400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Дарынды баланың белсенділігін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды баланың белсенділігін қалай қалыптастыруға болады? Осы сүрақ негізінде жауап іздестіріліп, толық нұсқау берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды баланың белсенділігін арттыру жолдары

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Таутүрген негізгі орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тургумбекова Акмарал



«Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, ұстаздар қауымының қолында» -деп Д.Төрекелдина айтқандай дарынды оқушыны табу үшін мұғалімнің шығармашылық шеберлігі, көрегендігі қажет.

Өйткені бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Дарынды оқушының талабын қолдау арқылы ізденімпаздыққа баулу. Өресі биік азамат тәрбиелеу.

Менің өз тәжірибемнен байқағаным «Талантты бала қанатты құстай құмары қанбас алысқа ұшпай» дегендей ондай балалар шығармашылық тапқырлық пен жігерлі еңбекке бейім келеді. Өзге оқушылардан білімділік, зеректік, қабілеттілік, белсенділік, ізденгіштік, икемділік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Сөз өнерінде әдебиет әлемімен сусындаған, көкірегі сезімді, ой-өрісі озық дарынды баланың бағыт-бағдарын, шама-шарқын сезімін біліп отыру, таным түйсік сарабына салып, пікір өрбітуіне жағдай жасау керек. Әрине, оны іске асыруда ең алдымен ата-ананың ықпалы шексіз. Сондықтан, ата-анамен кеңесу мақсаты туындайды. Үйден ата-ана тарапынан баланың шеберлік шыңына жетуіне, үздіксіз еңбек етуіне жағдай жасаса, дарынды бала бастаған ісіне құлшына кіріседі. Өйткені тәрбиенің ұйытқысы алдымен жанұяда.

Оқушының нәтижеге қол жеткізуі – өзіндік ізденіс пен шеберлік айғағы.

Жалпы тіл өнерінде өжет ойлылық, өткір тілділік, болашаққа батыл сенгендік ғаламат сезім.

Дарынды балаға іздегенін тауып, шабыты буырқанған сәтте шарапат төгіп, қолдау көрсету мұғалімнің бірден - бір міндеті дер едім.

Дарынды талант иесі шығармашылықты ар-ұжданның ісі, киелі де қасиетті борыш деп түсінеді, бастаған ісіне айқын бағыт сілтесең, оған асқан жауапкершілікпен қарайды. Таным қабілеті қарқынды дамып келе жатқан ниеті оны қолдаған сайын талпынып, алға қарай зор сеніммен қадам басуына ықпал етеді. «Бағытын тапқан талант бақытқа жету жолында ұлы ұмтылыстарға батыл барады» - деп профессор Әнуар Тарақов айтқандай, дарынды оқушыны рухани қанағаттандырып, шабытының шарықтауына мұғалім қуат беріп отырғаны абзал.

Оқушының ғылыми-зерттеу жұмысының ізденушілік белсенділігі, танып білуге деген шексіз құмарлығымен ұштасқан талабы жататындығы мәлім. Өйткені зерттеушілік ізденіс жасаудың мәндігі оқушы шығармашылығының бастауы болып табылады. Оқушының зерттеу жұмысы арқылы қабілетін шыңдауға бағыт-бағдар беріп, демеу көрсетіп отыру шарт. Сонда ғана оқушының бастаған ісіне қызығушылығы артып, жетістікке жетуге талпынады.

Таным қабілеті ерекше дамыған дарынды бала бастаған ісінің сырын ұға түсуге өзі-ақ талпыныс жасайды.

Шұрайлы тілмен шуақты ойларға жетелейтін дарынды бала жүрегін сезімталдықпен байқап, қабілетін аша білсек болашақта шығармашылығымен айналасына шұғыла шашарына күмән көрсетпесек те болады.

Қорыта айтқанда әрбір ұстаз дарынды шәкіртінің ұшқыр қиялына шалқар шабыт, айқын бағыт беріп отырса ғана нәтижеге қол жеткізіп, бала белсенділігі арта түсері даусыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі