Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» Коучинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары
Күні: 26.01.2024 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» |
Жалпы мақсат: |
Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау. |
Күтілетін нәтиже: |
1. Мұғалімдердің талантты және дарынды балалармен жұмысының жандануы. 2. Мұғалімдер дарынды және талантты оқушылармен жұмысты жоспарлы жүргізеді, жұмыс түрлерін таңдай біледі. |
Түйінді идеялар. |
Күрделі қабілеттердің иелері-дарынды және талантты балалар,сонымен қатар адам қызметінің кез-келген құнды саласында олар өздерінің қабілеттерін көрсетуге бейім. «Бұлақ көрсең көзін аш». |
Дерек көздері: |
Мұғалімге арналған нұсқаулық 2 деңгей, Видеопроектор, флипчарттар, маркер. |
Тапсырмалар. |
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі Уақыты |
Коучтың іс-әрекеті |
Қатысушылардың іс-әрекеті |
Топқа бөлу 5 мин |
Амандасу. /3 тілде/ «Сұрақтар жауыны» Коуч мұғалімдерге коучингке байланысты сұрақтар беріп, оларға таратылған фигураның артында берілген әріптерден бастап жауап беруін сұрайды. 1.Бүгінгі коучингке кандай көңіл-күймен келдіңіз? 2.Сізге біздің мектеп ұнайма? 3. Коучингке не мақсатпен келдіңіз? 4.Бугінгі ауа рай қандай? 5.Бүгін гі күнге тілегіңіз қандай? 6.Сіздің қабілетіңіз 7. Алға қойған мақсатыңыз қандай? 8. Алдағы уақыттан не күтесіз? 9. Алға қойған мақсатыңызға не кедергі? 10.Бойыңыздағы ең керемет қасиет қандай? Топқа бөлу. Коуч мұғалімдерге таңдау бойынша алынған фигуралармен топтарға бөлінуін ұсынады. |
Мұғалімдер сұрақтарға қолдарындағы әріптерінен басталатын сөздермен жауап береді. Мұғалімдер топтарға бөлініп отырады. |
Психология-лық ахуал 3 мин |
Әріптестер қазір біздер «Белгісіз аралға» саяхат жасаймыз. Үш топ экрандағы кемелерді таңдап алсаңыздар. Тренинг. Кеменің сапарға дайындығын тексерейік. Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп, қимылды қайталап отыру қажет. 1.Саяхатқа дайындалыңыздар. (иә!) 2.Контакт. (қолды созу) 3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату) 4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау) 5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру) 6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау) 7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау) 8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер. |
Мұғалімдер орындарынан тұрып, іс-әрекетті қайталайды. |
Ой шақыру 5 минут 15минут Болжау әдісі. |
Тапсырма: «Әріптік мәтін» Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажетті қасиет туралы айтқан,мәтіннен Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар. Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңыздар. /Ақыл қайрат жүректі бірдей ұста сонда толық боласың елден бөлек / МӘТІН бсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң Сұрақ: Тапсырма қиын болдыма? Несімен? Тапсырманы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыздар? Осы тапсырманы орындай отырып, біз қандай аралда жүрміз деп ойлайсыздар? /мүмкін жауап: Дарынды және талант/ Коуч: Тамаша, біздің бүгінгі таңдағы өзекті проблема бұл дарынды және талантты балдарды жетілдіруде мұғалімге не қажет? Қандай қасиет жетіспейді? Неден бастауымыз керек? Қандай жұмыстар атқаруымыз керек? Жоспарымыз қандай болу керек? Міне бүгінгі коучингіміздің тақырыбын да мен бүгін осы дарындылық пен талантты балаларға арнап отырмын. Жаңа тақырыпты анықтаудағы орындаған тапсырмаларыңызға орай кері байланыс алғым кеп тұр. «Шынжыр әдісі» бойынша талантты және дарынды балалардың бойында болу керек қасиеттерде қайталамай айтып шығу. Мысалға 1. Тәртіпті. 2. Үлгерімі қалыпты емес. 3. Жинақы 4. Жұмыс істеу темпі сыныптан бөлек. 5. Эрудициялы 6. Қылығы түсініксіз. 7. Ұжымшыл, көппен бірге болғанды қалайды. 8. Бір қалыпты жақсы оқиды. 9. Жеке басын ғана ойлайды. 10. Тез қабылдайды. 11. Сыныптастарымен қарым –қатынасы нашар. 12. Сыныптастарымен қарым –қатынасы жақсы. 13. Кейде анық затты түсінбейді. 14. Өз ойын, мақсатын анық айтады. 15. Кейде көпшілікке қарсы қарсы пікір айтады. Т.б. |
Мұғалімдер тапсырмаларды орындайды. Коучинг тақырыбын анықтайды. Күтілетін жауап: Дарынды және талантты. |
10 минут 15 минут |
Топтық жұмыс. 1-топқа: «Әуе шары» әдісімен Жұмыс алгоритмі
-Әуе шарында кім болуы керек? Мұғалімдер бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. -Әуе шарының ұшу барысы табысты болуы үшін не болуы керек? Мұғалімдер ұшу барысы табысты болуы үшін қажетті деп санайтын дарынды және талантты балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері жазады. -Шарды бағытынан не шатастыра алады? Мұғалімдер шардың екі жағына дарынды және талантты баламен жұмыс барысындағы кедергілерді жазады. 2-топқа: Дарынды оқушымен жүргізілетін кері байланыс Жарнамалау немесе жәрмеңкеге шығару. 3-топқа: Дарынды және талантты баланың және сол баламен жұмыстанатын мұғалімнің портретін рольдік ойындар түрінде көрсету. |
Б ерілген үзіндіні оқып«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша постер жасайды,қорғайды. |
Бағалау 5 мин |
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» |
Топтар бірін-бірі бағалайды. |
Қорытынды |
Тосын сый. Кез-келген қатысушы мұғалімнің партасының астына дарынды баламен жүргізілген жұмыстың қысқаша тірек сызбасы жазылған парақша, ал оның артқы жағында мұғалімге арналған болжамдар /болжау әдісі/ беріледі. Мысалы: 1.Құттықтаймыз! Оқушыңыз облыстық олимпиададан І орын алады. 2. Құттықтаймыз! Оқушыңыз ғылыми жобадан республикадан жүлделі орын алады. Алматы, 2024ж. 3. Құттықтаймыз! Оқушыңыз аудандық олимпиададан Іорын алады. Коуч:- Болжамдар ұнаса оң қолымызды көтереміз Бұның бәрі қолымыздан келеді біз мұндай жетістіктерге лайықтымыз дегендер сол қолымызды көтереміз Осы айтылған болжамдар орындалсын десеңіздер 3 рет шапалақтаймыз Тамаша бұл үшін қандай жұмыстар жүргізілу керектігін жаңа біз коучингімізде біршама талданды деп ойлаймын. |
|
3 минут. Кері байланыс. |
Кері байланыс «Менің жеткен жұлдызым» -Сізге ұнаған 3 момент -Өзіңізге қолданатын 2 момент -Сізге қозғау салған 1 момент «Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ! Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салған Шоқан, Ыбырай, Абайлардың, ұлттың ұстазы болған Ахметтің, жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруда дарынды балалардың атқарары мол деп есептеймін. Ендеше Коучинг үйретпейді, ол үйренуге көмектеседі» деген сөздермен аяқтағым келеді. Еңбектеріңізге шығармашылық пен сәттілік тілеймін. |
Пікірлерін QR cod арқылы ватсапқа жазады. |
«Дарынды оқушыға – талантты ұстаз»
тақырыбы бойынша коучинг сәтінен
М.Бегалиева атындағы ЖОББМ
Тақырыбы «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз»
(Коучинг)
Өткізген: География пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы
Еспентаева Г.С
2023-2024 оқу жылы