


“… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері бар, оны төмендегі кестеден көруге болады. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан-жақты білімді, іскер, үздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.Уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық дәстүр рухында білім беріп тәрбиелеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайықты пайдалану секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану керек екені анық. Қабілетсіз бала болмайды, ашылмаған, дамымаған қабілет иесі болады. Жалпыға бірдей жағдайда оқып жатқан балалардың бірі әуелден ақ «білімді қағып» алса, екінші балаға соны ұғынуға көп уақыт пен күш керек. Сондай ақ, бір адам мамандығының шыңына жетсе, екіншісі қанша талпынса да ортаңғы қатардан табылады. Белгілі бір іс әрекет түрін икемді, нәтижелі атқарған адамды қабілетті дейміз. Жеке бір адамға тән жалпы және арнаулы қабілеттерінің байланысып келіп іс әрекетте өзгелерден ерекше қырынан көрінуі дарындылық.Осы дарындылықтың жоғары деңгейде дамыған түрін талант дейміз.

Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.Осы мақсатты жүзеге асыру барысында Талдықорған қаласының «№15 орта мектебі»КММ-де дарынды балалармен жұмыс жасау үрдісі талапқа сай жүріп жатыр. Осы мектептің 4«Б»сынып оқушылары «AI-FARABY»білім қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мұқағали –мәңгілік жыр» тақырыбында жазған шығармасын атап айтуға болады. Мұратқызы Ақерке І дәрежелі диплом иегері атанса , Сұлтанқұл Айзере ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.Ұстазы Ш.Кебекбаеваға алғыс хатпен марапатталды. Шығарма оқушылардың қиялының ұшқырлығымен, тілінің жатықтығымен ерекшеленеді. Шәкірттің осындай белгілері арқылы пәнге деген қызығушылығының артқанын және де өз ойын еркін де жинақы жеткізгенін байқауға болады.Биылғы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай жан-жақта көптеген іс-шаралар өтіп жатыр .Соған байланысты 4-сыныптың оқушыларының ұйымдастырумен мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Сол сайыста « Әсемпаз болма ,әрнеге »өлеңін оқып, ІІ-орынды иеленген 4«Б» сынып оқушысы Мұратқызы Ақерке мақала жазды.Алматы Облыстық қоғамдық –саяси әлеуметтік экономикалық «Жетісу» газетіне «Асыл сөзді іздесең»тақырыбында мақаласы жарық көрді.Дегенмен, бұл жұмыстар оқушы бойындағы шығармашылықтың шарықтау шегі болмаса да, болашақта өмірлік қолданысқа ие болары сөзсіз. «Тәуелсіз ел жастары»қоғамдық қорының ұйымдастыруымен , Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай»жобасы аясында , мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері арасында өткен А.Құнанбайұлының «Қыс»атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауда 3Б сынып оқушысы Әбді Арайлым , 3А Әділғали Інжулер І дәрежелі диплом, 3В сынып оқушысы Меңсізбай Шұға, 3 Ә сынып оқушысы Төлегенқожа Амина , 1В сынып оқушысы Рүстемұлы Хангелді , 3 Г сынып оқушысы Ерболат Айару , 2А сынып оқушылары Меңсізбай Айша мен Медетқызы Мединалар ІІ дәрежелі диплом иегерлері болды. Ұстаздары Г.Т.Суанбекова, А.А.Саутбаева, Л.Т.Арынова , А.Жангозина , К.Құрманбаева, Ж .Хамитжанова , С.Т.Садвакасоваларды «Тәуелсіз ел жастары»қоғамдық қоры алғыс хатпен марапаттады.Жыл сайын бастауыш сынып оқушылары қалалық «Зерде» атты ғылыми жобаға қатысып, оқушыларымыз жүлделі орынға ие болып жатады.Биылда экология секциясы бойынша 1«Г» сынып оқушысы Дәулет Райяна «Пластик шөлмектердің пайдасы мен зияны »тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап,2-орын алды. Сынып жетекшісі : С. Серікбаева. Өлкетану секциясы бойынша ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Батыр бала Болатбек » өлеңіндегі Болатбек бейнесі тақырыбында 3«А» сынып оқушысы Әділғали Інжу 3-орынды иеленді.Сынып жетекшісі: Ж.Хамитжанова .

Қорыта айтқанда, балаларға тек қана білім беріп қана қоймай, үздік білім берудің жолдарын қарастыру керек. Осы ретте мектепте балалардың дарындылығын ғылыми жұмысқа арттырудан бұрын, олардың сабақ үлгерімінің жоғары болуын басты назарда ұстау керек.









































 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі