жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары
«Бекітемін» Келісемін
Дайындық негізгі мектебінің оқу ісі жөніндегі
Директоры Т.С.Рамазанов С.А.Нұрмағамбетова
« »_______ 2018
« » _______ 2018
Дарынды оқушыларға арналған
жұмыс жоспары
(2018-2019 оқу жылы)
Бастауыш сынып мұғалімі:
Садыкова Г.У
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай .Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.
-
Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
-
Психологиялық жоғары дамуы
-
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
-
Ойлау қабілетінің озық болуы
-
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді есіне жақын түсінуі
-
Туа бітті шығармашылық қабілеттің қалыптасуы
Дарындылықтың түрлері
-
Интеллектуалды
-
Академиялы
-
Шығармашылық
-
Көсемдік /лидер/
-
Көркем орындаушылық
Дарындылықты анықтау критерийлері
-
Теориялық материалды толық игеруі
-
Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
-
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
-
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
-
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
-
Өзіне-өзі талап қоя білуі
-
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
-
Оқушының тарау бойынша өз бетімен тестті шеше білуі
-
Тақырып бойынша сабақты толық меңгере алуы
-
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
-
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
-
Берілген тапсырманы дұрыс орындау және өз алдына шеше алуы
-
Өзіне – өзі талап қоя білуі
-
Тапсырылған жұмыстың сапалы орындалуы.
МАТЕМАТИКА және сауат ашу ПӘНІ БОЙЫНША ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
|
№ |
АТЫ-ЖӨНІ |
СЫНЫБЫ |
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
1 |
Абдрасил Дәулет |
1 |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады. |
|
2 |
Марат Аяна |
1 |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады. |
|
3 |
Мақсұт Айнура |
1 |
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы . Оқу озаты. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нәрсе істегісі келіп тұрады, біреулермен таласқанды жаны сүйеді, басқалардың назарын өзіне аударуды қалап тұрады. |
|
4 |
Мектай Әли |
1 |
Оқуға ынтасы бар,бірақ баяу жазады. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы ойлау, тапсырмаларды дұрыс орындауы және дұрыс жауап беруі |
|
5 |
Оразбай Ержігіт |
1 |
Оқуға ынталы,жазуы сауатты бірақ баяу қимылдайды өзіне сенімсіз. Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады,сақтау қабілеті өте жоғары. |
|
6 |
Совет Айтолқын |
1 |
Оқуға ынтасы шамалы, шапшаң қимылдамайды, Жазуы ежелеп жазады және баяу қимылдайды. |
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ
МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:
-
Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2018 – 2019 ОҚУ ЖЫЛЫ
|
№ |
ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ |
МЕРЗІМІ |
ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ |
|
1 |
Дарындыоқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру |
02.09 |
Жоспар |
|
2 |
Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу. |
09.09 |
Тізімін құру |
|
3 |
Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау |
10.09 |
Оқушылардың ерекшеліктері |
|
4 |
Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу |
Жеке жоспар бойынша |
Жоспар |
|
5 |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (тесттер, суреттер, шығармашы-лық жұмыстар) |
Жоспарға байланысты |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары |
|
6 |
Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. |
Жоспарға байланысты |
Сабақ жоспарлары |
|
7 |
АКТ технологиялар элменттерін пайдалану |
Қажеттілігіне қарай |
Презентациялары |
|
8 |
Сөздік диктанттар жаздыру |
Қажеттілігіне қарай |
Сөздік диктант |
|
9 |
Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту |
Қажеттілігіне қарай |
Тест тапсырмалары |
|
10 |
Сабақ сайын озық тапсырмалар беру |
Жыл бойы |
Тапсырмалар |
|
11 |
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген