Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дарынды оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары көрсетілген мұғалімге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамыту, олпрға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын арттыруға үлес қосу – бүгінгі күннің маңызды маселелерінің бірі. XXI ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамдарының дарындылығын дамыту мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Дарындылық адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілеті. Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістіктерге жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарынды баланың білім алуы, дамуы, шығармашылық ізденісін мақсатты түрде ұйымдастыра білу білімді өз қабілеттері белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау қазіргі таңда өзекті мәселе. Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері өз алдына мынадай мақсаттар қояды:

  • Оқушының танымдылығын арттыру;

  • Зерттеу дағдысын қалыптастыру;

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру;

  • Білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дарынды баланың ерекшеліктерін педагогикалық, психологиялық, физиологиялық және әлеументтік тұрғыдан төмендегідей қарастыруға болады.

Педагогикалық тұрғыдан:

Өзгеше ойлайды, көп көлемде білім меңгереді де оны ұмытпайды.

Психологиялық тұрғыдан:

Ішкі сезімі өзгеше өте сезімтал, толыққанды ықылас қойған нәрселерін әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

Физиологиялық тұрғыдан:

Дамудағы шапшаңдық, жиі – жиі ойға берілу, қиял күшінің басымдылығы.

Әлеументтік тұрғыдан:

Адамгершілік сезімдері өте ерте дамыған, моральдық қасиеттері жоғары, достық сезімінің басым түсуі.

Дарындылықты дамыту – өте күрделі процесс. Даму процесі сыртқы әсерлер мен ішкі күштердің ықпалымен жүріп жатады. Сыртқы әсерлер: қоғамның өмірінің жағдайлары, баланы қоршаған табиғи және әлеуметтік орта мен оның қоғам өміріне қатынасуы, арнаулы мақсат көздеген қызмет. Ал, ішкі әсерлер: ата – анадан мұраланған және әр тұлғаға тән болып келетін дара табиғи деректер, дене күші дамуының ерекшеліктері.

Физиология мен психология деректеріне сәйкес баланың бойындағы туа біткен қабілеттіліктер дайын қабілеттілік бола алмайды, бұларды, яғни нышандарды дамыту үшін потенциалды мүмкіндіктер ғана болады. Дамытуды қажет ететін маңызды қабілеттерді атақты педагог – психолог Л.Холлингзуорт 3 топқа бөліп көрсетті. Олар:

  1. Танымдылық қабілеттер:

  • Хабар ауқымдылығы;

  • Сөздік қоры, тіл байлығы;

  • Қорытынды жасау шеберлігі,

  • Күрделі мәселелерді шешуге қатысуы;

  • Күрделі идеяларды түсінуі;

  • Қарама – қарсы пікірге сезімталдығы;

  • Нәтижені алдын – ала байқауы;

  • Талдау шеберлігі;

  • Қорытынды жасауы;

  • Идеяны іс жүзінде қолдануы

  • Ойлау шегі.

  1. Шығармашылық қабілеттер:

  • Тәуекел ету қабілеті;

  • Ой ұшқырылығы;

  • Жаңаны ойлап табуы;

  • Қиял байлылығы;

  • Ойлау және іс – әрекет үйлесімділігі;

  • Жоғары эстетикалық құндылықтары;

  • Дамыған интуиция:

  1. Мінез – құлықтағы ерекшеліктері

  • «Мен» концепциясы;

  • Басқаларды сыйлауы;

  • Өзге адамдардың ерекшеліктерін түсінуі;

  • Сынды дұрыс қабылдауы;

  • Идеямен бөлісу дайындығы;

  • Тапсырманы орындау табандылығы;

  • Өзіне, күшіне сенімділігі.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қасиетті, оның дарындылығын дамыта білу – ұстаз парызы болса, бала бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға және дамытуғамүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін», - дейді американдық педагог – психологтар. Сондықтан, дарындылықтың дамуына түрткі бола білу керек.

Дарындылықтың дамыту әдіс – тәсілдерінің, жолдарының мазмұны мен түрлері нақты жағдайларға (жас ерекшеліктері, дара қасиеттері, отбасы жағдайы т.б) байланысты құрылуы және жүйелі жүргізілуі тиіс. Бала жан – жақты дамып, өздігінен жетілу үшін басқа адамдармен етене араласу қажет. Бала араласатын орталар: мұғалімдер қауымы, мектеп, ата – ана, жора – жолдастары, жұртшылық арпарат көздері. Осылардың ішінде дарындылықты дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың басым салмағы мектептің үлесінде. Осы заманғы бала мектепке үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.оны дамытатын, жетілдіретін педагогикалық процесс арқылы баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі – ойлау қалыптасады. Ойлау арқылы бала көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасында күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Баланың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан, тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек». Өркендету жолдары мыналар:

  1. Баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттер көп болуы керек. қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан, балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын.

  2. Бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ – топқа бөліп үйренсін. Үлкендер жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек.

  3. Көріністің, ойлардың араларындағы байламды, олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже, заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады.

Бұл балаларымыздың, оқушыларымыздың таланттарын, шығармашылықтарын көрсетуін, оны жетілдіруді меңгеруін қалаймыз. Оқушының шығармашылығын шыңдайтын, оны ойы оқшау азамат етуге ықпалы мол әдістер жүйесін ұтымды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігіне де байланысты. Оқушылар дарындылығын дамыту жолдары: сабақ кезінде қосымша тапсырманы өз білімін таныс емес жағдайда қолдануға бағыт беру, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстар мен турнирлерге, ақыл – ой шығармашылық ойындарына, әртүрлі үйірмелерге қатыстыру, алға ілгерілейтіндей, ізденгіштік бағыттағы ( өзін қызықтыратын тақырып төңірегінде) тапсырмаларды жүйелі беру. Осыоардың барлығын тиімді құрып, уақытында пайдалану жұмыс нәтижесін жемісті етері сөзсіз.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екн. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы.

Мен өз тәжірибемде сабақты жүргізу барысында әр оқушының өзіне ғана тән ерекшеліктерін ескере отырып, оны ұдайы дамытуға тырысамын. Мысалы: бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарында бөлім бойынша алған білімдерін тиянақтап отырады. Сондай сабақтарда бөлім бойынша алған білімдеріне сүйене отырып өлең, әңгімелер, шағын ертегілер жазуға тапсырмалар беремін. Сәтті шыққан туындыларын жинақтап баспасөз беттеріне ұсынамыз. Дарынды оқушымен жүргізілетін жұмыс барысында, оқушыны қызықтыратын сауалдарға бірлесе жауап іздеу жолында атқарылар жұмыстар да құнды болмақ. Біз сынып оқушыларымен бірлесе «Ара балының адам денсаулығына тигізер пайдасы қандай?» - деген сұраққа жауап іздеу мақсатында, зерттеу жұмысын жүргізудеміз.

Қорыта айтқанда: әр ұстаз әр баланың жүрегіне жол тауып, олардың дарындылық қабілеті мен талантын дамыта білу қажет. «Адамдықтың басты қасиеті өнер білімге ұмтылу», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, оқушының дарындылық қабілетін оята, білімге деген құштарлығын арттыра білейік.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Дарынды балалармен жұмысты инновациялық психология – педагогикалық тұрғыда ұйымдастыру». Облыстық жобалар фестивалі материалдары.

  2. «Дауыс пен көрініс». Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау туралы журналы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12