400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды және талантты балаларды анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Смагулова Гулнар Сматаевна ММК А 2 есебі

ПШО ЖМ филиалы мұғалім портфолиосы

Талдықорған қ.

Апта:

Күні

Мұғалім аты –жөні Смагулова Гулнар Сматаевна

Коучинг тақырыбы

Талантты және дарынды балаларды анықтау

Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» (49-53 б)

Жалпы мақсаты

Дарынды және талантты балаларды анықтаудың жолдарын зерделеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қарастыру.

Оқу нәтижелері

-Дарынды және талантты балаларды анықтайды;

- Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Түйінді идеялар:

Дарынды,талантты балалармен жұмыс оларды мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай бағыттайды.

Уақыт

Тапсырма

Коучтің әрекеті


Мұғалімдердің әрекеті

Бағалау

Ресурс




17.00-17.03

3 минут

Ұйымдастыру


Баяу ойнап тұрған күйдің ырғағымен мұғалімдерге жақсы көңіл күй сыйлау.

( жақсы тіліктер айту)


Мұғалімдер бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мен өзіме және басқаларға... тілеймін.


аудио

17.03-17.08

5 мин

Миға шабуыл.

Ойқозғау сұрақтары

















« Бұлақ көрсең, көзін аш» айдарымен сұрақтар беріледі.

1).Дарын дегенді қалай түсінесіз?
2). Талант деген
ді қалай түсінесіз?
3).Сіздің сыныбыңызда дарынды
,талантты бала бар ма?

4).Дарынды,талантты баланы қалай тануға болады?




Мұғалімдер өз ойларын ортаға салады













Бармақпен бағалау


тірек сөздер

17.08-17.18

10 мин

Бейнеролик



«Талантты және дарынды тұлғалар» туралы бейнеролик көрсету

Бейнероликті тамашалап,ойларын бөліседі .




Интерактивті тақта

17.18-17.25

7 мин

«Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі



Мұғалімге арналған нұсқаулықтан тапсырма беремін.

Мұғалімдер берілген ресурспен танысады.Ойларын жеке,жұппен ,топпен талқылайды.


Қадағалау арқылы бағалау


Мұғалімге арналған нұсқаулық ,49-54- бет.Флипшарт,маркер

17.25-17.30

3 мин






17.30-17.40

Сергіту сәті




Тапсырма

Үш минуттық тест немесе «Сіз ақпаратты қалай қабылдайсыз?» сергітуін жасату




1.Велосипед тепкісі келген қоян туралы;


2.Тоңазтқышта өмір сүрген ит туралы;


3.Биіктіктен секіруге қорқып тұрған құмырсқа туралы ертегі құрастыру

Мұқият оқу тесті арқылы өздерін анықтайды



Мұғалімдер қиялынан ертегі құрастырып,оны көрініс түрінде болсын, эссе түрінде болсын айтып береді


Үлестірме парақтары






Флипшарт,маркер,

17.40-17.45


«Бес саусақ» әдісі

«Бәрі менің қолымда»әдісі


Алақанның саусақтарын таңдау арқылы өздерін бағалайды

«Бес саусақ»әдісімен бағалау













Коучинг сабақ арқылы әріптестер тәжірибесіне өзгеріс енгізу бойынша рефлексиялық есеп



«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсында жүрген уақытымда іс тәжірибені дамыту кезеңінде коучинг сабағымды кімдермен және қандай тақырыптарда өткізетінімді ойландым.Осы сұрақ бойынша мектеп әкімшілігімен ақылдастым.Нәтижесінде мектебіміздің төрт жас маманы ұсынылды.Жас мамандармен хабарласқан кезде оларды «Дарынды,талантты балаларды оқыту»модулі қызықтыратынын анықтадым.Ойлана келе, ұстаздарға бірлескен топ жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Дарынды және талантты балаларды анықтау»тақырыбында коучинг ұйымдастыруды жөн деп шештім. Осы коучингті жоспарлағанда ұстаздар өздеріне қажетті бір дүниені алып шықса , оқу үдерісінде белгілі бір нәтиже берсе екен деген ой болды. Мұғалім өз жұмысына басқа көзқарас танытып, баланың жаңа қырын таныта білсе екен деген оймен осы тақырыпты әріптестеріме ұсынамын. Мені ұстаздардың осы тақырыпты таңдауы қатты толғандырды. Жастар жаңаны тез іліп әкетеді, жандары жаңащылдыққа жақын, сол себепті жастардың қатысқаны дұрыс болады деп ойлаймын. Әр ұстаз алдымдағы бала сабағын қызығып оқыса, білімді болса екен дейді. Менің де әріптестерім білімді, жаңашыл, ізденімпаз. Оларда жақсылыққа ұмтылыс бар, өз жұмысына өзгеріс еңгізудің қажеттілігін іштей сезіп жүргендігін түсініп, оларға бетбұрысқа қолдау жасау мақсатында мен осы тақырыпты алдым.Мен өткізген коучингтің мақсаты: Ұстаздарды жаңа бағдарламаның «Жас ерекшелігіне сай оқыту және оқу» модулін түсінуге, осы модульдің маңыздылығына тоқтала отырып, оқушыларына беретін тапсырмаларын, оқытудағы әдіс-тәсілдерін талапқа сай ұйымдастыруына ықпал ету.

Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі жұмыстарды ұйымдастырдым: Келген ұстаздарды түрлі конфеттерден шашу шашып, конфеттің түсіне қарай топқа бөліп отырғыздым. Сосын барлық мұғалімдерді ортаға шақырып, психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен бүгін таң ертеңгісін тұрдым да...» атты ойынды жүргіздім. Ұстаздар ойынға белсене қатысты және өздерінің жақсы есте сақтау қабілеттерін көрсете білді. Келген қонақтарды жайғастыртып, коучингтің тақырыбымен таңыстырдым. Келесі тапсырма топтың атың, ұраның, әнің дайындау болды.Әріптестерім белсене жұмысқа кіріп кетті. Әр топ өзін-өзі таныстырды. Әр топқа әріптестерім қолдау көрсетіп отырды. Тақырыпқа байланысты «Ералаш» тележурналынан бейнефильм көрсетіп, сол бойынша сұрақ қойып, ұстаздардың назарын тағы бір рет коучингтің тақырыбына аудардым, ендігі жұмыс тапсырмалар бойынша жүрді. Әр топқа тапсырмалар беріліп, сол бойынша постерлерге ойларын түсіру ұсынылды. 1-топ 5 жастағы баланың қызығушылығын постерге түсірсе, келесі топ 10-жасар баланың кызығушылығына тоқталды, ал соңғы топ 15 жасар жасөспірімнің қызығатын тақырыптарын ашуға кірісті. Бес минуттан кейін әр топ өз жұмыстарын ортаға салып, қорғады. Әріптестерімнің ой-өрісіне риза болым, тақырыпты толығымен аша білді. Келесі тапсырманы берерден бұрын оларға тағы да бейнефильм көрсеттім. Ол да ұстаздың баланың қызығушылығын арттыру мақсатындағы іс-әрекеті туралы болды, содан кейін постерлерінің келесі бетіне мұғалім баланың қызуғышылығын сабақта не арқылы дамыта алатынын және сол қызығушылықты сабақта қалай тиімді пайдалана алатынын түсіруді сұрадым. Мұғалімдер топтар бойынша жұмысқа жабыла кірісіп кетті. Презентациялары дайын болғанда әр топ ортаға шығып қорғады.

Әріптестерім өз жауаптарында Бағдарламаның барлық жеті модулін қамтып сөйлегендеріне риза болдым. Олар балаларды жас ерекшелігіне сай оқытуда әңгіменің, диалогтың, АКТ –қолдануы, талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу, жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану, лидер балалармен жұмыс жүргізу (көшбасшылық), баланы мақтау, мадақтау (формативті бағалау), балалардың ойлауын дамыту маңыздылығына токталды, ал олар айтқанның бәрі Екінші деңгей бағдарламасының тұратын жеті модулі. Әріптестерім өз жауаптарында Бағдарламаның барлық жеті модулін қіріктіріп сөйлегендеріне риза болдым. Соңымен осы Бағдарламаны оқымай жатып, ұстаздар бір модульді ашу жолында, қалған алты модульді әкеліп кіріктіргені мен үшін күтпеген нәтиже болды. Әріптестерім постер қорғағанда көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажеттілігіне, бағалаудың әділ болуы керектігіне, АКТ-ның тиімділігіне, жаңа әдіс-тәсілдердің сабақта қолданудың пайдасына, сын тұрғысынан ойлаудын маңыздылығына, дарынды балаларды сабаққа нәтижелі тартылуы туралы айтқаны мені таңқалдырды. Өз тарапымнан әріптестеріме қолдау көрсетіп, олардың жұмыстарына жоғары баға бердім. Бірігіп тақырып бойынша түйіндеме жасап, рефлексия жаздырттым. Рефлексияны екі түрде жүргіздім, бірінші түрі- стикерге көңіл-күйін білдірту арқылы жүрсе, екіншісі- әр ұстаз сауалға жауап бере отырып өткізген коучингтен алған әсері туралы жазды.

Коучингтің жақсы өтуіне барлық қатысқан ұстаздар атсалысты. Өткізген коучингімде әріптестерімді мен бағалай білдім, олар мені қолдай білді деп толық сеніммен айта аламын, өйткені олардың жазған рефлексиясы осы сөздеріме дәлел.









тәсілдерді сабақтарында қолданатын мұғалімдер қаншалықты қатысады? Әріптестерім
менің коучинг сабақтарымда көрсеткен әдіс-тәсілдерді қолдана ала ма?» деген
сауалдар мені мазалады. Ойлаған мақсатыма жету бағытында көп іздендім. Курста
алған біліміме, практикалық дағдылары ма ойша талдау жасадым. Әріптестерім үшін
менің іс-әрекетім, коучингі жүргізудегі шеберлігім маңызды екендігін түсіндім.
Осы мақсатта еңбектеніп, бағдарлама негізінде жұмыс істеуге бет алдым.Коучингсабағымның тақырыбын таңдамас бұрын,
мектеп әкімшілігімен және мектептің оқу
ісінің әдіскерімен
, мұғалімнің сұранысы бойынша коучинг сабағымның тақырыптарын
анықтау мақсатында кездесіп, коучингтің мақсаты туралы түсіндіріп өттім.






Апта:

Күні

Мұғалім аты –жөні Смагулова Гулнар Сматаевна

Коучинг тақырыбы

Талантты және дарынды балаларды анықтау

Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» (49-53 б)

Жалпы мақсаты

Дарынды және талантты балаларды анықтаудың жолдарын зерделеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қарастыру.

Оқу нәтижелері

Дарынды және талантты балаларды анықтайды, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Түйінді идеялар:

Дарынды,талантты балалармен жұмыс оларды мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай бағыттайды.

Уақыт

Тапсырма

Коучтің әрекеті


Мұғалімдердің әрекеті

Бағалау

Ресурс




17.00-17.03

3 минут

Ұйымдастыру


Баяу ойнап тұрған күйдің ырғағымен мұғалімдерге жақсы көңіл күй сыйлау.

( жақсы тіліктер айту)


Мұғалімдер бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мен өзіме және басқаларға... тілеймін.



17.03-17.08

5 мин

Миға шабуыл.

Ойқозғау сұрақтары

















« Бұлақ көрсең, көзін аш» айдарымен сұрақтар беріледі.

1). Дарын дегенді қалай түсінесіз?
2). Талант дегенді қалай түсінесіз?
3). Сіздің сыныбыңызда дарынды,талантты бала бар ма?

4).Дарынды,талантты баланы қалай тануға болады?




Мұғалімдер өз ойларын ортаға салады













Бейнероликті тамашалап,ойларын бөліседі

Бармақпен бағалау


тірек сөздер

17.08-17.18

10 мин

Бейнеролик



«Талантты және дарынды тұлғалар» туралы бейнеролик көрсету

Бейнероликті тамашалап,ойларын бөліседі .




Интерактивті тақта

17.18-17.25

7 мин

«Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі



Мұғалімге арналған нұсқаулықтан тапсырма беремін.

Мұғалімдер берілген ресурспен танысады.Ойларын жеке,жұппен ,топпен талқылайды.

Мұқият оқу тесті арқылы өздерін анықтайды




Мұғалімдер қиялынан ертегі құрастырып,оны көрініс түрінде болсын, эссе түрінде болсын айтып береді.

Қадағалау арқылы бағалау


Мұғалімге арналған нұсқаулық ,49-54- бет.Флипшарт,маркер

17.25-17.30

3 мин




17.30-17.35

Сергіту сәті



Тапсырма

Үш минуттық тест немесе «Сіз ақпаратты қалай қабылдайсыз?»




1.Велосипед тепкісі келген қоян туралы;


2.Тоңазтқышта өмір сүрген ит туралы;


3.Биіктіктен секіруге қорқып тұрған құмырсқа туралы ертегі құрастыру

Алақанның саусақтарын таңдау арқылы өздерін бағалайды.




17.35-17.40


Бес саусақ

«Бәрі менің қолымда»

Алақанның суреті:

Бас бармақ – «Түсіне білдім»

Сұқ саусақ –«тақырыпқа сай нақты нұсқаулар берілді»

Ортан терек - Ұнады»

Шылдыр шүмек –« Түсіну қиын болды»

Кішкентай бөбек – «мүлдем түсінбедім»


«Бес саусақ»әдісімен бағалау









Түсініктеме

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» курсында жүрген уақытымда іс тәжірибені дамыту кезеңінде коучинг сабағымды кімдермен және қандай тақырыптарда өткізетінімді ойландым.Осы сұрақ бойынша, мұғалімдермен хабарласқан кезде оларды «Дарынды,талантты балаларды оқыту»модулі қызықтыратынын анықтадым.Ойлана келе, коучингімді осы тақырыпта ұйымдастыруды жөн көрдім. Оқытудың жаңа тәсілдері аясындағы игерген жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатында мен еңбек ететін мектебімдегі әріптестерімнің оқыту тәжірибелерін жақсарту негізінде төрт мұғалімді таңдадым.Осы ұсынысымды мектеп басшысына айтқан кезде ол кісі қуана өз келісімін берді.Өз тобымды жинаған соң, коучингті мазмұнды өткізу үшін жоспар құрдым.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
1443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі